7-тақырып. Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау



бет5/6
Дата24.03.2022
өлшемі33,56 Kb.
#28645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№7 тақырып

Әлеуметтік дарвинизм бағыты да қоғам өмірін адамдардың өмір сүру үшін күресінен, табиғи таңдау, тұқым қуушылықтан көреді, яғни биологиялық эволюционизм заңдылықтарын қоғамға таңады.

Социобиологияға келер болсақ, олар жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жануарлардың да әлеуметтік қасиеттерінің бар екенін айтады. Мысалы, жануарлардың альтруистік инстинктері (баласын қорғап қалу жолында өз өмірін беруге дайындығы, оған деген қамқорлығы, үйір шеңберіндегі өзара көмек беру т.с.с.). Ч. Дарвиннің ашқан биологиялық эволюцианизм принциптеріне қайшы келеді. Расында да, тек қана жеке организмнің жағалай ортаға бейімделіп өмірін сақтап қалуынан үйір шеңберіндегі өзара бірігіп іс-әрекет жасау туындамайды. Бұл пікірмен келісуге болады. Сондықтан, олар эволюциялық үрдіс тиімді жүру үшін жеке организм мен қатар үйір болып жағалай ортаға бейімделу қажеттігін көрсетеді. Олай болса, олар әлеуметтіліктің алғашқы негіздері үйірдің шеңберінде пайда болатыны жөніндегі қорытындыға келеді. Мұндай көзқарас даму тұжырымына қайшы келмейді, өйткені қайсыбір жаңаның ұрығы ескінің ішкі шеңберінде пайда болады. Бірақ, мұндай қорытудан қоғамдағы құбылыстардың іргетасты негізгі биологиялық үрдістерде жатыр деп есептеу жалған болар еді.

Енді әлеуметтік редукционизмге келер болсақ, оның шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады. Бұл ілімдегі түсінік бойынша адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан «қоғамдық қатынастар жиынтығы» құрайды, яғни, ол – оның әлеуметтілігінде. К. Маркстің жасаған коммунизм ілімінің негізгі іргетастарының бірі ретінде осы адам жөніндегі тұжырымнама жатыр. Коммунистік қоғамда тек қана биік дәрежеге жеткен өндіргіш күштер ғана емес, сонымен қатар, «жаңа адам» дүниеге келеді, өйкені, қоғамдық меншікке негізделген адамдар арасындағы қатынастар мен байланыстар оны қажетті түрде тудырады, Сондықтан да, ол қоғамда саяси-құқтық сала (мемлекет, құқық, түрме, тергеу мекемелері т.с.с.) керек болмай қалады, адамдар тек моральдық құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді (бірақ, адам әлі де пенде).

Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био- әлеуметтік табиғаты мойындалды. Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді. Күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың (табиғатқа, биологиялық заңдарға, генезиске(өмірге келу, кету т.с.с) тәуелді)

Сонымен қатар, адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан-зор рөлін көрсетпесе тағы да болмайды. Алғашқы қауымдық қоғамда адамның орта жасы 25-те болса, қазір ол көрсеткіш 75-78-ге келді. Оқытып, тәрбиелесе, математик, композитор т.с.с болуы мүмкін. Бірақ, ондай жағдай жасалмаса, оның дарыны сөніп, ең дегенде «ауылдың домбырашысы» ғана болып қала береді.

Адамзаттың ғылыми-техникалық орасан – зор қарқынмен дамуы бүгінгі таңда адам өміріне бұрынғы-соңды болмаған қауып-қатерді тудыруда. (ҒТР-ң өрлеуі, АЭС т.с.с қару-жарақтардың жаңа түрлерінің пайда болуын әкелді).

Үлкен қауып – экологиялық апаттың бүкіл жер бетінде етек алып кету мүмкіндігі. Адамзаттың өзі осы «Үлкен Жүйе» ішінде белгілі бір орын алады. Сондықтан, адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа сратегиясын жасамай, өз-өзін құртып алуы мүмкін.

Қоғамдық сананың назарына әлі дұрыс ілікпеген үлкен мәселе – адамның тұлға ретіндегі био-әлеуметтік табиғатын сақтап қалуы болып отыр. Кейбір ғалымдар оны «антропологиялық дағдарыс»,- дейді. Оның терең мәні – адамзат жыл сайын ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып, өз Дүниесін күрделентуде. Бүгінде соншалықты теріс әлеуметтік факторларлар пайда болып оның өмір сапасын төмендетеді. Дүниенің тез қарқынмен дамуы адамды өз ұлтының әдет-ғұрыптарынан айырып, басқа мәдени үлгілерді игеруге, «ол жақта, я болмаса, бұл жақта да емес» маргиналдық ақуалға әкелетінін бүгінгі таңдағы реформа барысында көріп жүрміз.

Қорыта келе, адамның биологиялық және әлеуметтік жақтарын ажыратпай бір-бірімен байланыстырып қарау керектігін баса айтуымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет