6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша


MGZA 5207 Молекулалық-генетикалық зерттеулердің əдістері



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата02.01.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

MGZA 5207 Молекулалық-генетикалық зерттеулердің əдістері  

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер:  Биология,  Математика,  Физика,  Химия,  Цитология,  Генетика, 

Биоорганикалық химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика. 



Постреквизиттер:

 

Магистерлік диссертацияны орындау, болашақ кəсiби қызмет. 



Мақсаты:  Репликация,  транскрипция  жəне  трансляция  аппараттарының  жеке 

компоненттердің  құрылымы  мен  қызметтерін  оқып  үйрену,  матрицалық  үрдістердің 

өзара жəне басқа жасушалық үрдістермен интеграциялау механизмдерін білу. 

Мазмұны.  Молекулалық  биологияда  зерттеудің  дəстүрлі  əдістері.  Молекулалық 

биология жəне молекулалық генетиканың жетістіктері мен даму тарихы. Молекулалық 

балаудың,  жасушалық  пен  эмбриологиялық  инженерияның,  сомалық  пен  жыныс 

жасушаларының  генетикалық  трансформациясының  заманауи  əдістері.  Химиялық 

синтез,  нуклеотидтік  тізбекті  анықтау  жəне  ДНҚ  амплификациясы.  Генетикалық 

инженерияның  əдістері  мен  «құралдары».  Өсірілетін  жасушалардың  генетикалық 

инженериясы.  Прокариоттық  пен  эукариоттық  жүйелер  көмегімен  рекомбинантты 

ақуыздарды  алу.  Жаңа  гендер  мен  мутацияларды  іздеу.  Геномдардың  генетикалық 

жəне  физикалық  карталары.  Рестрикциялық  карталар  мен  олардың  құрылуы. 

Мутацияларды  сəйкестендірудің  негізгі  əдістері.  Саузерн  бойынша  гибридизация 

(блот-гибридизация).  Полимеразды  тізбекті  реакция  əдісі  (ПТР).  Нүктелі 

мутацияларды  іздеу  жəне  табу.  Бір  жіпшелі  ДНҚ  конформациялық  полиморфизмін 

талдау  əдісі – SSCP; денатурациялайтын  градиентті  гель-электрофорез – DGGE; 

гетеродуплексті  талдау  əдісі – HA; комплементарлы  емес  сайттарды  химиялық 

ажырату  əдісі–  СМС. DHLC (Denaturation high performance liquid chromatography) 

əдісі; SPR (surface plasmon resonance) əдісі;  ДНК-чиптер  əдісі  (гибридизациялық 

чиптер,  фиксацялаушы  чиптер,  ферменттік  процессинг  чиптері). STS-маркерлер 


концепциясы.  Контигтер.  Нуклеотидті  тізбектерін  компьютерлік  талдау.  Гендердің 

экспрессиялық  белсенділігін  талдау.  Транскрипция  арқылы  амплификация. 

Дифференциальды  экспрессиялайтын  гендерді  табу:  дифференциалды  дисплей, 

репрезентациялық  айырмашылықтарды  талдау  (мРНК) (RDA), гибридизацияны 

шегеру. ДНК-зондтар жəне  in situ гибридизациясы. 

Күтілетін  нəтижелер:  молекулалық  диагностика  принциптерін  білу;  нормативтік 

құжаттарға  сəйкес  алғашқы  диагностиканы  жүргізе  білу;  молекулалық 

диагностиканың дəстүрлі жəне заманауи зерттеу əдістерін меңгеру. 

  

BZKNA 5207 Биотехнологияның заңдары, құқықтық жəне  

нормативтік актілері   

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттері: 

Өсімдіктердің 

генетикалық 

инженериясы, 

Экологиялық 

биотехнология,  Өсімдіктер  биотехнологиясы,  Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін 

сертификация жəне сақтау технологиясы, Микроағзалар биотехнологиясы. 

Постреквизиттер:  Биотехнологиялық  бейіннің  пəндері,  магистерлік  диссертацияны 

дайындау. 



Мақсаты:  Гендік  инженерлік  қызметті  жəне  биотехнологияларды  халықаралық 

құқықтық реттеудің негізгі мəселелерін түсіну. 



Мазмұны:  «Гендік-инженерлік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  қызметтері  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңы  жəне  биоқауіпсіздік  жайлы  заңнамалық  құжаттар. 

Экологияның  тұрақты  дамуының  негіздері  жəне  негізгі  келісім  шарттар  мен 

конвенциялар.  Стокгольм  конвенциясын  сəйкес  гендік-инженерлік  қызметті 

мемлекеттік  реттеу  міндеттері  қауіпсіздік  шаралары  жүзеге  асырудың  ҚР  Ұлттық 

паспорты  жəне  гендік-инженерлік  қызмет  жайлы  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасы.  ҚР  Үкіметі  қаулысымен 15.12.2004 ж.  № 1330 бекітілген  Қазақстан 

Республикасының Қызыл кітабы жайлы ереже. Негізгі халықаралық келісім шарттар, 

еуропалық  органдар  жəне  ережелер,  биотехнология  саласында  зияткерлік  меншікті 

реттеу  құқығы,  биоқауіпсіздік  туралы  Картахен  протоколы.  ГТА  өнімдерін  таңбалау 

бойынша  ережелер.  Биологиялық  əртүрлілік  туралы  конвенция.  Еуроодақтың 

директивтері  мен  ережелері.  Биоөнімдерді  тасымалдау.  Биотехнологиялық  өнімдерді 

қолдану барысында пайда болатын қауіп-қатер мен зиянды зардаптар туралы заңнама 

құжаты.  



Күтілетін нəтижелер: нормативті жəне жеке құқықтық актілер жобаларын құрастыру; 

қажетті  нормативті-құқықтық  құжаттарды  қолдану  сұрақтары  бойынша  кеңес  бере 

білу; кəсіби қызмет саласында құқықтық реттеу туралы түсінік.  

 

OShOBB 5207 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін бағалау жəне  



бақылау  

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер:  Өсімдіктің  гендік  инженериясы,  Өсімдіктер  биохимиясы,  Өсімдік 

шаруашылығы,  Экологиялық  биотехнология,  Өсімдік  селекциясы  жəне  тұқым 

шаруашылығы,

 

Өсімдік  шаруашылығы



 

өнімінің  сертификациясы  мен  сақтау 

технологиясы,  Азық  түлік

 

өнімдерінің  ВСС,



 

Биохимия,  Көкеніс  шаруашылығы,

 

Жемістер мен көкөністердің тауартануы. 



 

Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны

 

орындау, болашақ кəсiби қызмет 



Мақсаты:  Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  бағалау  жəне  бақылау  əдістерін  білу; 

ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  сапасын  кешенді  басқару  принциптері  мен  негізгі 

элементтерін білу.  

Мазмұны:

 

Өсімдік  шаруашылығы  өнімін  бағалау  жəне  нормалаудың  теориялық 



негізі.  Жоғары  сапалы  жəне  қауіпсіз  өсімдік  текті  өнімді  алу  əдістері.  Гендік 

модификацияланған  өнімді  қолданудың  əлеуметтік-экономикалық  аспектісі.  Азық 

түлік өнімдерін маркерлеу əдістері мен тұтынушылар таңдауы. ГМ тағамды маркерлеу 

нормалары.  Биотехнологиялық препараттардың экономикалық мiнездемесi бойынша 

зерттеулердiң  бағыттары  жəне  олардың  экологиялық  қауiпсiздiгi.

 

Гмо-ны  дала 



шарттарында  сынау  тəжiрибелерінің  ережелерi.  Агротехникалық    əдістерді  генді 

модификацияланған  өнiмдер  аясында  қолдану.

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің 



сапасы  туралы  негізгі  түсініктерінің  терминдері  мен  анықтамалары.  Квалиметрия. 

Сапа  көрсеткіштерінің  жіктелуі.  Дара  жəне  кешенді  көрсеткіштер.  Өнімдер  сапасын 

бақылау.  Бақылау  əртүрлілігі.  Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сапасын  бағалау 

қауіпсіздігі  жəне  оның  көрсеткіштері.  Ластауыштар  жəне  олардың  жіктелуі.  Өнімнің 

сапасына 

қойылатын 

медико-биологиялық 

талаптар. 

Тұтынушылық 

жəне 


технологиялық  талаптар.  Астық  дақылдарының  жіктелуі.  Органолептикалық 

көрсеткіштері.  Дəнді  ботаникалық-физиологиялық  бақылау.  Физикалық,  химиялық 

жəне  технологиялық  қасиеттері.  Сапаны  нормалау.  Сынамаларды  қабылдау  жəне 

іріктеу ережелері. Сапаны анықтау əдістері. Сертификация тəртібі.  



Күтілетін  нəтижелер:  стандарттау,  метрология,  сертификаттау  əдістемелік-

ұйымдастыру  негіздерін;  стандарттау  жəне  сертификаттаудың  мемлекеттік  жүйені 

білу; өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапалық сипаттамаларын; азық шикізаті мен 

тағам  өнімдерін  сертификаттау  ережелерді  білу;  стандарттарды  пайдалана  білу; 

өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалай білу; ИСО стандарттарын қолдана 

білу.  


 

Модуль 5 – Селекциялы – генетикалық 

 

BMGN 5208 Биотехнологияның молекулалы-генетикалық негіздері 



 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер:  Биология,  Математика,  Физика,  Химия,  Цитология,  Генетика, 

Биоорганикалық химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика. 



Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.  

Мақсаты:  Ауыл  шаруашылығы  өсімдіктер  генетикасы  мен  молекулалық  биология 

негіздерін;  жасушаның  молекулалық  үрдістері  туралы  заманауи  түсініктері; 

генетикалық  ақпараттың  сақтау  жəне  көшіру  үрдістері;  жасушаның  негізгі 

биополимерлерінің - нуклеин қышқылдары мен ақуыздар құрылысы мен қызметтерін 

білу 

Мазмұны.  Жасушаның  негізгі  компоненттері  мен  құрылысы,  жасуша  циклі  жəне 

жасуша  циклінің  генетикалық  бақылауы,  сонымен  қатар  митоз  бен  мейоз  туралы 

заманауи  ұғымы.  Жасушаның  негізгі  биополимерлері - нуклеин  қышқылдары  мен 

ақуыздар  құрылысы  мен  қызметтері  туралы  заманауи  түсінігі.  Прокариоттық  жəне 

эукариоттық геномдарының ұйымдастыру принциптері мен про-жəне эукариоттардың 

ген  құрылысының  анықтамасы.  Жасушаның  негізгі  үрдістері – репликация, 



транскрипция  жəне  трансляция  туралы  түсінігі.  Гендердің  экспрессиясын  реттеу 

заманауи 

механизмдерінің 

анықтамасы. 

Өсімдіктер 

хлоропластары 

мен 

митохондрийлері  құрылысы  мен  функцияларының  ерекшеліктері  туралы  түсінігі. 



«Өсімдіктер  генетикалық  инженериясы»  мақсаты  магистрлерді  қоршаған  ортаның 

биотикалық  жəне  абиотикалық  факторларға  төзімді  трансгенді  өсімдіктерді  құру 

əдістері  мен  технологиялар;  рекомбинантты  ДНҚ  алу  əдістері;  алуан  түрлі  

векторларда  клондау  əдістері;  геномдық  пен  кДНҚ  кітапханаларды  алу  жəне  талдау 

үйрету.  

Күтілетін  нəтижелер:  заманауи  молекулалық-генетикалық  əдістерді  талдау  жүргізу; 

молекулалық-генетикалық  өндірісін  ұйымдастыру  əдістемесін  меңгеру;  негізгі 

жабдықтар мен оның жұмыс істеу принципін білу. Плазмидалық  жəне ядролық ДНҚ 

бөліп  алу  жəне  талдау  əдістемесін  меңгеру.  Нуклеин  қышқылдарының  саны  мен 

сапасын  спектрометрия  əдісі  арқылы  анықтау.  Ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу 

жəне тəжірибелік зерттемелерді орындау.  



 

ZhKBSN 5208 Жануарларды көбейту биотехнология  

жəне селекция негіздері 

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер: Генетика, Биохимия, Биотехнология, ауыл шаруашылық жануарлар 

физиологиясы,  Ауыл  шаруашылық  жануарларды  азықтандыру,  Ауыл  шаруашылық 

жануарларды көбейту. 

Постреквизиттер:  Жеке  зоотехния,  Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру 

технологиясы. Мал шаруашылығында асыл тұқымдық іс. 



Мақсаты:  Жануарлардың  қазіргі  бар  тұқымдарын  жетілдіру  жəне  жаңа,  өнімді, 

экономикалық тиімді жəне типтік тұқымдарын  жасау туралы ілім.  



Мазмұны:  Ауыл  шаруашылық  жануарлардың  шығу  тегі  мен  эволюциясы.  Ауыл 

шаруашылық жануарларды сұрыптаудың негізгі əдістері. Конституция, экстерьер мен 

интерьер  бойынша  жануарларды  бағалау  жəне  іріктеу.  Өнімділік,  шығу  тегі  мен 

тұқымдар қасиеттері бойынша бағалау жəне іріктеу. 

Жануарлардың  сұрыптау  белгілерін  жəне  оларды  бағалау  əдістерін;  көбейту 

тəсілдерін;  ауыл шаруашылық жануарларды саралау жəне іріктеу; ауыл шаруашылық 

жануарларды  өнімділіктің  стандартты  талаптары  мен  бонитировка;  зоотехникалық 

жəне  тұқымдық  есеп;  мемлекеттік  тұқымдық  кітаптар;  селекциялық  жетістіктерді 

апробациялау;  ірі  масштабты  селекцияны  оқу.  Жануарларды  көбейту  биотехнология. 

Ауыл шаруашылық жануарлары сұрыпталынатын белгілерінің өзгергіштік пен тұқым 

қуалаушылықты  зерттеудің  биометриялық  негіздері.  Жануарларды  іріктеу  жəне 

сұрыптаудың  жаңа  əдістері.  Сұрыптау  нəтижесін  болжау.  Қазақстан  Республикасы, 

ТМД  жəне  шет  елдерде  асыл  тұқымды  шығарудың  заманауи  тендеция.  Сирек  жəне 

жойылып  бара  жатқан  тұқымдардың  генқорын  сақтау.  Жануарлардың  жергілікті 

тұқымдарының генқорын жəне қолданыстағы тұқымдарды толық жетілдіру мен жаңа 

тұқымдарды шығару үшін сұрыптауды пайдалану келешегі.  



Күтілетін  нəтижелер:  Ауыл  шаруашылық  жануарлардың  түрлерінің  тұқымдарын 

білу; сүтті, етті, жүнді, жұмыртқалы өнімділігін; асыл тұқымды жануарларды бағалай 

білу;  көбейту  əдістерін  білу.  Ауыл  шаруашылық  жануарларды  бағалау  білу; 

жануарлардың  зоотехникалық  жəне  асыл  тұқымды  есебін  жүргізу  білу;  сүтті,  етті 



өнімділігін  есептей  білу;  ұрпақтардың  тегі  мен  қасиеттері  бойынша  жануарларды 

бағалай білу; жануарларды көбейту əдістерін қолдана білу.  

 

GGIN 5208 Гендік жəне генетикалық инженерия  негіздері 

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер: 

Генетика, 

Органикалық 

химия, 


Биоорганикалық 

химия, 


микробиология, Вирусология, Молекулалық биология, Молекулалық генетика. 

Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.  

Мақсаты:  Молекулалық  жəне  жасушалық  деңгейде  генетикалық  ақпараттың  іске 

асыруы  мен  тасымалданудың  негізгі  механизмдерін  білу;  берілген  қасиеттері  бар 

трансгенді ағзаларды құрастыру жəне генетикалық ақпаратты өзгерту əдістерін білу.  

Мазмұны:  Геннің  құрылысы  туралы  заманауи  түсінігі.  Геннің  құрылымдық 

элементтері. 

Геном. 

Геном 


көлемі. 

Вирустар, 

эубактериялар, 

архейлер, 

эукариоттардың  геномы.  Гендердің  экспрессиясы.  РНҚ-ның  котранскрипциялық  пен 

посттранскрипциялық  өзгерістері.  Ақуыздар  мен  мРНҚ-на  қадағалау  жүйелері.  

Нуклеин қышқылдарын тазартудың негізгі амал тəсілдері. Нуклеин қышқылдарының 

рестрикция  мен  модификация  ферменттері.  Рестрикция-модификация  жүйелерінің 

жіктелуі. ІІ типтегі рестриктазалар – гендік инженерияның негізгі құралы. Бір тізбекті 

ДНҚ  арналған  əмбебап  рестриктазалар.  Плазмидалық  векторлар.  Бактериялық 

плазмидалардың 

биологиялық 

қасиеттері. 

ДНҚ-лигазалардың 

қолдануынсыз 

клондауға арналған векторлар. ПТР өнімдерін тікелей клондауға арналған векторлар. 

ДНҚ клондау үшін транспозондарды қолдану. X фагі хромосома негізіндегі векторлар. 

Космидтер  мен  фазмидтер.  Жасанды  хромосомалар.  Аса  сыйымды  векторлар YAC, 

ВАС 

жəне 


РАС. 

Жануарлар 

мен 

адамның 


жасанды 

хромосомалары. 

Интеграциялайтын  жəне  бинарлық  (челнокты)  векторлар.  Грам  оң  бактерияның 

Bacillus subtilis интеграциялайтын векторлары. 

Күтілетін  нəтижелер:  Гендік  инженерияның  жалпы  ережелер  мен  тəсілдерді  білу; 

рекомбинантты ДНҚ алу негізгі принциптерін білу; гендік инженерияның тəжірибелік 

аспектілерін  білу.  In vitro  жағдайында  ДНҚ  фрагменттерін  қайта  бірігу  негізінде 

ағзаларды  құрастыру  сызбасын  құру;  мутацияны  алуда  белгілі  бір  ақуыздың  түзілуіне 

жауап  беретін  нақты  бір  генді  анықтау.  Генетикалық  құрастыру  əдістерін  меңгеру: 

мутагенез, 

гибридизация, 

конъюгация, 

трансдукция, 

трансформация 

мен 

протопласттардың құйылысуы.   



 

NKМBN  5208 Нуклеин қышқылдарының молекулярлық биологиясы 

негіздері  

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттар: 

Химия, 


Биохимия, 

Биология, 

Молекулярлық 

генетика, 

Микробиология жəне вирусология. 

Постреквизиттер: Курстық жəне магистерлік жұмысты жасаған кезде жəне болашақ 

мамандығына қажет.  



Мақсаты:  Молекулалардың  құрылысы  мен  қасиеттерінің  ерекшеліктерін  білу; 

генетикалық ақпараттың сақтау, тасымалдау жəне жүзеге асу механизмдерін игеру. 



Мазмұны:  Прокариоттардың  молекулалық  генетикасы  университеттердің  биология 

факультеттерінің  Биотехнология  мамандығы  бойынша  магистранттарды  дайындауға 

арналған. 

Генетика – қазіргі  биология  негізі.  Бұл  курс    магистранттарға  микроорганизмдердің 

генетикалық ақпараттың жүзеге асыру белігілі бір механизмдері туралы жүйелі білім 

беруге  негізделген.  Бұл  курстың  міндеті  прокариоттар  геномдары  ұйымдастыру 

принциптерін  білу,  генетикалық  материалдың  репликациясы,  рестрикциясы  мен 

модификациясы,  рекомбинациясы  мен  репарациясы,  гендер  транскрипциясы 

саласындағы негіздері мен  заманауи жетістіктерімен таныстыру болып табылады.  

Күтілетін нəтижелер: Молекулалық биологияның негізгі ұғымдары мен терминдерді 

білу;  пəннің  биология  ғылымдары  арасында  маңызы  мен  орны,  шығу  кезеңдері; 

тұрақсыз биополимерлердің ұйымдастыру мен қызмет принципі; жасушалардың алуан 

түрлерінде  тұқым  қуалайтын  ақпараттың  сақтау  жəне  жүзеге  асу  мехнизмдерінің 

ерекшеліктерін;  жоғарғы  мен  төменгі  сатылы  ағзаларда  материяның  қозғалуы 

биологиялық  пішінінің  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары;  генетикалық 

ақпараттың зақымдану мен қалпына келу жүйелерінің салдарлары; ағзалардың қатерлі 

трансформация  жəне  тозуының  механизмдері;  генетикалық  инженерияның 

молекулалық негіздері; рекомбинантты молекулаларды құрастыру принциптері.  

 

MOShS 5209 Микроағзалардың өндірістік  

штаммдарын сұрыптау 

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер:  Биология,  Биохимия,  Органикалық  химия,  Микробиология, 

Физиология, Генетика. 



Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, Болашақ кəсіби қызмет. 

Мақсаты:  Продуценттерді  сұрыптау  дамуының  негізгі  бағыттарын  білу;  сұрыптауға 

арналған бастапқы штаммдарды іріктеу принципі.  



Мазмұны: Продуценттерді сұрыптаудың мақсаты мен міндеттері. Продуценттерді 

сұрыптау  дамуының  негізгі  бағыттары.  Сұрыптауға  арналған  бастапқы  штаммдарды 

іріктеу  принципі.  Өнеркəсіптік  штаммдарға  қойылатын  талаптар.  Сұрыптауға 

бастапқы  штаммдарды  дайындау.  In vivo  жағдайындағы  мутагенез.  Мутантарды 

іріктеу  тəсілдері. In vivo  жағдайында  штамм-продуценттерді  генетикалық 

құрастырудың тəсілдері. In vitro жағдайындағы мутагенез. Бағытталған мутагенез əдісі 

жəне оның өзгеруі. Эукариоттық микроағзалар негізінде продуцентерді құрастырудың 

ерекшеліктері. 

Ашытқы 

плазмидалардың 



сипаттамасы. 

Эукариоттық 

экспрессиялайтын 

векторлар. 

Транскрипция 

тиімділігін 

реттеу 

есебіне 


микроағзалардағы бөгде гендерді экспресияны оңтайландыру. Трансляция тиімділігін 

реттеу  есебіне  микроағзалардағы  бөгде  гендерді  экспресияны  оңтайландыру. 

Ақуыздар  протеолизін  басу  есебіне  микроағзалардағы  бөгде  гендерді  экспресияны 

оңтайландыру.  Ақуыздардың  тұрақтылығы.  Шамадан  тыс  зат  алмасу.  Амин 

қышқылдарды өндіретін микроағзалар-продуценттер негізгі топтарының сипаттамасы.  

Амин  қышқылдары  продуценттерін  сұрыптау  дамуында  негізгі  тенденциялар. 

Ферменттер  продуценттерін  құру  үшін  микроағзаларды  қолданудың  артықшылығы. 

Ферменттер продуценттерін сұрыптау дамуында негізгі тенденциялар. 

Микроағзаларды  сұрыптау  кезеңдері  мен  принциптері – биологиялық  белсенді 

заттардың  продуценттері.  Сұрыптау  объектісі  ретінде  микроағзалардың  ерекшелігін, 



эволюцияның  табиғи  факторы,  ретінде  мутациялық  өзгергіштікті;  микроағзалардың 

гибридизациясы,  пайдалы  мутанттарды  іріктеу  əдістерін  анықтау.  Штаммдардың 

белсенділігін  сақтау  жəне  микроағзалар-продуценттердің  консервациясы  тəсілдері. 

Ферменттер, органикалық қышқылдар мен антибиотикалық заттардың продуценттерін 

сұрыптау ерекшеліктері.   

Күтілетін нəтижелер: Сұрыптауға арналған бастапқы  штаммдарды іріктеу принципі 

пен өнеркəсіптік штаммдарға қойылатын талаптарды білу. Будандастыру əдісі,  in 



vivo жағдайындағы мутагенез жəне бағытталған мутагенез көмегімен продуценттерді 

алу.  Генетикалық  инженерия  əдістері  көмегімен  продуценттерді  құрастыру. 

Эукариоттық  микроағзалар  негізінде  продуценттерді  құрастыру  ерекшеліктері. 

Біріншілік  пен  екіншілік  метаболиттердің  продуценттерді  алуда  оңтайлы 

жолдарын  қолдана  білу;  біріншілік  пен  екіншілік  метаболиттердің  түзілу 

жолдарын  қайта  реттеу  тəсілдерін  құрастыру;  генетикалық  инженерия  əдістері 

көмегімен продуценттерді құру үшін амал тəсілдерін қолдана білу. 

 

BAGIA 5209 Биопрепарат алудың гендік-инженерлік əдістері 

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер:  Биология,  Математика,  Физика,  Химия,  Цитология,  Генетика, 

Биоорганикалық химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика. 



Постреквизиттер:

 

Магистерлік диссертацияны орындау, болашақ кəсiби қызмет. 



Мақсаты: биопрепараттар өндірісінде биотехнологияда қолданылатын негізгі əдістер 

мен амал тəсілдерін меңгеру 



Мазмұны:  Биологияда  биотехнологияның  əдістері  мен  негізгі  бағыттары  туралы 

түсінігі.  Биомакромолекулалар.  Мономерлер  мен  биополимерлер.  Нуклеин 

қышқылдар мен ақуыздар – биомакромолекулалардың сыни межелі. 

Генетикалық  инженерия  биотехнологияның  бағыттарының  бірі:  ұғымы,  мақсаттары, 

негізгі  принциптері.  Трансплантацияға  арналған  рекомбинантты  гендер  мен 

наногендерді  алу  тəсілдері.  Жасушаға  гендерді  тасымалдау  технологиялар.  Жасуша 

геномына бөгде ДНҚ-ны ендіру əдістері. 

Биологиялық 

белсенді 

заттар 


мен 

дəрілік 


препараттардың 

өндірісінде 

нанобиотехнологиялардың  даму  келешегі.  Гендік  терапия  мен  гендік  таргетинг. 

Биологиялық  белсенді  заттарды  алу  технологиясындағы  биотехнологияның  əдістері 

мен  негізгі  бағыттары.  ББЗ  биотехнология  саласында  əлем  ғалымдарының  негізгі 

енгізулері: коллоидты күміс, коллоидты алтын, коллоидты платина, амин қышқылдар, 

витаминдер, ферменттер, антимикробтық заттар негізіндегі препараттар. 

Медициналық  мақсаттағы  ферменттік  препараттар.  Гендік-инженерлік  əдістері 

арқылы инсулинді алу. ДНҚ химиялық синтезі мен кДНҚ ферменттік синтезі əдістерін 

қосу  жолы  арқылы  адамның  өсу  гормонын  (соматотропин)   алу.  Интерферондар 

сипаттамасы,  қолданылуы  мен  оларды  гендік  инженерлік  əдістері  арқылы  алу. 

Интерлейкиндер  сипаттамасы,  қолданылуы  мен  оларды  гендік  инженерлік  əдістері 

арқылы  алу.  Рекомбинантты  ДНҚ,  гендік  инженерлік  вакциналар  мен  моноклонды 

антиденелерді  алу  технологиясы  жəне  олардың  ветеринарлық  медицинада 

қолданылуы.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет