Іс -тәжірибені ұйымдастыру және өткізу сапасына бақылауды жүзеге асыруға жауаптылар:
- факультет деканы, аптасына бір рет базалық мектептерде білім алушы-практиканттарға келіп, іс-тәжірибе барысындағы білім алушылардың іс-әрекеттеріне бағыт береді, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді;
- кафедра меңгерушісі, базалық мектептерге бару арқылы іс-тәжірибе барысындағы білім алушылардың үлгерімі мен қатысуын, дербес жоспары бойынша қарастырылған мәселелерге байланысты кеңес береді немесе іс-тәжірибені өткізу барысында туындаған қиындықтарды шешеді;
Іс-тәжірибені өту барысында кафедра тарапынан білім алушылардың іс-әрекеттерін бақылау келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- оқу және ғылыми жұмыстарына іс-тәжірибе жетекшісі және кафедра педагогтары бақылау жасайды;
- әдістемелік жұмыстарын кафедра оқытушылары бақылайды;
- тәрбие жұмысын топ жетекшісі мен кафедра педагогтары бақылайды;
- іс-тәжірибе барысында жалпы жұмысты топ жетекшісі, кафедра меңгерушісі және декан бақылайды.
2.4 Білім алушы-практиканттардың жұмысын бағалау Іс-тәжірибе бойынша бағалау теориялық курс негізінде емтихан бағаларымен бірдей ескеріледі.
Іс-тәжірибені бағалау келесі өлшемдер бойынша дифференциалды жүргізіледі:
Іс-тәжірибе бағдарламасында қарастырылған барлық талаптарды орындаған жағдайда білім алушы-практикантқа «өте жақсы» бағасына сәйкес 91-100 балл қойылады.
Практикантқа жеңіл-желпі ескертулер жасалған жағдайда «жақсы» деген бағаға сәйкес келетін 70-90 балл қойылады;
Іс-тәжірибе мазмұны бойынша іс-тәжірибе жетекшісі айтарлықтай ескертулер жасаған және кейбір берілген тапсырмалары орындалмаған, сонымен қатар есептік құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда практикантқа «қанағаттанарлық» бағасына сәйкес келетін 50-69 балл қойылады;
Іс-тәжірибеге келмеген немесе барлық талаптар орындамаған және есептік құжаттарды тапсырмаған жағдайда, сонымен қатар практикант 50-ден төмен балл алған жағдайда практика есептелінбейді.