7- тақырып. Тамақтану және қонақжайлық индустрия кәсіпорындарын бизнес-жоспарлау



бет6/9
Дата06.12.2022
өлшемі1,64 Mb.
#55387
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өндірістік жоспар

Бұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процестері суреттелуі тиіс. Мұнда ғимараттармен, олардың орналасуымен, жабдықтармен, қызметкерлермен байланысты болып келетін мəселелер қарастырылған. Егер құрылып жатқан бизнес өндірістік санатқа жатса, онда өндірістік процеске толықтай сипаттама беру қажет: өнімнің өндірісін ұйымдастыру, өндірістік процестерді бақылау, өнім құнының негізгі элементтерін бақылау. Егер кейбір операцияларды орындауды қосалқы мердігерлерге тапсыру көзделіп отырған болса, солар жайлы мəлімет беру керек, яғни қосалқы мердігердің атауы, мекенжайы, соның таңдалу себептері, бағалары жəне жасасқан келісімшарттар туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Өндірістік жоспар

Өздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойынша өндірістік ағымдардың сұлбасын, өндірістік жабдықтың, шикізат пен материалдардың тізімін, соған қоса жеткізушілерді (атауын, мекенжайын, жеткізу шарттарын), жуықтап алынған бағасын көрсетумен, сондай-ақ келешекте қажет болуы мүмкін өндірістік жабдықтың тізімін беру қажет. Ақыры, бұл бөлімде өнімнің шығарылуын қаншалықты жылдам түрде арттырып немесе қысқартуға болатыны жайлы мəселелер көрінісін табуы тиіс.

Ұйымдастыру жоспары

Бұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кəсіпкер бола ма, жекеменшік кəсіпорын немесе серіктестік бола ма. Егер бұл серіктестік болса, сол өздеріне негізделген шарттарды келтіру қажет. Келешек бизнестің құрылымдық ұйымдастырылуы (құрылымы) көрсетіледі. Қызметкерлердің саны туралы жəне штаттың кеңейтілуі туралы, ма мандарды оқыту мен даярлау туралы, сондай-ақ кеңес берушілерді, кеңесшілерді, менеджерлерді тарту туралы мəліметтер беріледі. Бұдан əрі кəсіпорынға жетекшілік ету мен басқару мəселелері қаралады. Басқарушы топтың қандай ұстаным бойынша құрылғаны түсіндіріледі жəне оның əрбір мүшесінің рөлі суреттеледі. Басқарушы топтың барлық мүшелерінің өмірбаяны бойынша қысқаша мəліметтер келтіріледі. Бүкіл команданың білімі мен біліктілігіне талдау жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет