7 «Алысым жақын болды» 8-9-бет


Ақ сақа – сақалардың ішіндегі алшы  түскіші əрі ақ жолтайы



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата12.03.2017
өлшемі15,06 Mb.
#9075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ақ сақа – сақалардың ішіндегі алшы 

түскіші əрі ақ жолтайы; 

Алтын сақа – 1) сақалардың ішіндегі 

ең жақсысы əрі құндысы. 2) алтыннан 

құйылған сақа:   Болғанда алтын сақа, 

күміс кеней,  Бас қоспақ сіздерменен 

үлкен үмей – ауысп. жақсы адамдардың 

үлкені де, кішісі де бір ортада бас қосуы 

үлкен ғанибет деген мағынада; 

Елік сақа   –  еліктің асығынан 

таңдалған сақа;

Күміс сақа  1. Құндылығы жағынан 

сақалардың ішіндегі екінші орында 

тұрған сақа; 2. Күмістен құйылған сақа; 

Қой сақасы –  ірі еркек қойдың 

асығынан таңдалған сақа; 

Қоңқа сақа – қоңқиып қалған ірілеу 

сақа

Қорғасын сақа –  əрі алшы тұр-



ғыш, əрі салмақты да  ауыр болу үшін 

алшысынан не тəйкесінен тесіп, қорға-

сын құйған сайлаулы сақа. Кейбір 

жергілікті ерекшеліктерде қорғалдақ деп 

те аталады: Қорғасын құйған сақадай 

– ауысп. ауыр, салмақты, шымыр; 



Қошқар сақа –  қошқар асығынан 

таңдалған сақа

Құлжа сақа –  құлжа аңның сақасы 

кез келген ірі қошқарлардың сақасынан 

ауқымды да салмақты болып келуіне 

байланысты, ойыншы балалар құлжа 

сақасын ұстауға тырысады. Оны, 

əдетте, құлжа атып алған аңшылардан 

аттай қалап, сұрастырып жүріп алуы 

мүмкін. Құлжа сақасына да алшы тұра 

беруі үшін кейде тəйкесінен тесіп, аздап 

қорғасын құюы мүмкін. Асық ойнаушылар 

сондықтан да барлық кезде Құлжа сақалы 

баламен ойнауға келісе бермеуі де мүмкін; 

құлжаның оңқай асығынан сайланған əрі 

ірі, əрі қолға ыңғайлы ұтқыш асықтар 

қатарына жатады; құлжа сақаға 

əдетте қорғасын құймайды, өйткені ол 

онсыз да салмақты болып келеді

ЫЗЫЛ СА А



Қызыл сақа – қызыл түске боялған 

сақа; 

Оңқай сақа –  тұмсығы оң жаққа 

қарап тұрған сақа; 

Сақа-бата  – оңқай сақа; оң қолмен 

атуға оңтайлы сақа;

  Сары сақа –  сары түске боялған 

сақа

Солақай сақа – тұмсығы сол жаққа 

қарап тұрған сақа; 

Сол солақай сақа – сол қолмен атуға 

оңтайлы сақа;

 Төрт асық – төрт асықпен ойналатын 

құмар ойыны



Шикі сақа – шикі жіліктен алынған 

сақа.

Оқ – «Ұпай», «Хан талапай»,  т.б. 

асық ойындарда ататын асықтың өзіндік 

атауы;  Жебе – «Ұпай», «Хан талапай», 

т.б. асық ойындарында ататын асықтың 

екінші аты; Кейде оқ деп те аталады; 

Киік  – кейбір асық ойындарында 

(мыс. «Хан талапай», «Ұпай»,  т.б.) 

ататын асық – «оқ»не «жебемен» атып 

алынатын асықтың өзіндік аты; Кенек 

–  сақа сайланған ірі де шымыр асық:  



Қорғасын құйған кенектей (Т.Əлімқұлов. 

Кертолғау. Алматы, 1973); 



Сақа  –  асық ойындарында ұстап, 

атып ойнау үшін жеке ойыншының 

қолына көп асықтың ішінен сайланып, 

таңдалып алынған қолға қолайлы, ірі де 

салмақтысы. Əдетте, ойыншы ойынды 

ұтымды ойнау үшін қолына ұстаған 

сақасының сай болуына ерекше мəн береді. 

Сондықтан ойыншы сақаны құлжаның, 

не қошқардың ірі асығынан сайлап алып, 

оның əр жерін (шігелігіне, не алшы, тəйке 

жақтарын) тесіп, қорғасын құйып, 

бояп, салмақты да тұрғыш етіп 

ұстауға тырысады:  Сақадай сай // 

Сақадай сайлану – бір нəрсеге əзір 

тұру, даяр болу.

Сақа құю –  алшы тұрғыш 

болу үшін сақаның тəйке жағын 

жағынан қарағанда тұмсығы солға қарап 

тұрған асық;  Омпа  – асықтың артқы 

домалақ, жұмыр жағының жоғары қарап 

тұрып қалатын калпы;  Сомпа  – асықтың 

омпасына қарсы жағы; Тұрық – асықтың 



алшы, не тəйкесінен тұруы; асық 

ойынында тұрықтың «беделі» жатық 

қалыптан жоғары болады

Малдың  түрлерінен жасалған асық 

атаулары: Бақпай –  жылқының асығы; 

Ешкі асығы –  көлемі кішірек əрі жеңіл 

келген ешкінің асығы; Қой асығы – қойдың 

барлық түрінен (құнан қой, дөнен қой, 

тоқты, бағылан, т.б.) алынған асық: 

 

«Қой асығы» демегін, қолыңа жақса, 



сақа тұт, «Жасы кіші» демегін, ақылы 

асса, аға тұт  «сақаның жақсысы – 

қолыңа қолайлысы, ел ағасының жақсысы 

– ақылдысы» демекші; Сомпай // Томпай 

– сиырдың асығы; Сопай – жылқы асығы; 



Топай – сиыр асығы; Шүкейт // Шүкімейт 

– бітімі майда ешкі асығы; Сиыр асығы 



– кейбір асық ойындарында («Көтеріспек», 

«Атбақыл»,  т.б.) сақа ретінде сиырдың 

асығы (сомпай) пайдаланылады;

Асық формасының өзгертілуіне 

байланысты атаулар: 

АСЫҚ  –  малдың асықты жілігіндегі 

сирақ пен сан жілікті жалғастырып 

тұратын жұмырлау топса сүйек; ұлттық 

асық ойындарында күні кешеге дейін 

кеңінен қолданылып келген мал (қой, ешкі, 

жылқы, сиыр) жəне кейбір қара аңдардың 

асықты жілігінде болатын кішкене 

сүйектің жалпы атауы. Қазақ салтында 

асық тым ерте замандардан келе 

жатқан негізінен балалар шұғылданатын, 

ойындардың бəрінде де қолданылатын 

сыртқы тұлғасы мен аумағына қарай 

өзара жіктеліп, өзінше аталып келеді. 

Асық төрт түлік мал менен жабайы 

аңдардың (елік, тауешкі, құлжа, т.б.) 

бəрінде де болады. Асықтың  төрт жағы 

«асықтың төрт тұрығы» деп аталады

Олар төрт түлік малға сай аталады: алшы 

– «жылқы», тəйке – «түйе», бүге (бүк) – 

«қой», шіге (шік) – «ешкі».

АСЫҚТЫҢ  ТҮРЛЕРІ

Асық ойындарында пайдаланатын 

асықтың  жеке-жеке атауы, өзіндік мəн-

мағынасы бар.  Асық түрлерін өзара 

мынадай ерекшеліктеріне қарай бөліп 

қарастырдық. Олар: 

Асықтың (жоғары, тө-

мен, оң, сол) тарапына 



байланысты атаулары: 

Алшы  –  асықтың тік 

тұрғандағы беті иректеу, ойық 

болып біткен жағы;  Тəйке – 

асықтың алшысына қарсы жағының 

жоғары қаратып тұруы; Бүк//Бүге  – 

асықтың дөңес жағын жоғары қаратып 

жатуы; Шік // Шіге – асықтың ойыс 

жағын жоғары қаратып жатуы; 

Бүгелік – асықтың бүге жағы; 

Жатық  –  асықтың бүге, не 

шігесінен жатқан қалпы: 

асық ойынында бұл қалыптың 

«беделі» тұрықтан төмендеу 

болады.  Шігелік  –  асықтың 

ойыс жағы; Оңқай асық – алшы 

жағынан қарағанда тұмсығы оңға 

қарап тұрған асық; Солақай асық – алшы 

ТАС 

ҚАЛА 

ТАС ҚАЛА – асық ойынының бір 

түрі. Ойынға қатысушыларға шек 

қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап 

алып шеңбер сызады да, дәл ортасына 

асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп 

жияды. Содан соң асық тігілген жерден ойынға 

қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 

сөре белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 м-ден кем 

болмауға тиіс. Ойынды бірініші болып бастайтын 

ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің 

сақасы елден бұрын омпа не алшы түссе, ойынды 

сол бастайды. Қалғандары да осы тәртіппен өз 

кезектерін алады. Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл 

тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды 

жалғастырып, сақасы жатқан жерден қайта атады. 

Егер де бірінші атушы «Тас қалаға» тигізе алмаса, 

онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы 

«Тас қаланы»  бұзып, бірақ асықты шеңберден 

шығара алмаса, онда айыбын қосып, «Тас 

қаланы» қайта тұрғызады. Егер атушы «Тас 

қаланы»  бұзып, жоғарыда айтқандай 

бір асықты шеңберден шығарса, онда 

қалған асықтарды шеңберден шығара 

алмағанға дейін ата береді. 

Қалған ойыншылар бұзылған 

«Тас қаланың» бытырап 

жатқан қалдықтарын 

(асықтарын) атып 

алады.

тұрып, қолдарындағы сақалармен оңқаны ата 

бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда 

көндегі асықты түгел алады. Ал оңқаға тимей 

жанындағы асықтарға тисе, онда сол атқан 

асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге 

асық қайтадан  тігіліп отырады. 

ХАН  – асық ойынының бір түрі; ойынға 

қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей ғып 

асық шығарады да ұтысады. Ұтыстың тəртібі: 

əуелі ойынға қатынасатын балалар «ханды» 

 

жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды 

сол  бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың  

ойынға  салған асықтарын жерге шашып жібереді; 

тəртіп: бүкті бүкпен ғана,  шікті шікпен ғана ату 

жəне бір ғана үсік саусағымен ату... Бала ең алдымен 

«ханды» атып алады. Асықты алғаш шашқанда, «хан» 

алшы түссе, «хан талапай» болады. Онысы шашылған 

асықтарды үлгергенше талап алу... Бұл «хан талапайда» 

əр бала қолына «ханды» түсіруге тырысады. Хан тала-

пайды Сəбит Мұқанов өз кітабында «хан таламақай» 

деп қолданады. Хан ойынында ойнаушылардың санына 

шек қойылмайды. Ойынға өзара келісімдері бойынша 

əрқайсысы ортаға асықтарын шығарады да, кезегімен 

барлық асықты жинап алып, қос қолдап иіре бастайды. 

Əр ойыншы ортаға бестен, болмаса оннан шығарады. 

иіреді. Бірінші кезек алған ойыншы өз қарсыласының сақасын 

шамасы келгенше алысқа ұшыруға тырысады. Сақаның 

алғашқы жатқан жерінен ұшып барған орнына дейінгі ара 

қашықтықты табан ұзындығымен өлшейді, қанша табанға 

ұшырса, яғни атушы өзінің қойған шарты бойынша сақаны 

ұшырған қашықтығына байланысты ұтқан асығын алады. 

Ондағы шарт, айталық, əр үш табанға бір асық, болмаса, 

табан басына бір асық бола ма, ол ойыншылардың өзара 

келісулеріне байланысты. Сондықтан бірінші атушы бірге, 

екіге, үшке, төртке, тағысын тағы кеттім деп шарт қояды. 

Бұдан соң екінші ойыншы қарсыласының сақасын атады. 

Ол да өзінің шартын қояды. Осылайша кезектесумен ойын 

жалғаса береді. 

АСЫҚ ТАБЫСУ – асық ойынының бір түрі. Біреу 

асықты жасыруға, екіншісі оны табуға тиісті. Тапса – 

жеңді, таба алмаса – жеңілді

ОҢҚА – бұл ойын «Омпа» деп те атала береді. Оны 

көбінесе асығы мол бозбалалар ойнайды. Таза алаңдарда, 

үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың 

санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты – асық 

ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, 

дəл ортасындағы сызыққа əрбір ойыншы өздерінің 

асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір 

асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің 

артына бірі, əркімнің өз кезектері бойынша қатарға 

АЛШЫ.  Ойын басталар алдында əрбір ойыншы 

сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылардың сақасын 

бір адам уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы 

алшы түссе – бірінші кезекті, тəйке түссе – екінші, бүк 

түссе  –  үшінші, шік –  төртінші кезекті алады. Ойынға 

қатысушылар көнге келісім бойынша (əдетте, əр ойыншы 

екі-үш) асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен 

асық бірдей жағымен түскен болса, асықты алып, ары 

қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша 

жатса да, асықты алады. Сақа мен асықтың жатысы 

сəйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі 

ойыншыға береді. Осылайша көндегі асықтарды тауысып, 

қайтадан тігеді де, ойынды жалғастыра береді. 

АСЫҚ АТУ ойынында аумағы екі-үш қадамнан 

тұратын дөңгелек көн сызылады. Ортасына əр ойыншы 

келісім бойынша екі-үштен (не одан да көп) асық тігеді. 

Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он-он бес 

қадамдай қашықтан тігілген асықтарды сақамен ата 

бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты 

ғана алады да, ары қарай сақасының жатқан жерінен (егер 

сақа сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртынан 

ғана атуға болады) қайтадан ата бастайды. Егер ойыншы 

бірде-бір асықты дөңгелек көннің сыртына шығара алмаса 

ойыннан шығады. Ойыншылардың бəрінің кезегі біткенде 

асықтарды қайта тігіп ойын жалғаса береді.

КЕТСІН БІР ойынына қатысушылардың саны екіден 

аспауы керек. Екеуі сақаларын біріктіріп, кезек алу үшін 

Алшы, оңқа, хан...

Асық


Асық

Материал Əбдуəли Қайдардың «Қазақтар ана тілі əлемінде: Қоғам» ( ІІ том. А., 2013. 547-555 бб.) кітабынан алынды.

ҚАҚПАҚЫЛ

Ойыншы асықты уысына толтырып 

алады да, оларды жоғары атып жіберіп, 

қолының сыртын тоса қояды; қолдың 

сыртындағы асықтың саны нешеу 

болса да жоғары атып жіберіп, жерге 

түсірместен қайта уысына қағып алуы 

керек; егер асықтардың біреуі жерге 

түсіп кетіп, уысқа түскен асық саны қол 

сыртындағы асық санынан кеміп қалса, 

ойын тоқтатылып, кезек қарсыласқа 

беріледі; ойыншы қағып алған асығын 

жанына қояды да, төсеніш үстіне 

шашылып түскен асықтарды бір-бірлеп 

алып тауысады. Ол мынадай тəртіппен 

орындалады: ойыншы жанына қойған 

асықтардың ішінен біреуін таңдап 

алып, жоғары лақтырады да, жерде 

жатқан асықтардың біреуін алып 

үлгеріп, жоғарыдан түсіп келе жатқан 

асықты қағып алады; жерден көтерген 

асықты жанындағы асыққа қосады; 

жердегі асықты осылайша тауысқан 

соң, сол ойыншы 10 асықтың біреуін 

өзіне иемденіп, 9 асықпен ойынды əрі 

қарай жалғастырады; егер ол қателік 

жібермей ойындағы асықтың барлығын 

жаңағы 1 ереже бойынша ұтып шықса, 

жеңімпаз атанады, ал қателік кетсе, 

кезек қарсыласқа беріледі;

АСЫҚ ОЙЫНЫНДА 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Көйт – асық ойынында таласып алатын ұпай, не кезек. «Асық 

ұтыс сықылды алыс-беріс, Тірі жанның қылғаны бүгін тегіс; 

Бірі көйтке таласып, бір арам қып, Төбелескен, дауласқан 

жанжал-керіс» (Абай). Бұл арадағы «көйт» – орыс тілінен 

ауысқан «ход» сөзінің өзгерген түрі; Көн – асық ойындарын-

да ойнаушылардың өз асықтарын (бірден, екіден – келісім бойын-

ша) қатарластыра тігетін, кейде өкше тіреп тұрып асық ату үшін, не 

белгіленген жүлдені көрсетіп қою үшін сызылған шартты сызық; 

Қала – асықтардың қатарластыра тізілген тізбегі; Мәре – асық ата-

тын, белгіленген жер; Ұры – «Ханым, дат» асық ойынына «хан», 

«уәзірмен» қатар қатысатын символды кейіпкерлердің бірі.  

6

№29 (1287) 

23 – 29 шілде 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Жуырда Алматы қаласындағы «Ғылым 

ордасының» мәжіліс залында Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрі 

Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен 

және Қазақстан Ұлттық жаратылыстану 

ғылымдары академиясының президенті, 

экономика ғылымының докторы, 

профессор Нұртай Әбіқаевтың төрағалық 

етуімен Елбасының бес институтционалдық 

реформасын іске асыру бойынша білім 

және ғылым саласындағы міндеттерге 

арналған алқалы жиын болып өтті. 

ШАРА


АТАМЕКЕН

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ

БАЙҚАУ

ӨШПЕС ДАҢҚ



ЖИЫН

біқаев  з с зінде Елбасының «Қазақстан – 

2050» Стратегиясы, «Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамы», «Нұрлы Жол – болашаққа бастар 

жол» Жолдауы, «Бес институтционалдық 

реформа» және «Ұлт Жоспары – 100 

нақты» қадам» бағдарламалық құжатының 

еліміздің әлеуметтік-экономикалық, 

индустриалдық-инновациялық даму 

бағытындағы маңыздылығына тоқталып 

тті. Мемлекет басшысы белгіленген 

м і н д е т - м а қ с а т т а р д ы   ж ү з е г е   а с ы -

ру еліміздің серпінді дамуына негіз 

болатынын тілге тиек етті. Осы орай-

да ғылым мен білім саласының қазіргі 

заманғы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, 

экономиканы әртараптандыру, ғылыми 

жобалардың нәтижелілігін жоғарлату, 

еліміздегі индустриалды-инновациялық 

бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі 

бойынша Н. біқаев ғылым мен білімнің 

дамуы бүгінгі уақыттың талаптарына сай 

болуына баса назар аударды. «Ұлт Жоспа-

ры – 100 нақты қадамда» атап к рсетілген 

бағыттарға сәйкес әр ғылым саласында 

практикалық сипаттағы ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын к бейту маңызды» деген 

пікірін білдірді. Сонымен қатар «100 

нақты қадам» бағытында атқарылып 

жатқан жұмыстар ж нінде және де алдағы 

уақытта қолға алынатын жобалар жайын, 

олардың мемлекетіміздің дамуы үшін 

маңыздылығын айрықша атап  тті. 

Жиында с з с йлеген Қазақстан Рес-

публикасы Білім және ғылым министрі 

Аслан Сәрінжіпов Елбасының білім 

және ғылым саласындағы белгілеген 

міндет-мақсаттарын жүзеге асыру ел 

экономикасының басым бағыттары бо-

лып табылатынын жеткізді. Бұл орайда 

Аслан Бәкенұлы елімізде ғылым саласына 

Облыстық мәслихаттың үлкен 

залында «100 нақты қадам» – 

Ұлттық жоспарының «Біртектілік 

пен бірлік» атты т ртінші 

бағытын іске асыру мәселелері 

бойынша  кеңес  тті. Кеңеске ҚР 

Дін істері комитетінің т рағасы 

Ғалым Шойкин, облыс әкімінің 

орынбасары Бақтияр Мәкен, 

облыстық ассамблея т рағасының 

орынбасары, хатшылық меңгерушісі 

Ғайса Қапақов қатысты. 

Елбасымыздың «Ұлт жоспары – бес 

институционалдық реформаны жүзеге 

асыру бойынша 100 нақты қадам» 

бағдарламасының маңыздылығына 

тоқталған облыс әкімінің орынба-

с а р ы   Б а қ т и я р   М ә к е н   ә р   с а л а -

да жұмыстар жүріп жатқанын айта 

келіп,   облысымыздағы мүмкіндігі 

шектеулі жандардың белсенділігін 

ерекше атап  тті. 

Елбасы ұсынған 100 қадамды 

егжей-тегжейлі баяндап, әр қадамның 

маңыздылығына тоқталған Ғалым 

Нұрмағамбетұлы барлық саланы 

қамтитын «Жол картасы» жасалып 

жатқанын тілге тиек етті.  Сондай-ақ  

«Ұлт болашағы 100 қадам» – еліміздің 

даму жолы айқындалған ерекше құжат. 

100 қадамды Елбасының 100 тапсырма-

сы деп түсінуге болады. Сондықтан осы 

бағытта ұсыныстарыңыз болса оны да 

құп аламыз» деген ол Ұлт жоспарының 

басымдықтары мен оларды жүзеге 

асырудың шешуші қадамдарының 

маңызын ашып к рсетті. Кеңеске 

қатысқан ҮЕҰ мүшелері, зиялы қауым 

кілдері, белсенді жастар тобы, еңбек 

ардагерлері  з ұсыныстарын ортаға 

салды. Еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз 

София Иманғалиева «Теледидарда 

жұмыссыздық жоқ» деп айтылғанымен 

бүгінгі таңда жоғары оқу орнын бітірген 

түлектерінің к бі жұмыссыз жүргенін 

мәлім етті. Облыстық «Орал  ңірі» 

газетінің бас редакторы Бауыржан 

Ғұбайдуллин с зден нақты іске к шу 

қажеттігін алға тартып, отбасылық 

құндылықтарды дәріптеу, демогра-

фияны к бейтуге жағдай жасау, ауыл-

қаладағы жеңіл  неркәсіпті дамытуға 

к ңіл б лу қажет деген ұсыныстарын 

ортаға салды. Кеңесте Елбасымыз 

атап  ткен бес институттық реформа 

шеңберіндегі «Ұлт жоспары – 100 

нақты қадам» бағдарламасын жүзеге 

асыру мәселелері бойынша түрлі 

пікірлер мен ұсыныстар айтылды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет