6В01510 Биология зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар



бет23/24
Дата12.10.2024
өлшемі62,9 Kb.
#147867
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
file-1533

36-шы ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Тұщы су моллюскаларын анықтау.
Тип Mollusca-Моллюскалар
Тип тармағы Conchifera–Бақалшақтылар
Класс Gastropoda –Құрсақаяқтылар
1-ші Класс тармағы Prosobranchia–Алдыңғыжелбезектілер
2-ші Класс тармағы Pulmonata -Өкпелілер
Класс Lamellibranchia–Тақтажелбезектілер
Отряд Fillibranchia –Жіпжелбезектілер
Отряд Eulamellibranchia – Нағыз тақтажелбезектілер
Мақсаты:Моллюскалардың алуан түрлілігімен танысу.
Тапсырма: Анықтау кітабымен жұмыс істей білу.Моллюскаларды тұқымдасына және түріне дейін анықтап,қысқаша сипаттама бере отырып ,систематикалық жағдайын жазу және олардың бақалшағының суретін салу.
Құралдар:Фиксацияланған моллюскалар.Тұщы су моллюскаларының бақалшақтары.
Тапсырмаға түсініктеме:Моллюскаларды анықтау кезінде әр түрдің негізгі белгілерін,бақалшақты анықтағанда бақалшақтың ені мен биіктігін,бұйрасының ұзындығын ,бақалшақтың айналымының санын дұрыс өлшеуді үйрену.
Сұрақтар:
1.Моллюскалардың системасына қандай морфологиялық негізгі белгілер салынған?
2.Құрсақаяқтылар мен тақтажелбезектілердің айырмашылық белгілері.
3.Алдыңғыжелбезектілер және өкпелілер моллюскалардың негізгі белгілері.
4.Тұщы су моллюскаларының маңызы.


37-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қармалауштардың сыртқы және ішкі құрылысы.
Тип Tentaculats- Қармалауыштар
Класс Brozoa- Мшанкалар
Класс тармағы Phylactolacmata- Жабықауыздылар
Өкілі Cristatella sp.
Класс Brachiopoda- Иінаяқтылар
Класс тармағы Testicardines- Құлыптылар
Өкілі Magellania sp.
Мақсаты: Мшанкалар мен иінаяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Құралдар: Фиксацияланған мшанкалар, иінаяқтылар.
Тапсырмаға түсініктеме: Мшанкалардың сыртқы құрылысын микроскоп арқылы қарау. Колонияның құрылысымен танысып, ішкі органдарының суретін салыңыздар. Иінаяқтылардың сыртқы құрылысын қарап, ас қорыту, жыныс, зәр шығару системасын тауып, олардың суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
1.Қармалауыштардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?
2.Мшанкалардың сыртқы эәне ішкі құрылысы
3.Иінаяқтылардың мшанкалардан айырмашылықтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет