Шарттыбағыныңқы сабақтас Шартты бағыныңқы сөйлемде алғашқы сыңар басыңқыдағы іс-әрекеттің орындалу-орындалмау шартын көрсетеді. Шартты бағыңқы сабақтас қайтсе? не етсе? не еткен? қайтпейінше? не етпейінше? қайткенде? не еткенде? сияқты сұрауларға жауап береді. Бұл сөйлем түрінің де жасалу жолдары:
1. Түйдектелген -са/се тұлғалы көмекші етістіктердің етістік пен негізгі сөздерге тіркесуі арқылы тиянақсыз баяндауыш жасалады. Шартты бағыныңқы сөйлемдер I, II, III жақта бірдей келіп, өз бастауыштарымен қиысады. Мысалы: Халық өз бақыты үшін күресетінін өзі білсе, оған ешбір жау төтеп бере алмайды (Х.Есенжанов). Кімде-кім шекараларды бұзбақшы болса, ол барынша күйретіле және біржолата соққы алатын болады («Лениншіл жас»). 2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшенің -ынша/-інше жұрнағының жалғануы арқылы жасалады: Ісінің құрылысы түзелмей, ешкімнің түрлі ісі түзелмейді. (Мақал). Бірлік болмай, тірлік болмайды (Мақал). Білім көп болмайынша, жазу да қиын («Қазақ әдебиеті»). 3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшенің -ған/ген жұрнақты түрінің жатыс септікте келуі арқылы жасалады: Егер жүгері суармалы жерге егілгенде, онда көлемі аз жерден шаруашылыққа керекті мөлшерде шөп өндіруге болар еді («Социалистік Қазақстан»). Аттар тоқ болғанда, серіктерім тәпкеш ауылына жетіп қонатын еді (С.Мұқанов).
4. Бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңарда қатыстық есімдіктердің келуі арқылы да шартты бағыныңқы сабақтас жасалады: Сиыр қанша керек болса, қой да сонша керек Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуында өзіндік ерекшелік бар:
1.Көсемше формалары арқылы. Бағыныңқы сөйлемнің есім баяндауыштарына түйдектелген бола тұра (бола тұрса да) көмекші етістіктері тіркесу арқылы жасалады: Оқуға уақыт аз бола тұра, олар жақсы үлгерімге жетті («Лениншіл жас»). Күздің санаулы күндерінің бірі бола тұра, ауа райы жақсы еді (С.Шаймерденов). -й жұрнақты болымсыз көсемшелер арқылы жасалады: Жарты сағат болмай, қарсыластар қақпасына екі доп енгізілді («Лениншіл жас»).