Дәріс сұрақтары: 1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі
2. Аудиторлық қорытынды түрлері
3. Аудит материалдарын жүзеге асыру
Дәрістің мазмұны: Аудиторлық тексеріс нәтижелерін қорытындылаушы және жалпылаушы құжаты аудиторлық есеп беру (аудиторлық қорытынды) болып табылады, ол тек қана нақты фактілер мен сәйкес құжаттар сілтемелеріне негізделіп, анықталған кемшіліктерді, бұзушылықтарды және асыра пайдаланулардың кезекті мазмұндалуын қамтуы тиіс. Аудиторлық есеп беру шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық және әлеуметтік қызметінің аудитінің нәтижелерін рәсімдеу және көрсету үшін қажет. Ол жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша тексерілген ұйым басшысының шешім қабылдауына негіз болып табылады. Аудиторлық есеп беру жеңіл, түсінікті тілмен жазылуы тиіс.
Аудиторлық есеп берудегі барлық фактілер олардың әрқайсысы бойынша келесі сұрақтарға құжаттарға негізделген жауаптарды алуға болатындай түрде мазмұндалуы керек:
не бұзылған (параграфы, параграф бабы, тармақшасы көрсетілген үкім, стандарттар, нұсқау, бұйрық);
кім бұзған (лауазымды немесе материалды жауапты тұлғаларды көрсете отырып);
бұзушылық уақыты (бұзушылық күні немесе кезеңі);
бұзушылық әдісі (жетіспеушілік, ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану);
бұзушылықты не тудырған (бұзушылықтарды тудыратын себептер мен шарттар);
тигізілген материалдық зиянның мөлшері.
Мазмұндалатын бұзушылықтар фактілерінің соңғы редакциясы кінәлі тұлғалардан сәйкес түсіндірмелерді алғаннан соң, олардың келіспеушіліктерін мазмұны бойынша қайта тексеруден кейін бекітіледі. Аудиторлық есеп беруде материалдарды мазмұндау барысында тексерілетін кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне баға беретін (квалификациялайтын) түсініктерді қолдануға болмайды. Мысалы, мемлекетке қарсы тәжірибе, жауапкершіліксіз көзқарас, ұрлық, қызметтік жағдайды асыра пайдалану сияқты терминдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Аудиторлық есеп беруде қорытынды мәліметтер және анықталған бұзушылықтардың мазмұны көрсетіледі, қосымшаларға сілтемелер жасалады. Аудиторлық есеп беруге қосымшаларда әдетте келесі бұзушылықтар келтіріледі: іссапар шығыстары бойынша нормалардан ауытқу, еңбек ақы мен сыйлық ақыларды негізсіз есептеу, мемлекет қаражаттарын мақсатқа сәйкес пайдаланбау, штатты тәртіпті бұзу, өнім, жұмыс, қызмет және т.б. көлемдеріне артық жазулар. Аудиторлық есеп беруде, кез-келген құжатта сияқты, өшірулер және келісілмеген түзетулер болмауы тиіс.
Аудиторлық қорытындының (есеп берудің) қатаң стандартталған нысаны жоқ. Сонымен қатар белгіді бір сызбаға нгегізделуге нұсқау беріледі. Аудитор қорытындысы 3 бөлімнен құрылуы керек: кіріспе, талдамалық және қорытынды.
Кіріспе бөлім аудиторлық фирма туралы жалпы мәлімет болып табылады және келесі элементтерді қамтиды:
«Аудиторлық қорытынды» деген құжат атауы;
аудиторлық фирманың заңды мекен-жайы және телефондары;
аудиторлық фирмаға аудиторлық қызметті жүзеге асыру лицензиясын берген органның атауы, лицензия нөмірі, берілген күні және қызмет ету мерзімі;
аудиторлық фирманың мемлекеттік тіркеу куәлігінің нөмірі;
аудиторлық фирманың есеп айырысу шотының нөмірі;
аудитке қатысқан барлық аудиторлардың аты-жөні.
Талдамалық бөлім аудиторлық фирманың экономикалық субъект бойынша және жалпы тексеріс нәтижелері туралы есеп беруі болып табылады және мыналарды қамтиды.
бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері;
қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында заңнаманың орындалуын тексерудің жалпы нәтижелері.
Аудиторлық есеп берудің талдамалық бөлімі аудит бағдарламасында белгіленген сұрақтарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысындағы оң және теріс жақтары көрсетілген тексеріс нәтижелерін кезекті мазмұндау болып табылады: