№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Емдік қасиеттері. Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайлаған аурудың 
бірі болып отырған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың 
көптеген ауруларды, атап айтқанда, өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі 
қан  тамырларының  жұмсақтығы  мен  беріктігін  қамтамасыз  ететіні,  қандағы  қызыл 
қан  түйіршіктерімен  (эритроцит)  гемоглобин  синтезіне  әсер  ететіні,  ағзада  жүретін 
зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған. 
Қымыз  –  ауруға  ем,  сауға  қуат.  Қымыздың  денсаулыққа  тигізер  пайдасын 
айтып  тауыса  алмайсың.  Қымыз  құрамында  «С»  дәрумені  мол,  сиыр  сүтімен 
салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
81 
жоғары.  Оның  адам  ағзасын  әлсірететін  созылмалы  ауруларға  қарсы  күресетін 
артықшылығын да айта кеткен жөн. 
Дәрігерлер  қымызды  безгек  ауруына  және  жөтелге  қарсы  ішуге  ұсыныс 
жасайды.  Қымызбен  емделгенде  қан  құрамындағы  гемоглобин  эритроцит  көбейеді. 
Тамырдың  соғуы  жиілеп,  қан  айналымы  жылдамдайды.  Қан  тамыры  жұмысы  мен 
жүрек соғысы жақсарады. 
Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-co  », «P ps -co  » 
тәрізді  сусындарды  жиі  тұтынады.  Оның  ағзаға  зияндылығын  ескеріп  жүрген  бірі 
жоқ.  «Coco-co  »-ның  бала  денсаулығына  ауыр  зиян  келтіретінін  дүниежүзі  біліп, 
жар  салып  жатыр.  Тіпті  жарнамалауға  тыйым  салып,  компанияға  оның  зияндығын 
мойындаты. Осы «Coco-co  » сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп 
қалыпты.  Тағы  бір  мысал  –  ауылдағы  мал  сойған  үй  қарын  тазалау  үшін  осы 
сусынды  пайдаланады  екен.  Жаңа  сойылған  малдың  қарнын  15-20  минут  «Coco-
co  » сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді. «P ps -co  » 
сусынын  да  ішкеннен сақтану  керек.  Бұл  сусын  денсаулыққа  өте  қауіпті.  Айталық, 
семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады. Сондықтан, тек 
қана  ата-бабаларымыздың  ізімен  ұлттық  тағамдарымызды  бойымызға,  ұлттық 
құндылықтарымызды жанымызға азық етейік. 
Күмістің химиялық қасиеттері.  Күміс жер бетінде гидротермалдық жүйелер 
мен  минералдардың  үгілуінен  пайда  болған.  Жаратылысы  жағынан  күміс  алтынға 
көп ұқсайды. Бірақ күміс алтынға қарағанда төзімді емес, беті тез қараятыны белгілі. 
Адамзат күмісті өте ерте замандардан бері пайдаланып келе жатқаны белгілі. 
Көне тарихқа көз салсақ, ежелгі Мысырда (б.з.б. 3600 жыл) күміс алтыннан 2,5 
есе  қымбат  болғанын  байқаймыз.  Одан  күміс  теңгелер,  зергерлік  бұйымдар  жаса-
лынған.  Күміс  теңгелер  ХVI-XIX  ғасырдың  аяғына  дейін  Еуропа  елдерінің  ақша 
айналымында болғаны белгілі. Ал ХІХ ғасырдың аяғында елдердің көпшілігі алтын 
теңгелерге ауысты. Күміс валютаны қолдану  Қытай,  Иранда және Ауғанстанда ХХ 
ғасырдың 30-жылдарына дейін сақталғанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. 
Табиғатта түсті металдар таза күйінде кездесе бермейтінін бәріміз білеміз. Бұл 
заңдылық  тек  күміске  ғана  жүрмейтіндей.  Тарихқа  көз  жүгіртсек,  кеншілердің 
күмісті  таза  күйінде  көптеп  кездестіргенін  байқаймыз.  Мәселен,  1477  жылы  Гер-
манияның  Шнееберг  аймағындағы  «Әулие  Григорий»  кенішінен  қоспасыз  таза  20 
тонна  күміс  табылған-ды.  Дәл  осындай  табиғи  таза  күміс  1666  жылы  Данияның 
Конгсберг  кенішінен  қазып  алынған  болатын.  Салмағы  254  келі  тартатын  асыл 
металл  әлі  күнге  дейін  Копенгаген  мұражайында  сақтаулы  тұр.  Ғалымдардың 
зерттеуінше жер бетінде күміс алуға болатын 50-ден астам минералдар бар. Олар – 
электрум  (алтын-күміс),  кюстелит  (күміс-алтын),  аргентит  (күміс-күкірт),  прустит 
(күміс-мышьяк-күкірт),  бромаргерит  (күміс-бром),  кераргирит  (күміс-хлор), 
фрейбергит (мыс-күкірт-күміс), аргентоярозит (күміс-темір-күкірт) болып жіктеледі. 
Айталық, 
күміс-хлор-мырыштың 
қосындысынан 
күнделікті 
өмірде 
жиі 
пайдаланатын батареяның сыртқы қаптамасы жасалынса, күміс хлориді инфрақызыл 
оптикалық шыныларды жасауға кеңінен пайдаланылады. 
Сондай-ақ,  монокристалды  күміс  фториді  лазерді  генерациялайтыны  белгілі. 
Кәдімгі  тұмылдырықтың  (противогаз)  сүзгісінде  күміс  басты  катализатордың  қыз-
метін атқарады. Ал күміс ацетиленидінен әскери салада күшті жарылғыш заттардың 
жасалынатыны белгілі. 
Тарихи  деректер.  Қазақша  «күміс»,  орысша  «серебро»,  немісше  «зильбер», 
ағылшынша  «сильвер», осы сөздердің барлығы ежелгі  «сарпа»  сөзінен шыққан. Ол 
Ай  дегенді  білдірген  және  анология  бойынша  жартылай  ай  –  ежелгі  адамдардың 
қаруының пішіні жарты ай тәрізді болған. Күмістің латынша аталуы – «аргентум». 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
82 
Күмістің  қасиеттері.  Элементтің  сипаттамасы.  Күмістің  атомы  5s  деңгейінде 
бір  ғана  электронға  ие,  ал  төмен  4d10  деңгейі  жатыр  –  онда  10  электрон  бар.  Бұл 
деңгей,  мыстың  атомдары  сияқты,  электрондардың  максималды  санына  ие,  ондағы 
электрондар  бір-бірімен  тығыз  байланысады  және  сондықтан  да  күміс  өзінің 
байланыстарында әрқашан да бір зарядты оң йон болып есептеледі. Әрқашан да бір 
валентті  дейге  болады.  Тек  қана  кейбір  жағдайларда  ғана  ол  өзін  екі  немесе  үш 
валентті деп көрсетіп отырады. 
Бұл қосылыстарда күміс атомына электрондарды тек қана сыртқы жабынынан 
ғана емес, сонымен қатар келесі қабықтарынан да беріп отырады, сондықтан да онда 
он,  тоғыз  немесе  жеті  атомы  қалады.  AgC ,  AgF,  Ag2O,  [Ag(CN)2]  қосылытарында 
күміс  бір  валентті  –  оның  ионы  бір  оң  зарядты  алып  жүреді,  ал  күмістің  фтор 
йонымен  кешенді  қосылысы  [AgF4]  –  күмістің  йоны  үштік  оң  зарядқа  ие.  Бірақ  та 
күмістің  тұрақты  катионы  болып  сулы  ерітіндіде  –  өзгеріссіз  бір  зарядты  катион 
болып табылады Ag+. 
Күмістің химиялық қасиеті. Таза күміс – жылтыр металл, оның беті кейде ақ 
болып  көрінеді.  Ол  өте  әдемі  және  өңдеуге  тез  көнеді,  ол  салыстырмалы  жұсмақ 
және оны үлкен күшсіз де майыстыруға, кесуге және созуға болады. Күмістің балқу 
температурасы 961
0
С және жоғары жылу өткізгіштікке және электр өткізгіштікке ие. 
Көрінетін  белсенділігіне  қарамастан  күміс  ауада  тез  қараяды.  Күмістің  оттегіге 
қатынасы  әртүрлі.  Қарапайым  жағдайларда  (жоғары  емес  температура,  қалыпты 
қысымда) осы элементтердің арасындағы байланыс айтарлықтай көрінбейді. Бірақ та 
балқыған күміс оттегіні жақсы ерітеді. 
Күмістің  биологиялық  белсенділігі.  Нақты  талдаулар  осы  элементтің  бар 
болуы оның концентрациясы өте аз кезінде де байқалған. Ол кенеттен ашылуларға 
алып  соқты:  күміс  тірі  ағзаларда  да  табылды.  Күміс  ионының  жоғары 
концентрациясы ағзаға улы әсер етеді. Аз концентрациялар пайдалы, өйткені күміс 
ауру шақыратын бактерияларды жояды. 
Медицинада  күмістің  бұл  қасиеттері  жақсы  белгілі.  Дәрілік  заттар 
– протаргол, колларгол және т.б. күмістің коллойдты формаларын көрсетеді. 
Күмісті  б.э.  дейінгі  IV  мыңжылдықта  Кіші  Азияның  шығыс  аймағында 
өндірген.  Кейінірек  күміс  кен  орындарын  Бактрияда  өндірген.  Б.э.  дейінгі  500 
жылдары  Грецияда  күміс-қорғасын  кендерін  өңдеген.  XIII-XV  ғғ.  Трансильвания 
(Румыния)  мен  Богемияда  (Чехия)  күміс  алған.  Ресейде  1669  жылы  күміс  туралы 
мәліметтер  пайда  болды.  І  Петр  тұсында  Орал  және  Карелияның  мыс  кен 
орындарында күміс табылды. Байкалдың жанындағы Аргунь өзенінің бассейніндегі 
қорғасын  кенінен  күміс  табылды.  1704  жылдан  Ресейде  күмістен  тиындар  жасала 
бастады. 1726 жылдан құрамында күміс бар полиметалдық алтай кен орындарынын 
өңдеу басталды. Күміс аффинажды мекемелерге, қара қорғасынды тазалау және мыс 
электролиті  шламдарын  өңдеу  кезінде  алынатын  күміс-алтын  құймалар  (Доре 
металы) түрінде түседі. 
Атомдық  салмағы  107,88,  изотоптары  Ag107  және  Ag109.  Тор  параметрлері 
а=4,0774 А. Меншікті салмағы: 10,5 (қт); 9,4 (сұ). Балқу температурасы 961
0
; қайнау 
температурасы 2000
0
.  Күміс  ылғал  мен  ауаға  тұрақты.  Жоғары  температура  кезінде 
де  тотығуға  қарсы  тұратын  қабілеті,  күмістің  тотығы  үшін  оттегінің  парциалдық 
қысымы  300
0
-де  20  ат  жететіндігімен  түсіндіріледі.  Тотықталған  күмістің  қара  түсі 
күмістің  сульфидінің  түзілумен  түсіндіріледі.  Құрамында  галоидты  қосылыстары 
бар  булы  ауада  күміс  галоидты  тұздарының қабыршығымен  қапталады.  Күміс  азот 
және  күкірт  қышқылында,  патша  арағында  ериді;  тұз,  плавикті  қышқылдармен 
әрекеттеспейді; сулы ерітінділерде және балқыған сілтілерде ақырын ериді; цианисті 
тұздарда ериді. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
83 
Күмістің  негізгі  бөлігі  зергерлік  өндіріске  және  фото-кино  өндірісінде 
жұмсалады,  күміс  гальваникалық  жабындыларға,  айна  дайындауға,  медициналық 
және өндірістік құймаларға шығындалады. 
Күмістің  емдік  қасиеті  аса  жоғары.  Ол  тістің  қызыл  иегін  бұзылудан  сақтап, 
бактерияларды  жойып,  асқазан-ішек  жолдарын  тазалайды.  Ендеше,  бұл  металды 
адам  организміне  қалай  жеткізуге  болады?  Мұның  ең  өнімді  жолы  –  күміс 
қасықтарды пайдалану. Әсіресе, қасық жұмсақ қақтаған ақ күмістен жасалса. Сонда 
ғана  оның  иондары  сумен  бірге  организмге  сіңеді.  Мұны  күміс  қасықтың  шетінің 
«мұжылуы»  айқын  аңғартады.  Үйіңіздегі  күміс  қасықтың  шеті  қаншалықты  көп 
мұжылса, денеңіз күміс иондарын соншалықты көп сіңірді, пайдаланды деп түсінуге 
болады.  Әсіресе,  күміс  қасық  жас  балаларға  пайдалы,  күмісті  бала  организміне 
жеткілікті  бергіңіз  келсе,  әр  түрлі  дәмді  тағамдарды  балаға  күміс  қасықпен  қою 
күйінде  беру  керек.  Сол  кезде  бала  қасықты  аузына  көп  ұстайды  да,  оның 
организміне көп тарайды. 
Химия пәніне деген қызығушылығымыз күннен күнге арта бастады. Әр сабақ 
сайын қызықты жаңалықтарды білу біз үшін үлкен жаңалық еді. Адамның ағзасында 
осы  химиялық  элементтердің  барлығы  дерлік  кездеседі  екен.  Мысалы,  біздің  бүкіл 
ағзамыз  темірді  қажетсінеді.  Оған  әсіресе  біздің  қанымыз  аса  мұқтаж.  Химиялық 
элементтер  қызметтегі  кіп-кішкентай  пошташылар  сияқты,  қан  құрамындағы  темір 
атомдары біздің өкпемізден оттегіні алып, барлық ағзамызға жеткізеді. Содан кейіни 
кері қарай көмірқышқыл газын ағзадан шығару үшін оны өкпеге алып келеді. Сосын 
қарапайым тәжірибе жасадық, темірді сумен араластырды, міндетті түрде тат  пайда 
болатынын білеміз. Ол мүжілуге алып келеді. Сондықтан темірден жасалған заттарға 
мүмкіндігінше су тигізбеуін қадағалау керек. 
Магний  –  біздің  ағзамызда  ең  көп  тараған  элементтердің  төртіншісі  болып 
табылады. Және де ол біздің ағзамыздағы үрдістердің 300-ден астамын жүзеге асыру 
үшін қажет. 
Натрий – әдетте түз құрайтын құрамаларда кездеседі. Мәселен ас тұз – натрий 
мен хлор қосылса пайда болады. Тұз – біз жейтін көптеген тағамдардың құрамында 
кездеседі. Натрий  – өмірлік қажетті  нәрсе, оны қорытуға біздің ағзамыздың 40%-ы 
қатысады.  Теңіз  суының  құрамында  нартий  мен  хлор  бар.  Сондықтан  да  теңіз 
суының  дәмі  кермек,  әрі  оны  ішуге  жарамсыз  болады.  Теңіз  суы  күн  сәулесінің 
әсерінен  буға  айналғанда,  орнында  тұз  сортаңы  қалады  да,  оны  алу  үшін  арнайы 
қазып  өндіруге  тура  келеді.  Осындай  әдіспен  жыл  сайын  әлемде  200  млн.  тонна 
шамасында тұз өндіріледі. Ерте замандарда тұз қоры бар елдер ең бай болған және 
өзге елдерде де билей алған. 
Оттегі  дегеніміз  –  өмір.  Ол  көзге  көрінбейді,  исі  де  жоқ.  Тіпті  оның  бар 
екенінде  аңғармайсың.  Бірақ  онсыз  тіршілік  болмас  еді.  Оттегі  –  ғаламда  таралу 
дәрежесі  жағынан бірінші  элемент. Оттегі  орташа салмақты адамның жаратысынан 
асатын салмағын құрайды. 
Азот  –  біздің  айналамыздағы  ауаның  78%-ын  құрайды.  Біз  осы  көзге 
көрінбейтінін  иіссіз  газды  ұдайы  жұтып  жатамыз.  Олар  –  біздің  ағзамыздың 
жасушалары құралаты өте ұсақ «кірпіштер». Бізді қоршаған дүниенің барлығы атом 
деп аталатын кішкентай бөлшектерден тұрады. 
Ия, химия біз үшін өте қызық әрі сүйіп оқитын пәндердің біріне айналды. Біз 
әлі  де  химия  туралы  жазамыз.  Бұл  жұмысымыз  теңізден  алынған  тамшыдай  деп 
ойлаймыз.  Химия  өте  оңай  әрі  қызық  сабақ.  Оны  қызықтырып,  қарапайым  тілмен 
түсіндіру  ұстаздың  меншігінде.  Химия  түсініксіз,  қиын  пән  деп  ойлағандар 
қателеседі. Ондағы көптеген элементтер атақты адамдардың есімімен аталған. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
84 
Күнделікті  өмірде  айналамызда  химиялық  тәжірибелер,  жұмыстар  болып 
жатыр. Олар қарапайым жұмыстар болуы мүмкін. Бірақ оның түбінде үлкен мән бар. 
Біз үшін әрбір жасалған жұмыс химиялық құбылыс сияқты. 
Елбасымыз  жаратылыстану  пәндеріне  көбірек  көңіл  бөлінуі  керектігін 
нақтылап  айтқан.  Себебі  химия,  биология  сияқты  пәндер  терең  біліп  қана  қоймай, 
онымен  жұмыс  істеу  ел  болашағының  өркендеуіне  түбегейлі  үлес  қосады  деп 
ойлаймыз.  Сондықтан  оны  түсініп,  үйрену  оңай.  Тек  қана  ықылас  болу  керек  деп 
ойлаймыз. 
 
ЕРТАЙ Баянсұлу, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АЙМАХАНОВА Акмарал Машрапханқызы, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебі «Биология» пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДА БАҚША ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУДЕ 
БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 
 
Жасыл желек жердің сәні саялы, 
Қамқор болсаң жапырағын жаяды. 
Мейіріммен жылуын арна жүректің, 
Соған қоса алақан керек аялы. 
Өсімдік – өмір тірегі, талас бар ма? 
Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба? 
Жұмыстың    өзектілігі.  Соңғы  жылдары  адамдар  қолданатын  тағамдарының 
экологиялық  таза  болуына  көңіл  аударуда.  Бірақ  экологиялық  таза  жемістер  мен 
көкөністерді  табу  күн  артқан  сайын  қиындап  барады.  Қолданып  жүрген 
тағамдарымыздың  қаншалықты  таза  екендігі,  олардың  қандай  жағдайда 
өсірілгендігі, құрамына қандай зиянды заттар сіңірілгендігі ешкімге белгісіз. 
Үлкен  табысқа  жету  жолында  кәсіпкерлер  таза  өнім  алу  экологиялық 
қағидаларын  сақтауды  ұмытып  кетеді.  Көп  адамдар  өзі  тұтынатын  өнімді  үй 
жағдайында  өсіруге  кірісіп  кетті.  Олар  бұл  үшін  арнайы  жылыжайларды  немесе 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
85 
көпқабатты  үй  тұрғындары  өз  балкондарын  қолданады.  Сондықтан  жылыжай 
жағдайында әртүрлі өнім өндіру күн артқан сайын танымал болып келе жатыр. 
Жұмыстың  мақсаты:  жылыжай  жағдайында  бақша  өнімдерін  өсіру  арқылы 
халыққа оның танымалдығын арттыру. Осы мақсатта үй жағдайында көкөніс өсіріп, 
оған акваруим суын қолдануды жөн көрдім. Оның экологиялық таза өнім алу үшін 
қаншалықты  пайдалы  екендігін,  оның  құрамында  бізге  қажетті  элементтердің 
пайызы қаншалықты екенін анықтауды мақсат еттім. 
Жұмыстың  міндеттері:  қоршаған  ортаға  және  адам  ағзасына  экологиялық 
ластанған  өнімдердің  қаншалықты  зиян  екендігіне  әдеби  шолу  жасау;  халық 
арасында  жылыжай  жағдайында  өсірілген  өнімдердің  қаншалықты  пайдалы 
екендігін  жөніндегі  білім  деңгейін  айқындау;  дала  жағдайында  сату  жолында 
өндірілген  өнімдер  мен  жылыжай  жағдайында  экологиялық  талапқа  сай  өсірілген 
өнімдерді салыстыру. 
Зерттеу жұмысының әдістері: 1) әдеби шолу; 2) тәжірибе. 
Кіріспе. Өсімдіктер жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі, оның дем берушісі. 
Өсімдік  әлеміне  мұқият  назар  аударсам,  жылыжайларды  дамыту  бүгінгі  күннің 
өзекті  мәселесі  екендігіне  көзіміз  жеткен  сияқты.  Өзіміздің  жерімізде  бақша 
піскенше  өзгеге  мойын  созатынымыз  базар  бағасын  қымбаттата  түсетіні  де  ақиқат. 
Қыс  бойы  базар  сөрелеріндегі  қияр-қызанақ,  аскөк,  көк  жуа  секілділерді  баға 
қымбатына қарамай сатып алып жатып, өзімізде қашан болады екен деген сұрақтың 
қайсыбір кісінің көкейіне ұялайтыны шындық. 
Көршілес  елдердің  өзі  көктем  басталса,  «көктеп,  көгеріп»  шыға  келетініне 
қызыға қарайтын, тіпті, қызанақ, қиярлардың да аузымызға кештетіп барып тиетінін 
осы  күнге  дейін  мәселе  етіп  айтып  келеміз.  Көктем  болса  да,  халықты  көкөніспен 
қамтуға  жылыжайдың  ықпалы  мол  болатыны  сөзсіз.  Осындай  мақсатты  ұстана 
отырып, жылыжай өндірісінің дамуына өз үлесімді қоспақпын. 
Аумағы  3  соттық  жылыжайда  қияр  мен  қызанақты  жыл  алмасып  кезекпен 
өсіруге  болады.  Мәселен,  биыл  қызанақ  өсіруге  басымдылық  берілсе,  ендігі  жылы 
қиярды  молынан  өсіру  керек..  Оларды  ерекше  ықыласпен  баптап,  күте  білмесең, 
өнім  ала  алмайсың.  Бір  сәт  назардан  тыс  қалдыруға  болмайды.  Қыс  бойы  жердегі 
барлық тіршілік иелері жылы жерді іздейтіні белгілі. Яғни, қыс күндері жылыжайды 
паналағысы  келген  құрт-құмырсқа,  бақа-шаян,  жыландармен  күресуге  тура  келеді. 
Мұнан  бөлек  қыс  суығында  жылыжай  температурасын  бірқалыпты  ұстап,  өнімді 
тоңдырып алмау үлкен еңбекті қажет етеді. 
Әрине, жылыжайды жылумен қамтамасыз ету үшін бұл жай ғана мәселе емес 
екені белгілі. Көкөніске қажетті жылылықты бірқалыпты сақтау қажет. Мұнан бөлек
көкөністің өз деңгейінде өсіп, өнім беруі үшін 17 сағат күннің энергиясы қажеттігін 
назарда  ұстаңыз.  Қыс  мезгілінде  тұманды  күндер  бола  қалса,  арнайы  лампа  қосуға 
тура  келеді.  Суық  күндері  бір  күнде  50  литр  жанармай  жағуға  тура  келсе  (егер 
жылыжай жанар маймен жылытылатын болса), күн жылына келе 20-30 литрді қажет 
етеді.  Сондай-ақ  көкөністі  уақытылы  суару,  тыңайтқыш  беру  секілді  көзге 
көрінбейтін, күтіп-баптау тіршілігі аз емес. 
Жылыжайда  көкөніс  егу  жұмысын  сәуір  айында  бастасаңыз,  небәрі  наурыз 
айының  ортасына  қарай  өнім  береді.  Жаздың  шілдесіне  дейін  жалғасатын  науқан 
барысында  аядай  жылыжайдан  1,5  тоннаға  жуық  өнім  алуға  болады.  Сала 
мамандарының  айтуынша,  осындай  3  соттық  жерге  жылыжай  салу  үшін  құрал-
саймандары  бар,  орнатып  беру  жағы  бар,  қысқасы  анау-мынау  шығындарды 
қосқанда  300  мыңнан  аса  қаржы  жұмсалатын  көрінеді.  Өнім  мол  болса,  кеткен 
шығынды бір жылдың ішінде өтеп алуға болады. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
86 
Жылыжай – сапалы әрі мол өнім алу. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру 
жолында жылыжай өндірісінің маңызы зор. Жылыжай – жылу сүйетін жидектер мен 
көкөністерді,  гүлдерді  және  басқа  да  өсімдіктерді  жыл  бойы  өсіруге  мүмкіндік 
беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда 
құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді. 
Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы 
болатын  белгілі  бір  микроклимат сақталады.  Мұндай  жағдайды  жылыту  мен 
желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, 
биологиялық  (биологиялық  отынның  жылуы  есебінен)  және  техникалық  жолмен 
(ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе 
фрамуга  арқылы)  немесе  қолдан  да  желдетіліп  тұруы  мүмкін.  Қандай  мақсатқа 
арналғанына,  пайдалану  мерзіміне,  жылыту  түріне,  қолданылған  құрылыс 
материалына  байланысты  жылыжайдың  құралымы  түрліше  болуы  ықтимал. 
Жылыжайды  бір  еңісті,  екі  еңісті,  блокты  деп  бөледі.  Көбінесе  екі  еңісті 
жылыжайлар  салынады,  оның  жарық  түсетін  жазықтығы  шығысқа  және  батысқа 
қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде 
полиэтилен)  пайдаланады.  Жылыжай  дақылдарын  тікелей  топыраққа  отырғызады 
немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді. 
Бақша  дақылдары  –  адам  қажетін  өтейтін  бағалы  өсімдіктер.  Бақша 
дақылдары  –  бір  жылдық  шөптесін  өсімдіктер  тобы.  Тропиктік  және  субтропиктік 
аймақтардан  шыққан.  Қазақстанның  солтүстік  облыстарынан  өзге  барлық 
аймақтарда  өсіріледі.  Бақша  дақылдары  –  бағалы  тағамдық  және  диеталық  өнім, 
дәрілік, сәндік мақсатта, мал  азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша 
жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органикалық 
қышқылдар  көп.  Сондай-ақ  олар  емдік  қасиеті  жағынан,  жұғымдылығы,  сіңімділігі 
және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. 
Бақша  дақылдарының  жемістері  тағамға  көктей  немесе  өңделген  түрінде 
қолданылады.  Қарбызды  тұздауға  болады,  ал  қарбыз  балы  кондитерлік  өндірісте 
пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқұрт, қауынбал (бекмес) жасайды. Бақша 
дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық құрылысы, химикалық құрамы, 
физиология-биохимилық  процестері,  пісіп-жетілуі,  өсіп-өнуі  ұқсас  келеді.  Олардың 
қос  жарнақты  тұқымдарының  өнгіштігі  өте  жоғары  (98-100%),  ұзақ  (8-10  жыл) 
сақтауға  болады.  Бақша  дақылдарының  жер  асты  жүйесі  кіндік  тамырлы,  негізгі 
тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады. 
Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы 
болып  келеді.  Аталық,  аналық  гүлдерінің  дара,  қос  және  аралас  3  түрі  кездеседі. 
Алдымен  аталық,  содан  кейін  аналық  гүлдері  гүлдейді.  Жемістері  көптұқымды, 
жидек  тәрізді,  салмағы  80  кг-ға  дейін  (асқабақ)  жетеді.  Бақша  дақылдары 
тұқымының  өсіп-өнуі  үшін  қарбызға  15-17°С,  қауынға  14-16°С  және  асқабаққа  10-
13°С температура қажет. Сондықтан бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. 
Себу  алдында  егістікті  суғарады.  Себу  жұмыстарын  ерте  пісетін  сорттардан 
бастайды.  Піскен  өнім  уақытында  жиналса,  түптегі  келесі  жемістер  тезірек  пісіп-
жетіледі. 
Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі 
ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды көбелек, бұзаубас, т.б. 
жатады.  Олармен  күресу  үшін  агротехникалық,  биологиялық  және  химиялық 
шаралар  қолданылады.  Картоп  және  көкөніс-бақша  дақылдарының  жаңа  сорттары. 
Ендеше солар жайлы мәлімет айта кетейін. 
Жаңа  піскен  көкөністер  –  диеталық  және  аз  калориялы  азық-түлік.  Оларды 
үнемі  пайдалану  ас  қорыту  процесін  жақсартады  және  қалыпқа  келтіреді.  Жаңа 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
87 
піскен көкөністердің құндылығы ең алдымен ағза үшін аса қажет С, Р және басқа да 
дәрумендердің  болуына  байланысты.  Әсіресе,  бұндай  дәрумендерге,  сондай-ақ 
каротиндерге жас жапырақтар мен татымды-дәмді. 
Көкөніс өсімдіктері бай. Бірақ, жаңа піскен көкөністер жеткілікті деңгейде тек 
жаз  бен  күз  басында  ғана  пайдаланылады.  Қыс  пен  көктем  де  және  жазбасында 
көкөністерге,  яғни  дәрумендерге  деген  қажеттілікті  ішінара  бөлмедегі  «бақша» 
алмастыра  алады.  Тұрғын  үй  де  көкөністер  өсіру  –  бұл  ерекше  шығынды  талап 
етпейтін,  жыл  бойы  табыс  әкелетін  отбасылық  бизнес  үшін  керемет  идея.  Бұл 
бизнестің  тағы  бір  пайдасы  балалардың  әуестігі  мен  байқағыштығын  дамытады, 
өсімдіктер өмірін жақсы білулеріне септігін тигізеді. Көкөніс өнімдері әдемі көрінеді 
және бөлме өсімдіктерінің басым бөлігімен жақсы үйлеседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет