«6М050200 – Саясаттану»мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.
Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық саясаттанулық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде қабілетін игерту болып табылады.
Емтиханға түсу түрі – жазбаша. Емтихан тапсырушы емтихан билетінде көрсетілген сұрақтарына бағытталған жауабын жауап парағына жазады, апелляцияға берген жағдайда комиссия жазылған жауап парағына негізделе отырып қарастырады.
2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар «6М050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау ғылыми-педагогикалық және профилдік бағыттар бойынша жүргізіледі. Байқаудың шарттарын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратура мен докторантураға қабылдаудың 2015 жылғы ЕРЕЖЕСІ негізінде, «6М050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты және «6М050200 – Саясаттану» мамандығының Жаңа оқу-кәсіби бағдарламасының негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ анықтайды.
Екінші деңгейде білім алуды жалғастыруға (магистратура) қажетті негіз болып келесі мамандықтар бойынша академиялық дәрежесі бар диплом (бакалавриат) табылады.
Магистрант келесілерді:
Білу керек: мамандану аясында іргелі ғылымдардың негіздерін; саясат пен биліктің мәнін, тетіктері мен заңдылықтарын; қазіргі заманғы саяси ғылымның негізгі жетістітері мен даму үрдістерін; саяси қатынастарды реттейтін принциптері мен құқықтық және этикалық нормаларды; қазіргі заманғы саяси институттардың жұмысын; саяси жағдайды талдау әдістерін, саясаттанушының кәсіби және ғылыми қызметінің технологиясын; кәсіби этиканың негізгі ережелерін және олардың еңбек қызметінде тиімді пайдалана білу; өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін білу әрі сақтау және оны басқалардан талап ету; пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге дайын болу; мамандық тілінде еркін сөйлеу деңгейінде кем дегенде бір шет тілін; педагогика, психология, менеджмент және ұжымның ғылыми қызметін мотивациялау негіздерін.