«6М020600 – дінтану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет6/67
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
жүйесіндегі орны
Қазіргі гуманитарлық білімдер жүйесіндегі дінтанудың орны. Рух 
туралы ғылымдар шеңберіндегі дінтанудың мәртебесі. Дінтанудың пәні
нысаны және мақсаты. Дінтану және теология, құдай туралы ілім, исламтану, 
ортақтығы мен айырмашылығы, пәндік салаларының өзгешелігі. Дінтанудың 
дамуының негізгі кезеңдері.
Дінтанудың ғылыми мәртебесі мен пәнін анықтаудағы мәселе, 
қоғамның рухани өміріндегі орны мен ролі. Дінтанудың нысанының (кең 
деңгейдегі дін мәселесі), оның феномені мен эпифеномендерінің, оның 
функционалдық құрылымының, рухани мәнінің фальсификациясы жайлы 
түсіндірмелер.
Дінтануды түрлі қағидаларға байланысты бөлу үрдісі: теориялық және 
эмпирикалық, философиялық және тарихилық, жалпы және жалқы
теологиялық және зайырлы, ішкі және сыртқы. Жаңа дінтанулық 
парадигмаларға байланысты ізденіс. Метадінтану дінтанудың тарихы мен 
теориясы ретінде. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дінтанудың 
дағдарысқа ұшырау себептері.
Дінтанудың теориялық және әдіснамалық мәселелері
 
Қазіргі дінтанудағы әдіс және әдіснама мәселесі. Дінтанудың 
теориялық және әдіснамалық негіздерін өңдеу қажеттілігі. Ф.М. Мюллер 



«Дін туралы ғылымға кіріспе». К. Тиле және оның фундаменталды 
теориялық-әдіснамалық еңбегі «Дін туралы ғылымның негізгі қағидалары». 
К. Тиле діннің мазмұны мен мәні, оны тану жолдары мен әдістері, дін туралы 
ғылымның мақсаты мен міндеті. П. Шантепи де ля Соссе және Э. Ренанның 
теориялық-әдіснамалық идеялары. П. Шантепи де ла Соссе дінтанудың 
теориялық негіздері жайлы. 
Дінтанудың әдіснамалық негіздері, компаративизм, эмпирикалық 
деректілік, зерттеудің теориялық негізділігі қағидалары, объективтілік, 
тағаттылық, бейтараптылық, саяси туралық пен шынайы ғылымилық. Дінді 
зерттеудің әдіснамалық ыңғайларындағы плюрализм дінтанудың дамуының 
заңдылығы ретінде. Дінді зерттеудің әмбебап әдіснамалық қағидаларына 
байланысты ізденіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет