6В01510 Биология зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар



бет20/24
Дата12.10.2024
өлшемі62,9 Kb.
#147867
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
file-1533

31- ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Насекомдардың постэмбрионды дамуы.
Тип Arthropoda -Буынаяқтылар
Тип тармағы Tracheata - Кеңірдектыныстылар
Класс Jnsectа - Насекомдар
Отряд Orthoptera - Тікқанаттылар
Отряд Colcoptera - Қоңыздар
Отряд Hymenoptera - Жарғаққанаттылар
Отряд Lepidoptera - Көбелектер, қабыршаққанаттылар
Отряд Diptera - Қосқанаттылар
Мақсаты: Насекомдардың постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.
Тапсырма: Насекомдардың екі түрлі типтерінің дамуындағы айырмашылықтарын нимфаның, дернәсілдің, қуыршақтардың құрылысындағы ерешеліктері және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау.
Құралдар: Насекомдардың жұмыстары, әр түрлі типті дернәсілдер, қуыршақтар.
Тапсырмаға түсініктеме: Насекомдардың толық дамымайтын өкілдерінің дернәсілін қарап, оны ересек түрімен салыстыру. Толық емес метаморфозбен дамуын көрсететін жолдарының суретін салу. Толық түрленіп дамитын насекомдар өкілдерінің қуыршақтарын (қоңыз, көбелек, шыбын, ара) және олардың даму сатыларын қарап, қуыршақтардың құрылысының әр түрлілігіне (ашық, жабық, бөшке тәріздес қуыршақтарын, пупарии ) көңіл бөліңіздер. Суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
1.Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не?
2.Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгерістері.
3.таморфоз дегеніміз не? Метаморфоз кезінде қандай процестер өтеді?
4.рнәсілдің даму кезіндегі биологиялық маңызы.


32-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Насекомдарды анықтау.
Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.
Тапсырма: Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Насекомдарды отрядына дейін анықтай білу.
Құралдар: Насекомдардыңәр түрлі отрядтары бар коллекция. Фиксацияланған насекомдар.
Тапсырмаға түсініктеме: Насекомдарды анықтау кезінде студенттердің көңілін таксономиялық маңызы бар белгілерге аудару қажет. Басты міндет – құрылысымен жетік танысып, әр отрядқа тән белгілерін анықтау. Белгілері арқылы өкілдің қай отрялқа жататының, оның систематикалық жағдайын және отрядқа тән белгілерін жазып алу керек.
Сұрақтар:

  1. Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?

  2. Тікқанаттылар, инелік, қоңыз отрядтарының тән белгілері қандай?

  3. Қоңыздар мен жартылай қатты қанаттылардың айырмашылықтары қандай?

  4. Қосқанаттылар мен жарғақ қанаттылардың айырмашылықтары неде?

  5. Теңқанатты, дәуіттер, көбелектерге тән негізгі белгілері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет