№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Әдебиеттер 
1 Қайдар Ә. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. – Алматы, 2003. 
2  Әзімжанова  Г.  Қазақ  көркем  проза  мәтінінің  прагматикалық  әлеуеті.  – 
Алматы, 2007. 
3  Ислам  А.  Тіл  мен  ойлаудың  екі  жақты  бірлігі  танымдық  ғылымында  // 
Тілтаным. – 2003. – №2. 
4 Қалиев Ғ. Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005. 
5 Оразалиева Э. Танымдық қазақ тілі. – Алматы: Мұрагер, 2005. 
 
Summary 
Actuality of research theme.  Linguistics  cognition  industry  truth  the  world 
consciousness. Research Kazakh linguistics and artistic text a language is national culture 
sand  cognition.  Continuity  of  work  of  Аbay  and  Shakarim   composition  of   language 
culture. 
Basic  object  of  research.  Compositions  of  Abay  and  Shakarim  common  character 
the world conception artistic context of cognizableness. 
Article  of  research.  Tradition  in  language  of  compositions  of  Аbay  and  Shakarim 
continuation.  To  investigate  on  time  of  sources  of  fact  of  compositions  of  Аbay  and 
Shakarim  collection  of  compositions,  that  was  light  looked  by  the  years  of  look  it  was 
used. 
 
 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
164 
ШӘМШЕДИН Еркебұлан Бекболатұлы, 
«№120 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 
9 «Ә» сынып оқушысы, Мырзакент қалашығы, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: НҰРТАЕВА Ақмарал Дүйсенбаевна, 
«№120 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, Мырзакент қалашығы, 
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МҰРАМЫЗ 
 
Біз  жаңа  технологиялар  заманында  жасап  жатырмыз.  Әр  жыл  көптеген 
жаңалықтарымен адамзатты таңқалдырып келеді. Еліміз де жылдан жылға өркендеп, 
өсіп, гүлденіп келе жатыр. Қазақстан әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуы 
үшін  бізге  әлі  көптеген  белестерді  алу  қажет.  Ғалымдар  жаңа  технологияларды 
пайдаланып, әрбір заттың жаңаша түрін ойлап табу үстінде. 
Мен  үшін  заман  қанша  өзгеріп,  жаңарса  да  әр  ұлт  өзінің  дәстүрі  мен  салтын, 
тарихын  ұмытпауы  тиіс.  Біздің  отбасымызда  әкем  ылғи  осыларды  айтып  отырады. 
Себебі  ол  –  өз  Отанының  нағыз  патриоты.  Мен  де  дәл  сол  кісідей  болғым  келеді. 
Кітапханадан маған шешендік сөздер туралы кітаптарды алдырып, өзі соларды ылғи 
оқып  отыратын  қолы  бос  кезде.  Содан  бастап  менің  де  шешендік  сөздерге 
қызығушылығым күннен-күнге арта бастады. 
Қазақ  әдебиеті  өте  бай,  оны  айтпаса  да,  түсінікті.  Бірақ  оның  ішінде  «Халық 
ауыз әдебиетінің» алар орны ерекше. Оны оқығанда таң қалмау мүмкін емес. Сонда 
қазақтай дана халықтың ардақты перзенті екендігіме өте қуанамын. 
Халық  ауыз  әдебиетінің  барлық  салалары  бірі-бірінен  қызық  екендігі  сөзсіз. 
Солардың  ішінде  мені  ерекше  қызқтырғаны  шешендік  сөздер  еді.  Шешендік  сөз 
үлгілерін  халық  ауыз  әдебиеті  туындыларынан,  ертегі,  аңыздардан,  өлең-жыр, 
дастандардан молынан кездестіреміз. Сөз құдіреті туралы Бөлтірік шешен:  «Сөзден 
тәтті  нәрсе  жоқ.  Сөзден  ащы  нәрсе  жоқ.  Сөзіңді  тіліңді  билетпе,  ақылыңа  билет. 
Ақылыңды, сөзіңді  ақылсызға қор етпе,  ақылдыға айт, кімге, қай  жерде, қай кезде, 
қалай сөйлейтініңді біл»,  - деп толғаған. Шешендік сөздің қиындығы туралы Бұқар 
жырау: 
...Көш бастау қиын емес – 
Қонатын жерде су бар. 
Қол бастау қиын емес – 
Шабатын жерде жау бар. 
Шаршы топта сөз бастау қиын – 
Шешімін таппас дау бар, - деп тегін айтпаса керек. 
Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең 
ой,  бейнелі  шебер  тілмен  айтылған  халық  шығармасы,  тапқырлық  сөздер  мен 
тұжырымдар, қазақ ауыз әдебиетіндегі  шағын  көлемдегі  дидактикалық  жанр. Жанр 
мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға 
бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. 
Шешендік  арнау бата,  тілек,  әзіл-сын,  көңіл  айту,  естірту,  т.б.  нұсқалардан  тұрады. 
Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, 
термелер  жатады.  Ал  шешендік  дауларда  сол  қоғамға  тән  қылмыстық,  азаматтық 
істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
165 
Шешендік  сөздер  мазмұны  мен  құрылысы  жағынан  мақал-мәтелге,  аңыз-
әңгімелерге,  толғауларға,  айтыстарға  жақын.  Композициялық  құрылысына  қарай 
пернелі  сөз,  термелі  сөз  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Қара  сөзбен  айтылғандары  – 
пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер 
сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік 
сөз ауыспалы мағынада келеді. 
Шешендік  сөздер  жазба  әдебиетке  жақын  жанр.  Оқиғаларының  реалистігі, 
тілінің  әдебилігі  және  белгілі  халық  ойшылдарының  (Майқы  би,  Аяз  би,  Жиренше 
шешен), шешен, билердің (Төле 
би, Қазыбек 
би, Әйтеке 
би) 
аттарымен 
айтылатындығы  бұл  пікірді  растай  түседі.  Шешендік  сөздердің  көпшілігі  әуелгі 
қалпында  сақталмаған.  Жаттап  алып  таратушылардың,  әр  буынның  өңдеп-
өзгертуімен,  уақыттың  сынынан  өтіп,  ұзын-ырғасы,  тобықтай  түйіндері,  түйіп 
айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. 
Негізінде  қоғамдағы  қиянаттарға,  әділетсіздіктерге  қарсы  қарапайым  халық 
өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған шешендік сөздердің нұсқалары өзін 
тудырған  қоғаммен,  себептермен  бірге  жойылып,  біздің  заманымыздағы  қызметі 
көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін 
көркем  сөз  үлгісі  ғана  емес,  халықтың  көне  тарихымен  бірге  жасап  келе  жатқан 
тәрбиелік  мәні  зор  халық  даналығы.  Ол  түркітектес халықтардың  көпшілігінде 
кездеседі. 
Шешендік  сөз  немесе  шешендік  өнер  –  ежелгі  Грекия  мен  Рим  заманынан 
бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір 
түрі.  Грек  шешенд к  өнер н ң  иг   әсер   арқасында  көне  Римде  де  бұл  өнер  дами 
бастады. Б зд ң дәу р м зге дей нг  III ғасыр Рим мен Грек елдер нде эллинд к дәу р 
деп  аталып,  әдеби-мәдени  құндылықтардың  алмасуымен  сипатталады.  Бұл  сипат 
шешенд к өнерге де т келей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, 
шешендік  өсиет,  шешендік  нақыл,  шешендік  дау,  шешендік  толғау.  Әрқайсының 
әсерлі  өңі,  сұлулығы,  татымдығы,  дуалылығы,  зерделігі  адам  ой  жүйесіне,  жан-
дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен 
сезімін билейді, толғандырады. 
Шешендік  сөздер  ағып  тұрған  поэзия,  тұнып  тұрған  философия.  Ақ  өлеңмен 
өрілген  сөз  тұнығы:  сырлы  теңеу,  астарлы  сын,  жинақы  ой,  жұмбақты  меңзеу, 
қисынды  толғам,  тылсымды  талай.  Бәрі  тіл  құдіретінің,  пікір  түйінділігінің, 
таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы. 
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса, шебер 
шендестіріледі.  Сырланып,  әрленіп,  татымы  нәрленсе,  ойды  шалқытып,  сезімді 
тербеп,  адам  көңілін  ұйытады.  Сұлу,  өрнекті  әр  шешендік  сөздің  өзіне  тән  терең 
мағыналы  және  астарлы  жүктемесі  бар.  Жүйелі,  байыпты  айтылса,  досқа  –  пір, 
дұшпанға – зіл, шат көңілге – шабыт, қам көңілге – демеу, батырға – айбынды ұран 
болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл сақталған. 
Шешендік  –  ұшқыр  ойдың  қас-қағымда тілге оралымдылығы,  байламы;  дер 
кезінде  дәл  мағынасын  дөп  басар  бейнелілігі;  мәнді,  ойлы  сөздердің  мәйекті  мақал 
мен  мәтелге  айналуы;  дау-дамайда  қазылық,  мәмілегерлік;  ара  қатыста  елшілік, 
жаугершілікте  бітімгерлік;  ұрпаққа,  қалың  қауымға  өсиет.  «Алажағым  кетсе  де, 
айтажағым кетпесін» дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі. 
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ  ауыз, от  тілді,  сөзуар,  тапқыр)  – 
тілге  жүйрік,  сөз  қисынын  тауып  айтатын  халық  қалаған  сөз  шебері.  Ел-жұртты 
елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, 
бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып 
та  айта  білген.  Ел  намысын  қорғаған  ерлерді  «нар»,  «арыстан»,  «арыстан»,  «ерім», 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
166 
«азаматым»  деген  сияқты  теңеулермен  мадақтап,  ардақтаумен  бірге  әділді  «қара 
қылды  қақ  жарған»;  шешенді  «ердің  құнын  екі  ауыз  сөбен  шешкен»;  шеберді 
«темірден түйін түйген»; жомартты «атын түсіп беретін мырза»; адалды «сүттен ақ, 
судан  таза»;  сұлуды  «ай  мен  күндей»;  әдептіні  «қыз  мінезді  жігіт»;  бәйбішені  «бес 
биенің  сабасындай»;  баланы  «тойған  қозыдай»;  бойжеткенді  «оймақ  ауыз,  күлім 
көз», деп дәріптеген. Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына 
үлгі  еткен.  Олар  ауылына  келгенде  баласының  аузына  түкіріп,  отырған  жеріне 
аунатып алған. Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі сақталады. 
Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек: 
-  Белгілі  бір  әлеуметтік  мәні  бар  тақырыпты  қозғайтын  және  шаршы  топ 
алдында ауызша айтылған сөз болуы; 
-  Әңгіме  өзегінің  дәлелі  болуға  тиіс,  соның  арқасында  тыңдаушыларға  бір 
нәрсені  әуелі  түсіндіріп,  содан  соң  ойлантып,  ақырында  белгілі  бір  әрекетке 
ұмтылдыруды көздеуі қажет; 
- Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін 
эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің 
аясы,  кеңіген  сайын  арта  түсуде.  Жиналыс,  мәжіліс,  құрылтайларда,  пікірсайыс 
жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет. 
Қазіргі  замандағы  шешендік  сөздердің  түрлері  бұл  сөздердің  жанрына 
(мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады: 
-  Әлеуметтік-саяси  тақырыптағы  шешендік  сөздер,  бұларға  осы  тақырыптарға 
жасалған  баяндамалар,  сөйленетін  сөздер,  митинг,  конференцияда  айтылатын 
сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-
әлеуметтік шолулар жатады; 
-  Академиялық  шешендік,  бұл  топты  жоғары  оқу  орындарында  оқылатын 
дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды; 
- Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің 
қорғану сөзі кіреді. 
Әлеуметтік  тұрмыста  жұмсалатын  шешендікті  мерейтойларда,  салтанатты 
дастарқан  басында  айтылатын  сөздердің  «шешендік  сөз»  деген  мәртебеге  ие  болу 
үшін  оған  қойылатын  талаптардың  бірі  –  оның  ішінде  көркем,  әсерлі  болуы.  Ал 
көркемдік  жалпы  тілде,  оның  ішінде  көркем  әдебиетте,  поэзияда  жұмсалатын 
көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер 
аузынан  шыққан  шешендік  үлгілерде  дәл  өлеңдегідей  өлшемді,  жүйелі 
болғанымен, ұйқас-ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. 
Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді 
келтіру  көріктеу  амалдардың  бірі  болса,  бүгінгі  шешендердің  аузынан  шыққан 
сөздерде  мақал-мәтелдерді  келтіру  көріктеу  амалдардың  бірі  болса,  мақал-
мәтелдермен  қатар,  өзгелерден  келтірілген  сілтемелер  орын  алады.  Сондай-ақ 
шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге 
эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді. 
Тарихы.  Шешенд к  өнер  көне  Римде  үлкен  күшке  ие  болды.  Цицеронның 
мәл мдеу нше,  республикалық  Римде  сөз  құд рет не  ие  болған  адамға  тәң р ндей 
табынған. Олар: «Адамды даңққа бөлейт н ек  қасиетт  өнер бар: б р  – қолбасылық, 
ек нш с   –  шешенд к»,  -  деп  б лген.  Республикалық  Рим  мемлекетт к   стерд   халық 
жиындарында,  сенатта,  сотта  ер кт   әрб р  азаматтың  сөйлеу  мүмк нд г не  ие 
болатындай  жағдайда  қараған.  Сондықтан  Рим  республикасының  әрб р  азаматына 
шешен  сөйлеуд ң  қыр-сырына  қанығып  өсу  м мл к т   ст р н   аралас   талабынан 
т ындаған. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
167 
Р сп бликалық Рим үш н қоғамдық қарқынды өм р, сөз бостандығы ш шенд к 
өн рд ң  к ң н н  өр ст   н   жол  ашты.  Басқаша  айтқанда:  «Д мократия  –  ш шенд к 
өн рд ң анасы». 
Б рақ  Римд   р сп бликалық  өк м тт ң  құла ы  римд к  классикалық  өн рд ң 
дам ына  т ж    салды.  Көн   Рим  ш ш нд к  өн р н ң  ұшар  шыңы  д п  Циц ронды 
танимыз. Марк Т лий Циц рон – ш ш нд к өн рд ң көн  римд к т ор тиг . Ол өз н ң 
ш ш нд к өн р қақындағы ұлы ойларын «Ш ш нд к өн рд ң үш трактаты» («Ш ш н 
т ралы», «Бр т», «Ш ш н»)  ңб г нд  з рл п қалдырды. 
Қазақтардағы  шешендік  өнері.  Қазақ  ауыз  әдебиетінің  ерекше  бір  жанры  – 
шешендік  өнер.  Халқымыздың  даналығының  үлгісі  шешендік  сөздер  –  ғасырлар 
бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. 
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII 
ғғ.),  Жиренше  шешен,  Асан  қайғы  (XIV-XV  ғғ.)  есімдерімен  қатысты  қалыптасып, 
өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз 
дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. 
Шешендік  өнерінің  кеңінен  дамып  биіктеген  кезеңі  –  XV-XVIII  ғғ.  Бұл  кез 
қазақ  халқының  жоңғар,  қалмақ,  қытай  басқыншыларына  қарсы  тұрып,  өз 
тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. 
Шешендік  сөздердің  алғашқы  үлгілерін халық  ауыз  әдебиеті  туындыларынан, 
ертегі,  аңыз  әңгімелерден,  өлең-жыр,  дастандардан  ұшыратамыз.  Осы  сөз  өнерінің 
кең  қанат  жайып,  орнығып  дамуында  тапқырлық  пен  шешендіктің  тамаша 
нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше. 
Қазақтың  шешендік  сөздерін  өзге  жұрттың  атақты  адамдары,  ғалымдары 
жоғары  бағалады.  Шешендік  сөздер  нұсқаларын  академик  В.В.  Радлов  (XIX  ғ.) 
зерттеп,  жинаған  болатын.  Ол:  «Қазақтар...  мүдірмей,  кідірмей,  ерекше  екпінмен 
сөйлейді.  Ойын  дәл,  айқын  ұғындырады.  Ауыз  екі  сөйлеп  отырғанның  өзінде 
сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп 
таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын 
дұрыс  аңғарып,  қазақтардың  сөзге  тапқырлығы  мен  шешендігі  өзіне  ерекше  әсер 
еткенін жазған. 
Сондай-ақ,  қазақтың  шешендік,  тапқырлық,  нақыл  сөздерін  жинап, 
жариялағандардың  бірі  –  Ыбырай  Алтынсарин.  Ол  халық  даналығының 
жасөспірімдерді  тапқырлыққа,  өткірлікке,  адамгершілікке  баулитын  тәрбие  құралы 
екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. 
Шешендік  сөздерді  алғаш  зерттеушілердің  бірі  –  М.  Әуезов.  «Қазақ  әдебиеті 
тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік 
сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен 
халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын 
зерттеп,  жинап,  ерекше  еңбек  сіңірген  ғалым-лингвист  А.  Байтұрсынов  шешендік 
өнерді  жеке  алып  қарастырып,  құнды  пікірлер  білдірді  (1926  ж.).  Шешен  сөз, 
көсемсөз,  дарынды  сөз  деп  үш  топқа  бөліп,  әрқайсысын  қолданыс  орнына  қарай 
(саясатқа  қатысты,  сотта  сөйлеу,  қошемет  сөздер,  ғалымдардың  ғылыми 
тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша 
түсініктер, тың анықтамалар берген. 
Нағыз  шешен  үшін  сөзге  шебер  болу  жеткіліксіз.  Табанда  тауып  сөйлейтін 
тапқыр,  топ  алдында  тайсалмай,  мүдірмей  сөз  бастайтын  батыл,  сөз  сайысында 
саспайтын сабырлы болуы қажет. 
Шешендік  сөздерге  тән  ерекшеліктер.  Біріншіден,  қазақ  шешендерінің 
сөздері  жазбаша емес,  ауызша айтылып,  дүниеге келеді  де, одан кейін бірден-бірге 
жатталып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жетеді.  Екіншіден,  айтыла келе  бастапқы  нұсқа  қалып 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
168 
өзгертіліп  отыруы  мүмкін.  Үшіншіден,  шешеңдік  сөздер  кейінгі  айтушылар 
тарапынан  қажетіне  қарай  өзгеріп  қолданылып  отырған.  Шешендік  сөз  ақындар 
айтысы  сияқты  сөз  тартысы  дау  үстінде,  ел  тағдыры  талқыланған  ұлы  жиын  кеңес 
кезінде,  оңаша  ой  толғау  не  сұхбат,  әңгіме-дүкен  барысында  арнау,  сәлем,  өсиет 
түрінде де өмірге келген. 
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш 
шешендік  сөздің  немен  байланысты,  қандай  жағдайда  туғандығы  мен  кім 
айтқаңдығы  баяндалады.  Шешендік  сөздің,  айтылар  ойдың  негізі  –  мазмұн.  Сөз 
нақтылы,  нені  айтса  да  сендіретіндей,  иландырып,  қарсыласын  мойындататындай 
дәлелді  айтылған.  Жазба  әдебиетіміз  дамыған  кейінгі  дәуірде  шешендік  сөздер 
саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз 
нұсқалары көбейді. 
Шешендік  сөздер  мән-мағынасының  тереңдігімен  ғана  емес,  сондай-ақ 
тақырыбының  кеңдігімен  де  ерекшеленеді.  Шешендік  сөз  терең  ойға,  ұтқыр 
шешімге,  тапқыр  логикаға  құрылады.  Халық  мақалдарында:  «Таяқ  еттен  өтеді,  сөз 
сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл 
жарасы  бітпейді»,  «Аталы  сөзге  арсыз  ғана  тоқтамайды»,  –  деп  сөзді  айтушыға  да, 
оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. 
Демек,  шешеннің  ең  негізгі  құралы  –  сөз.  Ол  тындаушының  жүрегіне  жетіп, 
ерекше сезімге бөлеген. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан 
елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық 
сөздер  иесі».  Мұндай  сөз  білетін,  жөн  білетін  адамға  ел  ісіне  араласуға,  халық 
атынан сөйлеуге құқық берілген. 
Шешендік  өнер  –  көрген-білгенді  көкейге  тоқып,  көп  үйреніп  ізденудің 
арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. 
Айтыс – шешендік өнердің шыңы. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер 
тоғысқан. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің 
қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау 
сөздеріне ұқсас болып келеді. 
Ертеден-ақ,  халқымыздың  өзіндік  басқару  жүйесі  болды.  Ел  қамын  жеген 
ерлері,  сөзін  сөйлеген,  әділін  айтқан  шешендері,  білімпаз  билері  болды.  Би  – 
халықтың  көкейіндегісін  айтқан,  ойын  жарыққа  шығарған  әділет  жоқшысы. 
Қазақтың  атақты  билері  Төле,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Әйтекеден  қалған  сөз  дәстүрі 
ғасырлар бойы үзілген емес. 
Ш.  Уәлихановтың:  «Би  атағын  беру  қазақта  халық  тарапынан  бір  сайлау 
арқылы  немесе  халықты  билеп  отырған  өкімет  тарапынан  бекіту  арқылы  болған 
емес,  тек  сот  ғұрыптарына  әбден  жетік,  сонымен  қатар  тілге  шешен  қазақтар  ғана 
бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ 
өзінің  заң  ісіне  жетіктігі  және  шешендік  қабілеті  бар  екеңдігін  халық  алдында  сан 
рет  көрсетуге  тиіс  болған.  Ондай  адамдардың  атағы  бүкіл  қазақ  даласына  тез 
жайылып,  олардың  аты  жұрттың  бәріне  мәлім  болып  отырған»,  –  деген  сөздерінен 
би  –  халықтың  көкейіндегісін  айтқан,  жарыққа  шығарған  әділет  жоқшысы  екенін 
танимыз. 
Кезінде Ахмет  Байтұрсынов:  «Әділ  билердің  қолындағы  билік  қазақтың  неше 
түрлі  дертін  жазатын  жақсы  дәрі  еді»,  –  деді.  Демек  бұл  қастерлі  мұра  – 
шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында. 
Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ 
ана,  Гауһар,  Ақбикеш,  Айбике  аналардың,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Ағынбай 
батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
169 
«Сылдырап  өңкей  келісім»,  -  деп  Абай  айтпақшы,  өлең  сөзге  дес  бермеген, 
ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан 
халықтың  перзентіміз.  Небір  дүлдүлдер  домбыраны  нөсерлетіп,  қиыннан 
қиыстырып, сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер 
тәрбиелеген  ұланбыз.  Тізбекті  тарата  берсем,  таусылмасына  көзім  жеткендей-ақ. 
Ата-бабамыз  жаудан  қаймықпаған,  сөзден  тосылмаған.  Ерттеулі  атына  міне  сала 
жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. 
Қазақтың  оқу  жасына  толмаған  баласынан  бастап,  қол  бастаған  батырларына 
дейін  бақылап,  шешен-билерін  тыңдаған  поляк  саяхатшысы  Янушкевич 
халқымыздың  ақыл-ой  қабілетін  ерекше  бағалайды.  Бір  көргенін  үйреніп,  лезде 
жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, 
зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады. 
Иә,  көпті  көрген,  көп  жасаған  қазақ  қариялары  оқымаса  да  көкейге 
тоқығандарын,  одан  жасаған  қорытындыларын  құйма-құлақ  жастарға  үйретуден 
жалықпаған.  Талапты  жастар  үлкендерден,  қариялардан  өнер-білім  үйренуді 
өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-
өнеге  алуды  ар-намыс  санамаған.  Үлгілі,  аталы  сөз  кемеңгер  ой  мен  шебер  тілден 
ғана тумаса керек-ті. 
Біз  –  шешендік  өнерді  сүйетін  де,  оны  бағалай  білетін  де  халықпыз. 
«Жүйріктен  жүйрік  озар  жарысқанда»,  -  демей  ме  дана  халқымыз?!  Тоқсан  ауыз 
сөздің  тобықтай  түйінін  шешіп  бере  алатын  қайран  қазағым  демеске  лажым  жоқ! 
Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден – жүйрік, мыңнан 
–  тұлпар»  шығарған  халқымның  өресі  биік,  өрісі  кең,  шығар  асуы  жоғары  десем, 
нағыз бағасын бергенім ғой. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет