7-тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау



бет3/6
Дата24.03.2022
өлшемі33,56 Kb.
#28645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Адамның дүниеге келу мәселесі.

Адамның Дүниеге келу мәселесі – ғылымдағы ең терең құпиялардың бірі. Біз оны Дүние, болмыстың өзінің пайда болу мәселесі мен жалпы тіршіліктің жер бетіне келумен пара-пар келетін мәселе дер едік. Осы аталған үш тұңғиықтың біреуіне тереңдеп көрелік.

Философия тарихында мыңдаған жылдар бойы кең таралған теологиялық тұжырым – адамды Құдайдың жаратқан пендесі ретінде түсінеді. Христиан діні тіпті адамды Құдай өз бейнесі мен ұқсасты ғылып жаратты деген тұжырым айтады. Сондықтан, оның санасы, рухы бар және сол себепті ол табиғаттың әміршісі болуы керек,- дейді. Әрине, соңғы қағида адамның тәкаппарлығы мен өркөкіректігін тудыруы ғажап емес. Бүгінгі Еуро- Атлантикалық цивилизацияға көз жіберсек - ол соның дәлелі болмақ.

Ислам діні Алла-тағала адамды саналы ғылып жаратқанмен, осы фәниде басқа тіршіліктердің арасынан өз орнын табуға шақырады. Ол оған табиғат әміршісі бол демейді.

Буддизмге келер болсақ, ол адамды тек қана рух ретінде түсініп, олай болса, материалдық құндылықтардан үзділі-кесілді бас тартуға шақырады, өйткені, рух- материядан жоғары.

Әрине, адам жөніндегі теологиялық көзқарасқа осы уақытқа дейін миллиондаған адамдар сенеді, сондықтан, онымен санаспауға болмайды.

Екінші мутациялық тұжырым – осыдан 5 млн. жыл бұрын болған шынайы оқиғаға сүйенеді – ол Еуро-Азиялық құрылық пен Африканың бір-біріне соқтығысуы, соның нәтижесінде жердің жоғарғы қабатына радиоактивті заттар шығып бүкіл тіршілікті өз сәулелерімен улап, тұқым қуу механизмдеріне залалын тигізуі.

Үшінші – Ғарыштық тұжырым – адамды бізден де жоғары «ғарыштық зерде» жаратты,- деген дәлелдеуі жоқ қиял айтады.

Енді ғылыми адамның маймылдан эволюциялық үрдістің нәтижесінде жаратылғаны жөнінде айтқан болатын оны дамыған теоретикалық қағидаға айналдырған Ф.Энгелс болды. Ол адам мен қоғамның біруақытта бір-бірімен байланысты түрде дүниеге келгенін айтады. Философиялық тілде оны антропосоциогенез деген ұғыммен береді. Бұл үрдістің шын мәні – билогиялық қозғалыс формасынан әлеуметтікке секіріс арқылы өту болатын-ды.

Ең тұрпайы еңбек құралын жасаудың өзі адамның сана-сезімін, назарын, ырқын, керек десеңіз, тіпті оның эстетикалық сезімін оятады екен.

Еңбек құралдарын жасап, бірге еңбек ету барысыснда, әсіресае, аң аулауда бір-біріне ақпарт жеткізу кажеттігі пайда болады. Олай болса, тілдің алғашқы формасы – ымдау, дене, қол қимылы арқылы байланыс жасау дүниеге келеді.

Адамның санасы мен дене құрылысының өзгеруіне, әсіресе, оның миының өсуіне отты игеріп пайдалану үлкен әсерін тигізді. Отқа пісіріп жеген тамақ, әсіресе, отқа қақталған ет мидың тез дамып көлемінің өсуіне әкелді. Екінші жағынан, піскен тамақ женіл қорытылғаннан кеін оның іш-қазаны өзгеріп, жақ сүйегі мен азу тістері де кішірейді. Үшіншіден үңгірдің іші отпен жылынып дене үстіндегі жүндердің азайуна әкелді.

Сонымен, еңбек құралдарын жасау және оны пайдаланып еңбек ету – басқалармен бірігіп қана іске асатынын байқадық. Миллиондаған жылдар бойы үйір – негізгі қауымдасу формасы болғанын білеміз. Әрине, ол жартылай биологиялық, жартылай әлеуметтік құбылыс болса керек. Антропологтардың пайымдауы бойынша, осыдан 40-50 мың жыл бұрын үлкен секіріс болып – үйір руға айналады, нағыз таза әлеуметтік дүниеге келеді. Міне, осы уақыттан бастап қазіргі адам толығынан қалыптасып (кроманьон адамы), оның жер бетіндегі тарихы басталады.

Тек рудың шеңберінде ғана нағыз адами махаббат сезімі дүниеге келеді, (қиял-арман, әсемдік, жақсы көру, шығармашылық шабытын оятады.). Моральдық қағидалар мен құндылықтар да рудың шеңберінде қалыптаса бастайды. Рудың шеңберінде өзара көмек беру, аяу, жақсы көру, қорғау, қамқорлық көрсету т.с.с. моральдық құндылықтар мен сезімдер пайда болады.

Үйірдің руға айналуын түсіну – қоғам тану ғылымдарындағы ең қиын мәселелердің бірі. Уақытында Ф. Энгелс «гносеологиялық тұжырымды» ұсынған болатын.(жыныстық қатынастарға тиым салу) Сол себепті үйір руға айналады.

Біздің ойымызша, шындыққа жақын «бейбіт өмір қажеттігі» жөніндегі тұжырым болса керек. Ол және де біршама тарихи деректерге негізделген.

Міне, қисындық жолмен, кейбір тарихи дректерге сүйене отырып біз адамға ұқсас маймылдардың (архантроптардың) адамға айналу жолын көрсеткен тәріздіміз. Әрине, көп нәрселер әлі күңгірт екенін жасыруға болмайды. Мысалы, сонау Зинджантроптан бастап (2 млн. Жыл бұрын өмір сүрген, Оңтүстік Африкадан табылған)) Синантроп (қытай адамы), Явандық (Ява аралынан табылған), Еуропада Гейдельберг, Неандерталь адамымен Кроманьонға (қазіргі адам) дейінгі уақыттың шеңберінде өмір сүрген көп өтпелі түрлердің сүйектері әлі табылған жоқ. Дегенмен де, жоғарыда көрсетілген болжамның өміршеңдігіне сенгіміз келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет