7- тақырып. Тамақтану және қонақжайлық индустрия кәсіпорындарын бизнес-жоспарлау


Бизнес-жоспардың құрамы, сонымен қатар, көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бəсекелестердің бар-жоғына жəне құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады



бет4/9
Дата06.12.2022
өлшемі1,64 Mb.
#55387
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

Бизнес-жоспардың құрамы, сонымен қатар, көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бəсекелестердің бар-жоғына жəне құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.

Кіріспе бөлім

Кіріспе бөлімі, əдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады. Ол қысқа болып (ары кеткенде 2-3 бет-тен тұрады) жəне дербес жарнамалық құжат ретінде пайымдалуы тиіс, себебі мұнда бүкіл бизнес-жоспардың негізгі жағдайлары беріледі. Мұнда кəсіпорынның атауы мен мекенжайы, құрылтайшылардың есімдері мен мекенжайлары, ұсынылып отырған жобаның негізгі ережелері, оның мəні мен мақсаты, жобаның құны, жұмсалатын қаржы көрсетіледі.

Жобаның тұжырымдамасы және өнімнің сипаттамасы.

Бұл бөлімде сатып алушыларға ұсынылатын өнім немесе қызмет түрлерінің нақты нықтамасы мен сипаттамасын беру қажет. Өнімді өндіру үшін қажет болатын технологияның кейбір аспектілерін көрсетіп кету керек.

Өнімнің негізгі сипаттамаларын беру кезінде сол өнімнің техникалық егжей-тегжейлеріне емес, оның әлеуетті сатып алушыларға беретін артықшылықтары жайлы айтылады. Технологиялық үдеріс жайлы толық ақпаратты қосымшада беруге болады.

Өнімдердің немесе қызмет көрсету түрлерінің бірегейлігін немесе ерекшеліктерін көрсетіп кеткен маңызды. Мұны түрлі формада көрсетуге болады: жаңа технология, тауардың сапасы төмен өзіндік құн немесе сатып алушылардың қажетсінулерін қанағаттандыратындай қандай да бір ерекше артықшылығы. Сонымен қатар, сол өнімді жетілдірудің мүмкіндігін көрсетіп кету қажет.

Егер жоспарды өзіңізге арнап, алайда инвесторларды немесе серіктестерді іздестіру мақсатында жазып отырсаңыз, онда әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге мұқият түрде сипаттама беру қажет.

Макроорта мен саладағы істің мəн- жағдайын талдау.

Бұл бөлімде келешек бизнес-жоба қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттары суреттеледі. Жаңа жобаның идеясын үлкен орта мен саладағы істің мəн жайын ескере отырып ұсынған өте маңызды. Бизнестің өзіне жəне сол жұмыс істеп, бəсекелесетін ортаға баға беру қажет, себебі бəсекелес күрестегі жеңіске жету критерийлерінің біріне нарықтағы жағдай жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет