7-тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау


Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты



бет4/6
Дата24.03.2022
өлшемі33,56 Kb.
#28645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№7 тақырып

Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты

Адамның – қайшылықты пенде. Оның бір жағынан- денесі, екінші жағынан- сана, рухы бар екенін әркім біледі. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр-түрлі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды. Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған биологиялық және әлеуметтік редукционизмді (негіздеу) келтіруге болар еді.

Бірінші тұжырымда адам дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, олар оның ішкі мән-мағнасын анықтайды деген пікір қалыптасқан. Оған нәсілішлдік, ломброзияндық, әлеуметтік-дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады.

Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең біріншісі – ақ түсті адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бәрін – артта қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен,- деп түсінеді.

Қара нәсілшілдік – отарланған Африка континенті халықтары өз бостандығын алғаннан кейін олардың ұлттық сана-сезімі өсуімен байланысты «негритюд» сияқты ілімдерде кездеседі. Ол қара адамдардың дүниені ақыл-оймен емес, сезім, инстинкт арқылы терең игеруі, әуендегі ритм мен спортқа деген басқалардан гөрі қабілеттерінің молдығы т.с.с. мақтан етеді.

Сары нәсілшілдік те ақтарды «піспеген», қараларды «күйіп кеткенге» теңейді.

Өткен Ломброзо деген итальяндық психиатр, антрополог, - түрмедегі адамдардың биологиялық табиғаты қазіргі адамның деңгейінен төмен болуымен байланысты, - деген пікір айқан болатын. Мұндай көзқарас уақытында біршама заңгерлер, дәрігерлер мен психиатрлар расында қызу айтыстарға әкеліп, ломброзиандық деген ағымды тудырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет