7 Тақырып: Мінез туралы жалпы ұғым



бет6/7
Дата04.04.2023
өлшемі55,71 Kb.
#78947
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лек 7, 8, 9, 10

Мақсатты аңғару. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, шөліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері, басқалармен араласу, білімге, көңіл көтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады. Қажеттіліктің арта түсуіне қарай құштарлық тілекке – айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз-не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын білдіру. Тілек дегеніміз - мұрат түрінде өмір сүретін қажеттілік мазмұны. Қажеттілікке сай мақсатты аңғарған адам бір шешімге келеді.
Жоспарлау. Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету жолдарын жоспарлау басталады.
Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы кедергілерді игерумен ұштаса жүреді. Оларды зат, материалдық процестер, адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты, шаршау, ауру, білімнің, дағдының аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін. Еріктік әрекет азды-көпті қиналу жағдайында өтеді. Осындай жағдайда ерік күші көрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жұмсалған қуат көлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсамауы мүмкін, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп, «терлеуге» тура келеді. Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, сангвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да төзе білсе, меланхоликтерде мұндай ерекшеліктер шамалы. Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналдықолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін санап, қолын көтеріп, өзіне өзі бұйрық бергеннен кейін бастайды. Ерік күшін реттеу іштей немесе дауыстап сөйлеп қостау көмегімен жүзеге асырылады. Адам өзіне өзі кеңес береді, бұйырып, мадақтайды, колдайды. «Батылдау бол», «Жасқанба» деген сөздерді қолданады. Оларды адам өзіне өзі ете қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан. Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.); Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары); Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).
Тоқтамға келгіштік. Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу-тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер. Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.
Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеттері батылдық деп аталады. Әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жөнінде өзіне-өзі есеп беріп отырады. Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып көрінеді. Бірак, шындығында олай болмайды. Батыл адам да күрделі, азапты ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақтығысын, эмоциялық, тебіреністерді басынан кешіреді. Батылдық - жеке адам еркінің жоғары дәрежеде екендігін көрсететін қасиет. Батылдық қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет