7-тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау



бет2/6
Дата24.03.2022
өлшемі33,56 Kb.
#28645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№7 тақырып

«Homo Erectus» - тік жүретін адам – деген анықтаманың да терең мазмұны бар екенін байқаймыз.

Француз ойшылы Э. Кассиер адамға «Homo Simbolicus» - нышан, белгі жасайтын адам – деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда символға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын, неше - түрлі өмірдегі кездесетін белгілерді (мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш көрсетілген дөңгелек белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.сс жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т.с.с. әр жағында неше-түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүйу (гуманизм), ал Сизиф болса нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу – мөлдір махабаттың символдары ретінде көрінеді.

Ф. Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж. Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама береген болатын.

Адам сондай күрделі, сан-қилы пенде болғаннан кейін оған беруге болатын анықтамаларда жалғастыруға болады. Мысалы, адам «күлге алатын» т.с.с пенде. Бірақ, У.Оккамның ұстарасы «күле алатын», «жылай алатын», «өлетінін білетін» т.с.с. пенде. Бірақ, У. Оккамның ұстарасы «мән-мағнаны қажеттіктен тыс көбейту керек емес», - дейді. Олай болса жоғарыда көрсетілген адамның қасиеттеріне негізделе отырып, оған біршама көлемді анықтама беруге мүмкіндік келген сияқты. Адам – санасы арқылы Дүниені танып-білетін, соның нәтижесінде еңбек құралдарын жасап өзара бірігіп, қоршаған жағалай ортаны өзгертіп, сан-алуан қажеттіктерін өтей алатын пенде,- дер едік. Ал жоғарыда көрсетілген және басқа да адамдардың сан-алуан қасиеттерін осы анықтамадан бірте-бірте шығаруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет