№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014


Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың жеті бағыты



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың жеті бағыты. «Қазақстандағы үкіметтік 
емес ұйымдарды дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарының» жобасында жеті 
түрлі бағыт-бағдар көрсетілген. Енді соларға жеке-жеке тоқталып өтейік. 
Бірінші  бағыт  –  мемлекеттік  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  барысына, 
барлық  деңгейлердегі  мемлекеттік  органдардың  қызметіне,  оның  ішінде 
мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасына  қоғамдық  бақылау  жасау  жүйесін 
дамыту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы 
14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Қоғам  және  азаматтар 
мемлекеттік  шешімдер  қабылдау  процесі  мен  олардың  жүзеге  асырылуына  тікелей 
қатыстырылуы  қажет.  Жергілікті  басқару  органдары  арқылы  халыққа  жергілікті 
маңызы  бар  мәселелерді  өз  бетімен  және  жауапкершілікпен  шешуіне  нақты 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
30 
мүмкіндік беру керек», - дей келіп, «Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасы» 
бекітілгенін,  ол  ауылдық,  селолық  деңгейде  басқару  сапасын  арттыруға  мүмкіндік 
жасайтынын  және  азаматтардың  жергілікті  маңызы  бар  мәселелерге  қатысуын 
кеңейтетінін ерекше атап өткен болатын. 
Қазіргі кезде елімізде ресми түрде бекітілген «қоғамдық бақылау» ұғымы және 
оны  сипаттау  жүйесі  жоқ.  Дегенмен  халықаралық  тәжірибеде  бұл  ұғым  заңдық-
құқықтық  термин  болып  табылмаса  да,  барынша  кеңінен  қолданылып  келеді.  Осы 
орайда,  қоғамдық  бақылау  азаматтар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың  мемлекеттік 
органдар  қызметіндегі  қоғамдық  мүдделердің  жариялылығы  мен  есебін  жүргізуді 
қолдауға,  жария  билік  құрылымдарының  тиімділігін  арттыруға,  олардың  халық 
алдындағы  жауапкершіліктерін  күшейтуге  бағытталған  бірлескен  қызметі  ретінде 
қарастырылады. 
Бүкіл әлемде мемлекеттік органдар жұмысы тиімділігінің көрсеткіші – олардың 
қызметінің  ашықтығымен  және  жариялылығымен,  сонымен  бірге  азаматтардың 
мемлекеттік  басқару  саласындағы  қандай  да  болсын  мемлекеттік  шешімдердің 
қабылдануына ықпал ете алу мүмкіндігімен бағаланады. 
Қазақстан  Республикасында  үздік  халықаралық  тәжірибелерге  негізделген, 
отандық  шарттар  мен  жағдайларға  лайықталған  қоғамдық  бақылау  жүйесінің 
болмауы  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  қарапайым  халық  алдындағы 
әлеуметтік  жауапкершілігі  мен  есептілігіне  барлық  уақытта  күдік  тудырып  келеді. 
Азаматтар  тарапынан  билік  орындарына  деген  сенімсіздіктің  орын  алуы 
тұрғындардың саяси және азаматтық белсенділігін барынша төмендетеді, сондай-ақ 
басқа  біреудің  есебінен  күн  көрушілік  көңіл-күйін  немесе,  керісінше,  әлеуметтік 
шиеленістерді  тудырады.  Бұған  қоса,  азаматтардың  заңды  жолдармен  қажетті 
нәтижеге  қол  жеткізуге  болатынына  сенімділікті  жоғалтуы  оларды  тиісті  мәселені 
шешудің заңсыз әдіс-тәсілдерін іздеуге мәжбүр етеді және жемқорлық көріністерінің 
дамуына ықпал жасайды. 
Азаматтарды  қоғамдық  бақылау  жүйесіне  белсенді  қатысуға  тарту 
жариялылықты  арттырудың  және  жемқорлық  деңгейін  азайтудың  барынша  тиімді 
жолы  болып  табылады.  Азаматтық  белсенділік,  бір  жағынан,  халықтың  жергілікті 
билік  орындарына  деген  сенімін  тудырады,  екінші  жағынан,  мемлекеттік  органдар 
тарапынан өздерінің іс-әрекеттеріне деген жауапкершілігін арттырады. 
Бұл  қағида  біздің  Ата  заңымызда  да  айқын  бекітілген.  Мысалы,  Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  18-ші  бабында  мемлекеттік  органдар  мен 
лауазымды  адамдар  әрбір  азаматқа  өзінің  құқықтары  мен  мүдделеріне  қатысты 
құжаттармен,  шешімдермен  және  ақпарат  көздерімен  танысу  мүмкіндігін 
қамтамасыз  етуге  міндетті  екені,  ал  33-ші  бабында  азаматтардың  тікелей  және  өз 
өкілдері  арқылы  мемлекет  ісін  басқаруға  қатысуға,  мемлекеттік  органдар  мен 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  тікелей  өзі  жүгінуге,  сондай-ақ  жеке  және 
ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар екені жазылған. 
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық 
даму жоспарында оны іске асыру мониторингі шеңберінде елдің азаматтарын оның 
нәтижелеріне  қол  жеткізу  үдерісіне  тартуды  қамтамасыз  ету  қажет,  азаматтарды, 
тұтастай алғанда, мемлекеттік саясатты іске асыруға және мемлекеттік органдардың 
қызметін  бағалау  үдерісіне  тарту  мақсатында  азаматтар  мен  мемлекеттік  органдар 
арасында кері байланыс тетігі енгізілетін болады деп атап көрсетілген. 
Еліміздің  Бюджеттік  кодексі  бойынша  жергілікті  мемлекеттік  органдар 
қызметінің  тиімділігі  мен  нәтижелерін  бағалау  кезінде  тұтынушылар  арасында 
жүргізілген  сұраулар  негізінде  жасалған  мемлекеттік  қызмет  сапасы  туралы 
үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттары пайдаланылуы мүмкін. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
31 
Сондай-ақ  мемлекеттік  орган  қызметінің  тиімділігін  бағалау  үшін  ақпарат 
көздері  болып  табылатындардың  бірі  –  тиімділікті  жалпы  бағалауды  дайындау 
кезіндегі  коммерциялық  емес  ұйымдардың  ақпараты  екендігі  «Орталық 
мемлекеттік  органдар  мен  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың, 
астананың  жергілікті  атқарушы  органдары  қызметінің  тиімділігін  жыл  сайынғы 
бағалау  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  19 
наурыздағы  №954  Жарлығында  да  ерекше  айтылған.  Елбасымыздың  осы 
Жарлығында:  «Мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  уәкілетті  орган  мемлекеттік 
органдар  қызметінің  тиімділігін  жалпы  бағалауды  қалыптастыру  кезінде 
мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  уәкілетті  орган  белгілеген  тәртіпте 
коммерциялық  емес  негізде  коммерциялық  емес  ұйымдарды  және  тәуелсіз 
сарапшыларды тартуға құқылы», - деп жазылған. 
Ал «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 
2013  жылғы  15  сәуірдегі  №88-V  Заңында:  «Мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
сапасының  қоғамдық  мониторингі  –  жеке  тұлғалардың,  коммерциялық  емес 
ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты 
жинау,  талдау  және  ұсынымдарды  тұжырымдау  жөніндегі  қызметі»,  -  деген 
анықтама беріліп, «мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау», «мемлекеттік 
қызметтер көрсету сапасын бақылау» және басқа да қағидалар енгізілген. 
Қазақстан  Республикасы  экономикалық  даму  және  сауда  министрінің  2011 
жылғы  4  наурыздағы  №50  бұйрығымен  үкіметтік  емес  ұйымдарды  (қоғамдық 
бірлестіктерді),  тәуелсіз  сарапшыларды  мемлекеттік  органдар  қызметінің 
тиімділігінің жалпы бағасын қалыптастыру кезінде әріптестік жұмысқа тарту тәртібі 
және  үкіметтік  емес  ұйымның  немесе  тәуелсіз  сарапшының  мемлекеттік  орган 
қызметінің тиімділігі туралы сараптамалық қорытындысының үлгісі бекітілген. 
Мемлекеттік  билік  орындары  Қазақстанда  қоғамдық  бақылаудың  тиімді 
құрылымдарын енгізуге бағытталған қадам жасап жатқанына қарамастан, іс жүзінде 
мұндай мүмкіндіктер үнемі пайдаланыла бермейді. 
Өкінішке  қарай,  қазіргі  кезде  біздің  елімізде  қоғам  мен  мемлекеттік  органдар 
арасындағы  кері  байланыстың  нақты  және  тиімді  жүйесі  әлі  күнге  дейін 
енгізілмеген.  Қалың  бұқара  халықтың  мемлекеттік  органдардың  қызметі, 
мемлекеттік  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  бойынша  жүргізіліп  жатқан  жұмыстар 
қаншалықты  пайдалы  және  пәрменді  екені,  сонымен  бірге  сол  мемлекеттік 
бағдарламаларды  қабылдаудан  бұрын  тұрғындардың  қажеттілігі  қаншалықты 
ескерілгені  жөнінде  бағалау  және  сараптау  жұмыстары  жүргізілмейді.  Қоғамдық 
бақылаудың құралдары мен түрлері мүлдем жоқ. 
Бүгінде  азаматтық  қоғам  мүшелері  мен  мемлекеттік  органдардың  өздері 
тарапынан  қоғамдық  пікірді  зерттеу,  қоғамдық  кеңестердің  қызметін  ұйымдастыру 
және  т.б.  түрінде  қоғамдық  бақылау  акцияларын  ұйымдастыру  және  өткізу  секілді 
алғашқы  қадамдар  жүзеге  асырылып  жатқанымен,  әлі  күнге  дейін  Қазақстанда 
қоғамдық  бақылаудың  бірыңғай  жүйесі  жасалмаған.  Азаматтардың  белгілі  бір 
деңгейдегі  билік  орындарының  өз  шешімдерін  қабылдау  барысына  бастан-аяқ 
қатысуы туралы тіпті мүлдем ештеңе айта алмаймыз. 
Бұған  қоса,  мемлекеттік  органдардың  барлығы  бірдей  азаматтық  қоғам 
өкілдерімен  өзара  ашық  және  тең  дәрежеде  қарым-қатынас  жасауға  дайын  деуге 
аузымыз  бармайды.  Тіпті  мемлекеттік  құрылым  қызметкерлері  көп  жағдайда 
үкіметтік  емес  ұйымдардың  мүшелеріне  менсінбей,  жоғарыдан  қарайды.  Көп 
жағдайда билік орындары қарапайым халықтан өздерінің қандай іспен шұғылданып 
жатқандарын  жасырады,  ол  туралы  ақпарат  бере  қалғанның  өзінде,  берген 
мәліметтері бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
32 
Шынайы  ақпарат  алу  жайында  арнайы  заң  болмағандықтан  үкіметтік  емес 
ұйымдар  мен  мемлекеттік  органдар  арасындағы  ашық  қарым-қатынас  туралы 
ешқандай  да  сөз  қозғау  мүмкін  емес.  Мемлекеттік  қызметшілер  тарапынан 
тұрғындардың  пікірлері  мен  қажеттіліктерін  есепке  алуға  деген  көзқарасы  мен  іс-
әрекеттері  көп  жағдайда  селқостық  пен  немқұрайды  қараудан  ары  аспайды. 
Мемлекеттік  құрылымдардың  жергілікті  жерлердегі  өкілдері  қоғамдық  пікірді 
ескеріп  отыруы  қажет  болғанымен,  олардан  бұл  міндетті  атқаруды  талап  етудің 
тиісті  тетіктері  жасалмағандықтан,  қолында  билік  тұтқасы  бар  ірілі-ұсақты 
«шенеуніктер»  қарапайым  халықтың  пікірін  сұрап,  онымен  санасып  отыру  секілді 
міндеттерді орындауға «пәледен машайық қашыпты» деген көзқараспен қарайды. 
Қоғамдық  бақылау  жүргізу  секілді  барынша  жауапты  жұмысты  жүргізуге 
үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің кәсіби шеберліктері  мен дайындықтары жете 
ме  деген  өзекті  сұрақ  та  күн  тәртібінен  түскен  емес.  Оған  қоса  үкіметтік  емес 
ұйымдардың  біліктілік  дәрежелерін  анықтап,  олардың  қоғамдық  бақылау 
бағытындағы  іс-шараларды  жүргізуге  қаншалықты  дайын  екенін  анықтауға 
қойылатын бірыңғай талаптар да жоқ. 
Көп  жағдайда  азаматтардың  көпшілігі  айналада  болып  жатқан  жағдайлардың 
орын  алуына  олардың  өздерінің  де  тікелей  қатысы  бар  екеніне  бас  қатырып, 
ойланып  жатпайды.  Қарапайым  халық  өкілдерінің  өздеріне  қатысты  мәселелер 
бойынша  нақты  нәтижелер  шыға  қоятынына деген  сенімдерінің  жоғалуына  апарып 
соққан тағы бір себеп  – қоғамдық  пікірмен бәрібір  ешкім санасып  жатпайды деген 
түсінік қалыптасқан, кейде тұрғындар өздері айтқан пікірлері мен өз көзқарастарына 
деген  жауапкершілікті  өз  мойындарымен  көтергілері  келмейді.  «Мен  –  салық 
төлеушімін, сол себепті мен не үшін ақша төлеуге тиіс екенімді және қайда, не төлеп 
жатқанымды  білуге  заңды  құқығым  бар»,  -  деген  мемлекетке  деген  заманауи 
өркениетті  тұтынушылық  қарым-қатынас  қарапайым  халық  арасында  жеткілікті 
түрде  қалыптаспаған.  Сол  себепті  азаматтарымызды  белсенді  азаматтық 
ұстанымдарын жетілдіруге әлі де тәрбиелей түсу қажет. 
Жоғарыда  айтылған  жайттар  бүгінгі  таңда  мемлекеттік  органдардың  шын 
мәнінде  қоғам  алдында  есеп  беретіндей  дәрежеге  жетуімізге  барынша  кедергі 
келтіріп отыр. 
Халықаралық тәжірибеге сүйенер болсақ, барынша қоғамдық бақылау жасалып 
отыруға  тиісті  қоғамдық  мүдде  салаларына  мыналар  жатады:  қоршаған  орта, 
әлеуметтік қамсыздандыру, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, 
ғылым, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, бюджеттік қаражаттың жұмсалуына 
бақылау  жасау,  құқық  қорғау  қызметі,  қорғаныс,  әлеуметтік  нысандар  құрылысы, 
басқа да қоғамдық маңызы бар салалар. 
Қоғамдық  бақылаудың  негізгі  ұстанымдары  мыналар  болуы  тиіс:  қоғамдық 
бақылауды  жүзеге  асыруға  өз  еркімен  қатысу,  қоғамдық  бақылау  субъектілерінің 
дербестігі,  жариялылық  және  ашықтық,  заңдылық,  шынайылық  және  дәлдік, 
қоғамдық  бақылауды  жүзеге  асыруға  кедергі  жасалуына  жол  бермеу,  қоғамдық 
бақылаудың  жалпыға  бірдей  біртұтас  қамтылуы,  қоғамдық  бақылау  түрлерінің 
көптүрлілігі. 
Тұтас  алғанда,  қоғамдық  бақылау  нәтижесінде:  жеке  адам  мен  азаматтың 
негізгі  құқықтары  мен  бостандығын  тануға,  қамтамасыз  етуге  және  қорғауға, 
азаматтар  мен  олардың  бірлестіктерінің  мемлекет  қызметіне  қатысу  деңгейін 
арттыруға, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің 
ашықтығын  қамтамасыз  етуге  және  оның  тиімділігін  арттыруға,  қоғамдық 
мүдделерді білдіру және оны қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды жүзеге 
асыруға,  қоғам  мен  мемлекет  арасындағы  кері  байланысты  қамтамасыз  етуге, 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
33 
әлеуметтік 
шиеленістерді 
шешуге, 
азаматтық 
заңдық-құқықтық 
сананы 
қалыптастырып,  дамытуға,  мемлекеттік  билік  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдарының  қоғамдық  мүдделерге  қарама-қайшы  келетін  шешімдер  қабылдау 
және  жүзеге  асыру  қауіптерін  төмендетуге,  қоғам  мен  мемлекеттің  тұрақты  және 
қолайлы дамуына мүмкіндік жасалуы тиіс. 
«Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл 
жоспарының»  жобасында  қоғамдық  бақылаудың  тиімді  жүйесін  қалыптастыру 
мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған: 
-  Қалың  бұқара  халық  арасында  елдің  дамуы  үшін  өзінің  маңызы  мен 
жауапкершілігін сезінуге бағытталған ағарту, қоғамдық бақылауға қатысу мүмкіндігі 
туралы  құлақтандыру,  «Миллиондар  университетін»  құрудың  тиімді  әдістері  мен 
құралдарын пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру
-  Қоғамдық  бақылаудың  отандық  және  халықаралық  озық  тәжірибелерін 
зерттеп,  білу  және  оны  жергілікті  жерлерде  ыңғайластыра  отырып  пайдалану  және 
тарату; 
- Қоғамдық бақылау және ақпаратқа қолжетімділік туралы заңнамаларды жасау 
және қабылдау; 
-  Қазақстан  Республикасындағы  қоғамдық  бақылау  саласындағы  жағдай 
жайында  толық  шынайы  және  тексерілген  ақпараттарды,  ағымдағы  зерттеулер  мен 
мониторинг  туралы  жедел  жаңалықтарды  жинақтап,  осы  мәселені  талқылайтын 
пікірталастарды,  сонымен  бірге  қоғамдық  бақылау  жүргізудің  үздік  тәжірибелерін 
жариялап отыратын электрондық ақпараттық ресурс құру; 
-  Мемлекеттік  органдардың  азаматтық  қоғаммен  өзара  қарым-қатынас 
үдерістерін  реттейтін  мемлекеттік  бағдарламалардың,  мемлекеттік  қызмет  көрсету 
стандарттарының,  негізгі  нормативтік  құқықтық  құжаттардың  ашық  түрде 
талқылануы бойынша іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру; 
-  Қазақстан  Республикасында  қоғамдық  бақылау  жүйесін  енгізу  мәселесі 
бойынша  мемлекеттік  қызметшілердің  кешенді  оқуы  мен  білімін  жетілдіру 
жұмыстарын жүргізу; 
-  Қоғамдық  бақылау  жүргізу  үшін  үкіметтік  емес  ұйымдарды  қатыстыру  және 
тіркеуден өткізудің ережесі мен тәртібін жасау; 
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру арқылы қоғамдық бақылау 
қызметі мен іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 
Екінші  бағыт  – үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті  өзін-өзі басқаруды 
дамытуға  қатысуы.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  азаматтардың  мемлекетпен 
байланысын,  олардың  мемлекеттік  басқаруға  қатысуын  қамтамасыз  ететін  қазіргі 
заманғы мемлекеттік маңызды құрылымдардың бірі болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  «Жергілікті  мемлекеттік  басқару 
және өзін-өзі басқару» атты VIII бөлімінің 89-шы бабында былай деп жазылған: 
«1.  Қазақстан  Республикасында  жергілікті  маңызы  бар  мәселелерді  тұрғын 
халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. 
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-
ақ  ол  мәслихаттар  және  халық  топтары  жинақы  тұратын  аумақтарды  қамтитын 
жергілікті  қоғамдастықтардағы  басқа  да  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары 
арқылы жүзеге асырылады. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  мемлекеттік  функцияларды  жүзеге 
асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін. 
3.  Қазақстанда  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  ұйымдастыру  мен  олардың 
қызметі заңмен реттеледі. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
34 
4.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  дербестігіне  олардың  заңмен 
белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі». 
Сонымен  бірге  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қоғам және азаматтар мемлекеттік 
шешімдер  қабылдау  процесі  мен  олардың  жүзеге  асырылуына  тікелей 
қатыстырылуы  қажет.  Жергілікті  басқару  органдары  арқылы  халыққа  жергілікті 
маңызы  бар  мәселелерді  өз  бетімен  және  жауапкершілікпен  шешуіне  нақты 
мүмкіндік беру керек», - деп атап көрсетілді. 
«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі 
басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  №148 
Заңы  еліміздің  Конституциясына  сәйкес  жерг л кт   мемлекетт к  басқару  және  өзін-
өзі  басқару  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейд ,  жерг л кт   өк лд   және 
атқарушы  органдардың құзырет н, қызмет н ң ұйымдастырылуын, тәрт б н, сондай-
ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белг лейд . Осы Заңда мынадай 
негізгі ұғымдар пайдаланылған: 
-  жергілікті  қоғамдастық  –  шекараларында  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүзеге 
асырылатын,  оның  органдары  құрылатын  және  жұмыс  істейтін  тиісті  әкімшілік-
аумақтық  бөлініс  аумағында  тұратын  тұрғындардың  (жергілікті  қоғамдастық 
мүшелерінің) жиынтығы; 
- жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген 
жергілікті  қоғамдастық  өкілдерінің  осы  Заңда  айқындалған  шекте  және  тәртіппен 
жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы; 
-  жергілікті  қоғамдастық  жиыны  –  тұрғындардың  (жергілікті  қоғамдастық 
мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса 
маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы; 
-  жергілікті  маңызы  бар  мәселелер  –  реттелуі  осы  Заңға  және  Қазақстан 
Республикасының  өзге  де  заңнамалық  актілеріне  сәйкес  тиісті  әкімшілік-аумақтық 
бөлініс  тұрғындарының  басым  бөлігінің  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 
қамтамасыз  етуге  байланысты  облыс,  аудан,  қала,  қаладағы  аудан,  ауылдық  округ, 
ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері; 
- жергілікті мемлекеттік басқару – осы Заңда және Қазақстан Республикасының 
өзге  де  заңнамалық  актілерінде  белгіленген  құзыреті  шегінде  тиісті  аумақта 
мемлекеттік  саясатты  жүргізу,  оны  дамыту  мақсатында  жергілікті  өкілді  және 
атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-
күйіне жауапты болып табылатын қызметі; 
-  жергілікті  өзін-өзі  басқару  –  халық  тікелей  жүзеге  асыратын,  сондай-ақ 
мәслихаттар  және  басқа  да  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  арқылы  жүзеге 
асырылатын  осы  Заңда,  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерде  айқындалған 
тәртіппен  жергілікті  маңызы  бар  мәселелерді  өзінің  жауапкершілігімен  дербес 
шешуге бағытталған қызмет. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  28  қарашадағы  №438 
Жарлығымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасында  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
дамыту  Тұжырымдамасына»  сәйкес  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін  дамыту 
экономикалық  өркендеудің,  әлеуметтік  әл-ауқаттың  және  азаматтық  қоғамды 
қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. 
Аталған Тұжырымдамада елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – 
бұл  мемлекет  институттары  мен  азаматтық  қоғамның  дамуымен,  елдің  әлеуметтік-
экономикалық  дамуының  жалпы  деңгейімен,  жергілікті  халықтың  өміріне  тікелей 
әсер ететін басқа да факторлармен және жағдайлармен байланысты көп кезеңді және 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
35 
серпінді  үдеріс  екені,  Қазақстанда  2020  жылға  қарай  өкілді  биліктің  маңызы  арта 
түсетіндігі,  үздік  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келетін  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  және  азаматтық  қоғамның  тиімді  институттары  құрылады  деп  күтілетіні 
айтылған. 
Осынау  стратегиялық  мәні  бар  құжаттың  қабылдануы  мемлекетімізде 
азаматтық  қоғам  құру  жөніндегі  мәселе  бойынша  пікірталастар  жүргізуден  нақты 
іске – іс жүзіндегі нақты іс-қимылдар жасауға кірісудегі маңызды қадам жасалғанын 
дәлелдейді.  Өз  кезегінде  еліміздің  үкіметтік  емес  ұйымдары  халықаралық 
ұйымдардың  гранттық  қаржылай  қолдауы  және  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс 
бойынша  көптеген  жобалар  аясында  жұмыс  жүргізіп,  Қазақстан  қоғамындағы  осы 
тақырыпқа  деген  қызығушылықты  қажетті  арнаға  бұра  білді,  яғни  аталған  мәселе 
бойынша  басқарудың  нормативтік  құқықтық  құжаттары  қабылдануына  өз 
септіктерін тигізіп, үлестерін қосты. 
Соған қарамастан, бұл бағытта да шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер бар. 
Атап айтсақ: 
Біріншіден,  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамытуға  саяси  құлшыныс 
танытылып, ерік-жігер көрсетілгенімен, оны қалай дамытуға болатыны жөнінде әлі 
күнге  дейін  нақты  жүйе  жасалған  жоқ,  өкілеттіліктердің  ара-жігі  ажыратылмаған, 
қаржылай  дербес  табыс  алу  көздерін  қалыптастыру  үдерісі  нақтыланбаған. 
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттерін барынша айқын ашып көрсету 
керек,  олардың  мемлекеттік  басқару  органдарымен  арадағы  міндеттері  мен 
өкілеттіліктерінің аясы мен шектерін нақты белгілеп, бөліп беру қажет. 
Екіншіден,  үкіметтік  емес  ұйымдар  жүргізген  сауалнамалардың  нәтижелері 
бойынша  отандастарымыздың  әлеуметтік  және  саяси  белсенділігі  әлі  де  барынша 
төмен  дәрежеде,  сауалнамаға  жауап  бергендердің  60,2%-ы  негізгі  бұқара  халық 
қоғамдық өмірге қызығушылық танытпайтынын атап көрсеткен. 
Мұндай  жағдайда  мемлекеттік  органдар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың 
жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту  бойынша  атқарып  жатқан  күш-жігерге  толы 
маңызды іс-қимылдары қарапайым тұрғындар тарапынан қолдау таппауына апарып 
соғуы мүмкін. Халқымыздың басым көпшілігі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің 
ерекшеліктері мен оның өздері үшін маңызы, жергілікті мәні бар өзекті мәселелерді 
шешуге  қалай  қатыса  алатындары  туралы  әлі  де  бейхабар  болып  отыр.  Іс  жүзінде 
жерлестеріміздің  өздері  тұратын  аумақтарды  басқару  ісіне  қатысу  мәдениеті  бірте-
бірте қалыптасып келе жатқанын айтуымыз керек. 
Тұрғындардың қоғамдық белсенділігі төмен болып отырған осындай жағдайда 
өзгелерді  өзінің  соңынан  ерте  алатын,  өзекті  мәселелер  бойынша  қоғамдық  пікір 
тудыра  алатын,  жұртшылықты  жергілікті  жерлерде  шешімдер  қабылдануына 
жұмылдыра  алатын  шын  мәніндегі  жетекші  тұлғалар  тапшы  екенін  жасыра 
алмаймыз. 
Міне,  осындай  кезде  үкіметтік  емес  ұйымдар  жергілікті  маңызы  бар 
проблемаларды  бірлесе  шешу,  сұрақтарға  бірлесе  жауап  іздеу  үшін  жергілікті 
қауымдастықты  біріктіріп,  тұрғындардың  қажеттіліктерін  бағалай  білуге  қабілетті 
үйлестіруші  күшке  айнала  алар  еді.  Әсіресе,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  төтенше 
жағдайлар,  апатты  оқиғалар  кезіндегі,  жергілікті  деңгейдегі  әлеуметтік 
шиеленістерді  тиімді  шешудегі  қызметінің  маңызды  екеніне  барынша  мән  беруге 
тиіспіз. 
Осы  орайда,  мемлекеттік  органдар  тарапынан  да,  үкіметтік  емес  ұйымдар 
тарапынан  да  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  жүзеге  асырудың  түрлері  мен  әдіс-
тәсілдерін  анықтауға  деген  көзқарас  бірыңғай  болмай  отырғанын  атап  көрсеткіміз 
келеді.  Бүгінгі  күнге  дейін  еліміздің  әртүрлі  өңірлерінде  жергілікті  өзін-өзі 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
36 
басқаруды  дамытуға  байланысты  бір-біріне  ұқсамайтын  санқилы  тәжірибелер 
жинақталып, осы салада жұмыс жүргізудің алуан-алуан үлгілері жасалған. 
Жоғарыда  біз  сілтеме  жасаған  Тұжырымдамада  осы  тәжірибелер  мен  жұмыс 
үлгілерінің барлығын бірдей қамтуға мүмкіндік болмағаны да шындық.  Сондықтан 
да  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту  саласында  билік  орындары  жариялап, 
ұсынған  бағыт-бағдарлар  мен  азаматтарды  аумақтарды  басқаруға  қатыстырудың 
әралуан  түрлерін  пайдаланып  көру  жөніндегі  жинақталған  оң  тәжірибелердің  бір-
бірімен  үйлеспей,  алшақ  жатуының  себебін  осындай  жүйесіздікпен  түсіндіре 
аламыз.  Ендеше,  бұл  бағыттағы  бағдарламалық  құжаттарды  әлі  де  жетілдіріп, 
пысықтай түсуіміз керек. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  қызметіндегі  бірізділік  пен 
сабақтастық  мәселесі  де  ерекше  көңіл  бөлуді  қажет  етеді.  Сол  секілді  саналуан 
деңгейлердегі  өзін-өзі  басқару,  мысалы:  мектептегі  өзін-өзі  басқару,  студенттердің 
өзін-өзі  басқаруы,  оның  заңды  жалғасы  ретінде,  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
жүйелерін дамыту күн тәртібінен түспеуге тиісті маңызды мәселе екенін ұмытпауға 
тиіспіз.  Тұрғындардың  азаматтық  белсенді  ұстанымдарын  мектеп  жасынан  бастап 
қалыптастыру  арқылы  кейбір  жерлестеріміздің  бойындағы  қоғамда  болып  жатқан 
жағдайларға деген немқұрайдылықты жеңе аламыз. 
Осыған  дейін  атап  көрсеткеніміздей,  «жоғары  жақта»  отырған,  жеке 
бастарының  қамын  ғана  ойлаған,  қолында  билігі  бар  кейбір  ықпалды  тұлғалардың 
«қалауымен»  уақытша  құрылған  «бір  күндік»  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қатары 
азаюдың  орнына,  керісінше,  арта  түсуі,  әлеуметтік  маңызы  бар  өзекті  мәселелерді 
шешуге  кері  ықпалын  тигізуі  жергілікті  өзін-өзі  басқару  ісін  дамытуға  да  кедергі 
жасап  жатыр.  Сырттай  қарағанда,  жұмыс  жүргізіліп  жатқандай  алдамшы  әсер 
туғызғанымен,  мұндай  жасанды  «ұйымдар»  бөлінген  қаржыны  өздерінің  жеке 
пиғылдары  үшін  ғана  пайдаланып,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін  тоқырауға 
ұшырату үстінде. 
Жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді түрде одан әрі дамыту үшін Қазақстандағы 
аумақтық  қоғамдық  өзін-өзі  басқару  қызметін  заңнамалық  тұрғыдан  бекіту  туралы 
мәселені қарастыруға да болар еді. Өйткені бұл жүйе жергілікті өзін-өзі басқарудың 
негізін  құрайтын  бірліктердің  бірінен  саналады  және  тұрғындардың  аумақтарды 
басқару үдерісіне қатысу белсенділігін арттырудың құралы болып табылады. 
Жоғарыда  баяндалған  мәселелерге  талдау  жасау  негізінде  «Қазақстандағы 
үкіметтік  емес  ұйымдарды  дамыту  жөніндегі  Ұлттық  іс-қимыл  жоспарының» 
жобасында  2014-2020  жылдар  аралығында  үкіметтік  емес  ұйымдардың  жергілікті 
өзін-өзі  басқару  үдерісіне  қатысу  тиімділігін  жетілдіруге  бағытталған  бірқатар  іс-
шаралар өткізу жоспарланған: 
-  Қалалық  және  аудандық  үкіметтік  емес  ұйымдарды  консультативтік-кеңес 
беру  органдарының  құрамына  енгізе  отырып,  оларды  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
дамыту мәселелері бойынша өзара пікір алмасу алаңдарына қатысуға шақыру
-  Сарапшы  үкіметтік  емес  ұйымдарды  билік  орындарының  өкілеттіліктерін 
одан  әрі  ажырату  және  олардың  кейбір  қызметтерін  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдарына беру мәселесі бойынша жұмыс тобының құрамына енгізу; 

Үкіметтік 
емес 
ұйымдардың 
белсене 
қатысуымен 
«Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Заң  жобасын 
жасап, қабылдау және ауылдық округ деңгейінде заңды өкілетті орган құру; 
-  Ішкі  және  жастар  саясаты  істері  бойынша  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс 
конкурстарындағы  азаматтық  бастамаларды  дамыту  бойынша  тақырыптардың 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
37 
тізімін облыстық деңгейде (10%-дан кем емес), қалалық және аудандық деңгейлерде 
(50%-дан кем емес) кеңейту; 
-  Үкіметтік  емес  ұйымдарды  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  жүзеге  асырудың 
ұстанымдары  мен  жүйелерін,  азаматтардың  аумақтарды  басқаруға  қатысу 
мүмкіндіктерін 
түсіндіру 
бойынша 
жергілікті 
деңгейлердегі 
ақпараттық 
науқандарды өткізуге қатыстыру
-  Азаматтарды  аумақтарды  дамытуға  қатыстыруды  жүзеге  асырудың  үздік 
тәжірибелері мен үлгілерін жүйелі түрде жинақтау, сипаттау және тарату; 
-  Үкіметтік  емес  ұйымдармен  бірлесе  отырып,  өңірлерде  (облыстық,  қалалық 
және  аудандық,  ауылдық  деңгейлерде)  тұрғындардың  әртүрлі  топтарының 
қатысуымен  халықтың  қажеттіліктеріне  баға  беру  іс-шараларын  тұрақты  түрде 
өткізу; 
-  Үкіметтік  емес  ұйымдардың  ауылдық,  аудандық  маңызы  бар  кенттік  және 
қалалық  округтердің  әкімдерін  сайлауға  өңірлердегі  қоғамдық  бақылау  жүргізуінің 
нақты  жүйелерін  жасау  және  енгізу  (ақпаратқа,  мәслихаттар  жиналыстарына 
қатысуға қол жетімділік, арыз-шағымдар, сұраулар, теріске шығару хаттарын жіберу 
тәртібі); 
-  Үкіметтік  емес  ұйымдардың  тәжірибелі  жетекшілерін  қайта  даярлау  және 
біліктілікті  арттыру  бағдарламалары  шеңберінде  азаматтық  белсенділікті  дамыту, 
жергілікті өзін-өзі басқару үлгілерін іс жүзіне енгізу мәселелері бойынша лекциялар 
мен  тренингтер  жүргізуші  ретінде  мемлекеттік  және  жергілікті  қызметшілерді 
оқытуға қатыстыру; 
-  Үкіметтік  емес  ұйымдармен  бірлесе  отырып,  мемлекеттік  әлеуметтік 
тапсырыс  қаражатымен  ауылдар  мен  қалаларда  азаматтық  белсенділерді,  қоғамдық 
пікір  жетекшілерін  тұрғындарды  жұмылдыру  технологияларына,  азаматтық 
бастамаларды  басқаруға  үйрету  бойынша  оқу  курстары  мен  мектептерін  тұрақты 
түрде өткізу; 
- «Үкіметтік емес ұйымдардың төтенше жағдайлардағы маңызы» атты тақырып 
бойынша  кең  ауқымды  талқылау  ұйымдастыру,  жұмыстың  іс  жүзіндегі  жүйелерін, 
түрлері мен әдістерін жасау; 
-  Мемлекеттік  қызметшілер  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың  жетекшілерін 
жергілікті  жерлердегі  тұрғындарды  жұмылдыру,  әлеуметтік  шиеленістерді  реттеу 
технологияларына жүйелі түрде оқыту; 
-  Үкіметтік  емес  ұйымдарды  өңірлерді  дамыту  бағдарламаларына  оларды 
жасау,  жүзеге  асыру,  мониторинг  жүргізу  және  бағалау  кезеңдеріне  қатыстыру 
бойынша іс-шаралар өткізу; 
-  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  саласы  бойында  ғылыми-тәжірибелік  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізу,  әдістемелік  әдебиеттер  дайындау,  жергілікті  өзін-өзі 
басқарудың  өзекті  мәселелері  бойынша  конференциялар  өткізу,  жергілікті  өзін-өзі 
басқару органдары арасында тәжірибе алмасу жүйесін құру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет