b. Кәсіпкерге қарсы қылмыстық әрекеттер жүргізу тәуекелі.
6. Беделдік. Өз беделін жоғалту тәуекелі.
7. Маркетингтік. Клиенттің ықыласы өзгеру немесе бәсекелестік тартыстың шиеленісуіне байланысты тәуекелдер.
Қосымшалар
Көп жағдайларда әлеуетті серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның жəне т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мəліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бəсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингтік зерттеулердің материалдары жəне өзге де көптеген нəрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады. Ә ртүрлі бизнес-жоспарлардың үлгілерімен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ www.damu.kz сайтынан таныса аласыз.