Ыстық пен аңызаққа төзімділік –өсімдіктердің құрғақ-шылық кезеңге бейімделіп, өсіп дамуы. Бұл комплексті қасиет. Ыстық әрі аңызақ кезеңде протоплазманың құрғап, кеуіп қал-май, цитоплазма гидратурасы қаншалықты сақталса, өсімдіктер бұл жағдайға соншалықты төзімді.
Өсімдіктерге экстремальды, жоғары температура әсер еткенде клетка зақымданып, ондағы заттар алмасу процесі бұзылады. Сонымен бірге, кейбірөсімдіктердің зақымданған клетка-лары жазылып, ыстыққа бейімделіп өседі. Осыған сәйкес, В.Я. Александровтың (1975) пікірі бойынша, ыстыққа алғаш-қы төзімділік жәнежалпы төзімділік түсінігі бар. Ыстыққа алғашқы төзімділік –көптеген ыстық(жоғары)температураның тікелей әсеріне немесе қысқа уақыт (5 минут) қыздырғанда өсімдік клеткасының жауабы (реакциясы).