Тропикалық белдеу –температура+10°С-тан төментүспейді. Ең суық айдағы тәуліктік орташа температура +15-20°С-тан жоғары. Температуралық айырмашылық, ауытқулар аз, оның жылдық мөлшері 50С-тан аспайды. Өсімдіктер жыл бойы өсіп дамиды.
Субтропикалық белдеу.Ең суық айдағы температура+40С-тан жоғары, ең жылы айда +200С-тан жоғары. Ең төменгі, минималды температура кейбір жылдары ғана 00 С-тан төмен болады. Қыс айларында тұрақты қар қабаты болмайды. Ауыл шаруашылығы дақылдары үшін екі вегетациялық маусым бар, олар – жаздық және қыстық.
Қоңыржай белдеу.Қыс кезеңі ұзақ,суық,бұл кезде өсім-діктер өспейді, тыныштық күйде болады. Жаздық вегетациялық маусым бар. Суық болмайтын кезеңнің орташа ұзақтығы 70-180 күн. Қыс айларында тұрақты қар жамылғысы бар және бұл кезең суық. Қайталама суық көктемде және күзде болады.
Суық белдеу.Дақылдар өсетін вегетациялық кезең1,5-2 ай, бірақ осы кезең ішінде қайталама суық (салқын) бола бере-ді. Қыс айларында қар қалың болып, ауа райы өте суық болады.
Аталған термикалық (жылулық) белдеулер ішінде темпера-туралық жағдайға және өсімдіктердің түрлері мен орналасуына байланысты тағы да зоналар мен аймақтарға бөлінеді.
ТМД территориясында топырақ-климат ерекшелігі және өсімдіктер жамылғысы бойынша төмендегідей аймақтар бар: