Ұстаздық жолы. 1972 жылы ол өзі туып-өскен шайыр атанған Тұрмағамбет
ауылындағы №29 орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақтың
Абай атындағы мемлекеттік институтының тіл, әдебиет факультетіне оқуға түскен.
Жоғарғы оқу орнын 1976 жылы бітіріп шықты да, қолына дипломын алып, туған
жерге оралды. Күндіз №29 қазақ орта мектебінде сабақ беріп, түннің бір уағына
дейін интернат оқушыларының сабағын оқытып, түрлі мәдени-тәрбиелік мәні зор
шаралар ұйымдастырып өткізді.
Ұстаздық пен ақындық өнерді шебер ұштастыра отырып, ақын ретінде де, ана,
ұстаз ретінде де ұрпақ қамын бірінші кезекке қойған Талайлы Төребайқызы
Досымова мамандыққа деген шексіз махаббат пен шәкіртке деген шынайы
сүйіспеншілігімен озат мұғалімдер қатарына суырылып шықты.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
126
Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу және оларды қоғамдық пайдалы
еңбекке баулуда жаңаша бағыт ұстанып, қиын да күрделі түйінді істерді
ынтымақтаса шешу мақсатында 1989 жылы болған Қостанайдағы ғылыми-
практикалық конференцияға Талайлы Досымова делегат болып қатысты.
Делегация құрамымен Тобыл өзенінің жағасына жерленген қазақтың тұңғыш
ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бейітіне барғандағы жетім күй ұстаз-ақынды
бей-жай қалдыра алмады. Ол өзі пір тұтар ұлы ұстазының елеусіз жатқан мүрдесіне
зиярат ете отырып:
Бақ берген, бата берген бабалары,
Халқымның қайда ойлы балалары?
Өліні қастерлеуге тірілердің,
Келмей ме шынымен-ақ шамалары? - деп намыстана үн қатты. Бұл өлеңі 1993
жылғы «Қазақстан мектебі» журналының №3 санында «Зират басындағы ой»
тақырыбымен жарық көрді. Республикалық басылым «Қазақстан мұғалімі» газетінің
бетіне «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деген ақын
Ілияс Жансүгіровтың сөзімен Сыр педагогтарының атынан үндеу жазды. Аудан
мұғалімдерінің бұл мақсаткерлік бастамасын бүкіл республика педагогтары қолдап,
Ыбырай Алтынсариннің 150 жылдық торқалы тойының қарсаңында бейітінің үстіне
күмбез көтерілді.
Осындай көрегенділігі, өжеттігі оның терең білімділігінің, танымдық
деңгейінің жоғары болуының көрсеткіші болса керек. Ұстаз еңбегі оның
оқушыларының білім-білігімен өлшенетіні айтпаса да түсінікті. Бұл тұрғыда
Талайлы апай өзінің дәріс берген шәкірттерімен мақтана алады. Одан тәлім мен
тәрбие алған оқушылары бүгінде еліміздің әр қиырында жас та тәуелсіз Қазақтанның
өркендеп, көркеюі жолында түрлі салаларда еңбек етіп жүр.
Мәдениет саласындағы ұлағатты істері. Қазақстан Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы рухани қазынасы мен мәдени мұрасына бай облыс халқынан зор
қолдау тапты. Осы бағдарлама бойынша ауданда алғаш рет «Мәдени мұра»
орталығы ашылып, оның жетекшілігі Талайлы Төребайқызы Досымоваға сеніп
тапсырылды.
Талайлының идеясымен өткен ғасырдың 70-жылдарында Қармақшы
топырағына тән дәстүрлі жыраулық өнеріміздің жарық жұлдызындай болған
Көшеней Рүстембековтің ескерткіші бой көтерді. Инемен құдық қазғандай еңбегінің
арқасында жырау Көшеней ғұмырнамасына арнап аудандық жыраулар мектебінің
жетекшісі, Көшенейдің кенже ұлы Арнұр Көшенеевпен бірге «Жұлдыз боп аққан
жыр ғұмыр» кітабы (2006) жазылды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың шығысқа тән қиссалық жазба әдебиетінің
Сыр өңірінде тууының басында тұрған ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ақындық
мұрасы туралы ізденісті ғылыми мақалалары жиі басылым көрді. Ақынның 125
жылдың мерейтойында Алматы қаласынан сол кездегі аудан әкімі Б. Қаюповтың
қолдауымен тұңғыш рет мерейтойлық журналды «Тұрмағамбет» деген атпен
шығарды (2007 жыл, журналды шығарушы жауапты редактор Талайлы Досымова).
Т. Ізтілеуовтың әдеби мұраларын зерттеу арналарында ізденуші ретінде
Талайлы Досымованың баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары: «Т.
Ізтілеуовтың ақындық мұрасы» («Қармақшы таңы», 9 маусым, 2007 ж.),
«Шаһнаманы жырлаған Шайыр» («Сыр бойы», 7 маусым, 2007 ж.), «Қолайлысын
қолыңа ал, жоқ, - демей маза өлеңде» (5 желтоқсан, 2007 ж.), «Шаһнамаға барар
жолда» («Қармақшы таңы», 27 қыркүйек, 2012 ж.). Осы зерттеу жұмысы «Т.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
127
Ізтілеуұлының қазақ әдебиетіндегі орны» атты ғылыми-танымдық конференция
материалдарының жинағына енді (Алматы, 2012, 56 бет).
Сыр сүлейлері Т. Салқынбайұлы, Ш. Төлепова, мәдениет ардагері С.
Сармолдин туралы «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының білікті журналисті
Қаршыға Есімсейітова түсірген деректі фильмдерінде Талайлы Төребайқызы
Досымова өзінің салмақты ойларымен сұхбат беріп отырады. Сыр мәдениеті, Сыр
өнері, Сыр саңлақтары жайлы жазылған көлемді мақалалары аудандық, облыстық,
республикалық басылымдарда жарияланып келеді.
Ақын туындыларының қырлары мен сырлары. Қойнауына қасиет пен құт
дарып, шаңырағына өлең түнеген өлке – Сыр елінің өнерін өрістетіп, оған өзіндік
қолтаңбасын қалдырумен келе жатқан ұстаз Талайлы Досымова өлең өлкесіне өткен
ғасырдың сонау 70-ші жылдарының басында қанат қақты.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», - демекші, әдебиетші, ақын болуды
армандаған жас қыз Талайлы арман арқалап, ару қала Алматыға сапар шекті.
Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогтық институтына құжаттарын
тапсырған кезде ол сол кездегі қаймағы бұзылмаған таза қазақтардың ортасынан
келген және тілді, поэзияны жанымен шын қалап келген жастардың бірі еді.
«Шіркін-ай, әлі балалығымнан арыла қоймаған аңғалдығым ба, әлде
емтиханнан құлап қалам ба деген қауіп пе, аудандық «Коммунизм шамшырағы» (сол
кездегі аты) газетінде жарияланған бір-екі өлеңімді әдебиеттен емтихан алушы
Мекемтас ағайдың алдына қойғаным бар.
Ағай болса: «Оһо! Мынау өлең жазатын қыз ғой», - деп маған назар сала
қарады», - деп Талайлы апай Алматыға оқуға түсердегі толқыған сәтін еске алады
(«Ғылымның шығып шыңына». Ұстазы М. Мырзахметұлының 75 жасқа толуына
арналған мерейтой журналы – «Тәлімгер – мақтанышым», 9 бет).
Талайлының ақындық таланты студенттік шақтарында танылып үлгерген еді.
Сол оқу орнында іргесін ақын Сәкен Сейфуллин қалап кеткен «Жас қанат» атты жас
ақын-жазушыларды баулитын үйірменің белді мүшесі болды. 1974 жылы сол үйірме
атынан Қазақстан Жазушылар Одағында өткен жас таланттарды баулитын I слетке
қатысты. Осы слетте Талайлы апай мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевты
кездестіріп, өлеңін тыңдап, бас иді. Бұл туралы Талайлы апай «Бұ неткен адам»
өлеңінде:
Бұл неткен болған адам, толған адам,
Жыр ғой бұл көктен құйып сорғалаған.
«Қарындасым, керегі өлең бе?» - деп,
Тіл қатты тұңғыш рет,
Поэзия падишасы сонда маған, - деп ірі талант иесімен бетпе-бет кеп
дидарласады.
Осында жүріп, Фариза, Марфуға, Аққұштап сынды ақын апаларының
ілтипатына бөленіп, рухани азыққа молығады. Тіпті ақын Фариза ақын жас қыздың
талантына тәнті болып, оған екінің бірі қолы жете бермейтін үйінің телефон
номеріне дейін беріп қояды. Қылдай қаламын өнеріне серік еткен ақын сол қаламнан
туған маржан жырларын жанының шуағына малып, бізге ұсынуға асықты. Алғашқы
өлеңдер жинағы 2500 жолдан тұратын «Сыр сазы» тақырыбында кітап болып
шықты. Жинаққа 50 өлеңі мен 515 тармақтан тұратын «Көк Жорға» дастаны және екі
толғауы енген.
Талайлы апай көктемнің ең алғашқы күнінде дүниеге келген соң ба,
өлеңдерінде көктемге көп сыр шертеді. Өлеңдерінің негізі ананы сүюге арналады.
«Жан шуағым» атты жыр жинағын (Қызылорда: Тұмар, 2014. – 152 бет) ақын аяулы
анасы Берсүгірқызы Пернегүлге арнайды.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
128
Тіл тазалығы, сезім шынайылығы, азаматтық үн қату, адами құндылықтарды
қастерлеу – Талайлы Төребайқызының өлеңдерінің негізгі тіні. Ақын қаламынан
туған өлең жолдары өз оқырмандарын өрелі ойы мен ұшқыр қиялға, сырлы сезімге
бөлейді. Ел мен жер тарихына үңіліп, оның кемел келешегі туралы ой толғайды.
Ақынның ұлық тұтар ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор
Мекемтас Мырзахметұлы: «Талайлының өлеңдерінің тілі жатық, таза қазақы тәрбие
алып, ана тілінің кәусар бұлақ бастауынан сусындап өскендігі оның әрбір өлең
жолынан айқын сезіліп тұрады», - деп өте жоғары бағасын берген.
Мен ақын өлеңдерін оқи отырып, былайша топтама жасадым:
- Туған жер тақырыбындағы өлеңдері: «Туған жерім Байқожа», «Қармақшым»,
«Сыр-Ана», «Сағындым», «Жыр күмбезі», «Мекенім», «Келем саған», «Жолдарым»,
«Туған жермен тілдессем», «Сыр сазы», «Қазақ елі», «Қазақ деген таныңдар
қалыбымда»;
- Сыр саңлақтары туралы өлеңдері: «Сүлейлердің ізін басқан киелім», «Өнер
құдіреті», «Көшеней десем», «Тілім барда – үнім бар», «Марал баба»;
- Отбасы бақыты, перзент парызы тақырыбындағы өлеңдері: «Ақ жаулық»,
«Ауырмашы апа», «Ұршық кие», «Анашым», «Көк жорға», «Апа», «Перзент пен
парыз», «Сен екеуің», «Арман», «Өмірге»;
- Арнау өлеңдері: «Үрзахия», «Көшенейұлы Арнұрға», «Фариза апаға», «Бұ
неткен адам», «Теңіз қызына», «Бақытқа», «Ұлық тұтар ұстазым Мекемтас
ағайыма».
Осы ақын өлеңдерінің қырлары мен сырларын зерттеу барысында мен Талайлы
апаның ән-өлеңдерінің де бар екенін білдім. Оның алғашқы «Жыр күмбезі» атты ән
өлеңін 1990 жылы өнертанушы Берік Жүсіпов орындаса, ақынның «Жырларым
жүрегімді тербегенде» атты шығармашылық кешінде (2014 жылдың 1 наурызы)
«Айгөлек» балалар байқауының лауреаты, жас жыршы Тоғжан Бақытованың
орындауында сәтті көрініс тапты.
Бұдан басқа ән өлеңдерінің тақырыптары: «Қызылқұмым – қызырым»,
«Қармақшым – қасиетім» екенін зерттеп жинақтадым. Талайлы апамыздың
өлеңдерін зерделей отырып менің білгенім ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып
күш екендігін ақын өз шығармаларына үнемі арқау ете білген. Жастарымыздың
бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан-
жақты жетілгенде ғана қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.
Алматы, Астана қалаларында 2004-2005 жылдар аралығында өткен Сыр
сүлейлері ізімен «Жыр керуені» фестивалінде Талайлы Досымованың өлеңдері актер
Ерлан Біләлдің көркемдеп оқуымен көгілдір экран арқылы Қазақстанның түкпір-
түкпіріне тарады.
«Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы» деген
ұлы Абайдың биік талғамына қарай өсіп, кешегі мұзбалақ ақын Мұқағали таланты
алдында бас иген, Фаризадай мөлдір жырдың ханшасының шуағына бөленген,
қазақтың Қадыры, Тұманбайы атанған ақиық ақындардың тағылымын алған
Сырдың, Қармақшының кешегі қарадомалақ қаршадай қызы Талайлы Төребайқызы
Досымова бүгінде ардагер атанып, ел құрмет тұтар тұлғаға айналды.
...Қолыма қалам алып қиялдағам,
Сезім бе, сезім бе бұл сияр маған.
Өлердей ғашық болып өлең-сөзге,
Есімді қайтем мынау жия алмаған?!
Қалады құс жолындай өлеңдерім,
Жұлдызға тағып тастап көгендерін.
Құс болып, көкте самғап көшер едім,
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
129
Қанатым болса шіркін егер менің, - деп өзі жырлағандай, ақындық Талайлы
апаның жүрегінде маздаған шырақ іспетті. Зейнетке шықса да әлі жырдан алыстаған
жоқ.
Жыр күмбезін көтерген елде туған ақын апамызға тілегімді мына өлең
жолдарымен білдіргім келеді:
Сүлейлерден үлгі алған,
Сырдағы сұлу төбесіз.
Өлшемі жоқ өнермен,
Маңайға шуақ себесіз.
Мұрасын сезіп жүрекпен,
Бабалар қосын жегесіз.
Болашақ ұрпақ жолына,
Рухани байлық егесіз.
Өзекті өлең өрілген,
Мәйегі сөздің терілген.
Ертеңін ойлар елінің,
Тұлғалар сіздей көбейсін.
Ұрпақ тәрбиесіне, инабаттылық пен ой-өрісінің дамуына, эстетикалық талғам
биігінен көрінуін басты назарда ұстаған, өмірін өлеңмен өрнектеген асыл қазына
иелерін жоғалтып алмай, келешек ұрпақ қажетіне жарату – біздің еншімізде дей
келе, төмендегі ұсынысымды жасаймын:
- мектептерде шәкірттердің өнерге сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
- мақсатында ақынның шығармашылық кештері ұйымдастырылса;
- Талайлы Досымованың шығармалары, газет бетіндегі мақалалары, мәдени іс-
шараларға жасаған сценарийлері жинақталып, жеке кітап болып басылып шықса.
Әдебиеттер
1 Досымова Т. Сыр сазы (өлеңдер, дастан). – Алматы, 2006.
2 Досымова Т. Жан шуағым. – Қызылорда, 2014.
3 Кенжебай Т. Ақын қыз. Ұстаз. Ана // Қармақшы таңы. – 13 сәуір. – 2005.
4 Жұмабекова С. Тектіден текті туар // Қармақшы таңы. – 22 ақпан. – 2014.
5 Дүзенова Г. Әкім ақынға құрмет көрсетті // Қармақшы таңы. – 8 наурыз. –
2014.
6 Досымова Т. Асылды тот баспасы анық болса // Өнегелі-өмір. – 2007. – 49 б.
7 Досымова Т. Тәлімгерім – мақтанышым // Ғылымның шығып шыңына. – 9 б.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
130
ЖУМАБЕК Алия Нұржанқызы,
«№120 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің
10 сынып оқушысы, Мырзакент кенті, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: МУСАБЕКОВА Роза Дилдахановна,
«№120 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
«Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, Мырзакент кенті,
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ДАНАЛАР ОҚЫҒАН ОРЫС ТІЛІ
Орыс тілі сабағы бастауыш сыныптан бастап өтіледі. Біз ауылда тұрған соң
орыс тілінде сөйлеу, мәтінді оқу қиынның қиыны. Мектептегі сабағым, басқа
пәндерден жаман емес. Бірақ осы орыс тіліне келгенде, мойындау керек, қиналамын.
Тілім бұрмаланып, кей сөздерге тілім келмейтін. Сосын осыны апайыма айттым.
«Ұстаз – ұлы тұлға» деп қалай біліп айтқан. «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні
мұғалімі Роза апай – адамгершілігі мол, кішіпейіл адам. Апай біз орыс тілін білуіміз
міндетті екендігін түсіндірді. Себебі орыс тілі арқылы біз ТМД елдерімен
байланысқа шығамыз. Орыс тілін мен оқып, үйренуім өзім үшін өте қажет екендігін
апай жатығымен түсіндірді.
Бұл орыс тілін бұдан бірнеше жүз жыл бұрын атақты Абай атамыз оқып
үйреніп, орысшадан қазақшаға көптеген тамаша шығармаларды аударғанда, менің
мына тірлігім ұят болар. Қазір заман жаңа технологиалар жылдан жылға дамып келе
жатыр. Мен де осы өмірден өз орнымды табу үшін көптеген білім алуым керек.
Оның ішінде орыс тілі де керек болуы мүмкін. Себебі елімізде шет елдермен
байланыс жылдан жылға артуда.
Тарих сабағыннан өткенбіз, қазақтар Ресеймен ертеден бері жақсы достық
қарым-қатынаста болған. Мені осы тақырып өте қызықтырды. Осы тақырып
бойынша зерттеулер жүргіздім. Мұндағы мақсатым: Абайдың орыс тіліне деген
сүйіспеншілін көрсету. Абай жасаған сол кездерде білім алу үшін ешқандай да
жағдай болмаған. Бірақ Абайдың білімге, орыс тіліне деген қызығушылыққа тағы да
таң қаласың.
Абайдың аудармаларына келетін болсақ. Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі –
талғампаздық, екіншісі – ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың
хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармаған. Ол аудармақшы
болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой
жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп
қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе
екі ақынды аударған. Олар – Александр Пушкин және Михаил Лермонтов.
Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның
мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі
генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында,
олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин»
деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалаған Абай: «Онегиннің
сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татъянаға жауабы»,
«Онегин сөзі», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Татьянаның сөзі», «Ленскийдің
сөзінен» және «Онегиннің өлердегі сөзі» деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
131
Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған? Әрине, оның себебін дөп
басып айту қиын. Бірақ мен ойлаймын егер «Евгений Онегинді» толық аударса, оны
қазақ оқырмандары қабылдамас еді. Сірә, Абай соны түсінген. Қазақ оқырмандары
махаббат, ғашықтық тақырыбына «Ләйлі Мәжнүннен» бастап өңкей классикалық
ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің
Татьянаға шала-жансар сезімін қалайша қабылдамақ? Әрине, қабылдай алмайды.
Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек. Айталық, Қозы
Көрпеш – Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай «Евгений Онегиннен» үзінділерді
таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойған ол «Татьяна
сөзін» «Тәңірі қосқан жар едің сен», - деп бастайды.
Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына, оның озық ойлы орыс
зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз
Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар
Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда,
Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер
аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс
зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының
қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А.
Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді. Олар
Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық
ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және
басқалардың шығармаларымен жете танысты.
Абай лирикасының келесі қабаты – орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы
қабатынан әлдеқайда кем болғанымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан
басым түседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі
және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың
ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі
элементтерін тек жалпы халықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби
тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыстан алып пайдаланған сөздерінің
көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат,
ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан,
расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке,
барабан, зауыт, машине.
Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде кездеспейтін
бір топ орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, начальник,
визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица,
ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота,
икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет деген зат есімдер мен уездный, военный,
здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер
және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер.
Қазіргі таңда қазақша аудармалар шыққан. Орысша үйренемін деушілерге
жақсы. Бірақ Абайдың шығармалары осы үлгіде кейінгі ұрпақтарға да осылай
жеткізіледі. Абай осы аудармаларымен ерекшеленеді. Мені таңқалдыратыны,
Абайдың тілге, лирикаға, өлеңге деген қызығушылығы. Біз Абайдың орыс тіліне
деген қызығушылығын үлгі етіп, Абайдың қазақ екендігін мақтан етеміз.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
132
ИВАШ Ботагөз,
Әлшекей атындағы өнер мектебінің «Сырнай» сыныбының оқушысы,
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: НАЗАРЫМБЕТОВА Орынкүл Амзеевна,
Достарыңызбен бөлісу: |