6В01510 Биология зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар


Мақсаты: Құрсақаяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тапсырма



бет22/24
Дата12.10.2024
өлшемі62,9 Kb.
#147867
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
file-1533

Мақсаты: Құрсақаяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Тапсырма: Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі органдарымен танысып, суретін салу керек.
Құралдар: Фиксацияланған жүзім ұлуы.
Тапсырмаға түсініктеме: Ұлудың бақалшағын майдалап сындырып, оның бақалшақсыз сыртқы құрылысын көру керек. Оның денесінің билатеральды (қос жақты симметрия) және асимметрия екендігіне көңіл аудару керек. Ұлудың айналмалы денесін бойлай сойып, өкпесін, бүйрегін, жүрегін қарау керек. Ары қарай соя отырып, оның ас қорыту жәнежыныс мүшелерін көріп, олардың суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
1.Құрсақаяқтылардың денесінің симметриясы қандай?
2.Мантия қуысы қандай эпителий қабатымен қапталған – экзотермальды ма, әлде эндотермальды ма?
3.Құрсақаяқтылардың висцеральды комисураларының (хиастоневрия) қиылысуын қалай түсіндіруге болады?
4.Ұлулардың көпшілік түрлерінде неге бір ғана жүрекше бар?
5.Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?
6.Моллюскалардың тәжірибедегі маңызы қандай?

35-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Басаяқтылар моллюскалардың құрылысы.
Тип Mollusсa –Моллюскалар
Тип тармағы Conchifera - Бақалшақтылар
Класс Cephalopoda - Басаяқтылар
Класс тармағы Dibranchia – Қосжелбезектілер
Decapoda – Онаяқтылар
Өкілдері Loligo sp. - Кальмар
Sepia sp. – Каракатица
Отряд Octopoda – Сегізаяқтылар
Өкілі Octopus sp. – Осьминог
Мақсаты: Басаяқтылардың құрылысымен танысу.
Тапсырма: Басаяқтылардың құрылысымен, табиғаттағы алуан түрлілігімен және маңызымен танысу.
Құралдар: Фиксацияланған кальмар, каракатица, сегізаяқтылар.
Тапсырмаға түсініктеме: Басаяқтылардың сыртқы морфологиясын: дене бөлімдерін, олардың формасы мен орналасуын, қолдарын, олардың санын, формасын көзін, сезім шұңқыршасы мен ауыз тесігін, воронкасы мен кальмар, каракатица, осьминог, арқылы танысу қажет.
Кальмардың сыртқы ерекшелігі – жүзу қанаты, соған көңіл аудару керек. Кальмардың бауыр жағындағы мантиясын кесіп алып, қуысындағы мүшелерді-ктенедия, аналь, бүйрек, жыныс тесіктерін көріп, суретін салу керек.
Сұрақтар:
1. Басаяқтылардың басқа моллюскалардан жоғары сатыда тұруы не себепті?
2. Басаяқтылардың бақалшағының жойылу себебі неде?
3. Басаяқтылардың “қолы” басқа моллюскаларда қандай мүшемен сәйкес келген?
4. Басаяқтылардың қан айналысу жүйесінің ерекшеліктері.
5. Басаяқтылардың жүйке жүйесінің ерекшеліктері.
6. Басаяқтылардың денесінің симметриясы қандай?
7. Басаяқтылардың тәжірибелік маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет