№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
111 
ТҰРҒАН Гүлдана Ибрагимқызы, 
Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінің 
10 «Ә» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: САДЫҚОВА Амина Аманғалиқызы, 
Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінің мұғалімі, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ 
 
Қазіргі  таңда  дамудың  өркениетіне  көшкен  кез-келген  елдің  ұрпағы  қай 
саланың дамуы болмасын ұшқыр ой, терең білім арқылы жететіні ақиқат. Сондықтан 
жас  ұрпақ  бойына  саналы  тәрбиемен  қатар  сапалы  білім  беретін  ұстаздар  еңбегі 
өлшеусіз.  Соның  ішінде  жаратылыстану-техника  ғылымдары  бағытының 
математиканың күрделі сала екені айтпаса да түсінікті. 
Математика  мұғалімдері  осы  тұрғыда  мектеп  бағдарламасынан  тыс 
оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда ғылыми жоба, олимпиада, түрлі 
логикалық  сайыстарға  өз  шәкірттеріне  барынша  жан-жақты  қолдау  көрсетіп  жүр. 
Сондай  игі  жандардың  бірі  ретінде  маған  сынып  жетекшілікпен  қатар  математика 
пәнінен  сабақ  беретін  апайым  осы  жобамды  қолға  алып,  ізденуіме  көп  көмегін 
тигізді. 
Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең 
озық  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясын  айқындаған  болатын.  Сонымен  бірге 
Елбасымыз Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты 
міндеттерінің бірі  – ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші 
факторы  екендігін  атап  көрсетті.  Осы  ғылым  мен  білімді  меңгеру  үшін  ең  бірінші 
адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда 
ғана адамда бәсекелестік туады. 
Ғылыми  зерттеу  жұмысы  да  осы  сияқты  табандылықты,  шыдамдылықты,  көп 
ойлануды,  сондай-ақ  еңбекқорлықты  талап  етеді.  Осындай  қасиеттердің  арқасында 
мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
112 
Менің  математика  ғылымына  қызығушылығымның  туындауы  ұстазымның 
жемісті  еңбегі  деп  білемін.  Осы  өз  қызығушылығымнан  туындаған  «Математика 
және  табиғат»  тақырыбын  зерделеу,  оның  қыр-сырларын  ашып,  математика  мен 
табиғаттың  тығыз  байланыстылығына  көз  жеткізу  менің  алдыма  қойған  мақсатым 
болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, 
зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек. 
Математика  –  адамзат  тарихында  тұрмыстық  мұқтаждықты  қанағаттандыру 
мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым. Олай дейтініміз – адамзат өзін айнала 
қоршаған  ортадан  күнкөрістік  тағамдық  заттардың  қорын  жинағанда  олардың 
мөлшерін  білу  үшін  санауға  мәжбүр  болған.  Санаудың  нәтижесінен  сан  ұғымы 
қалыптасқан. 
Сонымен,  сан  –  адамзаттың  ақыл-ойының  жалаң  туындысы  емес,  тұрмыстық 
қажеттіліктерінен бастау алған ұғым. Сандар математика ғылымының түп қазығы. 
Орта  ғасырларда  ғұмыр  кешкен  ағылшын  философы  әрі  табиғат  зерттеушісі 
Роджер  Бэкон  (1214-1292):  «Математика  –  барлық  ғылымдардың  тұңғышы  әрі 
оларға пайдалы да, қажет те», - деп бекер айтпаған. Ғылымдар туралы әңгіме болған 
бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың маңызын: «...ғылымдарға апарар жол да, 
ашар кілт те – математика», - деп жоғары бағалаған. 
Математика  құралдық  ғылым  ретінде  басқа  ғылымдардың  негізі  болып 
қалмастан,  ғылыми  зерттеуде  маңызды  рөл  атқарады.  Ол  толып  жатқан 
ғылымдардың  мәселен,  сурет  салу,  музыка,  құрылыс  салу,  жазу  стилін  кескіндеу, 
логика ғылымы т.б. ғылымдардың дамуына негіз бола алады. 
Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі:  ғылыми  ізденістерге,  өмір  бойы  білім 
алуға құштарлығын арттыру, мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту, әлеуметтік 
бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу. 
Мақсаты: табиғаттың математикамен тығыз байланыстылығын анықтай білу, 
көре  білу,  қолдану  аясын  кеңейту,  математикалық  іс-әрекетке  тән  ойлау  сапасын 
қалыптастыру. 
Міндеті: 
- Математика пәніне деген балалардың қызығушылығын ояту; 
- Математиканы оқып-үйренуге олардың құмарлығын арттыру; 
-  Айналамыздағы  табиғат  пен  құбылысарды  тани  білу  дағдыларын 
қалыптастыру; 
- Математикадан алған білімін тәжірибеде қолдана білу; 
-  Логикалық  ой  қорытындысын  жасау,  идеялар,  гипатезалар  ұсыну  қабілетін 
қалыптастыру. 
Негізгі  бөлім.  Фибоначчи  сандары  табиғатта.  Математика  –  қоршаған 
ортаның  әрі  нақты  дүниедегі  барша  заттардың  сан  түрінде  бейнеленген 
қатынастарын  және  осы  заттардың  кеңістіктегі  пішіндерін  зерттеуге  арналған 
жалпылама ғылым болып табылады. 
Итальян  физигі,  механигі,  әрі  математигі  Галилео  Галилей  (1564-1642): 
«Табиғат  математика  тілімен  сөйлейді:  бұл  тілдің  әріптері  –  дөңгелектер, 
үшбұрыштар  және  математикалық  өзге  де  пішіндер...  Табиғат  өз  заңдарын 
математика  тілімен  қалыптастырады»,  -  деп  айтқандай,  біз  күн  сайын  өзімізді 
қоршаған табиғаттан әр түрлі өрнектерді кездестіреміз. Осыған зер салайық. 
Кезінде  Шығыс  елдерінде  саяхатта  болып  қайтқан  итальяндық  математик 
Пизанолық  Леонардо  (Фибоноччи)  (1180-1240)  Батыс  Еуропа  елдерінің 
математиктерін араб математикасының жетістіктерімен таныстырған алғашқы ғалым 
болған. Ол 1228 жылы өз есімімен аталған (Фибоначчи сандар) сандар тізбегін ойлап 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
113 
тапқан.  Бұл  сандардың  әрбір  келесі  саны  өзінен  бұрынғы  (алдында  тұрған)  екі 
санның қосындысына тең болған. 
1+1=2 
2+1=3 
3+2=5 
5+3=8 
8+5=13 
13+8=21 
21+13=34 
34+21=55 
55+34=89 
Сонда  ол  сандар:  1,  2,  3,  5,  8,  13,  21,  34,  55,  89...  Осы  сандар  тізбегінің 
заңдылығын  өзімізді  айнала  қоршаған  ортадан  кездестіруге  болады.  Ағаштардың 
жапырағы  ағаш  бұтақтарындағы  екі  жапырақтың  арасына  спираль  тәрізді  оралып 
орналасады  екен:  жаңғақ  ағашының  жапырағы  –  1/3  айналыс  жасап,  еменнің 
жапырағы  –  2/5  айналыс  жасап,  теректің  жапырағы  –  3/8  айналыспен,  алмұрт 
жапырағы  –  3/8  айналыспен,  талдың  жапырағы  –  5/13  айналыспен,  ананастың 
ұяшықтары, күнбағыстың дәндері спираль тәрізді айналып орналасады екен. 
Фибоначидің әрбір үшінші саны жұп сан, әрбір төртінші саны үшке бөлінетін 
сан, әрбір 15 саны нөлмен аяқталады, көршілес екі сан өзара жай сандар болады. 
Фибоначчи  сандарының  қатынастары  алтын  қимаға  ұмтыла  отырып,  1/1,  2/1, 
3/2,  5/3,  8/5,  13/8  ...  тізбегін  құрайды.  Бөлшектің  алымы  мен  бөлімі  үшінші 
бөлшектен  бастап  алдыңғы  екі  бөлшектің  сәйкес  алымдары  мен  бөлімдерінің 
қосындыларынан  құралған  болады.  Көршілес  екі  жапырақтың  аралығындағы 
бұрыштары шамамен 5/3 қатынасындай болады екен. 
Сонау  мыс  дәуіріндегі,  яғни  б.з.б.  2500-200  жыл  шамасындағы  Қазақстан 
жерінде өмір сүрген ата-бабаларымыз Көктәңірін бас бітімі қос шеңберден тұратын 
күн тәжі адам пішіні арқылы таңбалап көрсеткен. 
Жет қат көк қабаттары: 
1. Ішкі екі нүкте (Күн мен Ай) қабаты; 
2. Мүйіз қаба (Күн мен Айдың қоршауы); 
3. Жеті күн қабаты; 
4. Ішкі шеңбер қабаты; 
5. Сыртқы шеңбер қабаты; 
6. 10+10=20 нүкте қабаты; 
7. 10+7=17 нүкте қабаты. 
Бұл  күн  тәжілі  хақ  тәңірдің  суреті  Алматы  қаласы  маңындағы  Аңырақай 
тауының  Таңбалы  деп  аталатын  шатқалындағы  жартасқа  салынған  таңба-бейнелер 
арасында сақталған. 
Егер  де  осы  суретке  ой  көзімен  байқап  қарар  болсақ,  онда  мыс  дәуірінде 
салынған  математикадағы  алтын  спираль  сызықтар  мен  нүктелерден  сол  кездегі 
адамдардың әлем құрылысы туралы түсінігі мен есептеу әдістері жайында белгілі бір 
болжамдық  ойлар  айтуға  болады.  Мысалы,  мыс  дәуіріндегі  Қазақстан  жерін 
мекендеушілердің  бүкіл  әлемді  шеңберлерден  жасалған  спираль  тәріздес  жеті  қат 
көктен тұрады деп шамалауы мүмкін дейміз. 
Күнтәжілі  көк  тәңірінің  суреті  уақытты  белгілейтін  күнтізбе  есебімен 
байланысты бейнелеу құралының қызметін атқарғаны анық. 
Математика – жоғары әсемдікке иегер пән.  «Математика ақиқат қана емес, 
мүсіндей сұлу да суық аса жоғары әсемдікке иегер пән», - деген Бертран Рассел. Енді 
«Математикадағы әсемдік дегеніміз не?» - деген сауалға жауап іздеп көрелік. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
114 
Ғылым  және  білім  беру  саласында  еңбек  ететін  зерттеушілердің  дені 
математикаға  тән  сұлулық  сырын  анық  мынадай  сипаттамалық  ерекшеліктерімен 
қарайды: 
1. Математика – бір нәрсеге, не құбылысқа ғана байланып, таңылып қалмайтын 
дерексіз (абстрактылы) ғылым. 
2.  Математикалық  ойлар  қашанда  айнымайтын  «алтын  тізбекті»  ақиқат 
ойлардан  дедуктивтік  дәлелденген  логикалық  ойлардың  тізбесінен  тұрады.  Демек, 
математикалық  сұлулық  сыры  оның  логикалық  сындарлы  сипатына  байланысты 
болып келеді. 
3.  Математика  тілінің  дәлдігі,  бірмәнділігі  және  ықшамдылығы  оны  сұлу  пән 
деп қарауға бір негіз бола алады. 
4.  Математиканың  табиғи  дүниеге,  өндірістік  өмірге  тікелей  қатынастылығы 
оның пайдалы да бағалы білім екенін сипаттайды. Демек, математиканың сұлулығы 
оның қолданыстық тиімділігіне де байланысты болып келеді. Математикаға тән бұл 
«сұлулық  сипаттамаларын  жиып,  математикалық  ойлар  мен  құрылымдар  әсемдігін 
анықтауға жарамды қағидалар бола алады. Соларға сүйеніп: «әсем пішін (фигура)», 
«әдемі  теорема»,  «сымбатты  сызба»,  «сұлу  қалыптама  (формула)»  деген 
анықтамалық ойлар айтуға әбден болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
115 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
ӘБІЛТАЙ Елдар, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебінің 4 «Ж» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЕШМҰРАТОВА Жадыра, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МҰСТАФА ӨЗТҮРІК – АЛАШТЫҢ АЙБОЗ ҰЛЫ ЕДІ 
 
Мұстафа  Өзтүрік  (1954  –  1995  жж.)  Қазақстанда  таэквондо  федерациясының 
негізін қалаушы, спорттың сайыпқыран саңылағы. 
Тәуелсіздіктің бастауында азаттықтың алғашқы қарлығашындай болған азамат 
ата жұртына жиі келіп, жастарға шығыс жекпе-жегі – таэквондо спортын үйреніп, әр 
қазақтың жүрегіне жол тапқан Алаштың ұлы азаматы. 
Өткен ғасырдың 90-жылдардың басында қазақ топырағына алғаш табаны тиген 
Мұстафа  бір  топ  шәкірттерімен  спорт  сайысында  өнерін  көрсетсе,  қазір 
республикада  таэквондо  жекпе-жегімен  жиырма  мыңға  тарта  жас  шұғылданады 
екен.  Бүгінде  әр  аймақ,  облыстарда  таэквондо  мектептері  ашылған.  Өрімдей 
қазақтың қыз-жігіттері Мұстафаны пір тұтады. 
Елімізде алғаш таэквондо спортының негізін қалаған, қара белбеуден 7 иегері 
Мұстафа  Өзтүрікке  Алматының  іргесіндегі  Талғар  ауданында  еңселі  ескерткіш 
қойылған. Сол бір күздің күнінің соңғы тәуліктері шуағын шашып, Бесағаш ауылы 
салтанатқа  бөленді.  Алматыдан,  іргелес  елді  мекендерден  ағылғын  адам  көп 
болыпты. Жас мүсінші Бауыржан Жуасбаев Мұстафаның бейнесін сомдады. 
Балалық  шағы.  Мұстафаның  әкесі  Қабен  (Қабыл)  Төлеубайұлы  ел  бастаған 
көсем,  сөз  бастаған  шешен,  жауырыны  жер  иіскемеген  атақты  палуан  болған.  Сол 
кездері ел ішінде кәмпеске басталып кетеді де, бір әулет бір түннің ішінде тұтасымен 
таудан асып, Ұласты өзенін жағалай жүріп, Шың еліне өтіп кетеді. 
Алайда  араға  жиырма  жыл  салып,  Қытай  елінде  де  қызылдар  қырғын  салған 
сүрең  басталып,  50-жылдары  Түркияға  барып  тұрақтауды  ойлайды.  Анадолы  еліне 
жетуде  оңайға  соқпайды.  Адамзат  аяғы  тимеген  атақты  Такмала  шөлін  басып  өтіп, 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
116 
Үндістан шекарасына да жетеді. Жол-жөнекей қырғын соғыстан көз ашпай, Пәкістан 
арқылы әйтеуір Түркияға табан тірейді. 
Қалың  топтан  қалған  жұрнақ,  міне, 
осылай  Кайсери  қаласынан  пана  табады. 
Жергілікті 
түріктер 
бірден 
жақсы 
қабылдайды.  Қандастар  деп  құрметтейді. 
Соның  арқасында  бұл  әулеттің  жағдайлары 
да жақсара бастайды. 
Қабен  аға  осы  жерде  палуандармен 
белдесіп,  өзінің  жауырыны  жер  иіскемейтін 
шебер 
екеніне 
көз 
жеткізеді. 
Түрік 
бауырлардың 
Қабен 
ағаға 
деген 
сыйластықтары  артып,  Өзтүрік  атап  кеткен. 
Міне,  осылай  отбасы  мүшелері  осы  атауды 
өздеріне тек етіп алады. 
Арада  біраз  уақыт  өткенде,  яғни  1954 
жылы  Қабен  ақсақалдын  үйінде  қуанышты 
уақиға  болады.  Өмірге  ұл  келеді.  Есімін 
Мұстафа 
қояды, 
тегін 
Өзтүрік 
етіп 
жаздырады.  Бала  Мұстафа  өте  зерек,  алғыр 
болып  өседі.  Бар  болғаны  16  жасында 
Ыстамбұл  қаласындағы  мектепті  аяқтап, 
арнайы 
жолдамамен 
Тайваньға 
оқуға 
аттанады.  Бұл  әлемнің  түкпір-түкпірінен 
талантты  балаларды  жинап,  оқытқалы  жатқан  сынақ  оқу  орны  еді.  Ешбір  ақысыз, 
емтихансыз  оқуға  түскен  Мұстафа  бес  жыл  өткен  соң  журналистика  факультетін 
бітіреді. Бұл оқу орнында оқып жүріп Мұстафа корей халқының жекпе-жек өнері − 
таэквандомен айналысады. 
Қамшының  сабындай  аз  ғана  ғұмырында  Мұстафа  білім  іздеп,  Тайваньға 
барған, сонда жүріп, таэквондо спортының қыр-сырын жетік меңгерген, тіпті  оның 
кезінде киноға да түскен сәттері болған. Соның бәрінде туған елге, қазақ топырағына 
деген  сүйіспеншілігі  шексіз  еді.  Бұған  Мұстафаның:  «Шетте  жүріп,  батыр  болам 
десеңіз, еліңді сүй», - деп әрдайым айтып отыратыны дәлел. 
Шәкірттері.  Мұстафа  Өзтүріктің  шәкірттері:  Бексейіт  Түлкиев,  Қабибек 
Мұхитов,  Қайрат  Қырғызбаев,  Сұлтанмахмұт  Шоқпытов.  1992  жылы  Мұстафаның 
шәкірттері  алғаш  рет  көк  туымызды  Түркияда  өткен  халықаралық  турнирде 
желбіретті,  олар  жарыс  чемпиондары  Сұлтанмахмұт  Шоқпытов  және  Қайрат 
Қырғызбаев. 
1993 
жылы 
қазақ 
елінің 
федерациясы 
Халықаралық 
таэквондо 
федерациясының  мүшелігіне  қабылданды.  1995  жылы  әскерилер  арасындағы  әлем 
біріншілігіне алғаш рет қатынасқан ұлттық құрама әлемдік деңгейде екінші орыннан 
көрінді. 
Мұстафа Өзтүрік ескерткішінің ашылуы  жайлы баспасөз беттерінен.  Сол 
бір  күздің  күнінің  соңғы  тәуліктері  шуағын  шашып,  Бесағаш  ауылы  салтанатқа 
бөленді. Алматыдан, іргелес елді мекендерден ағылған адам көп болыпты. 
Мұстафаның  ізбасар  шәкірттері  ескерткіш  алдында  спорттық  киімдерін  киіп, 
өнерлерін  көрсетіп,  әрбір  шалт  қимылдарынан  соң:  «Мұстафа,  Мұстафа!»  деп 
ұрандайды. Бұл қазақ таэквондошыларының жазылмас ұранына айналғандай болып 
жиналған халықты одан әрі толқытты. Салтанатты жиынды Мұстафаның досы, көзі 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
117 
тірісінде  Мұстафаның қайталанбас  асыл  қасиеттерін  көрген  спорт  журналисі  Несіп 
Жүнісбай ашып, сол бір шуақты күндерден аз-кем естеліктер айтты. 
Мұстафа  Өзтүріктің  рухына  бағышталып,  Құран  оқылды.  Содан  кейін 
Мұстафаның  ер  тұлғалы  ескерткіші  ашылды.  Көгілдір  лентаны  Мұстафаның  ұлы 
Нәзірбек пен ескерткішті тұрғызуға демеушілік көрсеткен азамат Қайыр Мейірбеков 
киды.  Мұстафа  жөнінде  естелік  айтып,  сөз  алған  сенатор,  республика 
таэквондошылары  федерациясы  басшыларының  бірі  Шамсат  Исабеков  жылда 
қараша  айында  таэквондодан  Қазақстан  жастарының  чемпионатын  өткізу  бұдан 
былай дәстүрге айналатынын хабарлады. 
Ескерткіш  алдында  Бесағаш  ауылының  әкімі  Торын  Мегазұлы  Өзтүрікті 
жұртшылық  ерекше  құрметпен  еске  алатынын  хабарлап,  осындағы  Спорт  сарайы 
бұдан былай Мұстафа есімімен аталатындығын тілге тиек етті. Ескерткіштің ашылу 
салтанатында  Мұстафаның  анасы  Рәзия  апай,  туыстары  Мансұр  Тәйжі,  Шәріп 
Найман  шетте  жүріп,  тар  жол  тайғақ  кешуді  бастан  өткерген  Мұстафаның 
Қазақстанға деген сүйіспеншілігі туралы әңгімеледі. 
Мұстафаның достары оның Қазақстанда болған аз ғана жылдарында ел аралап, 
халық құрметіне бөленген кездері жайында қызықты естеліктер айтты. Ол әрбір елді 
мекенге  барғанда  спорт  залдарын  көргісі  келетінін  еске  салып  отыратын.  Өзін 
ерекше құрметтеген халқын жүйелі сөзімен, киелі ісімен ерекше баурап алатын. 
Сүйегі  Ыстамбұлда  жатса  да  рухы  Қазақстанды  шарлап  жүрген  Мұстафаның 
есімі әр қазақтың жүрегіне қонақтап қалған. Әр аймақта Мұстафа Өзтүрік атындағы 
спорт  мектебі  бар,  таэквондоға  тәнті  жастар  көп.  Мұстафаға  ұқсағысы  келген 
қазақтың қыз-жігіттері қаулап өсіп келеді. 
Осының айғағы ретінде біздің отбасымызда салауатты өмір салтын насихаттау 
барысында  үлкен  ағам  қала  орталығындағы  спорт  мектебіне  қатысып,  көптеген 
жетістіктерге  жетті.  Осы  жетістіктеріне  қызыға  жүріп  мен  де  қатыса  бастадым. 
Алайда,  жаттығуды  енді  бастап  жарыстарға  жинала  бастағанымда  жарақат  алдым. 
Қолымды  абайсызда  сындырып,  гипсте,  одан  соң  жаттығудан  біраз  уақытқа 
босатылдым.  Бірақ,  алға  қойған  мақсатыма  жету  үшін  табандылықпен  жаттығып, 
Мұстафа Өзтүрік атамыздың жолын жалғаймын деп уәде беремін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
118 
БАЙСЕЙТОВА Аяулым Қамшыбекқызы, 
Малдыбай орта мектебінің 7 сынып оқушысы, Құлан ауылы, 
Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КУЛЬЧИКОВА Венера Ноқтырбекқызы, 
Малдыбай орта мектебі «География» пәнінің мұғалімі, Т. Рысқұлов ауданы, 
Құлан ауылы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ ТУРИЗМДІ 
ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Кіріспе.  Туризм  дүние  жүзі  бойынша  кез-келген  қоғамда  ерекше  орында.  Ол 
маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс. 
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т.б. мәндері мен маңыздылығын былай 
қойғанда,  ең  алдымен  ол  көптеген  мемлекеттердің  экономикасында  белгілі-бір 
дәрежеде  рөл  атқарды.  Осы  туризмнің  экономикадағы  маңыздылығын  оның 
қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. Өйткені туризм 
белгілі  бір  аумақта  дамыған  сайын  одан  түсетін  табыс  ұлғаяды,  жұмыс  орны 
көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (көлік, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады. 
Бүг нг   таңда  Қазақстанның  және  шет  ел  туристер нің  демалуына  жағдай 
жасауды  ұйымдастыру,  республиканың  туристік  мүмкіндігін  көтеру  –  өзекті 
мәселелерд ң  б р .  Туризм  деңгейінің,  көтер лу не  республиканың  саяси-әлеуметт к 
жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас 
орнауы ти с. 
Осыған  орай  жұмыстың  мақсаты:  Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан 
аймақтары  туристік  рекреациялық  ресурстарына  баға  бере  отырып,  олардың 
туризмді дамытудағы құндылығын ашу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет