7-тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау



бет6/6
Дата24.03.2022
өлшемі33,56 Kb.
#28645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№7 тақырып

Адам өмірінің мән-мағнасы

Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі. Ол заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын рухани – пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір сүруім керек?», «қалай өмір сүруім керек?» , - деген т.с.с сұрақтар пайда болады. Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән- мағнасын анықтауға итереді.

Л.Н. Толстой «адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай күресіп жатқан сияқты», - дейді (Бір «мен»:) «Бүкіл дүниенің мән-мағнасы маған, оған деген жақсылықтың болуында» - дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына сондықтан, саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі де келмейді», - дейді. Бұл өмір сүруге қорқыныш сезімін әкеледі», - деп қорытады ұлы ойшыл.

А. Маслоу адам қажеттіктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған болатын. Ең төменгі – іргетасты физиологиялық (тамақтану, киім, баспана т.с.с) жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіктер. Екінші – экзистенциалдық қажеттіктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімдік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтығы т.с.с). Үшінші - әлеуметтік қажеттіктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие болу). Төртінші – престиждік, яғни, беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші – рухани қажеттіктер – шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге еңгізу, іске асыру.

Адам өмірінің мән-мағнасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір сүрген австрияның ұлы ойшылы В. Франкл болды. Ол бүгінгі адамның өмір ақуалына тоқтала келе оның қиындығы жөнінде сыр шертеді. Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды, Сондықтан, ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я болмаса, басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мән-мағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, адам «экзистенциалдық вакуумға» (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін. (нашақорлық, ішімдік, қылмыстық, құдай іздеу жолына түсу, өз-өзін өлтіру (суицид) т.с.с). Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді (тұлға өзі іздеп тауып алуы керек).

В.Франклдің ойынша, жалпылай келе, өмірлік мән-мағнаны үлкен үш топқа бөлуге болады. Оның ең биігі – шығармашылық құндылықтарына жету, яғни, тарихта бұрынғы - соңғы болмаған жаңаны тудыру. Ол – адамның тектік қасиеті. Ол элитарлық топқа тән нәрсе.

Көп жағдайда өз өміріңнің мән-мағнасын жоғалтып алмас үшін белгілі бір алдыңа қойған мақсатқа жете алмасаң, соған деген көзқарасыңды өзгертсең болғаны. Оны В.Франкл «құндылықтарға деген көзқарас» деген ұғыммен береді (Құндыз киімді елемей қарапайымға қанағат ету).

Адамның өмірінде тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс, жер сілкінуі, түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.) қолынан еш нәрсе келмей, тағдырдың тәлтігіне түскен кезде ол өмірінің мән- мағнасын жоғалтып түңілу мүмкін. Ондай жағдай болмағанның өзінде әр адам өз өмірінің аяғында «қайғылы үштіктен» (зардап, күнә, өлім) өтеді. Осындай жағдайдың өзінде адам өз өмірінің мән-мағнасын жоғалтып алмауы керек, - дейді В. Франкл. Ол «ой-толғау құндылықтарына» көшу керек, сонда зардап шегудің өзінен жан-дүниені тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға берілетін мән-мағнаны табуы мүмкін.

Осы араға келгенде біз үлкен экзистенциалдық мәселеге - өлім мен өлместікке келіп тірелдік.

Әдебиеттер:

1.Мырзалы С. Философия. Оқулық. - Алматы, 2008 ж.

2.Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. - Алматы, 1999 ж.

3.Ғабитов Т. Философия. Оқулық. - Алматы, 2002 ж.

4.Тұрғынбаев Ә. Философия. – Алматы, 2001 ж.

5.Кiшiбеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. – Алматы, 1994 ж.

6.Әбiшев Қ. Философия. Оқулық. - Алматы: “Ақыл кiтабы”, 1999 ж.

7.Ақназаров Х.З. Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. – Алматы, 1992 ж.



8.Есім Ғ. Философия тарихы., Алматы, 2004 ж.

9.Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы. – Алматы, 2005 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет