"6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу таныстырылым іс-тәжірибесінің бағдарламасы. – Қарағанды, 2021. – 28 бет


Іс-тәжірибенің өту сапасын бақылау



бет8/10
Дата08.12.2023
өлшемі183,5 Kb.
#134693
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
введ в спец каз 1 курс Асетова Медиева

Іс-тәжірибенің өту сапасын бақылау

Іс -тәжірибені ұйымдастыру және өткізу сапасына бақылауды жүзеге асыруға жауаптылар:


- факультет деканы, аптасына бір рет базалық мектептерде білім алушы-практиканттарға келіп, іс-тәжірибе барысындағы білім алушылардың іс-әрекеттеріне бағыт береді, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді;
- кафедра меңгерушісі, базалық мектептерге бару арқылы іс-тәжірибе барысындағы білім алушылардың үлгерімі мен қатысуын, дербес жоспары бойынша қарастырылған мәселелерге байланысты кеңес береді немесе іс-тәжірибені өткізу барысында туындаған қиындықтарды шешеді;
Іс-тәжірибені өту барысында кафедра тарапынан білім алушылардың іс-әрекеттерін бақылау келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- оқу және ғылыми жұмыстарына іс-тәжірибе жетекшісі және кафедра педагогтары бақылау жасайды;
- әдістемелік жұмыстарын кафедра оқытушылары бақылайды;
- тәрбие жұмысын топ жетекшісі мен кафедра педагогтары бақылайды;
- іс-тәжірибе барысында жалпы жұмысты топ жетекшісі, кафедра меңгерушісі және декан бақылайды.


2.4 Білім алушы-практиканттардың жұмысын бағалау
Іс-тәжірибе бойынша бағалау теориялық курс негізінде емтихан бағаларымен бірдей ескеріледі.
Іс-тәжірибені бағалау келесі өлшемдер бойынша дифференциалды жүргізіледі:

  • Іс-тәжірибе бағдарламасында қарастырылған барлық талаптарды орындаған жағдайда білім алушы-практикантқа «өте жақсы» бағасына сәйкес 91-100 балл қойылады.

  • Практикантқа жеңіл-желпі ескертулер жасалған жағдайда «жақсы» деген бағаға сәйкес келетін 70-90 балл қойылады;

  • Іс-тәжірибе мазмұны бойынша іс-тәжірибе жетекшісі айтарлықтай ескертулер жасаған және кейбір берілген тапсырмалары орындалмаған, сонымен қатар есептік құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда практикантқа «қанағаттанарлық» бағасына сәйкес келетін 50-69 балл қойылады;

  • Іс-тәжірибеге келмеген немесе барлық талаптар орындамаған және есептік құжаттарды тапсырмаған жағдайда, сонымен қатар практикант 50-ден төмен балл алған жағдайда практика есептелінбейді.

Іс-тәжірибені бағалау шкаласының үлгісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет