№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

Жұмыстың  көкейкестілігі:  еліміздің  бүгінгі  туристік  ахуалды  жан-жақты 
зерттей  отырып,  бүгінгі  күн  талаптарына  сәйкес  туристік  сұраныстарды 
қанағаттандаратын  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  аймақтарының  туристік 
мүмкіншіліктерін  ашу.  Аймақтағы  танымдық,  емдік-сауықтыру  мәдени  демалыс 
спорттық  туризм  түрлерін  және  экскурсиялық  қызметпен  сервис  сапасының  даму 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
119 
дәрежесін  анықтау  болып  табылады.  Туристік  ресурстар  мен  нысандардың 
экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады.  
Жұмыстың міндеті: 
1.  Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының  туристік-экскурсиялық 
мақсаттың көрнекілік жерлерінің сипаттамасы және  шараларына баға бере отырып, 
аудандастыру мәселелерін қамтиды; 
2. Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған сәйкес 
аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді. 
Селеул  ақ даласы, жасыл шалғынды өлкес , қатпар-қатпар құз тастары, мұнар 
басқан таулары, мың бұратылған өзен-суы, жасыл желект  ну тоғайы, аңы мен малы 
қатар өрб ген Оңтүстік Қазақстан жер не Албания мен Швеция сияқты мемлекеттер 
б рге  сыйып  кеткендей.  Халқымыз  елд к  дәстүр н  сақтаған,  ұлы  перзенттер нің 
үлг с н  мұрат  тұтқан,  ата  қад р н,  ене  қасиет н  сақта ан,  ұл  мен  қыз  қызығын 
қастерлей б лет н ел. Оңтүстік Қазақстан – ежелгі өркениеттің жері. Ежелгі дәуірден 
бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын. 
Ұлы  Жібек  жолы  жерінің  қиылысында  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  жері 
қазақ  мемлекетінің  бесігі  болып  есептеледі.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  тарихи 
ескерткіштерімен  әйгілі  –  қорғандар,  бекіністер,  ежелгі  қалалық  кесенелер, 
тұрғындардың  қоныс  қалдықтары  жетерлік.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  802 
тарихи  және  мәдени  ескерткіштердің  ішінен  528  археология  ескерткіштері,  42 
тарихи ескерткіштері, 226 сәулеттік ескерткіштер. 
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше 
орын  ерекше  орын  алады.  XVI-XIX  ғасырдағы  Ұлы  Жібек  жолында  орналасқан 
Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түркі тілді халықты адамдардың 
орталығы. 
Түркістан  қаласы  діни  орталықтардың  бірі,  екінші  Мекке  ретінде  маңызды 
болып есептеледі. 
 
 
 
Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесі.  XIV-XV  ғасырларда  Темірланның  бұрығымен 
тұрғызылған. ЮНЕСКО әлем ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі 
қасиетті  орындардың  ортағасыр  сәулетінің  киелі  мекені.  Мұсылмандарда  Қожа 
Ахмет Ясауи Мұхамедтен кейін екінші тұлға болып саналады. 
Барлық  қалалық  орталық  Қазірет  сұлтанының  тарихи-мәдени  ордасы.  Қожа 
Ахмет  Ясауи  кесенесінен  басқа  шығыс  моншаны,  кесене  Тимур  Рабидің  немересі 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
120 
Сұлтан Бегім тұрған және басқа ескерткіштер Құмшық ата үшін жер асты үй болған 
жерді де қамтиды. 
Арыстанбаб  кесенесі  –  Қожа  Ахмет  Ясауидің  ұстазы  жерленген  орны  болып 
келеді. Аңыз бойынша о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа 
аманат  тасбиғын  береді,  ал  ол  11  жастағы  бала  Қожа  Ахмет  Ясауиге  ұсынады. 
Арыстанбаб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. 
Ғайып  берген  құдығы  –  тереңдігі  40  метр.  Бұл  суды  тек  жаны  таза  адам  ғана 
толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не 
су  жан-жаққа  шашырайды.  Бұл  екі  сынақты  жолаушылар  Түркістанның  киелі 
жерлерін  аралап  шыққан  соң  барады.  Бұл  сынақта  адам  қаншалықты  жанын 
тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігені тексеріледі. 
Түркістанның  солтүстігінде  40  шақырым  шақырықта  Ұлы  Жібек  жолы 
бағытындағы ежелгі қала Сауран (XVII ғ.) бейнелеу жазылымдары сақталған. 
Ең  қызықты  сәулет  ескерткіштері  IX-XІІ  ғғ.  қарахандықтар  дәуірімен 
байланысты.  Бұл  Ұлы  жібек  жолының  бағытында  жақсы  дамыған  қалалардың  бірі, 
сәулет қазбалық жұмыстарынан кейін тарихи мәдени Отырар оазисі туристік нысан 
болып келеді. 
Айша  бибі  кесенесі  –  бұл  жер  бала  көтере  алмайтын  және  мықты  отбасы 
сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады. 
 
 
 
Айша бибі кесенесі. Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта басқа да діни 
ескерткіш – Айша бибі мазары орналасқан (XI-XII ғғ.). 
Қазіргі  кезде  ол  кесене  ЮНЕСКО  тізіміне  алынған.  Мазар  сырты  ерекше 
қапталған,  оны  тек  Бұхарадағы  Исмаил  Самани  мазарымен  ғана  салыстыруға 
болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы 
толығымен  кесілген  терракотамен  безендірілген.  Кесене  безендіруінде  бай  және  әр 
түрлі  геометриялық  фигураларымен  апталған.  Тізбектер  терракотамен  қапталған 
жіңішке  суреттермен  қазақ  оюлармен  безендірілген.  Айша  бибі  кесенесі  көне 
Орталық  Азия  түркілер  халқының  ою-өрнектерінің  бай  мұражай  сақтаулылардың 
байлығы болып келеді. 
Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан 
аз  ғана  суреттер  қалған.  Мазардың  бұрыштарының  бірінде  көне  жазба  тақпағы 
сақталып қалған: «Күз… Қара бұлт. Әлем керемет…» 
Біздің  күнге  кесененің  тек  батыс  бөлшегі  сақталған.  Қазір  кесене  толығымен 
жаңартылған.  Аумақ  жақсы  орналастырылған.  Қараханидтер  сәулет  ескерткіштері 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
121 
ішінен  бұл  ескерткіш  кереметі  болып  саналады.  60  түрлі  ою-өрнектері  бар 
эпиграфикалық белдеумен жасалған. 
Ескерткіш  туристерді  тек  қана  ерекше  сәулетімен  ғана  емес,  сонымен  қатар 
сұлу  Айша  бибі  мен  батыр  Қарахан  арасындағы  шексіз  махаббат  туралы  аңыз  да 
қызықтырады.  Айша  әйгілі  шығыс  ақылшысы  Зеңгі  бабаның  қызы  болып  келеді. 
Аңыз  бойынша  Айша  өзінің  ғашығы  Қараханға  бара  жатқан  жолында  жыланның 
шаққанынан қайтыс болған. 
Бабаджа Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене 
де 
XI-XII 
ғғ. 
сәулет 
ескерткіші 
болып 
саналады. 
Кесене 
ерекше 
қарапайымдылығымен  бағаланады.  Соңғы  жаңартылуы  2002  жылы  болған. 
Эпиграфикалық  жазба  бойынша  ол  жерде  жерленген  әйел  адамның  атын  оқып 
білген.  Аңыз  бойынша  ол  әйел  Айшаның  қамқоршысы  болған.  Ол  Айшаны  сапар 
кезінде  қасында  болған.  Айша  қайтыс  болған  соң  оның  мазары  үстінде  жағылып 
тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық 
дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі. 
Арыстан  баб  кесенесі.  Бұл  кесене  XI  ғасырда  өмір  сүрген  діни  көріпкел 
Арыстан  баб  мазарының  үстіне  салынған.  Кесененің  бірінші  құрылысы  XIV-XV 
ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. 
XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш 
тізбекке  тірелген  айванмен  салынған  екі  күмбезді  құрылыс  орнатылды.  XVIII 
ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 
1971  жылы  жоғары  деңгейдегі  грунт  сулары  салдарынан  мешіт  құлатылып,  қайта 
орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт 
жағына салынды. 
Қазіргі  кезде  бұл  кесене  Орталық  Азиядағы  қажылық  міндетті  өтейтін 
мұсылман  киелі  жерлерінің  бірі  болып  саналады.  Аңыз  бойынша  Арыстанбаб 
Мұхаммед  пайғамбардың  елшісі  болған.  Бір  күні  Мұхаммед  пайғамбар  өзінің 
шәкірттерімен құрма жеп отырған  еді. Бір  құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, 
пайғамбар  ішкі  дауысты  естіді:  «Бұл  құрма  Сізден  кейін  400  жыл  алдағы  уақытта 
туылатын  мұсылман  бала  Ахметке  арналған».  Сонда  пайғамбар  шәкірттері  ішінен 
бұл  құрманы  кім  иесіне  жеткізетінін  сұрайды.  Ешкім  сұранған  жоқ.  Пайғамбар 
сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстанбаб былай деді:  «Егер Сіз Алла Тағаладан 
400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». 
Халық  аңыздарынан  және  жазба  деректеріне  қарағанда  («Рисолаи  Сарем-
Исфижоб»  және  Куприлозада  кітабы)  Арыстанбаб  Ахмет  Ясауидің  ұстазы  болып 
құрманы жеткізеді. 
Қазіргі  кезде  Арыстанбаб  мазары  үстінде  30*13  метр  аумағы  бар  кесене  тұр. 
Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, 
қайта  жаңартылды.  Қожа  Ахмет  Ясауи  ұлы  әулие  мен  діни  көріпкел  1103  жылы 
туылып,  1166  жылы  қайтыс  болған.  Мұсылмандар  ішінде  Қожа  Ахмет  Ясауи 
Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. 
Арыстанбаб  кесенесі  –  Қожа  Ахмет  Ясауидің  ұстазы  жерленген  орны  болып 
келеді.  Аңыз  бойынша,  о  дүниеге  кетер  алдында  Мұхаммед  пайғамбар 
Арыстанбабқа  аманат  тасбиғын  берді,  ал  ол  11  жастағы  бала  Қожа  Ахмет  Ясауиге 
ұсынды. Арыстанбаб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық 
бар. Ибрагим-ата мазары – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі, Қарашаш ана мазары – Қожа 
Ахмет Яссауидің анасы, Гаухар ана мазары – Қожа Ахмет Ясауидің қызы, Али Қажы 
мазары – Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, Баб Араб мешіті. 
Мұсылмандар  Түркістан  қаласын  екінші  Мекке  деп,  ал  сол  қасетті  жерлерге 
бару  кіші  қажылық  деп  санайды.  Домалақ  ана  –  Анар-ана  –  бұл  қасиетті  екі  тас 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
122 
арасынан  тек  сенімі  бар  адам  ғана  өте  алады.  Ғайып  берген  құдығы  –  тереңдігі  40 
метр.  Бұл  суды  тек  жаны  таза  адам  ғана  толтырып  ала  алады.  Көбіне  бұл  қолдан 
келмейтін  іс,  өйткені  шелек  не  сынады,  не  су  жан-жаққа  шашырайды.  Бұл  екі 
сынаққа жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл 
сынақ  адам  қаншалықты  жанын  тазартқанын  және  Алла  қаншалықты  оның 
сыйынуын естігенін тексеріледі. 
Айша-бибі  кесенесі  –  бұл  жер  бала  көтере  алмайтын  және  мықты  отбасы 
сұрайтын  әйел  адамдар  аса  киелі  тұтатын  жер  болып  саналады.  Райымбек  атаның 
жерленген  орны  –  бұл  жерге  барып  келген  адамның  жолы  болып,  жұмыстарында 
сәттілік болады. 
Қозы  Көрпеш  және  Баян  Сұлу  кесенесінде  ғашықтар  бақыт  тілеп,  жалғыз 
адамдар өмір серігін сұрайды. Қоманқожа баба және оның екі шәкірттері жерленген 
жер  –  «кімде  ұлы  жоқ  болса  ұл  беріп,  кімде  қыз  болмаса  қыз  береді».  Күзететін 
сақтаушы адам арнайы жерлерге кітаптар салып, ашық түсті матадан тұмар жасайды. 
Құлболды  баба  әулиенің  мазары  қабырғасының  шаңы  ем  болады  деп  есептеледі. 
Жар  ішіндегі  Бекет    ата  мазары.  Бұл  жерге  баратын  адамдар  сол  үңгірдің  манында 
қонса, түстерінде қиын мәселелеріне жауап таба алады. 
Арыстанбаб ерекше адам болған. Оны аңыздар бойынша Қ.А. Ясауидің ұстазы 
мен жол бастаушысы болып саналады. Арыстанбаб XII ғасырда жерленген. Жуықтап 
сол кезде кесене де салынған. Бұл сақталған кесене XX ғасырдың басында салынған. 
Бірінші  бөлмеде  Арыстанбаб  орналасқан,  екіншісінде  –  шәкірттері  Хермет  баба, 
Қарға баба, Лашын баба жерленген. 
Ибрагим  ата  кесенесі.  Бұл  кесене  Сайрамның  солтүстік-шығысында 
орналасқан  шейх  Ибрагим  –  Ахмет  Ясауидің  әкесі  мазарының  үстіне  салынған. 
Басындағы  құрылысы  (XII-XIV  ғғ.)  көп  уақыт  шыдамай,  құлап  қалды.  Кесене  XIX 
ғасырда қайта салынды. Бұл кісі көріпкел, әулие кісі болған.  Сайрам мұражайында 
жазбалар сақталған. 
Қарашаш  ана  кесенесі.  Сайрам  орталығында  орналасқан  бұл  табиғи 
ескерткіш  XIX  ғасырға  жатады.  Алғашқы  кезде  кесене  XIII  ғасырда  салынған 
болатын. Қарашаш ананың шын  аты  – Айша бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. 
Ол  өзінің  қарапайымдылығымен,  сыпайылығымен  ерекше  адам  болған.  Қарашаш 
ананы  әлемнің  барлық  түркілері  аса  құрметтейді.  Оны  аналық  қасиеті  белгісімен 
құрмет тұтады. 
Қарашаш  ана,  Айша  Xатун  –  Қожа  Ахмет  Ясауидің  анасы.  Қарашаш  ананың 
әкесі мұса шейх Ибраһим ата (Ибараһим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Қарашаш 
ана туралы деректер аз кездеседі. Содан бізге жеткені 13-14 ғасырларда тұрғызылған 
Қарашаш  ана  күмбезі.  Ясауидің  шешесінен  жастай  айырылғанына  қарағанда 
Қарашаш ана 1099-1100 жыл шамасы қай тыс болған. 
Сауран. Сауран қаласы туралы алғашқы ақпарат Х ғасырға жатады. IV ғасырда 
Сауран  Ақ  Орданың  астанасы  болды.  Авторлар  барлығына  тоқталып,  Түркістан 
қорғандарының  ішінде  Сауран  қаласы  климаты  жағынан,  қорғану  қамалдарымен, 
қаланың орнығуымен, жерімен артық екендігін ескертеді. 
Қазіргі  қалашық  солтүстік-батыстан  оңтүстік-шығысқа  550  м  созылған 
қабырғамен қоршалған, қабырғадан асып түсетін 4 дөңгелек 2 төбеден тұратын елді 
мекен.  Көлемі  қоршаған  ортаның  үстінен  2-2,5  м  созылған.  Сақталған  қабырғаның 
ұзындығы  шамамен  1400  метрді  құрайды.  Қаланың  ішіне  екі  қақпаны 
орналастырған.  Қабырғаның  айналасы  іші  тереңдігі  1-3  м,  қалыңдығы  15-20  м. 
Қалашықтың  сақталуына  байланысты  оңтүстікқазақстандық  ежелгі  ортағасыр 
дәуіріндегі  өнердің  ерекшеліктерін  тануға  мүмкіндік  береді.  Қалашықта  табылған 
тиындар және керамика Қазақ орталық мемлекеттік музейінде сақталған. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
123 
1926  жылы  құрылған  Ақсу  Жабағалы  қорығы,  Қазақстан  және  Орта  Азияда 
алғашқылардың  бірі  болды.  Археологиялық  қазбалардың  орны  болатын, 
Қазақстанның  сұлу  жерлерінің  бірі.  Қарабастау  жерінде  140  миллион  жыл  –  Юр 
кезеңінде бұрын өмір сүрген өсімдіктер және жануарлар қалдықтары бар. 
Жамбыл облысындағы туристік бағыттағы тартымды жерлері. Тартымды 
климаты,  таза  ауа,  аса  бай  табиғи  ландшафты  және  биологиялық  сан  түрлі  бағалы, 
сирек,  эндемикалық,  ерекше  өсімдік,  хайуанаттар  әлемі,  ғылыми,  экономикалық 
және табиғи туризм үшін тартымды аумағы. 
Облыс  өзінің  ерекше,  сан  түрлі  табиғи  жануарлар  мен  өсімдік  әлемімен 
ерекшеленеді. Мұнда «Қызыл кітапқа» енгізілген ерекше бағалы 50 өсімдік түрімен 
қатар барлығы 3 мыңнан аса өсімдік түрі бар. Облыста 158-ден аса тағы жануарлар 
өмір  сүреді.  Далалы  аймақтарда  құм  тышқандары,  қоян,  жайран,  елік,  бөкен, 
тауларда тау ешкілері мен арқарлар, аю, қар барысы, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, 
т.б. бар. Әнші көкқұсты қоса есептегенде 260-тан аса кұс түрі мекендейді. 
Жалпы  аңшылық  алқабы  13,9  мың  гектарды  алып  жатыр,  оларда  40-тан  аса 
хайуанаттар  өмір  сүреді.  Балық  шаруашылығы  қоры  28  мың  гектар,  ол  балық 
шаруашылығына жарамды 59 су көзінен тұрады. 
Жамбыл  облысының  бәсекелестік  артықшылығы  ерекше,  мәдениеті  (тарихи 
туризм), көрікті тағы табиғатының молдығы (экологиялық туризм: шатқалдарға, құм 
асуларына)  автобус  –  жаяу  туристік  бағыт  жасалды,  альпинистік  өрлеу  биік 
таулардағы  асулар  мен  мұздақтарға  шығу  тағы  бар.  Аймақта  батпақпен  және 
минералды  сулармен  емдейтін  тамаша  емдік  қасиеттері  бар  4  санаторийлік-
курорттық  сауықтыру  орны  жұмыс  істейді,  ыңғайлы  қонақ  үйілік,  мәдени-көңіл 
көтеру мекемелері, «Әулие Ата» әуежайы бар. 
Біздің аймағымыздағы маршруттар мен әсем жерлерге туристік саяхат жасауға 
ниет білдірушілер үшін саяхат ұйымдастыруға мүмкіндігі бар 14 туристік фирманың 
мемлекеттік  лицензияға  ие.  Жамбыл  облысында  мына  төмендегідей  туризмді 
кеңінен таратуға мүмкіндік бар: экологиялық, ат, жаяу түйе саяхаты, суда жүзу, ауа 
шарында көтерілу, фотоаңшылық және т.б. 
Облыстың  ежелгі  Жібек  жолында:  Сайрам  –  Тараз  –  Ақшолақ  –  Ақыртөбе  – 
Құлан  –  Меркі  –  Шу  –  Аспара  –  Қордай  жолында  екеніне  байланысты  бай  тарихы 
бар,  тарихи  ескерткіштері  көп.  Олардың  ішінде  «Айша  бибі»,  «Бабажы  қатын», 
«Қарахан»  мен  «Дәуітбек»,  «Ақыртас»  жұмбақ қалашығы, саяхатшылық пен балық 
аулайтын  тамаша  ландшафына  коса  ішкі  және  сыртқы  туризмді  дамытуға  әсер 
береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
124 
ЕРБОЛАТОВА Перизат Ерболатқызы, 
№199 орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Төребай би ауылы
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекші: ӘЛИЕВА Рая Шаухарқызы, 
№199 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Төребай би ауылы, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҰСТАЗ ТАЛАЙЛЫ ДОСЫМОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
...Киелі мекен! 
Құдіретіңе мені тәнті ғып, 
Бата жаздаймын қиял мен ойға малтығып
Жүз шайыр берген Тәңірге көңілім толады, 
Ән-жырдың мынау мәрті ғып... 
Талайлы Төребайқызы Досымова 
Зерттеу  тақырыбының  көкейтестілігі.  «Сыр  елі  –  жыр  елі»  дейтін  қанатты 
сөздің  шығуына  негіз  болған  Қармақшы  ауданы  –  ежелден  өлең  мен  өнер  ордасы. 
Киелі  өнердің  көшін  талай-талай  талантты  толқын  жалғастырып,  желісін  үзбей 
бүгінге жеткізді. 
Менің  осы  зерттеу  жұмысын  қолға  алғандағы  мақсатым  –  қойнауына  қасиет 
пен  құт  дарып,  шаңырағына  өлең  түнеген  өлке  –  Сыр  елінің  өнерін  өрістетіп,  оған 
өзіндік  қолтаңбасын  қалдырумен  келе  жатқан  өзіміздің  жерлесіміз,  талантымен 
талайларды тәнті етіп, әлемнің мөлдірлігі мен кіршіксіз тазалығын өлең-жырларына 
арқау  еткен  ұстаз,  ақын  апаларымыздың  бірі  де  бірегейі  –  Талайлы  Төребайқызы 
Досымованың шығармашылық қарымы маған қатты ұнады. Оның туындыларын көп 
жылдардан бері баспасөзден оқып, ерекше сүйсініс білдіріп қоятынмын. 
Бүгінгі  таңда көркем  шығарма оқитын оқушылар аз. Көркем шығармадан нәр 
алмаған  ұрпақтың  рухани  дүниесінің  дамып  жетілуі,  көркем  мінезді  тұлға  болып 
қалыптасуы,  қазақ  тілінің  мол  қазынасынан  сусындап  өсуі  мүмкін  емес.  Еліміздің 
болашағы  жарқын  болуы  үшін  ең  алдымен  рухани  азығымызды  реттеу  қажет.  Осы 
себепті  де  ақын  шығармашылығымен  терең  танысып,  өзім  сүйіп  оқығандықтан  өз 
қатарларымның  да  рухани  байлық  сыйлайтын  ұстаз,  ақын  Талайлы  Төребайқызы 
Досымованың жырларымен сусындағанын қаладым. 
Зерттеу жұмысының мақсаты: жергілікті ұстаз, ақын Талайлы Төребайқызы 
Досымованың шығармашылығын зерттеу, өресі биік құнды дүниелерін, тәрбиесі мен 
тағылымы мол шығармаларын келешек ұрпаққа үлгі ету. 
Зерттеу жұмысының міндеттері: 
- Құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант екендігі 
туралы түсінік беру; 
- Талант иесінің туындыларының дүниеге келуі ұлт өнері үшін оның келешегі, 
бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту; 
-  Талайлы  Төребайқызы  Досымованың  облысымыздың  мәдениеті  мен  өнеріне 
қосқан үлгісін жұртшылыққа таныту. 
Негізгі  бөлім.  Ақынның  өмір  дерегі.  Талайлы  Төребайқызы  Досымова  1954 
жылы 1 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа деп аталатын шағын 
теміржол  бекетінде  дүниеге  келген.  Осы  жерден  1963  жылы  Қызылорданың 
Қармақшы  ауданының  «Ленин»  деп  аталатын  совхозына  көшіп  келген.  Ақынның 
тәрбиеленіп  өскен  жері,  білім  алып,  талап  қуып,  биікке  шырқаған  жері  –  осы 
«Ленин» совхозы, қазіргі Тұрмағамбет ауылы. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
125 
Тұрмағамбет  ауылы  –  ақындар  ауылы.  Осы  ауылда  Ешнияз  сал  бастаған  100 
ақын өмір сүрген. Олардың ішінде Базар жырау, Кете Жүсіп, Омар Шораяқұлы, Запа 
Дәулетбаев сияқты есімі Қазақстанға танымал ақындар бар. 
Талайлы апамыздың өнерге бір табан жақындығы осы Тұрмағанбет шайырдың 
топырағында  өскендігінен  болар  деп  ойладым.  Ол  кісімен  алғаш  рет  кездесіп, 
сұхбаттасқанымда,  Талайлы  апамыздың  өз  аузынан  естігенім:  әкесі  қызының 
жастайынан  өлеңге  қабілеттілігін  байқап:  «Осы  қызымнан  бірдеме  шығады»,  -  деп 
Мұзарап  ақынға  аузына  түкірткен  екен.  Сол  жерде  менің  ойыма  келгені  қазақи 
ырымның босқа айтылмағаны, ақындық қасиеттің жұғыстығы осындай ырымнан да 
болған шығар деп ойладым. 
Ата-анасы  оны  қызындай  емес,  ұлындай  көріп,  жасынан  ат  үстінде  ұстаған 
екен.  Сондықтан  Талайлы  апамыз  тұлпар  тектес  мінезбен,  таным-түйсікпен  өмір 
кеше  білді.  Ақынның  шыққан  тегі  –  Кіші  жүз,  Шөмекей,  Кете,  Кетенің  Құлысы, 
Қарба.  Арғы  атасы  Құлбатыр  батыр  тұқымынан  болған,  Тәжібай,  Досым,  Төребай. 
Нағашысы – Қожа руынан. 
Досым атасы Кіші жүздің жүйрігін бәйгеге жаратқан атсейіс болған. Ел ішінде 
әкесінің атын атамай «Атсейістің баласы», анасын «Атсейістің келіні» деп атапты. 
Кіші жүзде Досымға тек тұратын, 
Жаратқысы келсе жүйрік кім атым, 
Көзін салса желідегі құлын да
Топты жарар тұлпар болып шығатын. 
Досым атам маған артық көрінер, 
Қазақтағы атбегінің бәрінен, - деп Талайлы апамыз атасының атбегілік қасиетін 
дәріптеп, жырларына қосқан екен. 
Ал әжесі – алты ұлдың ортасында жалғыз қыз болып өскендіктен бе, ер мінезді, 
турашыл,  өте  талғампаз  жан  болған,  сөзге  шешендігімен  танылған.  Талайлы  деп 
атын осы әжесі қойған екен. Кейін Талайлы мектепте оқып жүргенде шекісіп қалған 
ұлдар көбінесе:  «Талайды көрген Талайлы, Талай заманды көрген қария ғой»,  - деп 
ызаландырған. Сол кезде үйге келіп, әжесіне: «Маған дұрыс ат қоймағансың», - деп 
әжесінің  басындағы  жаулығын  жұлып  алып,  сабалайды  екен.  Бұлқан-талқан  боп 
жылап,  сол  жылаған  жерінде  өкпелеп,  ұйықтап  қалады  екен.  Бұлай  деп  өзі  әжесі 
туралы  айтқанда  есіне  алып  күлді.  Байыптап  қараған  кісіге  бұл  сөз:  «Маңдайының 
бағы бар, несібелі, ырысты, қасиетті», - деген ұғымдарды білдіреді екен. 
Әкесі  Төребай  домбырашы,  әңгімешіл,  үйінен  қонағы  арылмаған  көпшіл  кісі 
болған.  «Әкем  Сыр  сүлейлерінің  өсиет,  нақылға  толы  толғауларын  қанша  тыңдаса 
да, тоймаушы еді», - деп еске алды Талайлы апа бізбен әңгімесінде. Анасы Пернегүл 
атақты  Жалаңтөс  Баһадүрдің  қандасы.  Әлімнің  төртқарасы,  төртқараның  наурыз 
жалаңы.  2008  жылға  дейін  ақын  анасымен  бірге  өмір  сүріп,  сол  жылы  анасын 
мәңгілік сапарға аттандырды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет