іс-тәжірибені өткізуге қолайлы жағдайлар жасап, іс-тәжірибені жоғары әдістемелік деңгейде басқаруды ұйымдастырып, педагогикалық ұжыммен тиісті жұмыстар жүргізеді;
бастауыш сынып мұғалімдер арасынан іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу үшін тәжірибелі мамандарды бөлу;
- білім алушыларды мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен, мұғалімдер құрамымен, материалдық техникалық базасымен таныстырады;
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары:
іс-тәжірибені жоғары әдістемелік деңгейде басқаруды ұйымдастырып, педагогикалық ұжыммен тиісті жұмыстар жүргізеді;
бастауыш сынып мұғалімдер арасынан іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу үшін тәжірибелі мамандарды бөледі;
- білім алушыларды сыныптарға бөлу және практика жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;
- іс-тәжірибе кеңестеріне қатысып, басқа жетекшілермен біріге отырып іс-тәжірибе қорытындысын шығарады;
Бастауыш сынып мұғалімі:
білім алушы практиканттардың іс-тәжірибенің мақсаты, міндеттерін, дербес жоспарын құруына және оны орындауына бақылау жасау;
білім алушы практиканттардың апталық аттестациясын өткізу;
білім алушы практиканттардың құжаттарды әзірлеуде кеңес беру
шығармашылық серіктестік келісім шартында көрсетілген білім алушы практиканттардың еңбек шартын мектептің қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
білім алушы практиканттарға іс-тәжірибені өткендігі туралы бағасы қойылған, ұсыныстар мен ескертулер жазылған мінездеме дайындау;
мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, білім алушы практиканттармен қорытынды конференция өткізу.
Іс-тәжірибенің қашықтан ұйымдастыру форматы аясында: Іс-тәжірибе базасының жетекшісі:
тыңдаушылармен қарым -қатынас жасайды, тапсырмалар береді, олардың бар байланыс құралдары арқылы орындалуын бақылайды, әрбір тағайындалған тыңдаушы үшін іс-тәжірибе жетекшісі құрған бұлтты сілтемені қолданады;
«Электронды күнделікте» орындалған тапсырмалардың сапасына талдау жасайды.