7 Тақырып: Мінез туралы жалпы ұғым



бет7/7
Дата04.04.2023
өлшемі55,71 Kb.
#78947
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лек 7, 8, 9, 10

Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді. Өмірден біз табандылығы төменгі дәрежеде қалып қойғандай болып көрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Мұндай адамдар ақылды, тіптіталантты да болуы мүмкін, бірақ біршама күрделі жағдайда немесе алғашқы қиындықтармен кездескенде өз мінез-құлықтарын ұзақ уақыт бойы басқара білуге қабілетсіз болып шығады. Оларға пайда болған кедергі алынбас қамалдай болып көрінеді де сондықтан босқа күш жұмсағылары келмейді. Бір қарағанда ерекше табанды сияқты болып көрінетін адамдар да кездеседі. Бірақ жақынырақ танысып көрсеңіз, олардың бар болғаны кәдімгі қиқар адамдар екеніне көзіңіз жетеді. Қиқар адам өз пікірін, өз дәлелдерін ғана мойындайды, бұл дәлелдері қате болса да, соларды басшылыққа алады. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді ойлайды. Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мынашараларды жүзеге асырып отырады:
1) Баланы жас көзінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;
2) Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйрету. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;
3) Баланы ұжымдағы ортақ мүде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау - табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.
Ұстамдылық.Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Мұндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу сезіміне билетпей, көңілге алған ісін қажетінше істеп шығады.
Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады. Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына "сіңіріп" отыру деген сөз.
Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді. Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып, кіндік кескен жерін көздің қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп кездеседі. Мәселен, Қарасай, Қобыланды, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына үлкен өнеге.
Дербестілік. Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре бермейді. Ол өзінше ойлайтын, өздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын көзбен қарап, өз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша сипаты.
Шыдамдылық. Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық көрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет