7 Тақырып: Мінез туралы жалпы ұғым



бет5/7
Дата04.04.2023
өлшемі55,71 Kb.
#78947
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лек 7, 8, 9, 10

Меланхолик "Менің әркез жолым болмайды. Өмірімде бір рет театрғакелген едім, ол да сәтсіз болды"-, дейді де үйіне кетіп қалады.Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан (жұмыс істеуқабілеттілігі, әлеуметтік қарым-қатынастағы тіл табыса алу мүмкіндігі), мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алужағдайынан көрініп отырады.

10 Тақырып: Ерік туралы ұғым


Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Ерiк - адамның өз мiнез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабiлетi.

  2. Ерiктiң физиологиялық негiзi

Ерiк - адамның өз мiнез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабiлетi. Адамды әр алуан әрекеттер мен iске бағыттайтын нәрсе - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның iс- әрекетi екi түрлi. Оның бiрi - ерiксiз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздiң жұмылып-ашылуы, шашалу, түшкiру т.б. Мұндай әрекеттерде белгiлi мақсат не ниет жоқ. Екiншi - ерiктi әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсiп кеткен затты көтерiп алу. Бұл - мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатт қозғалыстары әрқилы кедергiлер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, адам алдына қойған белгiлi мақсатын орындау үшiн оны ерiктi әрекетiмен жеңуге ұмтылады.Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлi iстердi орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерiнiң жиынтығын психологияда адам ниетiнiң өрiсi делiнедi. Басқаша айтқанда, бұл - адамның бағдарлы әрекетi. Сонымен, адам ниетiнiң өрiсiне оның саналы әрекетi, ерiксiз iстерi, айқындалған iстерi, мақсаты, әлi жете анықталмаған iстері де жатады. Ниеттердi орындауда тiршiлiк үшiн маңызды да, мәнi аз да iстер кездесiп отырады. Ниет өрiсi өзгергiш, әрi қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгерiп отыруына орай айнымалы болып келедi. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттiң мазмұны да айқындала түседi. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетiнiң мәнi жекеменшiктi не менмендiктi, өрiсi тар тоғышарлықты не өрiсi кең қоғамдық сипатты бiлдiредi.


Адам ниетiнiң өрiсi белгiлi мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиетi мен iскерлiгiн, адамгершiлiк сапаларьтныц өзгеруi мен түр-сипатын бiлдiредi. Әрбiр жеке адамның ерiктi iс-әрекеттерiнiң өзiндiк сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмстарды орындау үшiн мәнi аз iс-әрекеттердi соған бағындырып, өзiнiң жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерiк - адамның қарқынды iс-әрекетiн бiлдiретiн процесс. Сөйтiп, адамның мiнез-құлқы мен әрқилы iстердi орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты iстердi орындауға бағытталады. Адам еркiнiң көрiнiсi оның саналы түрдегi iс-әрекетiнен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейдi, соны жүзеге асыруға қажеттi құрал табады. Тарихта болған белгiлi адамдардың өмiр жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшiн орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерiктi iстерiмен жеңiп шыққанын көремiз. Бұған мысал ретiнде «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Маншүктiң Ұлы Отан соғысындағы ерлiгiн айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйiспеншiлiк осынау нәп-нәзiк қазақ қыздарының бойына күш-жiгер, рух бердi. Олар ерлiк пен батылдықтың өшпес үлгiсiн көрсетiп, Отан үшiн жанын пида еттi. Бұл да - адам еркiнiн бiр көрiнiсi.
Ерiксiз әрекеттердiц физиологиялык негiзi болып табылатын шарттсыз байланыстар тiзбегi-инстинкт әрекетi ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи-ғылыми негiздерiн қалаған И.М.Сеченев пен И.П.Павловтың iлiмi ерiктi әрекеттердiң негiзi - мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсiндiредi. Сеченев ерiктi әрекеттердiң физиологиялық механизмiн зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердiң жиi қайталану жолымен өзiнiң қимылдарын жiктеп ажыратуға бейiмделетiндiгiн және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабiлеттердi игеретiндiгiн дәлелдейдi. Ал Павлов ерiктi әрекеттердi механизмiн жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.
Психология тарихында бихевиоризм деп аталтын шетелдiк механистiк бағыт әрекеттiн саналы сипатын терiске шығарып, адам әрекетiн механикалық тұрғыдан шештi. Сөйтiп, оны жануарлар өмiрiмен салыстырды. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу едi. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекетi, жаттығу тәжiрибесi саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесiнде туатын механикалық процесс деп саналды. Механистiк психология ерiктiң материалдық дүниемен байланысын да жоққа шығарды. Ерiк табиғатын, ерiктi әрекеттiң себебiн терiс түсiндiрдi. Олар ерiкте өзiн-өзi билейтiн бостандық бар, ерiктi әрекеттiң себебi - ерiк бостандығы, сана адамға не тiлесе, соны бередi деп бұрмалады. Бұл теорияның ерiктiң ғылыми негiзi бола алмайтындығы - оның шындыққа сай келмейтiндiгiнен. Оның тағы бiр олқылығы мен шалағайлығы - Австрия психологi Зигмунд Фрейдтiң «жыныстық елiктеу» дейтiн көзқарасына негiзделгендiгi. З.Фрейд сананың дамуы, әсiресе, балаларда «жыныстык елiктеу» мен әлеуметтiк орта арасындағы дау-дамайлардан туындап отыруында дейдi. Бұл пiкiрдiң шындықтан әлдеқайда алыс екендiгi даусыз.
Материалистiк iлiм тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерiк бостандығы - себептi байланыстылыққа, детерминизм принципiне бағынатын бостандық. Қиыншылыктарды жеңiп шығу да - ерiк бостандығының бiр көрiнiсi.Ерiктi әрекеттер мен амалдар – мәнісi жағынан өте күрделi процесс немесе бұл- мазмұны тұрғысынан өте күрделi әрекет. Бұл әрекет бiрнеше кезеңдерден тұрады. Сол сатылардың ретiн мынадай қылып көрсетуге болады:
Ерiктi амал кезеңдерi бұл мәселенің мәнiн психологиялық тұрыдан анықтап көрсетедi. Әрбiр ерiктi әрекетте белгiлi мақсат бар. Адам кандай да болмасын белгiлi бiр iстi орындау, өзiнiң қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн өз жағдайын соған бейiмдейдi. Бұл - алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттiлiктi орындауға тиiс, ол не үшiн қажет деген тiлек бiлдiру: Содан кейiн осы тiлектi орындаудың жолдары мен iс-амалын iздестiру болып табылады. Олардың iшiнен аса қажеттi және маңызды дегенi талдап алынады. Айталық, мамандықты өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезенде адам алдына қойған мақсатын тек біліп қана қоймай, оның мәнiн түсiнедi, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтiп, оған қалайда жетуге әрекеттенедi. Бұл- ерiктi әрекеттiң және интеллектуалдық кезеңi.Нағыз ерiктi әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшiн белгiлi тоқтамға келiп, шешiм қабылдауына көрiнедi. Бұл да - жауапты кезең. Мұның өзiндiк психологиялық сипаты бар. Бүгiнде ерiктi амалдағы шешiмге келу кезеңi психологияның ғана емес, экономикалық, әлеуметтiк ғылымдардың да зерттейтiн объектiсiне айналып отыр.Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі көлеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Еріктік әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен сипатталады.
Еріктік әрекеттер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайымы мақсат қою және орындау деген буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз келіп отырады. Күрделі еріктік әрекетте мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буыннан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет