7- тақырып. Тамақтану және қонақжайлық индустрия кәсіпорындарын бизнес-жоспарлау



бет5/9
Дата06.12.2022
өлшемі1,64 Mb.
#55387
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бизнес-жоспарда саладағы істің ағымдағы мəн-жайына талдау жасау ұсынылады. Сонымен қатар, соңғы жаңа өнімдер (қызметтер) бойынша анықтама беріп, әлеуетті бəсекелестерді атап, солардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп кету ұсынылады. Сонымен қатар, сол сала бойынша жасалып отырған барлық болжамдарды зерттеп жəне соның нəтижесінде сіздің бизнестегі тауарлардың немесе қызметтердің тура қандай тұтынушыға арналғаны жайлы сауалға жауап беруге болады.

Нарықты талдау

Нарық жəне маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа болып табылады. Сізге өз-өзіңізді жəне әлеуетті инвесторларды өнім үшін нарықтың бар екендігіне жəне өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға сендіру қажет. Ол үшін сіз үшін басты болып табылатын нарықтың сегментін анықтау қажет. Нарықтың бəсекелес сегментін анықтаудан кейін сол сегменттің ішіндегі сатып алушылардың сипаттамасы келтіріледі.

Кез келген бизнес жəне атап айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес —ерте ме, кеш пе, бəсекелестік проблемасына кез болады. Сол себептен тікелей бəсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, əр бəсекелестің нарықтағы әлеуетті үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау жəне өзге көрсеткіштер жағынан бəсекелесе алатынын көрсету қажет.

Маркетинг жоспары

Бұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрсету қажет. Мұнда сіздің тауарыңыздың немесе қызметіңіздің қалайша сатылуы көзделіп отырғаны, ол үшін қандай бағаның белгіленетіні жəне жарнаманы қалай жасауға болатыны сипатталады. Нақты бөліктер жиі жағдайда күрделі болып келеді жəне баға саясаты, сауда саясаты, жарнама жəне т.б. салаларды қозғайды. Бұл бөлімде өнімнің (жұмыстардың немесе қызметтердің) бəсекелесуші баламаларымен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бағалар, баға саясаты, сауда саясаты, өткізу арналары, өнімді жарнамалау жəне нарықта ілгері жылжыту, өнімді қолдау саясаты, әлеуетті сатып алушылардың қызығушылық танытуы, өнімді өткізудің болжамы тəрізді мəселелер қаралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет