№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014


Қазақстандық  кола  сусыны  қаншалықты  қауіпсіз?



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Қазақстандық  кола  сусыны  қаншалықты  қауіпсіз?  Ми  қайнатар  ыстықта 
шөліркеген жұрт неше түрлі құты-қалбырлардағы сусындарды сатып алып жатады. 
«Кока-кола»,  «Фанта»,  «Спрайт»,  «Макси  чай»  дейсіз  бе,  толып  тұр.  Ол  қайдан 
шыққан, қалай жасалған бұл мәселеге бас қатырып жатқан адам жоқ. Сонымен бұл 
қандай  сусындар?  Шөл  қандырам  деп  жүріп  денсаулығымызды  бүлдіріп  алмаймыз 
ба? 
Елімізде  кең  қолданысқа  ие  болып  жүрген  кока-коланың  бір  түрі  – 
қазақстандық  кола.  Отандық  өнім  болғандықтан  оны  тұтынушыларда  жыл  сайын 
артуда.  Өйткені,  отандық  өндірушіге  деген  халықтың  сенімі  мол.  Халық  шетелдік 
өнімдерге  қарағанда  отандық  өнімді  пайдалы  деп  санайды.  Шет  елдік  өнімдер 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
72 
тасымалдау  мен  сақтау  мерзіміне  байланысты  құрамындағы  қоспалар  санының 
артуы заңдылық. Ал, ол қоспалар өз кезегінде денсаулыққа кері  әсер ететіні сөзсіз. 
Балалар  мен  ересектердің  сусынына  айналған  қазақстандық  коланың  құрамына 
талдау жасаймыз. 
Бұл қазақстандық коланы көптеген үйдің дастарханынан, мейрамханадағы той-
думандарда  жиі  кездестіреміз.  Өйткені,  ол  отандық  өнім  болғандықтан  халық  оны 
қауіпсіз деп ойлайды. 
Қазақстандық  кола  сусынының  құрамы  мен  айырмашылығы.  Қазақстан 
коласының құрамын анықтап, талдау жасайтын болсам, мынадай. 
Қазақстандық  коланың  құрамы:  қант,  көміртек  диоксиді,  бояғыштар,  қант 
коллері,  ортофосфор  қышқылы,  табиғи  хош  иістендіргіштер,  бензоат  натрий 
консерванты, кофеин, ақуыз, майлар. 
Ал,  кока-коланың  құрамы:  қант,  көміртек  диоксиді,  бояғыштар:  қант  коллері, 
кармазин (азорубин), ортофосфор қышқылы, кофеин, ақуыз, майлар. 
Қазақстандық  кола  мен  кока-коланың  құрамын  салыстырып  қарағанда, 
олардың  арасында  ешқандай  айырмашылық  жоқ  екенін  байқадым.  Екі  сусынның 
құрамы бірдей. Тек қазақстандық коланың құрамында кармазин (азорубин) ғана жоқ 
екен. Ал оның есесіне бензоат натрий консерванты бар. Ол кока-колада жоқ. 
Бір  қызығы,  сусынның  зат  таңбасында  (этикетка)  денсаулыққа  қауіпті  деп 
көрсетілмеген.  Қант  орнына  қолданылушы  зат  –  аспартамның  сусын  құрамында 
жазылмаған көрінеді. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі 
ісікке  апарып  соқтыратын  формальдегидке  (канцерогенге)  айналатындығы 
анықталған. 
Денсаулыққа  әсері  мен  оның  зардаптары.  Қазіргі  қарбалас  заманда 
жұмысбасты  ата-аналар  баланың  денсаулығына  немқұрайлы  қарайды.  Олар 
балаларына  газдалған  сусындар  мен  тәтті  шырындарды  жиі  сатып  алады.  Бұл 
жағдайлар дәрігерлерді қатты алаңдатады. 
Дәрігерлер  ата-аналарға  баланың  күнделікті  ас  мәзіріне  ұлттық  сусындарды 
пайдалануға  кеңес  береді.  Өйткені,  ұлттық  сусынды  ата-бабаларымыз  ежелден 
қолданып  келген.  Ұлттық  сусындарға  айран,  қымыз,  шұбат  жатады.  Айран  – 
ағзадағы  зат  алмасу  жүйесін  жылдамдатады.  Артық  салмақтан  арылуды  көздейтін 
жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Әсіресе, айранды 
кешкі уақытта ішкен пайдалы. 
Қазақтың  ұлттық  сусындарының  (айран,  қымыз,  сүт,  шұбат)  адам 
денсаулығына  тигізетін  пайдасы  орасан  зор.  Шұбатты  бабаларымыз  өкпе,  асқазан 
ауруларымен  қатар  түрлі  созылмалы  дерттерге,  жалпы  ағза  әлсірегенде,  әрі 
уланғанда  емдік  қасиетті  жоғары  мал  өнімі  ретінде  пайдаланған.  Құрамында 
дәрумендер,  майлар,  белоктарға  бай,  ол  талай  ауруды  емдеп  қана  қоймайды, 
олардың  алдын  да  алады.  Қымыз  –  ас  қорытуды  жақсартады,  қауіпті  ісікті 
болдырмайды.  Ешқандай  құрамында  зиянды  қоспа  жоқ,  табиғи  сусын  екенін  ата-
бабамыз әуелден-ақ білген және тұтынған. 
Дәрігерлердің  пайымдауы  бойынша  кола  әсіресе  балалардың  бас  сүйегіне, 
ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден 
тыс  пайдалану  адам  ағзасына  кальций,  темір  секілді  ең  маңызды  элементтерді 
жойып,  есесіне  құрамындағы  есірткі  зат  өміріңізді  екі  есеге  қысқартады,  сонымен 
қатар ол сусынға деген тәуелділік пайда болады екен. 
Газдалған сусындарды дайындау кезінде пайдаланатын бояулар қатерлі ісіктің 
дамуына  әкеліп  соқтырады.  Сусынды  жиі  қолданған  семіздікке,  қан  қысымының 
көтерілуіне, ойлау қабілетін отырғызады, қан айналымын баяулатады, аққан ауруына 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
73 
әкеледі.  Соның  салдарынан  семіздік,  гастрит,  анемия,  аллергия  және  жүйке 
ауруларына жиі ұшырап жатады. 
Денің  сау  болып  өсу  үшін  дәрігерлер  бірнеше  ереже  ұсынады:  денсаулыққа 
зиянын  тигізетін  тағамдарға  (газдалған  сусындар,  т.б.)  көп  үйір  болма;  тамақтану 
тәртібін  қатаң  сақта;  түрлі  дәрумендермен  байытылған  тағамдарды  ғана  пайдалан; 
жеміс-жидектер  мен  көкөністерді  күнделікті  пайдалан;  өзіміздің  ұлттық 
сусындарымызды ішіп дағдылан. 
Тәжірибелік  бөлім.  Мектеп  оқушылар  арасында  жүргізілген  сауалнама 
қортындысы.  Біздің  мектептің  оқушылары  газдалған  сусынды  қаншалықты 
пайдаланады екен? Осы сұраққа жауап алу үшін 2 сынып оқушыларының арасында 
сауалнама жүргіздім. 
Мектеп оқушылар арасында жүргізілген сауалнама қортындысы 
 
 
Қазақстандық коланы қолданатындар – 15%; 
Кока-коланы қолданатындар – 30%; 
Кола сусынын мүлде қолданбайтындар – 55%. 
Сауалнама  қорытындысы  бойынша  оқушылар  арасында  қазақстандық  колаға 
қарағанда  кока-коланы  жиі  пайдаланатыны  анықталды.  Ал  кола  сусынын  мүлде 
пайдаланбайтындардың саны артқан. Бұл көрсеткіш халықтың тамақтану жөніндегі 
сауаттылығының  артқандығын  көрсетеді.  Бірақ  бұл  көрсеткіштің  әлде  де 
төмендегенін қалар едім. 
Автордың қазақстандық кола мен кока-коланы салыстыруға бағытталған 
тәжірибелері.  Кола  туралы  жан-шошырлық  хабарлардың  халық  арасында 
таралғанына  біраз  болды.  Коланың  «керемет  қасиетін»  түсінген  кей  адамдар 
машинаның радиаторын жууға, құбырларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Ал 
АҚШ-тың  солтүстік  штатында  жол  полициясы  апаттан  кейінгі  асфальттағы  қанды 
кетіруге қолданады екен. 
Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп 
жібере  алады.  Егер  бұл  сусынға  бір  тілім  етті  салып  жіберсе,  екі  күннен  кейін  ол 
тіпті  жоқ  болып  кетеді.  Егер  кола  тырнақты,  киімдегі  дақты,  тіпті  асфальттағы 
дақтарды кетіре алатындай күші болса, ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не 
қылмақ? 
15% 
30% 
55% 
Қазақстандық кола  
Кока кола 
Кока коланы мүлде 
қолданбайтындар 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
74 
Кока-кола сусынының зиянын қанша айтқанмен, өз тәжірибеңде сынап көрмей, 
оған сене қою қиын. Сондықтан бірнеше тәжірибе жасап көрмекші болдым. 
№1  тәжірибе.  Оған  менің  әжем  көмектесті.  Алдымен  дүкеннен  кока-кола, 
қазақстандық  кола  сусыны  мен  сүт  сатып  алдық.  Үйге  алып  келіп,  бірінші 
стакандағы сүтке қазақстандық коланы құйдық, келесі сүт құйылған стаканға кока-
коланы  құйдық.  Екі  стакандағы  сүт  те  іріп  кетті.  Тәжірибеден  қорытынды 
жасағаным, екі коланың да айырмашылығы жоқ. 
№2  тәжірибе.  Бұл  тәжірибеме  анам  көмектесті.  Үйдегі  шай  құйып  жүрген 
құманның  іші  шай  қалдықтарынан  қарайып  қалған  екен.  Анам  екеуміз  тәжірибе 
ретінде құманның ішіне коланы құйып, қайнаттық. Он минуттан соң құманды төгіп 
қарасақ, ішіндегі қара шай қалдықтары түсіп, шайнек іші жылтырап қалыпты. 
Тәжірибе  қортыныдысы:  кола  сусынының  құрамында  қақ  кетіретін 
химиялық  зат  бар  екен.  Ол  шайнектің  ішін  айнадай  етіп  тазалағанда,  біздің  ішкі 
құрылысымыз не болады екен деген ой келді. 
№3 тәжірибе. Бұл тәжірибеге менің жоба жетекшім мен сыныптастарым көмек 
берді. Мен сыныпқа сырлы шелек алып келдім. Шелектің сыртындағы сырды кока-
коламен  кетіруді  ойластырдық.  Коланы  шелектің  сыртына  күйып,  сүрткішпен 
сүрткен кезде сыры болмағандай жылтырады. Тәжірибеден қорытынды жасағаным, 
коланың сырды кетіргендей, оның құрамында күшті химиялық қоспаның бар екенін 
тәжірибе дәлелдеді. 
Үйде  қолдан  сусындар  дайындау  тәсілі.  Жасаған  тәжірибелік  сынақтардан 
кейін мен дүкеннен қазақстандық болса да, кола сусынын алмауды ұйғардым. 
Енді  анам  мен  әжем  сусынды  үйден  дайындап  беретін  болды.  Анам  екеуміз 
үйде  кампот  дайындадық.  Сол  сәтті  бейне  камераға  жазып  алдық.  Денсаулыққа 
пайдалы кептірілген жемістен жасалған кампот әзірледік Қолдан таза еш қоспасыз, 
денсаулыққа пайдалы етіп әртүрлі сусындар жасауға болады. Әртүрлі жемістерден, 
мысалы,  алманы  алып,  оны  шырын  езгіштен  өткізіп  ішуге  болады.  Басқа  да 
жемістерді пайдалануға болады. 
Балалар, таза сусын ішіңдер! 
Қорытынды.  Сонымен,  біз  сөз  етіп  отырған  сусындарға  Ресейде  тыйым 
салылған.  Ал  Түркияда  оның  жасалу  жолын  білгеннен-ақ  коланың  әкелінуіне 
мүлдем тыйым салған. 
Қазақстанда да осы шаралар неліктен қолданылмайды? Балалардың ертеңін кім 
ойлайды? 
Қазақстан  өркениетті  дамыған  ел  болу  үшін  өз  өндіріс  орындарын  көбейтіп, 
сапалы  өнім  шығара  білу  керек.  Отандық  өнімдерді  тұтынушылар  еш  алаңсыз 
қолдана алғанда ғана еліміздің мәртебесі өседі. 
Мен  осы  жобаны  зерттей  отырып  мынадай  қорытындығы  келдім.  Отандық 
деген атпен өндірілсе де, қазақстандық коланың сапасы сын көтермейтінін түсіндім. 
Оның  құрамы  кока-коланың  құрамымен  ұқсас  болып  шықты.  Ол  кока-коланың 
Қазақстанда  ғана  дайындалған  түрі  екен.  «Қазақстандық»  деген  атауға  қарамастан, 
коладан  аулақ  болайық!  Сондықтан  химиялық  қоспасы  бар  сусынға  тәуелді  болып 
қалмай тұрғанда, табиғи және ұлттық сусындарды ішіңіздер дегім келеді. 
Ұсынысым:  мемлекеттің  болашағын  ойлайтын  болсақ,  балаларға  арналған 
пайдалы  сусындар  мектепте,  қоғамдық  орындарда  тегін  таратылса  екен.  Химиялық 
қоспаларға байқаусызда тәуелді болып қалмай, үйде әзірленген адал асты ішіңіздер, 
достар! 
 
 
 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
75 
Әдебиеттер 
1  Досқалиев  Ж.А.,  Ақанов  А.А.  Оқушылардың  денсаулығын  жақсартудың 
проблемалары.  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудың,  аурудың  алдын  алудың 
және  денсаулықты  нығайтудың  өзекті  мәселелері  //  Биология  және  салауаттылық 
негізі. – №2. – 2002. 
2 Тамақ өнімдерінің технологиясы: оқу құралы. – Семей, 2008. – 204 б. 
3 Валеология: оқу құралы. – Алматы, 2004. – 134 б. 
 
БУГИБАЕВА Назира Усеновна, 
УТЕМУРАТОВА Гулназым Қурбонбойқызы, 
ТҰТАЙ Малика Бақтиярқызы, 
Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінің 
Жалпы педагогикалық факультеті «5В011200 – Химия» мамандығының 
студенттері, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: МЫРЗАХМЕТОВА Ботакөз Бейбітқызы, 
«6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» 
мамандығы бойынша философия (PhD) докторы, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ КӨРІНІСТЕРІ 
 
Химия  пәні  мектеп  бағдарламасында  8  сыныптан  бастап  өтіле  бастайды.  Біз 
үшін  өте  қиын  және  түсініксіз  пән  сияқты  көрінді  басында.  Бірақ  пән  мұғалімінің 
педагогикалық тәжірибесіне таң қалумен бірге осы пәнге қызығушылығымыз күннен 
күнге арта бастады. 
Ал қазіргі таңда біз осы химия факультетінде оқимыз. Келешекте осы пәннен 
ардақты ұстаз болғымыз келеді. Химяны барлық оқушылар өте қиын түсініксіз пән 
деп  ойлайды.  Бірақ  олай  емес,  түсініп  оқысаң,  түк  те  қиын  емес.  Химия  –  бұл 
жаратылыстануға арналған пәндердің бірі. Химия өте ежелден бастан дамыған екен. 
Оны көптеген тәжірибе арқылы білуге болады. 
Біздің  ата-бабаларымыз  да  химия  пәнін  өте  жақсы  меңгерген  екен.  Оны 
көптеген  мысалармен  дәлелдеуге  болады.  Түсті  металдардың  ең  күрделісі  –  алтын. 
Ертеден  алтынның  қымбат  бағалы  металл  екендігін  біздің  ата-бабаларымыз  жақсы 
білген. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Ару қыздарына «Алтынай» деп ат 
қойып,  еркелеткен.  Ал  аттың    ер  тоқымдарын  алтыннан  жасатқан.  Есік  қаласынан 
табылған  «Алтын  адам»  осы  айтқандарымыздың  дәлелі  емес  пе?  Ал  мақал-
мәтелдердің орны тіпті бөлек. «Алтын көрсе – періште жолдан таяр», «Аз сөз алтын 
– көп сөз көмір» т.б. 
Адам  баласының  оны  тұрмыста  пайдалана  бастаған  тарихи  дәуірлері 
палеолиттің  соңғы  кезеңі  мен  қола  дәуірінің  бас  кезінен  –  б.з.б.  6  мың  жылдардан 
басталады.  Тарихи  деректерге  қарағанда  алғашқы  алтынды  пайдалану  Мысыр  мен 
Араб-Нубия  жерлерінен  басталған.  Африканың  солтүстігінде  Мысыр  мен  Араб-
Нубия  елдерінде  б.з.б.  4  мыңыншы  жылдарда  алтынды  тұрмыста  кең  қолданған. 
Қола  дәуірінде  алтын  металды  көптеген  елдерде  мол  көлемде  пайдаланылғаны 
туралы мынандай деректер жазылған: «Золото медного века (в Древнем Египете) т.е. 
периода, длившегося около 1800 лет, было на земле почти целиком египетским, а в 
самом Египете – золотом россыпей и рудников от Восточной (Аравийской) пустыни. 
По оценке Г. Квиринга (1948) около 700 т. золото было добыто за это время в этом 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
76 
первом золотоносном районе Мира, в этой первой открытой рудной провинции, где 
впервые  начались  систематические  поиски  и  крупномасштабные  разработки 
рассыпей  и  руд,  пришедшие  на  смену  отдельным  случайным  находкам.  В  других 
районах мира лишь к концу этого периода стали развиваться разработки золото, но в 
несравненно меньших размерах: в Нубии и Аравии было добыто по 20 т. золота на 
Кипре и в Малой Азии – по 10 т., во всей Индии – около 70 т, в Бактрии – 30 т». 
Келтірілген  деректерге  қарағанда,  бұл  алтын  металдары  қола  дәуірінде  кең 
көлемде  пайдаланылғанынан  хабар  береді.  Соның  ішінде,  біз  назарымызға 
айырықша  көздеген  Орталық  Азияда  бұл  металл  тарап,  оның  жиналған  қоры 
Бактрияда  30  тоннаға  жеткенін  көреміз.  Бұл  тарихи  кезеңде  Бактрияға  Орталық 
Азияның  оңтүстік-батыс  аумағы  да  кірген.  Қола  дәуірінде  Орталық  Азияның  осы 
аймағына  кіретін  Бадахшан,  Заравшан,  Қызылқұм,  Самарқанд,  Қашқариядағы 
Тарим,  Такла-Макан  жерлерінен  алтынның  шығарылатыны  баяндалған.  Алтынның 
бағалы металл екенін біліп, ол туралы мақалдар халық арасында көптен айтылған. 
Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде алтынның мыс пен күміспен бір топта 
орналасқанымен  оның  химиялық  қасиеттері  мүлдем  ұқсамайды,  оның  химиялық 
қаситі  платина  тобындағы  металлдарға  ұқсас  болып  келеді.  Жұптың  электрондық 
потенциалы  A   –  Au  (111)  –  1,5  В  тең.  Осындай  үлкен  мағынаның  әсерінің 
нәтижесінде  араласқан  және  концентрацияланған  HCI,  HNO,  HSO  әсер  етеді.  Бірақ 
та  HCI  ол  магнидің  екіасқын  тотығы,  хлорлы  темір  мен  мыс,  сонымен  қатар 
оттегінің қатысуымен жоғарғы температурада және жоғарғы қысымда да әсер етеді. 
Алтын сонымен қатар HCI и HNO (патшалар арағы) қоспасында да жеңіл ериді. 
Химиялық  қатынаста  алтын  –  аз  белсенді  металл.  Ол  ауада  өзгермейді,  тіпті 
қатты  қыздырған  кезде  де.  Алтын  хлорлы  суда  және  негіздік  маталлдардың 
цианидтерінің ерітінділерінде оңай ериді. Сонымен қатар сынап та алтынды ерітеді, 
нәтижесінде  амальга  түзеді,  оның  деңгейі  15%  жеткенде  алтын  тығыздалынып 
қалады.  +1  және  +3  тотығудың  деңгейлеріне  жауап  беретін  алтынның 
қосылыстарының  екі  тізбегі  белгілі.  Сонымен,  алтын  оксидтің  екі  түрін  түзеді  – 
алтын  оксиді  (1),  немесе  алтынның  тотығы,  A   O  және  алтынның  оксиді  (111), 
немесе алтын тотығы, A  O. 
Айтарлықтай  тұрақты  болып  келетін  қосылыстар,  олар  алтынның  тотығу 
дәрежесі  +3  болып  келетінер  болып  табылады.  Алтынның  қосылыстары  металлға 
дейін  еркін  қайта  қалпына  келе  алады.  Қалпына  келтірушісі  болып  жоғарғы 
қысымдағы  сутегі,  алтынға  дейінгі  жүктемеде  тұрған  көптеген  металлдар,  мысалы, 
сутегі  асқын  тотығы,  екі  хлорлы  олово,  серақышқылды  темір,  үшхлорлы  титан 
болып  табылады.  Алтынды  қалпына  келтіру  үшін  әртүрлі  органикалық 
қосылыстарды да пайдаланады: құмырсқа қышқылын, гидрохинон, гидразин, метол, 
ацетил және т.б. Үш валентті алтын – өте күшті тотықтырғыш, ол көптеген тұрақты 
қосылыстарды  түзеді.  Алтын  хлормен,  фтормен,  йодпен,  оттегімен,  теллурмен, 
күкіртпен және селенмен байланысады. 
Физикалық-механикалық 
қасиеттері. 
Алтын 
бұрыннан 
ғылыми 
зерттеулердің нысаны болып табылады. Алтынның атомдық саны 79, атомдық массы 
197.967,  атомдық  көлемі  10.2  см/моль.  Табиғи  алтын  моноизотопты  және  көптеген 
қалыпты  жағдайларда  көптеген  органикалық  және  органикалық  емес  заттарға 
инертті  болып  келеді.  Алтынның  балқу  температурасы  1063
0
С  болып  келеді. 
Балқыған алтынның беткейлік тартылысы 1.134 Дж/м құрайды. 
Алтынның  техника  мен  ғылымда  қолданылуы.  Мыңжылдықтар  бойы 
алтын  зергерлік  заттарды  дайындау  мен  алтын  тиындар  жасауда  қолданылады,  ал 
алтынды  тісті  протездеуде  қолдану  ежелгі  египеттіктерге  де  белгілі  болған. 
Алтынды  айна  өндіруші  өндірісте  қолдану  XVII  ғасырдың  соңынан  белгілі.  Алтын 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
77 
фольганы,  кейіннен  гальвано  жапқыш,  шіркеудің  күмбезін  алтындатуға  да 
қолданған. Соңғы 40-45 жылдардың соңында ғана алтынды тек техникалық түрінде 
ғана қолданды десе де болады. 
Алтынның басқа металлдарға мүлдем ұқсамайтын ерекше қасиеттері де бар. Ол 
агрессивті  ортаның  әсеріне  өте  тұрақты  болып  келеді,  ал  электр  және  жылу 
өткізгіштігі  жағынан  тек  қана  күміс  пен  мысқа  ғана  жол  береді,  алтынның  ядросы 
көп  көлемде  нейтрондарды  жинақтап  алады.  Алтын  өте  технологиялы,  одан  өте 
жіңішке фольга және микросым жасап шығару қиындыққа алып келмейді. Алтынмен 
жабу металлдар мен керамикаға өте оңай жасалады. Осындай пайдалы қасиеттерінің 
жиынтығы  алтынның қазіргі  заман техникасының  маңызды  салаларында  қолдануға 
мүмкіндік  береді:  электроникада,  байланыс  техникасында,  ғарыщтық  және 
авиациалық техникада, химияда. 
Қазақтың  брендіне  айналған  қымыз  бен  қымыранның  құрамында  көптеген 
химиялық  элементтер  кездеседі.  Оны  даярлаудың  өзі  ерекше  химиялық  тәжірибе 
десе  де  болады.  Күнделікті  өзіміздің  үйімізде  де  көптеген  химиялық  элементтер 
кездеседі.  Мысалға:  дәрі-дәрмектер,  кір  жуғыш  ұнтақтар  натрий  тұздарынан  сабын 
жасалады, ал калий тұздарынан қол жууға арналған жұмсақ сабындар жасалынады, 
ас үйдегі қасық, шанышқылар көбісі тат баспайтын болаттан (темір, көміртегі және 
хром  мен  никель)  жасалған.  Теледидардың  экраны  фосфордың  түрлі-түсті 
түрлерімен жалатылған. 
Күнде  жеп  жүрген  нанымыздың  жасалуы  да  химиялық  құбылыс  десе  де 
болады.  Суға  тұз  және  сүт,  ашытқы  салып  жақсылап  илейміз.  Сосын  ашып,  одан 
тәтті нан пісіреміз. От жағу үшін де сіріңке қолданамыз, ол да химиялық құбылыс. 
Бөлменің  температурасын  өлшейтін  термометрде  сынап  элементі  бар.  Сынап  тағы 
тіс пломбаларында, батаряларда, флуоуореецентті шамдарда кездеседі. 
Ең  алғашқы  химиядағы  тәжірибелер  туралы  айтатын  болсақ,  дүние  жүзінің 
атақты  химиктері  көптеген  тәжірибелер  жасап,  жаңалықтар  ашқан.  Мысалға  Х. 
Бранд  алғаш  рет  фосфор  элементтін  ашты.  А.  Магнус  –  мышяк  элементін  ашқан. 
Голландық  химик  Ян  Гельмант  газды  Дэнозде  Пристли  оттегіні  ашты.  Антуан 
Лавуазье де көптеген жетістіктерге жеткен химик. 
Біздің  ата-бабаларымыз  да  еуропалықтардан  қалыспаған  екен.  Олар  өздері 
тұрған тау мен тастарға суреттер салған, жазулар жазғанын (Күлтегін) біз тарихтан 
жақсы  білеміз.  Керекті  бояуларды  дайындау  үшін  көптеген  тастар  мен 
минералдарды  ұнтақтаған.  Ең  жақсысы  өшпейтін  немесе  ұзақ  сақталатын  түстер 
беретін элементтерді іздестіру бүгінгі күнге дейін жасалған табуда. Титанды немесе 
мырышты ақ түсті бояулар алу үшін пайдаланады. Кремний, алюминий немесе темір 
оттегімен  қосылыста  ежелгі  тау  мен  тасқа  сурет  салуға  пайдаланған  қою  сары 
бояудың құрамын береді екен. 
Ал түрлі металдардың зергерлер, ұста-шеберлер тұрмысқа қажетті бұйымдары 
жасалған. Мысалға алтын-күмістен әшейкей бұйымдар, темір, мыстан, ат әбделдері, 
жұмыс  құралдар,  балта,  кетпен,  шалғы  т.б.  нәрселер  жасалған.  Ал  жануарлардың 
терілерін  илеп,  одан  әртүрлі  нәрселер  жасалған.  Мысалы:  қамшы,  киім-кешек,  тон, 
қалпақ,  аяқ  киімдер,  т.б.  Ал  жүндерді  бояп,  одан  кілем,  текемет,  киіздер  жасалған. 
Демек, қазақтар да мықты химик болғандығын дәлелдейтын мысалдар өте көп. 
Төрт  түлікті  жанына  серік  еткен  қазақтарды  денсаулығы  өте  мықты  болған. 
Себебі халқымыз: «Тамыр тартқан тарықпас», - деп бекерге айтпаған. Бұл мақалдың 
шығуына үңілсек, ағарған, яғни сүт, қымыз, саумал, қымыран, құрт, ірімшік, айран, 
көже,  шалап,  т.б.  химиялық  элементтерге  өте  бай,  олардың  ең  көп  кездесетіні 
кальций. Кальций күміс тәріздес ақшыл түсті металл. Кальций адам ағзасындағы ең 
көп тараған металл. Ол біздің сүйектеріміз бен тістерімізді құрайтын негізгі элемент. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
78 
Кальций  –  адам  өміріндегі  ең  маңызды  бес  функцияны  орындайды.  Оның 
арқасында  біздің  жасушаларымыз,  бұлшық  еттеріміз,  жүйкелеріміз,  қанымыз  бен 
гармондарымыз қалыпты жұмыс істейді. Біздің сүйектерімізді құрайтын жасушалар 
осы  функциялардың  барлығын  орындау  үшін  қанымызда  жеткілікті  мөлшерде 
кальций бар тағамдар көмектеседі. Ол сүт тағамдары, сүт ірімшік, сары май, айран. 
Қымыздың  құрамы  да  химиялық  элементтерге  бай  болып  келеді.  Ал  оны 
дайындаудың  өзі  үлкен  химиялық  құбылыс  десек  әбден  болады.  Демек,  байырғы 
қазақтар да тамаша химиктер екен. Қымыз – жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт 
өнімі. Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмк н емес. Бұл ғажайып сусын қырғыз, 
қазақтардың  барлық  салтанатты  думандарымызда  б р нш   кезекте  бер лед .  Ол 
туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қаб лет н ең алдымен 
оның  қымыз  әз рлеу не  қарап  бағалаған.  Ыдыс  түб нде   ш лмей  қалған  қымызды 
төг п тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлем нде қымызды айырықша 
ыдыста – торсық және сабада дайындаған. 
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қаз рг  кезде қымыздың 
микрофлоры  құрғақ  түрде  жақсы  сақталады.  Қымыздық  ұйытқы  рет нде  көктемде, 
қымыздық  мезг лд ң  басында  ұйытқы  қолданылады.  Ұйытқыны  күзде  дайындау 
үш н  қымызды  б рнеше  тәул кке  қалдырады  және  ол  ек ге  –  жоғарғы  мөлд р  және 
төменг   р мш кт к қабатқа бөлед . Бұл тұнбаны селд р матада сығып алады да, күнге 
кепт ред   және  келес   маусымға  (мамыр)  дей н  жабық  ыдыста,  салқын  жерде 
сақтайды. 
Ұйытқыны  т р лту  үш н  ұнтаққа  буландырылған  бие  сүт н  3-4  ас  қасығына 
есептей отырып, 5 литр сүтке араластырады және дүрк н-дүрк н араластырып отыру 
арқылы  жылы  жерде  б р  тәул к  сақтайды.  Б р  тәул ктен  соң  ұйытқыны  қымыз 
дайындау  үш н  пайдаланады.  Одан  әр   қарай  қымызды  жасап  шығару  үш н  енд  
ұйытқыны емес, кәр  қымызды 1 литр қымызға 6-7 литр бие сүт н есептей отырып 
пайдаланады. Қымызды әз рлеу үш н булы бие сүт н ұйытқымен б рге сабаға құяды 
да, түнге қалдырады. Келес  күн  әрб р сауыннан аши бастаған сүтке б рнеше жаңа 
бөл ктер н қосады, жақсылап араластырады да, 10-15 сағат сақтайды. 
Дегенмен,  мұндай  әд спен  алынған  қымыз  әл   әлс з  және  аз  газдалған,  қою, 
тағы да мұқият араластырады да, б р күн қоя тұрады. Мұндай өндеуд ң нәтижес нде 
ек  күнд к орташа қымыз пайда болады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды. Айта 
кету  керек,  сабадан  барлығын  емес,  оның  бөл г н  (шамамен  1/5)  қымызды  ғана 
құйып  алып,  қалғанын  ұйытқыға  қалдырады.  10-15  күн  өткеннен  кей н  саба 
толығымен босатылады, қосымша сүрленед  және маймен сыланады. Сабаны қымыз 
дайындау үш н б р-ақ маусым пайдаланады. Сабада әз рленген қымыз жоғары дәмд к 
сапамен ерекшеленед . Қазақтар қазымен үйлес майлы қымызды жақсы көред . 
«Ауруға  ем,  сауға  қуат  дәрі  қымыз»,  -  деді  Жамбыл  атамыз.  Қымыз  қазақ 
халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек 
қана  бие  сүтінен  ашытылады.  Әдетте  сауылатын  биелер  сақа  бие,  қулық  бие, 
қысырақ бие деп үшке бөлінеді. Сақа бие – бірнеше кұлындаған, бұрыннан сауылып 
келген бие. Қулық бие – құнажын немесе дөнежін жасында алғаш құлындаған бие. 
Ал, қысырақ бие деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына 
тайы  (былтырғы  құлыны)  еміп  жүрген  биелерді  айтады.  Биыл  құлындамағанмен 
тайы еміп жүргендіктен ондай биелер сауыла береді. 
Жыл мезгілдеріне, шөп шығымына, малдың күйіне қарай сауылатын биелерді 
мал  иесі  мен  жылқышы  іріктеп  алады.  Онда  биелердің  ауру-сырқаудан  амандығы, 
құлындардың  ширақылығы  еске  алынады.  Жадау  биелер  немесе  қарақұлақ  болып 
марқаймаған  кұлындар  белгілі  бір  мерзімге  дейін  байланбайды.  Бие  байлау  деп 
енелері  сауылатын  құлындарды  ноқталап,  желіге  байлап  ұстауды  айтады.  Құлыны 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
79 
байланған  биелер  қашан  құлыны  ағытылғанға  дейін  ауыл  маңына  жайылады. 
Сондықтан тозған қоныс жиі-жиі ауыстырылып отырылады. 
Жыл  сайын  алғаш  бие  байлаған  күн  «Бие  байлар»,  «Желі  майлар»  деген 
дәстүрмен мереке сияқты өткізілген. Әдетте бұл күні сүр асып, мол табақ тартылады, 
желінің қазығына, айғырдың жалына май жағылады. 
Бие  байлау  ел  жазғы  жайлауға  шығып,  шөптің  нәрі  толған  кезде  басталған. 
Дәлірек айтсақ бие байлау мерзімі – сәуір айының аяғы мен мамырдың басы. Бұл кез 
кұлындар  әбден  марқайып  жетіледі,  5-6  сағат  байлауда  ұсталады,  сауым  сайын 
емізіп,  жетектеп  жүріп  сергітіледі.  Көктемде  және  шілде  айларында  биелер  жиі 
сауылады.  Биені  бие  көнекке  немесе  ағаштан  істеп  ысталған  бие  шелекке  сауады, 
әдетте  бие  саууға  бұрыннан  үйренген  әйелдер  ғана  шығады.  Жаңа  сауылған  бие 
сүтін  сүзгіден  өткізіп,  жылы  кезінде  күбідегі  немесе  сабадағы  саумалдын  үстіне 
құяды. Содан сон оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап 
ұстаған.  Алғаш  рет  қымыз  ашытарда  бие  сүті  сабаға  арнаулы  ашытқының  немесе 
қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін 
салып  сүттен,  ол  жоқ  болғанда  сүтке  нан  ашытқысын  езіп  әзірлейді.  Қор  дегеніміз 
ескі  қымыз,  ол  жақсы  ашыған  қымыздың  саба  түбінде  қалатын,  арнайы  сақталған 
сарқыны. 
Сары  қымыз  дертке  шипа,  денеге  күш.  Қымыз  ерекше  дәмді,  құнарлы,  жан 
сарайыңды  ашып,  адамның  зауқын  келтіретін  хош  иісті  және  өте  сіңімді  сусын. 
Оның  бұлай  болу  себебі  жылқы  жануардың  өзіне  ғана  тән  асыл  қасиетінен  болса 
керек.  Адымы  кең,  өрісі  ұзақ сәйгүлік  саңлақтар  қазақ  даласының  кек  байтақ 
жайлауын  емін-еркіндеп,  дәмдіден-дәмдіні,  қоректі  мен  құнарлыны  ғана  тереді, 
өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп кең даланың сан алуан гүл-бәйшешектері 
мен  мың  түрлі  дәрі-дәрмектік  шөптерінен  жылқы  жарықтық  адамға  шипалы, 
жағымды тамақтық заттар әзірлейтін болса керек. 
Қымыздың  атам  заманнан  бергі  өзіне  тән  ыдысының  бірі  –  қазақтың  қара 
сабасы тек қана жылқы терісінен тігіледі. Бұл бұдан бірнеше ғасыр бұрын, көшпелі 
дәуірде игерілген ыдыс болса керек. Сабаға  ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, 
дәмді болса, екінші жағынан, көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы. 
Қымыз  саба,  торсық,  көнектер  әзірлеуге  көп  мінілмеген,  тер  сіңбеген, 
ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдап алынады. Ол қыс 
бойы от жағылатын асхананың (шошаланың) төбесіне кептіріліп, жаз шыға қайтадан 
жібітіледі де, кұрымға салынады. Құрым дегеніміз – шошаланың төбесіне жиналған 
қара  күйе,  ыс.  Саба,  торсық  жасайтын  шеберлер  қара  күйені  сыпырып  алып 
қайнатады да, әрі ащы, әрі қышқылы мол, қою шай сияқты сұйық зат әзірлеп, теріні 
соған  батырады.  Ол  құрымда  20-30  күн  ұсталып,  жүні,  шелі,  ет  қалдықтары 
тазартылады.  Осыдан  кейін  тері  ширап,  шымырланып  және  коныр-қошқыл  түске 
енеді.  Осындай  әдіспен  иленген  тері  шуда  жіппен  көктеліп,  ішіне  құм  толтырып 
керіледі  де,  кептіріледі.  Кебуі  жеткен  саба  шерткенде  сыңғырлап  тұрады.  Бұл  саба 
жасау  әдісінің  бірінші  сатысы.  Ал,  екінші  сатысында  әлгі  кептірілген  ыдыстар 
жылқының  сүр  етінің  және  қымыздың  майымен  сіндіре  майланады.  Майлаудың 
нәтижесінде сабаның тігістері кірігіп, бекіне түседі. 
Саба  жасау  әдісінің  үшінші  сатысы  –  оны  ыстау.  Бұл  жауапты  істі  маман, 
әдетте  жұртқа  танымал  болған,  осы  іске  қабілеті  бар  адам  ғана  жүргізген.  Өйткені 
тәжірибесіз, шалағай адамдардың өрт шығарып алуы, сабаны күйдіріп алуы немесе 
шала-шарпы  ыстауы  мүмкін.  Ысты  көбінесе  үй  іргесінен  аулақ,  шөп-шаламы  жоқ, 
суы  жақын  өзен  жағасында,  құдық  басына  салады.  Мысалы,  жарқа-бақтан  отын 
салатын  оттық  ойып  алады  да,  оның  төріне  жалғастыра  ұзын  өңеш  15-20  метр, 
кеңдігі  50-60  см  ор  қазып,  ішін  жалын  жетпестей  етіп,  кірпішпен  астарлайды.  Осы 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
80 
өңештің  екінші  басында  құдықша  етіп  қазған  ыс-ошағы  болады.  Оның  беті  темір 
тормен  жабылып,  әр  жерінен  арнаулы  тесік  қалдырып  сыланады.  Осы  «ошақтың» 
үстіне  балшықтан  шошала  қалайды  немесе  киіз  күрке  тігеді.  Сонда  ыс  түтіні 
өңештен  ошаққа  келіп  күркенін  ішінде  булығып,  үнемі  бықсып  жататын  болады. 
Ысқа жағылатын отын бүрі түспеген жас тобылғы мен қараған. 
Кейбір  ысшылар  сабаға,  торсықка  ерекше  иіс  беру  үшін  отынға  аздап  арша, 
кекпек, құрғақ көк пішен қосып жағады. Қымыз ыдыстарының енді бір негізгі түрі – 
күбі,  ол  отырықшылық  жағдайға  бейімделген.  Күбі  ауыз  жағы  тарлау,  түп  жағы 
кеңірек  етіп  еменнен  жасалады.  60-70  және  100  литр  қымыз  сыйғандай,  әр  түрлі 
мөлшерде  болады.  Оның  іші  де  апта  сайын  жуып  кептіріліп,  сүр  еттің  майымен, 
қойдың  құйрығымен  майланып,  тобылғы  дүзгін,  құлмұрын  ағаштарының,  қоғажай 
дейтін шөп түбінің түтінімен ысталып отырады. Күбіні баптай білген үйдің қымызы 
да  дәмді  болады.  Қымыз  еш  уақытта  темір  ыдысқа  құйылмайды.  Саба,  күбі 
піспегінің басы аршаның қызылынан ойылып, саба да жақсы ағаштан жасалған және 
сүйек,  күміспен  өрнектелген.  Піспек,  бие  сауатын  шелек,  қымыз  тегене,  шөміштер 
де жиі-жиі ысталып отырған. 
Қымыздың  бабы  пісу  мен  сапыруға  байланысты.  Жиі-жиі  піскен  қымыздың 
дәмі кіре береді. Ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек, тұнбасы бір 
бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды. Көбірек пісілсе тіпті күшті деген қымыздың 
өзі жұмсап, ішуге сүйкімді бола береді. Бал татыған барқыт қымыз осындай баппен 
дәмді. 
Ия,  қымыз  –  халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  үздіксіз  пайдаланып  келе 
жатқан  ұлттық  тағамы.  Ол  тек  тағам  емес,  сонымен  қатар  халықтың  қасиетін, 
дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс 
белгісі.  Басқа  тағамдарға  қарағанда  қымызды  дайындаудың  әдіс,  тәсілдері,  салт-
дәстүрлері,  ырымдары  мен  кәде-жоралары  көп.  Көктем  туып,  құлындаған  бие 
байланып,  сауылады.  Биенің  ашымаған  сүтін  саумал  дейді.  Оған  арнайы  ашытқы 
қосылып, екі-үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр 
бойынша 
үлкендерін 
шақырып, 
ауыз 
тигізіп, 
батасын 
алады. 
Мұны 
«қымызмұрындық»  дейді.  Дайындау  әдісіне,  қасиетіне,  сапасына  және  сақталу 
уакытына  байланысты  халқымыз  қымызды  бірнеше  түрге  бөледі.  Және  оларды  әр 
түрін жылқы жасы атауымен атайды. 
Бал қымыз – бал, қант, өрік-мейіз қосылып ашытылған қымыз, сырқат адамға, 
балаларға,  жас  босанған  әйелдерге  беріледі.  Сірге  жияр  қымызы  – 
күздігүні бие ағытарда  бірнеше  күн  жиналған қымыз;  салт  бойынша  сірге  жияр 
қымызға  ел  шақырып,  бөліп  ішкен.  Уыз  қымыз  –  бие  сүтінің  уыз  дәмі  тарамаған 
кезде  ашытылған  қою қымыз. Май қымызы  деп  те  аталады.  Сары  қымыз  –  жаздың 
ортасында, шоп әбден піскен, буыны қатқан кездегі қымыз. Көші-қоннан қымыз көп 
шайқалып, көп пісіледі де, ірімшігі жақсы жазылып, ашуы білінбей, қымыздың күші 
өз бойына сіңген сарғылт болады. Сары қымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет