3. Табиғи монополия – жоғарыда келтірілген тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау (темір жол көлігі, коммуналдық шаруашылық, электр-жабдық пен телекоммуникациялар жүйелері).
4. Сатып алушы монополиясы – монопсония – мұнда монополиялық билік сатып алушының қолында шоғырланады. Бірақ бұл билікті ол монополистен өзгеше пайдаланады, монополист қымбаттау сатуға тырысады, ал монопсонист – арзандау сатып алуға. Бұл монополияның монопсониядан жалғыз айырмашылығы. Монопсония мысалы – жергілікті еңбек нарығы, онда еңбекті сатып алатын жалғыз жұмыс беруші – фирма қызмет жасайды.
5. Екі жақты монополия – нарықтағы жалғыз сатушысы мен жалғыз сатып алушысы бар ахуал. Екеуі де нарық билігіне ие болғандықтан, өндірістің бағасы мен көлемі олардың келісім жүргізу қабілеттілігі мен бір-бірі жөнінде мәлімет алу деңгейіне байланысты.
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
Нағыз бәсекелес фирма мен монополист – фирма араларындағы шешуші айырмашылық – нарықтық сұраныста. Монополия жағдайларында бір фирма барлық саланы көрсетіп тұрғанда оның өніміне деген қисық сызығы нағыз бәсекелестік жағдайлардағы нарықтық сұраныстың қисық сызығына тең, яғни төмен түсетін еңкіштігі бар. Бұнын түсінігі: монополист бағаны түсіре отыра, өз сатуларын көбейте алады, өйткені шекті пайдалылықтың азаю заңы әрекетте. Фирма өніміне деген сұраныстың қисық сызықтарының айырмашылығымен таза бәсекелестік жағдайларындағы және таза монополия жағдайларындағы өндіріс арасындағы айырмашылық себептелген. Бәсекелес фирманың шекті табысы тұрақты да өнімнің бағасына тең. Ал монополистің бағасы шекті табыстан асады. 40 суретте монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы көрсетілген. Тауардың төртінші бірлігін сатқысы келген монополист бағасын 5 тен 4 төмендетуге мәжбүр.
Бірақ, бұл баға төртінші бірлікке ғана емес, барлығына да таралады. Сондықтан валдық (жалпы) табыстың көбеюі тауардың төртінші бірлігін сату есебінен табыстың көбеюіне тең, шекті табыс – А көлемі үш алдыңғы бірліктердің бағасын төмендетуден айырылған табысты алу – В көлемі. Шекті табыс тауардың әр келесі бірлігін сатудан азаяды. Сондықтан, табыстың шекті қисық сызығында да төмен түскен еңкіштігі бар.
40 сурет. Монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы
Монополистің екінші айырмашылығы: ол бағаны өзі қояды (price maker). Сонымен, егер бәсекелес фирма өндірістің көлемі жөнінде (ұсыныс көлемі) шешім қабылдаса, монополист өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі жөнінде де шешім қабылдауға тиісті. Сонымен бірге монополист өндіріс көлемін шектейді, себебі, оның үлкейген жағдайында баға түседі. Қорытындай келе, монополистің алдында 2 мақсат тұратындығын айтуға болады:
1) ең жоғары пайда түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі)
2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады:
Р = MC/(1 + 1/ED) (американдық тәжірибеде бұл ереже «бас бармақ» ережесі деп аталады).
Монополист өндіріс шығындарын сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамадан асатын бағаны белгілейді. Мұндай монополиялық баға шекті шығындар мен шекті табыстан асып кетеді, сондықтан ол бәсекелес бағадан көп: Р>MR = MC (ED = ∞ жағдайды санамағанда). Бұл баға пайданы көбейту тұрғыдан қарағанда, ең тиімді, оңтайлы. Осындай баға монополиске жоғары пайда алуын қамтамасыз етеді. РМ>MR = MC
Монополиялық нарық билігі кейде дұрыс түсіндірілмейді: монополистің әрекеттеріне қатысты көптеген қисық пікірлер бар:
Монополист әрдайым жоғары бағаны белгілейді. Бұл олай емес: монополистің бағасы жоғары емес, ең нәтижелі, яғни ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін.
Монополиялық билікке ие болу – пайда алудың кепілдігі. Бұл дұрыс емес, өйткені кейбір жағдайларда (сұраныс азайғанда) монополист шығындарға ұшырайды.
Монополист орташа пайданы өсіруге (көбейтуге) ұмтылады (өнім бірлігінен пайда алу). Бұл пікір де дұрыс емес. Шын мәнінде, монополист валдық (жалпы, жиынтық) пайданы көбейтуге (өсіруге) ұмтылады. Бағасы 32 доллар тұратын өнімнің 4 бірлігін сатып, 128 доллар пайда алғанша, ол бағасы 28 доллар тұратын өнімнің 5 бірлігін сатуын қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |