Үшінші бағыт – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың салалық
ынтымақтастығын кеңейту. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның үкіметтік емес
ұйымдарының қызметі мен маңызы нығайтылып, әсіресе, әлеуметтік салалардағы
мемлекеттік органдардың қызметтік міндеттері бірте-бірте соларға берілуі тиіс.
Бүгінде еліміздің үкіметтік емес ұйымдары жастар саясаты, білім, денсаулық сақтау
және салауатты өмір салтын қалыптастыру, экология және қоршаған ортаны қорғау,
құқық қорғау және заңгерлік көмек беру, қарт адамдармен және мүгедектермен
жұмыс істеу, гендерлік саясат, мәдениетті дамыту және осы секілді көптеген
салаларда өз жұмыстарын жүргізіп жатыр.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
38
Көптеген үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырып жатқан әртүрлі бағыттардағы
әлеуметтік маңызды жобалардың ресурстық көздері негізінен халықаралық
қорлардың гранттары, жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмектері
немесе мемлекет қаржысы болып табылады. Осы орайда, қаржыландыру деңгейінің
арасалмақтық қатынасы әрқалай екеніне назар аударғымыз келеді.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды қызметін қаржыландыру –
бүкіл әлемде жеткілікті түрде таралған тәжірибе болып табылады. Қазақстан
Республикасы бюджетінен үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 2003 жылдан
бастап 2003-2005 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау
бағдарламасының қабылдануымен қолға алынды.
Бүгінде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың салалық ынтымақтастығын
орнықтырудың негізгі қаржылай құралы республикалық деңгейде де, жергілікті
деңгейде де, ол – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа негізделген. Үкіметтік емес
ұйымдарды қаржыландыру «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі
қызметтердің ақысын төлеу» бюджеттік жүйесі бойынша жүргізіледі.
Әртүрлі салалардағы әлеуметтік тапсырыстарды және олардың орындалуын
қадағалап, мониторинг жүргізіп отыру үшін әдістемелік және талдау жұмыстары
жүргізіліп отырады, бұл істі жүзеге асыратын өкілетті орган ретінде Қазақстан
Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұрынғы Мәдениет және
ақпарат министрлігі) белгіленген.
2012 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты
республикалық деңгейде Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Ішкі істер,
Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Қоршаған ортаны
қорғау, Ауыл шаруашылығы министрліктері, сонымен қатар Спорт және дене
тәрбиесі, Дін істері агенттіктері атқарып келді. Ал жергілікті жерлердегі үкіметтік
емес ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын әлеуметтік бағдарламалар мен
жобаларды облыстық және аудандық әкімдіктер жанындағы ішкі саясат, денсаулық
сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру,
табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, тілдерді дамыту, дене
тәрбиесі және спорт басқармалары мен аудандық және қалалық ішкі саясат
бөлімдері жүзеге асырады.
2005 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс туралы» Заңы мемлекет пен үкіметтік емес сектордың арасындағы іс-
қимыл тарихының жаңа беттерін ашты. Бұл Заң мемлекет пен үкіметтік емес
ұйымдар серіктестігінің негізіне айналды. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттен
үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 11 млн. теңгені құрап, 2012 жылы аталған
көрсеткіш 4,7 млрд. теңгеге дейін жетті.
Жоғарыда айтқанымыздай, еліміз мемлекетт к органдарының және үк метт к
емес ұйымдарының мемлекетт к әлеуметт к тапсырысты жүзеге асыруы барысында
туындайтын қоғамдық қатынастарды «Мемлекетт к әлеуметт к тапсырыс туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәу рдег №36 Заңы реттейд .
Осы Заңның 1-ші бабының 2) тармағы бойынша мемлекетт к әлеуметт к
тапсырыс – мемлекетт к әлеуметт к тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу
арқылы бюджет қаражаты есеб нен қамтамасыз ет лген республикалық, салалық
және өң рл к деңгейлердег әлеуметт к м ндеттерд шешуге бағытталған әлеуметт к
бағдарламаларды, әлеуметт к жобаларды ске асырудың нысаны болып табылады.
Сол сияқты Заңның 5) тармағына сәйкес мемлекетт к әлеуметт к тапсырыстың өн м
беруш с – мемлекетт к әлеуметт к тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт
бойынша әлеуметт к бағдарламаларды, әлеуметт к жобаларды ске асыратын
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
39
үк метт к емес ұйым; ал 6) тармақ бойынша тапсырыс беруш – республикалық және
жерг л кт бюджетт к бағдарламалардың әк мш лер деп белгіленген.
«Мемлекетт к әлеуметт к тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005
жылғы 12 сәу рдег №36 Заңының «Мемлекетт к әлеуметт к тапсырысты ске асыру
салалары» атты 5-ші бабында сүйенсек, мемлекетт к әлеуметт к тапсырысты ске
асыру мынадай бағыттар:
1) б л м беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы
мақсаттарға қол жетк зу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өм р салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) гендерл к проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметт к тұрғыдан осал топтарын қолдау;
8) жет м балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға
көмек көрсету;
9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделер н қорғау;
11) мәдениет пен өнерд дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
13) қоғамдық кел с мд және ұлттық б рл кт нығайту;
13-1) өздер н ң есеб нде тұрған адамдарға әлеуметт к-құқықтық көмек көрсету
кез нде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызмет не жәрдемдесу;
13-2) мемлекетт к қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүрг зу;
13-3) әлеуметт к бей мс зд кке және әлеуметт к депривацияға әкеп соққан
қатыгезд кпен қарау салдарынан өм рл к қиын жағдайда жүрген адамға (отбасыға)
көмек көрсету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейт н өзге де
әлеуметт к маңызы бар бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Қаржыландырудың жүйелі түрде өсуіне 2005 жылы «Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс туралы» заңының қабылдануы септігін тигізіп, соның негізінде үкіметтік
емес ұйымдардың қызметін қолдауға бағытталған бюджеттік қаражат көлемі
ұлғайды. 2005 жылы бөлінген бюджеттік қаражаттың мөлшері 112 млн. теңгені
құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 427 есеге өсті. Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс көлемінің артуы тұрақты түрде еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың
әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Атап өту керек, 2008-2009 жылдардағы дағдарыс жағдайында да мемлекет өзінің
міндеттемелерінен бас тартпай, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін
қаражат көлемін төмендеткен жоқ.
Егер 2003 жылы жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін
қаржыландыруға 300 мың теңге, республикалық бюджеттен 10,7 млн. теңге бөлінген
болса, 2005 жылдан бастап қаржыландыру көлемі бірдей тең деңгейде жүзеге
асырылып келеді.
2003 жылы жергілікті деңгейде үкіметтік емес ұйымдар арасында маңызды
әлеуметтік жобалар конкурсына қаржы көлемі Қостанай облысынан – 300 мың теңге,
ал республикалық деңгейде Мәдениет және ақпарат министрлігінен – 10,7 млн. теңге
бөлінген. Бастапқыда республикалық деңгейден бөлінген қаражат көлемі жергілікті
бюджеттегіден асып тұрса, ал 2012 жылға қарай қаржыландыру көлемінің
теңелгендігін аңғаруға болады. Бұл жағдайды екі негізгі фактормен түсіндіруге
болады: республикалық деңгейде салалық мемлекеттік тапсырыстың дамуына;
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
40
жергілікті деңгейдегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат көлемін
өсірудің қажеттілігіне деген кейбір аймақтық билік өкілдерінің кертартпа
көзқарастарына байланысты болып отыр.
Бұл жерде ескере кететін жайт, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың
қаржылық көлемінің өсуімен қатар оны орындауды бағалау жүйесін әзірлеудің
маңыздылығы мен өзектілігі күн санап артып келеді. 2007 жылдан бастап
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау және мониторинг жасау жүйесін әзірлеу
жұмыстары басталды.
Егер 2003 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты республикалық
бюджеттен қаржыландыру 10,7 млн. теңгені құраса, 2012 жылы аталған көрсеткіш
2,3 млрд. теңгеге жетті. 10 жылдың ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемінің 215
есеге дейін өсуі мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік саясатты іске
асырудағы сенімді серіктестігі ретінде танығанын тағы да дәлелдей түсті.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемінің республикалық деңгейде күрт өсуі 2008
жылы 926 419 млн. теңге бөлінген уақытта байқалды, 2008 жылы шығындар көлемі
де екі есеге артты. Әрине, дағдарыс кезінде де мемлекеттің үкіметтік емес секторды
қолдауға барынша күш салғанын айтып өтуіміз қажет.
Жоғарыда атап көрсетілген бағыттар бойынша орталық және жергілікті
мемлекеттік органдар тарапынан 2012 жылы 1400 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру
жоспарланған болатын. 2012 жылдың 25 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша
орталық мемлекеттік органдар 157 үкіметтік емес ұйымды қатыстыра отырып 207
әлеуметтік жобаны, ал жергілікті атқару органдары 725 үкіметтік емес ұйымды
қатыстыра отырып 1217 әлеуметтік жобаны жүзеге асырған.
Сондай-ақ, салалар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың
орналастырылу және орындалу барысына жасалған мониторингтік талдау нәтижесі
бойынша 2012 жылдың 25 желтоқсанына дейін жастар саясаты мен балалар
бастамаларын қолдау саласында – 326 жоба (26,7%), қоғамдық кел с мд және
ұлттық б рл кт нығайту саласында – 160 жоба (13,1%); азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын, заңды мүдделер н қорғау саласында – 99 жоба (8,1%); азаматтардың
денсаулығын сақтау, салауатты өм р салтын насихаттау саласында – 87 жоба (7,1%);
гендерл к проблемаларды шешу саласында – 78 жоба (6,4%); халықтың әлеуметт к
тұрғыдан осал топтарын қолдау саласында – 76 жоба (6,2%); б л м беру және ғылым
салаларында – 56 жоба (4,6%); мемлекеттік тілді дамыту саласында – 36 жоба
(2,9%); мәдениет пен өнерд дамыту саласында – 35 жоба (2,8%); қоршаған ортаны
қорғау саласында – 33 жоба (2,68%); тарихи-мәдени мұраны қорғау саласында – 23
жоба (1,8%); дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жетк зу
саласында – 20 жоба (1,6%); азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу
саласында – 18 жоба (1,4%); демография проблемаларын шешу саласында – 10 жоба
(0,8%); Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейт н өзге де
әлеуметт к маңызы бар бағыттар бойынша – 97 жоба (7,9%) жүзеге асырылған.
Тұтас алғанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында
2012 жылы республикалық бюджеттен 2 302 530,0 мың теңге, ал жергілікті
бюджеттен 2 240 309,5 мың теңге бөлінген.
Республикалық және жергілікті бюджеттер мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қаржыландырудың көзі болып табылады. Республикалық деңгейде
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты көбіне республикалық деңгейдегі іс-
шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін, ал жергілікті деңгейде әрбір облыс пен
аймақтың деңгейінде іске асырылатын іс-шараларға бөлінеді. Сонымен қатар,
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үкіметтік емес ұйымдардың республикалық
деңгейдегі маңызды әлеуметтік тапсырыс байқауларына қатысуына шектеу қоя
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
41
алмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, республика деңгейіндегі мемлекеттік
әлеуметтік тапсырысты еліміздің барлық аймақтарының үкіметтік емес ұйымдары
іске асырады.
Жалпы алғанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға республикалық
бюджеттен бөлінген қаражаттың көлемі 56%-ды, ал жергілікті деңгейде 44%-ды
көрсетіп, республикалық және жергілікті деңгейдегі қаржыландыру көздері тең
дәрежеде болғанын айқындап отыр.
2003-2011 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жалпы көлемі 8738
783 теңгені құрап, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қаражат бөлетін
орталық мемлекеттік органдардың саны да өсті. 2003-2005 жылдары республикалық
деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тек қана Мәдениет және ақпарат
министрлігі іске асырған болса, қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 10
орталық мемлекеттік орган, яғни 8 министрлік және 2 агенттік іске асыруда.
2009 жылдан республикалық бюджеттен Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің үкіметтік емес
ұйымдармен конкурстық негізде өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін беретін
арнайы бағдарламалар қарастырыла бастады. 2012 жылы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан тұрмысы төмен тұрғындарды әлеуметтік
жағынан қолдау мақсатында «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» бағдарламасы
бойынша облыстар мен Астана, Алматы қалаларының бюджетіне 457 315 мың теңге
қаражат бөлінді.
Сонымен бірге 2012 жылы Денсаулық сақтау министрлігіне салауатты өмір
салтына қол жеткізу және әлеуметтік кеселдердің алдын алу үшін өңірлерде жалпы
құны 162 016,0 мың теңге болатын 117 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін
арнайы қаражат бөлу қарастырылды.
2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі бөлігі елімізді
дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясында және Қазақстан Республикасы
Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында айқындалған
мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге
бағытталды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орналастыру жағдайына жасалған
талдау жұмыстары көрсеткеніндей, кейінгі үш жылда мемлекеттік органдар 650
әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырған. Оның ішінде 2010-2011
жылдары – 207 жоба, 2012 жылы – 207 жоба орындалған. Бұған қоса, жергілікті
атқару органдары 3000 әлеуметтік жоба мен бағдарламаны, оның ішінде 2010 жылы
– 800-ден астам, 2011 жылы – 1000-нан астам, ал 2012 жылы – 1217 жобаны жүзеге
асырған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мақсатты трансферттер
арқылы Денсаулық сақтау министрлігі 2010-2012 жылдары еліміздің барлық
өңірлерінде 300-ден астам әлеуметтік жобаның, ал Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі тұрмысы төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуге
арналған мақсатты трансферттер арқылы 200-ден астам әлеуметтік жобаның
атқарылуын қамтамасыз еткен.
Азаматтық қоғам құрылымдарымен ынтымақтастық саласындағы Денсаулық
сақтау министрлігінің жүргізген жұмысы да назар аударуға тұрарлықтай дәрежеде.
Мысалы, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
жанындағы Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңес
тұрғындардың денсаулықтарын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдар
арасында 2013 жылға арналған әлеуметтік жобалар конкурсын жариялады. Бұл
конкурсты денсаулық сақтау саласындағы 2013 жылдың мемлекеттік әлеуметтік
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
42
тапсырысы шеңберіндегі әлеуметтік маңызды жобалардың тақырыптарын алдын-ала
анықтап алуға, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық денсаулықты нығайту ісіне
кеңірек тартуға бағытталған әлеуметтік-имидждік маңызды іс-шара деп бағалауға
болады. Жергілікті жерлердегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі
мұндай жұмыстар негізінен салауатты өмір салтын насихаттауға арналғанын атап
өту керек. Тиісті қаражатпен қамтамасыз етілген жобалардың арасында халыққа
медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға арналғандары азырақ.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі де өз қызметінің әртүрлі
бағыттары бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас жүргізіп
келеді. Аталған министрліктің тапсырысы бойынша 2009 жылдан бастап адам
саудасы мәселелері бойынша 4 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылған. Бұл
жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2010-2011 жылдарға әр
жылға – 14 000 000 теңгеден, үш жылға барлығы 28 000 000 теңге қаржы бөлінген.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2011-2012 жылдарға арналып
орналастырылу нәтижелеріне талдау жасаудың нәтижесі бойынша білім және
ғылым, денсаулық сақтау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау,
халықтың әлеуметт к тұрғыдан осал топтарын қолдау, қоғамдық кел с мд және
ұлттық б рл кт нығайту, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы әлеуметтік
жобалар мен бағдарламалар қатарының өсе түскенін байқауға болады.
Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына
арналған Жолдауында айтылған басымдықтарға сәйкес барлық деңгейлердегі
мемлекеттік
органдарға
әлеуметтік
жобаларға
мемлекеттік
әлеуметтік
тапсырыстарды орналастыруға арналған конкурстар тақырыптарын айқындау
кезінде:
- әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту және әлеуметтік міндеттерді шешу
ісіне бизнес-құрылымдарды тарту;
- мемлекеттік органдардың өздері басқарып отырған салаларында жүргізіліп
жатқан жұмыстар туралы ақпараттарға тұрғындардың қолжетімділігін кеңейту және
қоғамдық бақылау құрылымдарының қызметін ынталандыру, оның ішінде тиісті
салалар мен өңірлердің өзекті мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар, сарапшы
кеңестері мен клубтарының мәжілістерін ұйымдастыру; тиісті салалар мен
өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша жария
тыңдаулар, мемлекеттік органдар басшыларының қоғам алдындағы есептерін
ұйымдастыру ұсынылған болатын.
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жоғарыдағы
ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылғаны анық.
Алайда, «Мемлекетт к әлеуметт к тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының
2005 жылғы 12 сәу рдег №36 Заңының қабылданғанына 9 жылдан астам уақыт өтсе
де, бұл салада шешімін әлі де таба қоймаған түйткілді жайттар жоқ емес. Өйткені
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салалары арта түскенімен, Заңда көрсетілген
бағыттардың барлығы бірдей орындалып жатыр деп айту қиын. Мұның себебін
тиісті мемлекеттік органдардың немқұрайдылығынан ғана емес, сонымен бірге
үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің де енжарлықтарынан іздеу қажет.
Біріншіден, бүгінде салалық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстағы сұраныс
пен ұсыныс арасында көп жағдайда тепе-теңдік жоқ. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік
органдар тарапынан ұсынылатын әлеуметтік жобалардың тақырыптары үкіметтік
емес ұйымдар, оның ішінде жалпы қоғам үшін онша пайдалы және қызықты
болмағандықтан, қолдау таба қоймайды, олардың басым көпшілігі бойынша жобалар
жасалмайды және конкурстарға ұсынылмайды.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
43
Елбасымыз мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-
қатынас орнатып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі бойынша екі жақты
жұмыс істеу қажеттігі жөнінде тапсырма беріп, оның орындалуын тұрақты түрде
қадағалап отырғаны белгілі. Сол бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер
қабылданған. Соған қарамастан, салалық министрліктер мен олардың аумақтық
бөлімшелері үкіметтік емес ұйымдармен тікелей жұмыс істеп, олардың ұсыныстары
мен тақырыптарын жинақтап, қорытып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа енгізуге
келгенде, жеделдік пен жүйелілік таныта алмай отыр.
Еліміздегі азаматтық қоғам өкілдерінің арасында негізінен қоғамдық-саяси
салада, атап айтқанда, әртүрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-насихат
жұмыстарын жүргізумен, азаматтық бастамаларды дамытумен, отансүйгіштік пен
азаматтықты қалыптастырумен, гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етумен
шұғылданатын үкіметтік емес ұйымдардың үлес салмағы басым.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қоршаған ортаны қорғауды басты мақсат
еткен экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар қатары көп болатын, ал қазіргі
кезде олардың саны мүлдем азайып кетті. Халықтың әлеуметт к тұрғыдан осал
топтарына қолдау көрсететін, оларға денсаулық сақтау, білім беру және т.б. бағыттар
бойынша сапалы кәсіби қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың қызметі де
жеткілікті дәрежеде дамымай отыр. Кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секілді салаларда жұмыс істейтін үкіметтік
емес ұйымдар да саусақпен санарлықтай ғана. Бұл – әртүрлі салалардағы
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша ұсыныстарды қоғамның нақты
қажеттіліктеріне қарай алдын-ала зерттеп алып, тиісті қаржылай бюджеттік талдау
жасалған соң ғана конкурстар тізіміне енгізу қажеттігі ескерілмеуінің, осы істегі
елеулі кемшіліктердің салдары. Мысалы, білім беру саласындағы мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс көлемі өте аз немесе мүлдем жоқ болғандықтан, осы бағытта
кәсіби түрде маманданған және жемісті жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес
ұйымдардың саны да тиісінше көбеймей отыр.
Екіншіден, салалық министрліктер мен ведомстволар, олардың өңірлік
бөлімшелері өздерінің салалары мен аймақтарындағы үкіметтік емес ұйымдар
туралы айқын ақпарат жинап отырмайды, тіпті сол бағытта жұмыс істеп жатқан
үкіметтік емес ұйымдарының ерекшеліктері туралы хабарлары да, олармен
ынтымақтаса жұмыс істеу жөнінде тәжірибелері де жоқ деуге болады. Соның
салдарынан мемлекеттік органдардың көпшілігі үкіметтік емес ұйымдармен бірге
жұмыс істеудің пайдалы екенін білмейді және түсінбейді, олар салалық мемлекеттік
әлеуметтік тапсырысты дамытуға мүдделі де емес.
Өздеріне қатысты ресми орындардың осындай немқұрайды көзқарасының
қалыптасуына үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің енжарлықтары да себеп болып
отыр. Олардың басым көпшілігі салалық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың
тақырыптары мен қаржылай көлемін қалыптастырып, дамыту үшін белсенділік
көрсетпейді, жанды жұмыс істемейді, өздерінің шеберліктері мен кәсіби
мүмкіндіктерін танытпайды.
Үшіншіден, көптеген мемлекеттік органдар, әсіресе, білім, денсаулық сақтау,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларындағы ресми орындардың
тарапынан осы саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби
біліктіліктері мен шеберліктеріне деген сенімсіздік дейгейі өте жоғары. Жоғарыда
айтып өткеніміздей, бұл өзара ынтымақтаса қызмет істеу тәжірибесінің жеткіліксіз
екендігіне, үкіметтік емес ұйымдар арасында белгілі бір салаға маманданып, нақты
сол бағытта жұмысты жемісті жүргізуге машықтану шеберлігінің аздығына да
байланысты.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
44
Оның үстіне, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қызығушылық тудырмайтын,
олардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап бере алмайтын тақырыптар
бойынша өткізілетін кейбір министрліктер мен басқа да ресми құрылымдардың
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстарының қоғамға да, қарапайым
халыққа да, тұтас алғанда, үкіметтік емес ұйымдардың мақсатты топтарына да
пайдасы шамалы екенін ерекше атап көрсеткіміз келеді.
Көптеген мемлекеттік құрылым қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдарды
халыққа сапалы қызмет көрсету нарығындағы өздерінің бәсекелестеріне айналуы
мүмкін деп күдіктенетінін, соның салдарынан мемлекеттік органдар өздерінің халық
арасындағы белгілі бір дәрежедегі ықпалдары мен жұмыс көлемін жоғалтып аламыз
ба деп қауіптенетінін де жасыра алмаймыз. Кейбір мемлекеттік органдар үкіметтік
емес ұйымдардың осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетілетін
мемлекеттік қызметтерді одан әрі жақсарта түсу жөніндегі нақты ұсыныстарына
жеткілікті түрде назар аудармайтынын, тіпті көп жағдайда оған әдейі мән
бермейтінін, көздеріне де ілгілері келмейтінін тек қана осындай себептермен
түсіндіруге болады.
Жоғарыда баяндалған жайттар барлық салалардағы мемлекеттік органдар мен
үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесін жақсартып, оны
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы оң бағытта дамытуға барынша
мүдделі және маңызды кешенді көзқарас қажет екенін дәлелдейді.
Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес
ұйымдардың арасындағы, оның ішінде білгілі бір салалардағы қарым-қатынастар
мен ынтымақтастықты дамыту мәселелерінің кешенді түрде шешілуінің нақты
мысалдары жеткілікті. Осы мақсатта азаматтық қоғаммен жұмыс істеу және
қаржылай көмек беру бойынша арнайы дербес жұмыс органдары да құрылған.
Атап айтсақ, Албания Республикасы Конституциясының 78-ші және 83-ші
баптары негізінде және Министрлер кеңесінің ұсынысы бойынша «Азаматтық
қоғамға қолдау көрсету Агенттігін құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы»
арнайы Заң қабылданған. Бұл мемлекетте, атауы өзі-ақ айтып тұрғанындай, аталған
Агенттік азаматтық қоғамға қолдау көрсету қызметімен айналысады және орталық
бюджеттік мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің негізгі атқаратын қызметі – азаматтық қоғамды тұрақты және
орнықты түрде дамытуға ықпал ету және қоғамның пайдасы мен мүддесіне
бағытталған азаматтық бастамалар үшін қолайлы жағдай жасау. Агенттік өзінің осы
қызметін жүзеге асыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдардың жұмысын
ынталандыратын және олардың тұрақты дамуын нығайтатын, сектораралық және
халықаралық ынтымақтастықты, азаматтық бастамаларды, қайырымдылық және
волонтерлік қызметті, қоғамның демократиялық құрылымдарын дамытатын
бағдарламаларға және өзінің басты мақсатына сай келетін басқа да жобаларға
қаржылай көмек көрсетіп отырады. Өзінің қызметі барысында Агенттік үкіметтің
азаматтық қоғамды дамыту ісіндегі стратегиялық басымдылықтарын басшылыққа
алады. Агенттікті қаржыландырудың басты көздері: мемлекеттік бюджеттен
қаржыландыру, өзінің дербес табыстары мен өзге де заңды қайырымдылықтар,
сонымен бірге заңмен белгіленген басқа да табыс түрлері болып табылады.
Ал Венгрияда азаматтық ұйымдардың қаржы көздері ашық, белгіленген
бюджеттік үдеріске негізделген және саясаттан тәуелсіз болуы үшін ел
Парламентінің бастамасымен «Ұлттық азаматтық қор» құрылған. Ұлттық азаматтық
қордың басты міндеті – жалпы мемлекеттік және жергілікті міндеттерді неғұрлым
тиімді жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғамды нығайту, азаматтық ұйымдарға
олардың қоғамдағы өз міндеттерін атқаруы үшін көмек беру, үкімет пен азаматтық
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
45
қоғам арасында әріптестік байланыстар мен еңбек бөлінісін дамытуға ықпал ету.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу және азаматтық қоғамның өзін-өзі
ұйымдастыруына қол ұшын беру үшін Парламент «Ұлттық азаматтық қор туралы»
Заң қабылдап, аталған қордың мақсаты, оны қаржыландыру көздері,
бенефициарлары, ұйымдық құрылымы мен басқа да ережелері белгіленіп берілген.
Жоғарыда келтірілген шетелдік тәжірибелерден алынған мысалдар біздің
елімізде пайдалану үшін толық көшіріп алуға келмейтіні түсінікті, әрине. Десек те,
айтылған халықаралық үлгілердің кейбір жақтары мен жүйелерін Қазақстандағы
үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін кешенді түрде
шешу тәртібін енгізу үшін пайдалануға болар еді.
Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың салалық ынтымақтастығын дамыту
мәселесін кешенді түрде шешу үшін елімізде үкіметтік емес ұйымдармен өзара
ынтымақтастық және оларға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі арнайы өкілетті
органды нақты айқындап, белгілеу қажеттілігі туындап отыр. Үкіметтік емес
ұйымдармен өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың жалпы стратегиясын жасауға
салалық министрліктер мен ведомостволарды тартып, қатыстыру, үкіметтік емес
ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсетудің қаржылай жүйесін енгізу және әртүрлі
салалардағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру барысына тиісінше
мониторингтік талдау жасау үшін бұл өкілетті органның өкілеттіліктері мен
қызметтік аясы барынша кеңейтілуі тиіс.
Елімізді дамытудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес мемлекет пен
азаматтық қоғамның осынау саласының ынтымақтастығын одан әрі дамыту
барысында олардың азаматтық қоғамның тұрақты дамуына, халықтың әртүрлі
топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін қоғамдық пайдалы
қызметіне қолдау көрсету үшін Үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың Ұлттық
қорын құру мүмкіндігін қарастыру қажет.
Жергілікті жерлерде үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату
бойынша жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлерде де Үкіметтік емес
ұйымдарды дамыту Қорларын құру керек. Үкіметтік емес ұйымдарға қаржылай
көмек көрсетудің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар, несиелендіру және
басқа да саналуан түрлері болуы мүмкін.
Дей тұрғанмен, Үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың Ұлттық қоры мен
өңірлердегі Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту қорларының құрылуы және сол
арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әртүрлі әлеуметтік маңызды жобаларына қолдау
көрсету – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы салалық конкурстар өткізуден
бас тарту деген сөз емес. Бұл тұрғыдағы салалық конкурстар үкіметтік емес
ұйымдардың белгілі бір салалардағы ұзақ мерзімді жобалары мен бағдарламаларына
қолдау көрсетуге, арнайы мамандандырылған зерттеулер, іс-шаралар және т.б.
өткізуге бағытталуы керек.
Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың салалық ынтымақтастығын одан әрі
дамыта түсу, қоғамдық құрылымдардың әлеуметтік негізін нығайту мақсатында
2014-2020 жылдар арасында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру:
- Өкілетті органның үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасын
кеңейтуге және нақтылауға және үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қызмет
көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер
енгізу;
- Үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың Ұлттық қоры мен өңірлердегі
Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту қорларын құру және олардың қызметтерін
қамтамасыз ету;
- Үкіметтік емес ұйымдарды анықтау жүйесін жасау, талқылау және енгізу;
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
46
- Салалық үкіметтік емес ұйымдар қызметі жетістіктерінің көрмелерін және
үкіметтік емес ұйымдардың идеялары мен жобаларының жәрмеңкелерін тұрақты
түрде өткізіп тұру;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаржысына әртүрлі салалардағы үкіметтік
емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүзеге асыру қорытындылары
бойынша бірыңғай Интернет қорын жасау және оны тұрақты түрде жаңартып отыру;
- Үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлу жүйесін жасау;
- Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша заңнамаларға талдау
жасау және оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге дайындық жүргізу;
- Салалық мемлекеттік органдар тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың
жоспарларын талқылау және әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсету
бойынша қоғамдық тыңдауларды тұрақты түрде өткізіп тұру;
- Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың арасындағы салалық
ынтымақтастықтың озық тәжірибелері бойынша конкурстарды тұрақты түрде өткізіп
тұру;
- Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың салалық ынтымақтастығын
кеңейту бойынша өлшемдер жүйесін жасау, аталған өлшемдерді орталық және
жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау жүйесіне
енгізу ұсынылып отыр.
Әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ә. Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам. Халыққа арналған
Жолдау. – 2000. – 24 қазан.
2 «Мемлекетт к әлеуметт к тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының 2005
жылғы 12 сәу рдег №36 Заңы.
3 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңы.
4 ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 25 ш лдедег №154
Жарлығымен бек т лген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың
2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
5 «Қоғамдық б рлест ктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31
мамырдағы №3 Заңы.
6 «Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жөніндегі Ұлттық іс-
қимыл жоспарының» жобасы.
7 ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуі саласындағы
нормативтік құқықтық актілер жобалары жинағы. – Астана, 2013.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
47
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ,
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ЖҰБАНАЗАРОВА Жанар Аюпнабиқызы,
ШАДИНА Гүлдәрі Қорқытбайқызы,
Бозой орта мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімдері,
Бозой ауылы, Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МӘҢГҮРТТІК ТАҚЫРЫБЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
Заманалар қатыгездігі. Сонау кеңестік қоғамның 60-жылдарында төл
әдебиетімізге батыл түрде жаңа да өзекті тақырып әкелген жас жазушы Әбіш
Кекілбаев болатын.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті
қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Кекілбаев «Күй» повесін жазып, жариялаған
кезде жасы небәрі 28-де еді. Повесть 1969 жылы «Баллады забытых лет» деген атпен
орысша жарияланып, Одақтық сында жоғары бағаланады.
Ә. Кекілбаевтың қаламдас досы, әрі оның шығармаларының орыс тілінде
аудармашысы, белгілі жазушы Герольд Бельгер жазушының өткен ғасырдың 80-
жылдардың аяғында жарық көрген романдары мен повестерінің таңдамалы екі
томдығының I томына жазған «Дала балладалары» атты алғысөзінде біз
қарастырғалы отырған повесть жайлы ойын: «Күй» повесін ежелгі тайпалар
арасындағы талас-тартыс, араздық туралы, қатыгездік пен надандық жайлаған
замандағы кейбір ұсқынсыз әдеп-ғұрыптар туралы жазылған шығарма дейміз. Ата-
бабадан мирас болып келе жатқан абырой-атақ, ар-намысты қайткенде аяққа
таптатпау, дұшпан сөзін бастан асырмау секілді ежелгі ұғымдарды арқаланған
батырлар мен дуалы ауыздардың барша өмірі ру намысын жыртудан аспаған
заманның кескінін көреміз», - деп нақтылы тұжырымдап танытқан.
Жазушы повесінде аңыз негізінде алып заманының өзекті шындығымен көркем
ұштастыра суреттеген «ұсқынсыз әдет-ғұрыптың» бірі – мәңгүрттік мәселесі
кеңестік заманда тыйым салынған жабық тақырыптардың бірі болатын. Мұндай
мәселеге ашық бару сол кездегі халықтар достығы, ынтымағы деген ұғымдарға да
қарама-қайшы еді. Басқасы басқа, қазақ әдебиеттінің білгірі әрі жанашыры Г.
Бельгердің өзі өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында жазған аталған мәнді
алғысөзінде бір қарағанда Ә. Кекілбаев шығармаларындағы бұл өткір проблеманы
елеусіз қалдырғандай көрінуі мүмкін. Алайда, сыншының повесті: «Ежелгі тайпалар
арасындағы талас-тартыс арыздық туралы, қатыгездік пен надандық жайлаған
замандағы кейбір ұсқынсыз әдет-ғұрыптар туралы жазылған шығарма», - деп
бағалауында астарлы мән бар. Бабаларымыздың, басқа халықтардың да бұрынғы
өмірінде тұрмыс-тіршілігінен туындаған түрлі ұсқынсыз әдет-ғұрыптар жетерлік
болған. Солардың ең сорақысы мен қатыгезі, жабайысы, әрине, мәңгүрттік мәселесі
болса керек.
Сонымен жазушы «Күй» повесінде өткен заманда Маңғыстау түбіндегі қатар
өмір сүрген қазақ пен түркімен тайпалары арасындағы бітіспес араздық, жаулық,
шапқыншылық жайын, бәріне де рулық намыс пен кек қайтаруды жоғары қойған
рубасшылары мен батырларының даңғойлығын, надандығын, замана қатыгездігін
танытатын адамзат баласына жат кейбір сорақы жантүршігерлік әдет-салттардың
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
48
көрінісін, себептерін ежелгі аңыз әңгімелерді ұтымды пайдалана отырып шынайы
танытқан.
Біз қарастыратын тақырыбымызға орай солардың ішінде мәңгүрттік аңызына,
оның қолданылу ерекшелігіне тоқталмақпыз.
Маңғыстаулық әдебиетші ғалым Ж. Дүйсенбаева көптен бері халық жазушысы
Ә. Кекілбаев шығармашылығын жан-жақты зерттеумен айналысып келеді.
Ғалымның «Ә. Кекілбаев прозасы» (1999), «Ә. Кекілбаев – суреткер» (2002), «Ә.
Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы» (2007) т.б. еңбектері бар.
Ғалым 1999 жылы халық жазушысы Ә. Кекілбаевпен оның шығармашылығы
туралы сұхбат жүргізген болатын. Сұхбатта «Күй» повесінің жазылу тарихы,
кейіпкерлер мен прототиптері, туынды сюжетіне арқау болған аңыздар, оларды
жазушының пайдалану ерекшеліктері т.б. мәселелер кеңінен сөз болған. Енді осы
сұхбатқа назар аударайық.
Ж. Дүйсенбаеваның: «Бар мәңгүрттіктің аңыздық дерегі бар ма?» – деген
сұрағына жазушы: «Мәңгүрттіктің аңыздық дерегі бар, ол – қазақ пен түркімен
арасындағы соғыста көп кездесетін жағдай. Ең соңғы рет еске түсетіні мынау – Әлім
елінде Достан деген ірі бай, әрі батыр кісі болған, ол өткен ғасырдың орта тұсында
дүниеден өткен», - дей келе, Достанның бала жігіт кезінде түркімендер мен
Әлімдердің арасындағы кезекті бір жаугершілікте қолға түсіп, бір түркімен қызының
шешесі қазақ көмегімен қашып құтылу жайын әңгімелеп береді. Достан – мәңгүрт
болудың мәңгілік азабы мен қорлығынан сәті түсіп құтылған санаулы жандардың
бірі. Бұл аңыз-әңгімені қаламгер халық жазушысы Ә. Нұрпейісовтен естігенін
айтады.
Әрине, мәңгүрттік аңызының автор айтқан бұдан басқа да негіздері мен дерек
көздері бар болуы мүмкін.
Ә. Кекілбаев повесті жазу барысында аңыздарды шығарма сюжетінде негіз
еткенімен, аңыздарды да, олардың негізіндегі тарихи оқиғаларды да өзінің
суреткерлік мақсаттарына сай мүлдем өзгертіп пайдаланған. Тағы бір ерекшелік
повесте мәңгүрттік қиянатының құрбандары батыр емес, ана сүті аузынан кеппеген
бейкүнә бозбалалар. Және бұлар аңыздағы Достан (бұл әрі тарихи-нақтылы адам)
секілді мұндай қорлықтан алдын-ала қашып құтылып кете алмай, мәңгүрттік
қамырын өмір бойына мойнына кигендер, құл санатындағы жандар.
Аталған сұхбатта ғалымның сұрағына орай жазушы кінәсіз бозбалаларды
түркімендер мәңгүртке айналдыру әрекетін өзінің қалай суреттегенін төмендегіше
әңгімелеген: «Сол сияқты әдебиеттерде шіре байлайды екен деп айтылғанмен, ол
қалай жасалады? Қалай болады?» - деген мәселені тағы көрсеткен ешкім жоқ. Мен
оны суреткерлік қиялым арқылы көз алдыма осылай елестеттім. Бірақ, қазақ
арасында айтады, түйенің терісін басқа ыссылай байлап қойса, біраз уақыттан кейін
шаш кері өсіп, миды тесіп, сол арқылы ми жарақаттанып, адам ақыл-естен айрылып,
мәңгүрт болып қалады екен. Ақ түйені сойып, оның терісін өңдеп, балалардың басын
ұстарамен қырып, оған қайтадан кепеш кигізіп, ол балалардың соншалықты зардап
шегіп жылауы, азаптануы менің қиялымнан туған, мен солай болу керек деп
елестеткендіктен, солай жазылған нәрсе».
Бұл әңгімеден біз жазушының өзі айтқандай, мәңгүрт жасау амалдарын қатыгез
заман келбетіне, ру, намысы, кек алу жолында қандай да бір секілді жауыздық
иелерінің психологиясына сәйкестендіріп, қиялымен шынайы суреттеп бергенін
білеміз. Осы ретте 16-17 жастағы алты қазақ жасөспірімінің мәңгілік мәңгүртке
айналуының азапты, жаншошырлық сәттерін көз алдымызға әкелетін жазушы
қиялынан туған мына сұмдық көріністерге көңіл аударайықшы: «Алты тұтқынды
қайтадан екі көртке бөліп мінгестірді. Ұлы дүрмен енді қайтадан ауылға бет алды.
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
49
Тұтқын балалардың көздеріне тер құйылады. Сүртейін десе, қол кісендеулі.
Бастарыда солқылдап алып барады...
Екі көрттің қара қайыс мойындарынан тер жылтырады. Тақымдары да удай
ашиды. Кенет тұтқын балалардың бірі артындағы тұтқынның кеудесіне екі шекесін
алма-кезек ұрғылап, шыңғырып жіберді. Ақ тайлақтың терісі күнге күйіп, тырысып
барады. Қаудырлап кеуіп жатқан түйенің көні бас сүйекті сытырлатып шаға түсті.
Қазір-ақ ұн қылып уатып жіберетіндей. Басқа тұтқындар да бебеулей бастады.
Алты тұтқын айдалада ауыз жаппай сарнап келеді.
Олар бір апта бойы осылай зар илеп, шыңғырды да жүреді. Сосын бастарына
шаш шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан бастың құйқасын тесіп кері
өсті. Алты тұтқын елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мәңгүртке айналды. Жүре-
жүре тілінен де айрылды.
Міне, бірін-бірі аяусыз құртуға, жоюға, кек алуға серт еткен екі тайпа ел
өшпенділігінің шарықтау шегі осы көріністер. Ең сорақысы әрі аяныштысы қазақ
пен түркімендер арасындағы мұндай бітіспес кикілжің, дау-дамайдың, өш алудың
басты құрбандары сол шапқыншылық пен озбырлықтың ортасында жүрген ру, тайпа
басшылары да, батырлары да емес, атыс-шабысқа еш қатысы жоқ бейкүнә
базбалалар мен бейбіт өнер адамдары екендігі! Әсіресе, түркімен тайпалары үшін
аңдысқан жауы – қазақтардан өш алудың, оны қорлау мен мұқатудың ең бір
қалыптасқан жантүршігерлік тәсілі, жою соғысы т.б. жағдайларда қолға түскен қазақ
бозбалаларынан мәңгүрт жасау екені, мұның астарында жазалаумен қатар ұлт
болашағын жою мақсатының да жатқандығы және бұл сұмдық жазаның күнделікті
қалыптасқан өмір заңдылығына айналғаны повесте: «Жаңағы қарайғандар тезек
теріп келе жатқан мәңгүрт қазақтар болып шықты», «Жөнейіт (түркімендердің ру
басшысы) былтыр бауырларының қандай күйге ұшырағанын Дүйімқара
(қазақтардың батыры) өз көзімен көрсін деп екі тұтқынды адай арасына апарып
тастады да, былайғы төртеуін осы ауылдың түйесін бағуға, тезегін теріп, суын тасуға
алып қалған-ды. Тезек теріп қайтқан мәңгүрт қазақтар ауылға келіп, ошақтың
басына қаптарын төгіп жатыр», - деген қысқа да нұсқа авторлық баяндаулар арқылы
жақсы аңғарылып тұр.
Жазушы күнәсіз бозбалаларды мәңгүрт ету, жалпы мәңгүрттік секілді адам
баласына, адамгершілікке жат қаскөй әрекеттердің төркіні шектен шыққан
қатыгездікте, рулық сана, жалған намыс, өш алу жолында «заңдастырылған» түрлі
ұнамсыз әдет-салттарда жатқанын осылайша боямасыз көркем кестелей отырып,
мұндай сорақы, жабайы құбылыстарды пәрменді түрде айыптайды.
Ә. Кекілбаев осы туындысында қазақ әдебиеті шеңберде ғана емес, сол кездегі
КСРО халықтары әдебиетінде бірінші болып мәңгүрттік мәселесін көреді. Повесть
өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында орыс тілінде де жарық көрді, орыс
сынынан оңды бағасын алды.
«Күй» повесі жарық көргеннен кейін он шақты жылдан соң 1981 жылы
Мәскеуге қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың орыс тілінде жазылған
«Боранды бекет» («Буранный полустанок») романы жарияланып, ондағы мәңгүрттік
мәселесі қалың оқырманның назарын бірден өзіне аударды, сында негізінен жағары
бағаланды. Алайда, бірсыпыра орыс әдебиетшілері (В. Бондаренко, т.б.): «Бұл Ә.
Кекілбаевтың көтерген мәселесі, сонда көтерілген мәңгүрттік мәселесі осында
қайталанады», - деп үлкен жазушыға сын айтқан жайы да бар. Осындай пікір
ұшқыны қазақ сыншы, әдебиетшілерінің (мысалы, А. Ісімақова) де мақалаларында
орын алғаны белгілі.
Жазушы Ш. Айтматов: «Құз басындағы аңшының зары» туындысында бұл
мәселеге қарасты: «Романның тақырыбы және ой-өзегін беріп тұрған «Шіре» атауы
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
50
«Манас» жырынан алынған. «Ғасырдан да ұзақ күн» романын жазарда мәңгүрт
тақырыбын үңіле зерттедім», - деп жазған.
Әрине, тілі, дәстүр-салт жақын, діні бір халықтар болғасын қазақ, қырғыз
халықтарының тағдырына үндес, сарындас мәселелер, тақырыптар болуы заңдылық.
Алайда, Ә. Кекілбаевтың бұл мәселені алғаш көтеруі, тарих сахнасында жауласқан
екі тайпа елдің мысалында мәселені тарихи шындық аясында шынайы бейнелеп
көрсетуі кейінгі қаламгерлерге пайдалы ой салғанына күмән жоқ. Бұл ретте мына бір
пікірге деп қойған орынды болмақшы: «Ал, Айматов өз кезегінде Кекілбаевтың
«Күй» повесінен мәңгүрттіктің жайына қанып, бұл терминді әлемдік көркемдік
айналымға түсірген. «Боранды бекет» романында оның әлеуметтік-философиялық
астарын қазып, жеріне жете әшкерелейді.
Ал енді адамдық ізгі мақсат пен арманды, жақсылықты, татулық-ынтымақтық,
тағы басқа да қасиетті ұғымдарды рулық, тайпалық сана таптап, жермен-жексен
еткен сол бір қатыгез дәуір шырайын шынайы танытқан «Күй» сынды туындының
кешегі – бүгінгі өмірімізбен байланыс-сабақтастығы бар ма, болса қандай деген
мәселеге келейік. Герольд Бельгердің аталған алғысөздегі: «Күй», «Ханша дария
хикаясы», «Шыңырау», «Бәсеке» атты повестерінде автор ежелгі аңыз-әңгімелерді
шебер пайдалана отырып, өткен күннің жарқын да қаhарлы бейнесін, моральдық
бейнесін жасайды, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін қозғайды», - деген пікіріне
назар аударайық. Сыншы бүгінгі күннің көкейкесті дегенде ол қандай мәселелер?
Олар, біздіңше, түрлі ұлттар арасындағы ынтымақтыққа, ұлт салт-дәстүрлер мен
тәрбиеге қатысты мәселелер. Кешегі кеңестік қоғамдағы және бүгінгі ұрпақтың
белгілі себептермен дәстүрден қол үзуі, тілінен, дінінен жарақтауы, ұлттық
санасының төмендегі – ащы шындық. Ата-баба дәстүрінен безу, ұлттық
құндылықтарды менсінбеу, ұлттық сана-сезімнің жетімсіздігі, бұл жайларды, бір
сөзбен айтқанда, рухани мәңгүрттік деуге әбден болады.
Ә. Кекілбаев суреттеген түркімендердің тұтқын қазақ балаларын күшпен,
зорлықпен қинап, мәңгүрт ету бұл сұмдық жаза әрі адамға жасалған ең зор, тендесі
жоқ қиянат, мақсаты – адамды ақыл есінен айыру арқылы тек ішіп-жеуді білетін,
тапсырылған жұмысты ғана орындайтын, адамдық тұлғасы ғана бар құлақ кесті құл
ету. Яғни бұл адамның өз еркінен, қалауынан тыс зорлық пен қиянатты мәңгілік
тұтқынына айналуы. Мұндай адам баласының табиғатына мүлдем жат, жабайы
жазаға барудың түп-төркіні ымырасыз дұшпандық, жалған намыс, надандық, рулық
сана, қалай да өш алу, жазалау секілді қатыгездіктер екені тайға таңба басқандай
бейнелеп, жазушы қоғамды адамзат баласын мұндай жабайылық дертінен
сақтандырады. Автордың туындысын «Күй» деп атауының өзі екі туысқан ел
арасындағы дұшпандық пен бақтастықты, адам баласын жадынан күшпен айырып
жазалауды, бұны туғызған әлеуметтік себептерді айыптап, адамзат баласының
бейбіт тілегі мен тіршілігін, ынтымақты достығын, адамның оның ерекше
жаратылыс, қайталанбас құбылыс екендігін әйгілеп, болмысын, рухын асқақтата
түсетін мәңгілік өнер құдыретін ұлықтап, жоғары қоятынын аңғартады.
Әрине, заман, қоғам сипатына, өзгерісіне орай мәңгүрттіктің Ә. Кекілбаев алыс
ғасырлар шындығынан алып суреттеген түрі де өзгерді. ХХ ғасырдағы кеңестік
қоғамда, одан бергі қазіргі қоғамдық өмірде кеңінен белең алған мәңгүрттіктің жаңа
түрі – рухани мәңгүрттік. Кеңестік қоғам идеялогиясында «аға» ұлттан басқа
халықтардың өткен замандарда тағылымды тарихы мен өркениеті, озық салт-
дәстүрлері болған емес деген біржақты идеяны мақсатты түрде үдете насихаттап
отырып, жас ұрпаққа орыс империясының көпғасырлық тарихын оқытып, орыс тілін
білуді талап етті, тарихи жадын қалыптастырмауға ұмтылып бақты. Бұл дегеніңіз,
№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
51
шындап келгенде, билеуші идеялогияның өзге ұлттарды тарихи тамырынан, тарихы
мен дінінен, ділі мен тілінен айыру тұрғысындағы жымысқы саясаты болатын.
Аталған повесті ұлт болашағы – бейкүнә бозбалаларды ақыл-естен айыру, кім
екенін ұмыттырып, оларды топас, құлақкесті құл ету зорлық әрекетпен ашық түрде
орындалса, кеңестік қоғамда ұлттарды салт-дәстүрінен, жадынан, дінінен, тілінен
безендіру әрекеті астарлы, бірақ табанды түрде жүргізілгені белгілі. Айырмашылығы
осы ғана. Осындай керітартпа, зиянды саясаттың нәтижесінде КСРО құрамындағы
біраз ұлттар дінінен, тілінен айырылып, орыстанды, салт-дәстүрінен безді. Өз тілінен
безініп, оны үйренбеу, ана тілінде сөйлемеу оны менсінбей, тек орыс тілінде сөйлеу
үрдісі пайда болды. Бұндай адам тілінен безген соң, төл мәдениетінен де жиреніп,
жатырқатын болды. Сөйтіп, шыңдап келгенде ұзақ жылдар бойы жүргізілген
саясаттың жемісі – рухани мәңгүрттіктің кесапаты қоғам үшін зорлықпен жасалған
мәңгүрттіктен де зор зиянды құбылыс болып отыр. Бұл жайды халқымыздың
әлденеше буын өкілдері кешегі кеңестік қоғамда қаншылықты басынан кешсе, бүгін
де соншалықты дәрежеде басынан өткеруде.
Әрине, тәуелсіз қоғамымыз алдына ұлы мұраттар мен мақсаттар қоя отырып,
бұл дертпен күресуде. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы Әбіш
Кекілбаев повесінде көтерілген қоғамдық зәру мәселенің бүгінгі өмірімізбен тығыз
байланыстылығы, біздерге оқырмандарға берер басты тағылымы да осы дейміз.
КУБЫКИНА Елена Анатольевна,
преподаватель изобразительного искусства, черчения и технологии
общеобразовательной средней школы №10, город Балхаш,
Карагандинская область, Республика Казахстан
ЯКУШЕНКО Татьяна Викторовна,
преподаватель технологии и черчения общеобразовательной средней школы
№10, город Балхаш, Карагандинская область, Республика Казахстан
ИНТЕГРИРОВАННЫЙ УРОК С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ
ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ (ИКТ)
Предмет: Технология и изобразительное искусство.
Класс: 5 класс.
Достарыңызбен бөлісу: |