«6М050200 – Саясаттану»


Саясат туралы білімнің дамуы және саяси ғылымның қалыптасуы



бет3/11
Дата17.10.2023
өлшемі80,07 Kb.
#117676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2. Саясат туралы білімнің дамуы және саяси ғылымның қалыптасуы.
Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде саясат туралы түсініктердің қалыптасуы. Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси ойлар. Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат түсінігінің интерпретациясы. Христиандық саяси доктрина. Жаңа заманның саяси доктринасы. Саясатты түсінудегі құқықтық дәстүр. Мемлекет ақылдың көрінісі ретінде. Демократия теориясы: жаңа идеал және модельдердің әралуандығы. Саясат позитивизм контекстінде.
Қазіргі саяси ғылымның қалыптасуы. ХХ-ХХІ ғғ. негізгі саяси концепциялар. Саяси түсініктер эволюциясының социоцентристік кезеңі. Рационалды бюрократия теориясы. Саяси тұрақтылық мәселесі.
3. Билік пен билік қатынастар теориясы.
Биліктің табиғаты мен мәнін анықтаудың негізгі теоретикалық амалдары. Биліктің әлеуметтік мағынасы. Билік, үстемдік, заңды, бедел. Билік көздері мен құралдары. Билік құралдарының түрлері. Билік етудің қағидалары, түрлері және әдістері. Саяси биліктің заңдылығы мен егемендігі. Легитимділік түрлері. Биліктің бөлінуі. Қазақстанда билік легитимділігінің мәселелері.
4. Саясат субъектілері.
Саясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны және рөлі. Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы. Әлеуметтік қауымдастықтар саясаттың субъектілері ретінде. Жалпыдамазаттық, әлеуметтік-таптық, ұлттық мүдделер, олардың ерекшеліктері және саясаттағы өзара қатынасы мен негіздері. Адам саясаттың субъектісі ретінде. Қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстар саясаттың субъектілері ретінде. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы. Қазақстанда жаңа саясат субъектілер қалыптасуының әлеуметтік базасы мен негіздері.
5. Саяси жүйе теориясы.
Жүйе теориясының жалпы амалдары мен негізгі ережелері. Саясатты зерттеудегі жүйелік амал. Замануи саяси ғылымда саяси жүйенің негізгі интерпретациялары. Д. Истонның саяси жүйе теориясы. Г. Алмонд саяси жүйесін зерттеудегі мәдениеттанулық амал. К. Дойч саяси жүйесінің коммуникативтік теориясы. Саяси жүйе қоғамда билікті ұйымдастыру мен қызмет механизмі ретінде. Саяси жүйе қызметінің механизмі. Саяси жүйе құрылымы. Саяси жүйе түрлері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
6. Саяси тәртіп.
Қазіргі саяси ғылымда саяси тәртіптің интерпретациясы. Саяси тәртіптің элементтері мен белгілері. Саяси тәртіп түрлері. Тоталитаризм және оның әралуандығы. Авторитаризм: түрлер типологиясы. Демократия және оның әралуандығы. Демократияның заманауи түрлері. Полиархия. Қауымдастық демократия. Делегативті демократия. Демократияны негіздеу. Қазақстандағы саяси тәртіп. Саяси тәртіп эволюциясы.
7. Демократияның заманауи түрлері. Демократиялық транзит.
Демократия түсінігі. Демократияның тарихи түрлері. Антикадан бастап қазіргі уақытқа дейінге демократиялық басқарудың теориялары мен модельдері: демократияның интегралистік концепциялары; либералды демократия; партиципаторлық демократия; элитарлы демократия; консоциалды (қауымдастық) демократия; плюралистік демократия; полиархия; делегативті демократия. Қоғамның демократиялық құрылысының әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси алғышарттары. Демократиялық қағидалар және процедуралар. Демократиялық транзит. Демократизация толқындары. Өтпелі қоғамның ерекшеліктері. Демократияның консолидациясы.
8. Сайлау және сайлау жүйелері
Сайлаулар, заманауи сайлау жүйелері, сайлау процесі: жалпы сипаттамалар. Плюралды жүйе. Мажоритарлы сайлау жүйесі: артықшылықтары мен кемшіліктері. Пропорционалды сайлау жүйесі. Қоршау кедергілер тәжірибесі. Аралас сайлау жүйелері.
9. Мемлекет саяси институт ретінде.
Мемлекеттің табиғаты мен мәні. Мемлекет: шығу теориялары. Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекет қызметтері. Мемлекеттік егемендік. Конституция. Мемлекеттік билік. Мемлекеттің жіктелуі. Мемлекет құрылысы. Мемлекет түрлері. Қазіргі тәуекелділік шартындағы саяси бағытты жасау. Жаңашылдық динамикасы. Мемлекет-Қазақстан Республикасы. Қазіргі Қазақстандағы демократиялық мемлекеттіліктің құрылуы мен дамуы.
10. Партия теориялары мен партиялық жүйелер. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар саясаттың субъектілері ретінде.
Саяси күштердің «Мемлекет-қоғам» қатынас жүйесіндегі орны. Саяси партиялардың пайда болуы және мәні. Саяси күштер әралуандығы ретінде партиялар теориясы. Партия мен партиялық жүйелер кезеңдері. Қазіргі партологиядағы саяси партиялар белгілері. Заманауи партиялардың пайда болу себептері, олардың табиғаты және қызметтері. Партияның жіктелуі: жіктелу өлшемдері. М. Дюверже мен Дж. Сартори бойынша партиялардың жіктелуі. Партиялық жүйелер: жіктелуді негіздеу. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар саясаттың субъектілері ретінде. Партиялық жүйенің қазақстандық моделі: тарих және заманауилық.
11. Саяси процесс
Саяси процесс уақыт пен кеңістікте саяси жүйенің қызметі мен қоғамның жағдайы ретінде. Саяси процесті жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, құрылымы, қағидалары және ерекшеліктері. Саяси процестің жүру тәртіптері. Саяси процестің құралдары, түрлері және әралуандығы. Заманауи саяси процестердің динамикасы. Қазақстан Республикасындағы саяси процесс, тоталитаризмнен демократиялық қоғамға өтуге байланысты оның ерекшеліктері.
12. Саяси шешімдер
Саяси шешім саяси қызметтің базасы ретінде. Саяси шешім қабылдау процесінің ерекшеліктері мен құрылымы. Саяси шешімнің жіктелуі. Саяси шешім қабылдаудың элитарлы-демократиялық және авторитарлық әдістері. Саяси шешімнің субъектілері. Саяси шешімді қабылдау мен жүзеге асыруда жеке тұлғаның рөлі. Саяси шешім қабылдау мүмкіндіктері, шептері, техникасы және болжау әдістері. Рационалды шешім қабылдау мәселелері.
13. Саяси даму және модернизация
Саяси даму. Саяси модернизация теориясы, оның эволюциясы және саяси тәжірибемен байланысы. Саяси модернизация мақсаты мен өлшемдері, оның негізгі өзгешеліктері. Модернизацияның әлеуметтік факторлары. Саяси модернизациядағы құндылық жүйесінің мағынасы мен рөлі. Модернизаторлық элита, оның жіктелуі. Модернизациялық процестегі дәстүрдің рөлі. Модернизациялық қоғамдағы саяси дамудың дағдарысы. Саяси модернизация теориясы мен тәжірибесінің заманауи мағынасы. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация.
14. Саясатта конфликті мен дағдарыстық жағдайлардың заманауи теориялары.
Конфликтілер мен дағдарыстық жағдайлардың саясаттағы орны мен рөлі. Конфликт теориялары: О. Конт, Э. Дюргейм, Т. Парсонс, К. Поппер,
Л. Козер, Р. Дарендорф. Ішкі, халықаралық және әлемдік конфликтілердің көздері, мазмұны, бағыттары және ерекшеліктері. Саяси конфликт дамуының кезеңдері. Саясатта конфликтілерді реттеудің әлемдік тәжірибесі. Посткеңестік кеңістіктегі саяси конфликтілер. Саяси дағдарыстар және олардың ерекшеліктері. Қазақстандық қоғамдағы саяси тұрақтылық және тұрақсыздық мәселелері және жалпыұлттық келісімге жету жолдары.
15. Саяси қатынастар мен процестердегі жеке тұлға.
Жеке тұлға және қоғам. Э. Дюркгейм, М. Вебер, К.Маркс жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара қатынас мәселелері туралы. Жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси рөлі. Жеке тұлғаның құндылық бағыт жүйесіндегі саясат. Адамның саясат саласындағы қызметі, оның көпқырлы әлеуметтік өмірінің бөлігі ретінде. Жеке тұлға саяси рөлінің жіктелуі. Тұлғалық саяси ұстанымның ерекшелігін көрсететін факторлар. Жеке тұлға мен саясаткердің индивидуалдығы. Мемлекет, қоғам және жеке тұлға қатынастарындағы адам құқығы. Адам құқықтарының жіктелуі, олардың кепілділігі. Адам құқығы саласындағы халықаралық серіктестіктер. ҚР Конституциясындағы адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктері.
16. Саяси мәдениет
Саяси мәдениет теориясы. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компоненттері және қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдық-тарихи негіздің құрамдас бөлігі ретінде. Саяси мәдениеттің ұлттық мәдениет, әлеуметтік мәдениет, ұлттық-тарихи, діни, ұлттық-психологиялық дәстүрлер мен әдет-ғұрып, стереотиптермен байланысы. Саяси мәдениетті жіктеудің мәселелері. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениетінің өзара қатынасы. Тұлғаның саяси әлеуметтену механизмі. Өтпелі қоғамның саяси мәдениеті. Посткеңестік саяси мәдениетке тән ерекшеліктер. Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері.
17. Әлемдік саясатты зерттеудегі бағыттар және мектептер.
Әлем саяси жүйе ретінде. Әлемдік саясаттағы негізгі парадигмалар. Либералды парадигма: Дж. Локк, И. Кант, Ж.-Ж. Руссо, Дж.Ст. Милль,
А. Смит. Неомарксистік парадигма: И. Валлерстайн, А. Франк. Постмодернистік парадигма: Дж. Дериан, К.Т. Споландер, Дж. Гольштейн. Заманауи халықаралық қатынастардың дамуындағы негізгі тенденциялар. Қауіпсіздік концепциялары. Мемлекеттің сыртқы саясаты: мақсаты, міндеттері, мәні және қызметтері. Ішік және сыртқы саясаттың өзара қатынастары. Саясат және дипломатия.
18. Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы саясаты
Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, оның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануының негізгі мүмкіндіктері. ҚР ұлттық-мемлекеттік мүдделері және сыртқы саясаттағы басымдықтары. Геосаяси жағдайдың ерекшеліктері мен тұрғындардың этнодемографиялық құрамы, сыртқы саяси бағытты анықтауда оларды ескеру. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы. Қазақстанның ТМД елдерімен серіктестігі. АҚШ және Европа елдерімен қатынасының дамуы. Қазақстан және Орта, Таяу Шығыс елдері. Қазақстан және Орталық Азия.
19. Қазіргі дәуірдің ғаламдық мәселелері.
Өркениет дағдарысының қаупі және ғаламдық мәселелердің әлеуметтік-саяси аспектілері. Соғыс пен бейбіт мәселелері. Қарусыздандыру, ядролық қарусыз әлем және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты. Ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселелер. Дамушы елдердің артта қалушылығын тоқтату саясаты. Экологиялық мәселелер және оларды шешудің жолдары. Адам мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет