7 Дәріс тақырыбы. Жылу, оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы Мақсаты



бет2/8
Дата06.01.2022
өлшемі236,98 Kb.
#14570
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс.№.7-8

Радиациялық баланс–бұл келіп түскен және шашырапкеткен сәулелі энергия, яғни, атмосфераның, жер бетіндегі төсеніштің, мұхиттар мен теңіздердің, биосфера жүйесінің (өсімдіктер мен жануарлар әлемінің) сәулелі энергияны сіңіруі және шашыратуы. Егер жер бетіне келіп түскен жылу, кеңістікке шашырап кеткен энергия шығынынан көбірек болса, радиациялық баланс оң (+)болады. Ал,келіп түскен энергия шашырап кеткен шығыннан аз болса – онда радиациялық баланс теріс (–) болады. Бірақ, дененің (физикалық дене немесе тірі организм-нің) жылуды сәулелену, яғни жылу толқындары күйінде кеңіс-тікке үздіксіз шашыратуы – радиациялық энергияны сіңіруге, аккумуляциялауға елеулі кедергі жасайды.
Жер бетіне белгілі уақытта келіп түсетін сәулелі энергия (QS) қысқа толқынды (0,3-3 мкм) радиация (SҚ) мен ұзын тол-қынды (3-100 мкм) жылулық сәулелену (SL) қосындысынан құралған (В. Лархер, 1978):

QS= SҚ + SL

(1),

SҚ=SД+SH–SR

(2),

SL= SG + SA

(3),

мұнда SД – тікелей түсетін күн сәулесі радиациясы;

SН – аспандағы шашыранды жарық;

SR – шашыранды қысқа толқынды радиация;

SG – атмосферадан жерге қарай келетін ұзын толқынды жылулық сәулелену;

SA – дененің ұзын толқынды жылулық сәулеленуі.
Қысқа толқынды радиация балансы – бұл энергияның жерге келуі, оның сіңірілуі, ал ұзын толқынды радиация балансы – бұл көпшілік жағдайда Жер бетінен кеңістікке шашырап кеткен энергия шығыны. Сонымен, радиациялық баланс деңгейі – тіке-лей түсетін және шашыранды радиацияның қосынды мөлшеріне,

денелер мен өсімдіктер жамылғысы альбедосына, тиімді сәу-лелену мөлшеріне байланысты қалыптасады. Яғни, радиациялық баланстың жылдық өзгеруі Күн радиациясының қосынды мөл-шеріне сәйкес (8-сурет).




Жылу тасымалдану:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет