«6М050200 – Саясаттану»


Жүйенің жалпы теориясы. Жүйелік талдаудың категориялары



бет6/11
Дата17.10.2023
өлшемі80,07 Kb.
#117676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жүйенің жалпы теориясы. Жүйелік талдаудың категориялары

Теориялық-жүйелік дүниетанымның ағымдары. Жүйелік әдістің дамуы және жүйенің жалпы теориясын құру. Жүйелік талдау мен жүйелік синтез күрделі ұйымдастырылған объектілердің зерттеу әдісі ретінде. Жүйелік объектілердің дефинициялары. «Жүйе емес» және «қоршаған орта» категориялары. Кіріс және шығыс арқылы жүйе мен қоршаған орта байланысы. Құрылымдық-функционалды талдау жүйе элементтерінің өзара функционалды тәуелділігін зерттейтін және олардың өзгермелі ортаға бейімделуін зерттейтін сала ретінде.
2. Қоғамның саяси жүйе теориясы. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы
Т. Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы және оның саяси жүйе теориясының дамуына әсері. Д. Истон және Г. Алмонд саяси жүйе теориясының негізін қалаушылар ретінде, тұжырымдамаларының ерекшеліктері. К. Дойчтың саяси жүйе теориясы. Саяси жүйелердің заманауи түсіндірмелері, саяси жүйенің дербестігі туралы теріс бағалардын алдын алу. Саяси жүйелердің жүйешіктері: институционалды, нормативті, идеологиялық, коммуникативті, мәдени. Саяси жүйенің негізгі қызметтері. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы. Саяси тұрақтылық, оның алғышарты және оған жету тәсілдері. Абсолютті, статистикалық және динамикалық тұрақтылық. Саяси қатер, қатердің тетіктері.


3. Саяси жүйе типологиясы
Саяси өмірдің өлшемділігі, сан алуан критерилердің ұстанымы жағынан талдауы. Саяси жүйе классификациясы. Қоғамдық құрылым талдауында Вебер мен Маркстың дәстүрлері. Ж. Блондель, Г. Алмонд, Д. Берг-Шлоссер, Х. Майер, Т. Штаменн. Ч. Эндрейн және т.б. типологиялары. Дәстүрлі және модернизацияланған, консервативті және трансформациялық, ашық және жабық, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған, микроскопиялық, локалды, макроскопиялық және жаһанды саяси жүйелер.
4. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс пен бақылау ретінде. Саяси режимнің типтері
Саяси режим қоғамның саяси өмірін функционалдау тәсілі ретінде, оның мәні. Қоғамның саяси жүйесімен саяси режимнің функционалды байланысы. Саяси режим типтерінің сипаттамасы. Антидемократиялық режимдердің демократиялық режимге өту жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет