7 Тақырып: «Аудиторлық қорытынды» Дәріс сұрақтары



бет2/3
Дата13.04.2023
өлшемі23,39 Kb.
#82522
1   2   3
Байланысты:
Лекция 7

Қорытынды бөлім- аудит нәтижелері бойынша қалыптасқан аудиторлық фирманың қаржылық есеп берудің сенімділігі жайлы пікірі және ол мыналарды қатиды:

  • «Аудиторлық фирма қорытындысы» атауы;

  • қорытынды бөлім кімге арналған;

  • аудит объектісі;

  • қаржылық есеп беру сәйкес болуы тиіс нормативтік актіге нұсқау;

  • экономикалық субъектінің және аудиторлық фирманың арасында қаржылық есептіліктер сенімділігіне деген жауапкершіліктің бөлінуі;

  • аудиттің жүргізілуі негізделетін нормативтік акт;

  • аудиторлық қорытындының сөзсіз оңнан өзге нысанда құрылуына әкелген маңызды жағдайлардың мазмұндалуы және мүмкін болса олардың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруіне әсерінің құндық өлшемде бағалануы;

  • аудиторлық фирманың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруінің сенімділігі туралы пікірі;

  • аудиторлық қорытынды күні, оған қоса қорытынды ұйымның қаржылық есептілігіне қол қойылған күнінен бұрын аяқтала алмайды.

Аудиторлық есеп берудің әр бетіне тексерісті жүргізген аудитор қолын қояды және оны дербес мөрімен бекітеді. Аудиторлық есеп беру бухгалтерлік есептілікпен бірге тігіліп, экономикалық субъектінің атқарушы дирекциясына және акционерлеріне (қатысушыларына) тапсырылады.
Сыртқы мүдделі тұлғаларға (салықтық қызметтерге, несиелік ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына балансты басылымға шығарған жағдайда және т.б.) бухгалтерлік есептіліктің сенімділік дәрежесін қамтитын аудиторлық қорытындының қорытынды бөлімі ғана беріліп, қаржылық есептіліктерін, оның ішінде баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қорытындыға қосымша ретінде келтіріледі (егер оларға алдыңғы бөлімдерде сілтемелер бар болса).
Аудиторлық фирма аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен кейін, бірақ қаржылық есептілікті беру күніне дейін болған оқиғаларға жауапты болмайды. Егер аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен есептілікті беру күніне дейінгі кезеңде болған және есептіліктің сенімділігіне әсер ететің оқиғалар туралы мәлім болса, олар субъектіден сәйкес өзгертулерді енгізуді талап етуге міндетті.
Аудиторлық ұйым қаржылық есептілікті беру күнінен кейінгі оқиғаларға жауапты болып табылмайды. Ол клиенттен есептілікке қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етуге міндетті емес. Аудиторлық фирма экономикалық субъектіге аудиторлық қорытындыны кемінде екі нысанда ұсынуы тиіс. Әр дана оған қосымша қаржылық есептілік нысанымен қатар біртұтас болып табылатын және тігілуі керек.
Аудиторлық қорытынды түрлері
Аудиторлық қорытынды ұйымның қаржылық есептілігінің сенімділігі мен шынайылығының тәуелсіз куәлігі болып табылады. Аудиторлық қорытындының 4 нысаны бар:
1. Оң;
2. Шартты-оң, яғни белгілі бір ескертулері (шектеулері) бар;
3. Теріс- аудитор қаржылық есептіліктің сенімділігін толығымен растай алмаса;
4. Қорытынды беруден бас тарту.
Оң аудиторлық қорытынды ұйымның қаржылық есептілігінің оның қаржылық жағдайын, пайда мен зияндарын, ақша қозғалысын, негізінен дұрыс көрсететінін, ал бухгалтерлік есеп заңнамалық және нормативтік актілер талаптарына сәйкес екендігін растайды. Оң нәтиже аудитор мыналарға сенім білдіргенде беріледі: ұйымның қаржылық есептілігі дұрыс, бухгалтерлік есептің сенімді және шынайы мәліметтеріне негізделген болса; бухгалтерлік есеп белгіленген принциптер мен талаптарға сай, ал ұйымның есеп саясаты дұрыс таңдалған болса; салықтар және басқа міндетті төлемдер уақытылы және толық төленсе; есеп берулерге қосымшаларда және түсіндірмелерде қаржылық есептілікке қатысы бар барлық сұрақтар ашылып көрсетілсе, ішкі бақылау шаруашылық операциялардың тиімділігін және мақсаттылығын растаса, қаржылық есептілік мәліметтері аудиторға ұйым туралы белгілі мәліметтерге қайшы келмесе.
Шартты-оң қорытынды аудитордың келіспеушілігі және күмәндәнуі маңызды, бірақ елеусіз мәні болған жағдайда қаржылық есептілік сенімділігн шектеулермен (ескертулермен) растайды. Егер қорытындыны жасау кезінде оны қалыптасытыру мүмкіндігіне күмән туса немесе аудитор пікірі қаржылық есептілік мазмұнына сәйкес келмеген әлде қайшы келген жағдайда аудитор сөзсіз оң қорытынды жасауға шамасы келмей қалуы мүмкін. Егер қанағаттанарлық есеп жазбаларының жоқтығы немесе қажет аудиторлық процедураларды орындау мүмкін еместігі салдарынан барлық қажетті ақпаратты ала алмаса, ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі әлде мүлдем жоқтығы салдарынан жеке құжаттар мен фактілерді жасыру туралы күдіктер, т.б. бар болса, аудитордың сенімсіздігі туады. Аудитор келіспеушілігі кәсіпорын басшылығының қаржылық-шаруашылық қызмет және қаржылық есептілік көрсеткіштері бойынша пікірлерінің сәйкес келмеуі; есеп объектілерін бағалау әдістері мен басқа есептік мәндердің есептелу дұрыстығымен келіспеу, шоттар корреспондециясының тексерілген шаруашылық операциялардың экономикалық және құқықтық мәніне сай болмауы; заңнамалық актілерді, ережелерді және басқа да нормативтік құжаттардың мәнін түсіндіру және қолдану бойынша айырмашылықтар және т.б. Осы жағдайда қорытындыда аудитордың сұрақ бойынша пікір білдіруден бас тартқанын көрсету қажет. Аудитор, оның пікірінше қаржылық есептілік жағдайына әсер ететін барлық мәселелрді көрсетуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет