7 Тақырып: Мінез туралы жалпы ұғым


Темперамент туралы iлiмнiң дамуы



бет3/7
Дата04.04.2023
өлшемі55,71 Kb.
#78947
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лек 7, 8, 9, 10

Темперамент туралы iлiмнiң дамуы
Қазiргi кезде темпераменттiң сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтерi туралы психологияда ерте замандардан берi қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гипократтан соң Римнiң атақты дәрiгерi ғалымы Гален (129-199) темпераменттiң санын көбейтiп, он үшке жеткiзді. Ол темперамент түрлерiн Гиппократтан өзгеше, яғни оның физиологиялық ерешелiктерiне қоса, психологиялық, тіпті адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапаларымен байланысты деп түсіндірді. Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы iлiмдi ықшамдап, оның бұрынғы төрт типін сол күйiнде қалдырды.
ХVIII ғасырда атақты немiс философы И.Кант (1724-18О4) 1798 жылы жарық көрген «Антропология» деген еңбегiнде темпераменттің төрт түрiне сипаттама берiп, оларды тек психологиялқ қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес ендi темперамент типтерi жайындағы түсiнiктердiң мазмұн-мәнiсi де өзгере бастады. Темперамент түрлерiн тек физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшелiктерi тұрғысынан қарастыруға баса мән берiлетiн болды. Бұл мәселеге келгенде И.Кант сезiм күйiнiң әрқилы болуымен бiрге адам өз iс-әрекетiнiң белсендiлiк деңгейi арасындағы қатынастарға тәуелдi болып отырады деген пiкiр айтты. Ал ХIХ ғасырдың соңында әйгiлi неміс психологі Вундт темпераменттер адамның «жан дүние тебiренiстерiнiң» күш-қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелдi болады деп есептедi.Мұндай пiкiрлер темперамент типтерiне түрлiше сипаттама берiп, олардың түрлерiн әркiм өзiнше анықтауға тырысты. Мәселен, Гален темпераменттiң төрт түрiнiң басқа да бiрнеше түрi болады десе, өзге зерттеушiлер алты, тiптi сегiз типi болады деген пiкiрлер айтты. И.Канттан басқа да бiрсыпыра оқымыстылар темперамент ерекшелiктерiн адамның жеке басына тән мiнез-құлык сипаттарынан бөлiп карастыра бастады. Алайда, темперамент пен адамның даралық сипаттарын білдiретiн психологиялық өзгешелiктердi анықктап көрсетудің нақтылы тiректерi мен өлшемi ұзак жылдар бойы айқындала қоймады.
Темперамент туралы iлiмнің тарихын сөз еткенде, оның типтерін түсiндiру барысында екi түрлi бағыттың тартысты болатындығын ескерген жен. Оның бiрi — немiс Псохологi Кречмер мен американ психологы Шелдонның темперамент типтері iшкi секреция бездерi қызметiнің арақатынасына байланысты болады ден санауы, ал екiнші бағыты - И.П.Павловтың жүйке жүйесi типтерiнiң қызметi жайындагы iлiмi. Бұл iлiм темперамент типтерiнің қызметі жайындагы түсiнiктi ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды. Темперамент жайындағы бұл зерттеулерде басқа неміс анатомы Гейне мен көрнектi орыс педагогi П.Ф.Лесгафттың (1837-1909) көзқарастарында атап өткен жөн. Гейне темпераменттерде түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлiлiк ми қабықшасындағы молекулярлық. қозғалыстың жылдамдығы мен бiркелкiлiгiне байланысты дейдi. Ал П.Ф.Лесгафт темпераменттер сауыттарының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты деген тұжырым айтады.
Темперамент жайындағы арнайы сөз етiп, оның типтерi мен түрлерiн, адамның мiнез-құлкы мен әр алуан қимыл әрекетіндегі көрiнстерiн тәлiм-тәрбие iстерiмен ұштастыра отырып iздестiрген - қазақ халқының көрнектi жазушысы Жүсiпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928 жылы Мәскеуде араб әрпiмен басылып шыққан «Жан жүйесi және өнер таңдау» деген еңбегiнде тек темперамент түрлерінің ғана емес, жалпы психология ғылымның өзектi мәселелері өз кезiндегi ғылымның деңгейiнде қарастырып, өте құнды пiкiрлер айтты. Темпераменттің физиологиялық негiздерiн ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсiндiрген- академик И.П.Павлов жүйке жүйесiнiң типтерi мен қабығындағы қозу, тежелу процестерiнiң негiзгi үш белгiсi- қозу мен тежелудің күшi, олардың тепе-теңдiгi және қозғалғыштығы жиынтығынан кұралады. Жүйке процестерiнiң күшi ми қабығының жұмыс iстеу қабiлетiне немесе сыртқы ортаның түрлі тiтiркендiргіштерiне мидың төзімділігі жатады. Ал, жүйке процестерiнiң тепе-теңдiгi қозу мен тежелудің бiр-бiрiне теңдiгiн көрсетеді. Жүйке процесстерінің қозғалғыштығы деп қозу мен тежелудің бір-бірімен алмаса алу қабілеттерін айтады. Жоғары жүйке қызметінің типтерi мен темперамент туралы зерттеу жұмыстарын кеңестiк психолог мамандар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын т.б. жалғастырды. И.П.Павлов зерттеулерiне сүйене отырып, олар жүйке жүйесiнiң қызметтерiн өте нәзiк аспаптарды қолдана отырып қарастырды. Солардың нәтижесінде әрбiр адамның даралық қасиетiне сай жүйке жүйесi қызметтерiн өзара тығыз байланысты болатындығы анықталды.
Жүйке жүйесi типтерiнiң, негiзiнен, үш түрлi процеске байланысты екендiгi жоғарыда айтылып өттi. Ендi осы типтердiң әрқайсысына қысқаша сипаттама 6ерелiк. Жүйке жүйесінің күшi дегенiмiз - оның клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры. Клеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестерi де күштi, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестерi теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең ал шамалас болмай, екеуi екi дәрежеде болса, онда бiрiнен-бiрi алшақ, тең емес болады. Ми қабығының бiр бөлiгiндегi қозуды сол белiктегi тежелу, керiсiнше, тежелудi қозу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесi қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай, керенаулап қалса, онда жүйке жүйесi енжар болады. Демек, жүйке жүйесiндегi қозу мен тежелу процесi тең емес, бiрiнен-бiрi алшақ. Қозғалғыш болса, оны шыдамсыз тип, ал күштi, теңдес болса, оны сергек тип деймiз. Күштi, теңдес, енжар болса - тыныш тип, егер жүйкесi шыдамсыз, күшсiз болса, әлсiз тип делiнедi. И.П.Павловтың жануарлардың жүйке жүйесiнiң физиологиялық негiздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да жүйке жүйесiнiң типтерiне негiз бола алады. Ендi осы негiздерге сүйене отырып, «Темперамент деген не?» деген сұрауға жауап берейiк. Темперамент - адамның жалпы мiнездемесi. Анық мiнездеме жеке адамның барлық iс -әрекетiнен көрініп тұрады. Жүйке жүйесi типтерiнің сыр-сипаты темперамент типтерiмен бiрдей. Мұның екеуi де дара адамның бойындағы өзгешелiктерiн сипаттайды. Жүйке жүйесiнiң типi шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсiз болса - меланхолик болады.
Психологияда жүйке жүйесiнiң белгiлi типi адамның қылығынан, iс-әрекетi мен еңбегiнен, оқу әрекетi мен ойынынан, сөйлеген сөзi мен спортпен шұғылдану әрекетiнен белгi берiп, меншiктi дара өзгешелiгiн көрсетуiне байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөлiп сипаттаймыз.
Сангвиниктiң эмоциялық қозуы шапшаң, күштi, бiрақ тұрақсыз. Көңiл-күйi әп-сәтте өзгередi. Ол - әсершiл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесiне елiгiп әуестенуi де оңай, жеңсiгiнiң басылуы да жылдам. Төңiрегiндегi уақиғаларға, нәрсенiң мән-жайына елең етiп, көңiлденуi де, басқа нәрсеге ауып кетуi де тез. Көңiлi көтерiңкi болып келедi. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейдi. Бастан кешкен сезiм күйлерi санасында елеулi iз қалдырмайды. Шапшаң да икемдi, қозғалғыш та қызу, етi тiрi, сергек. Сезiм күйлерiн сыртқы қимылдары әйгiлеп тұрады. Көтерiңкi, мәнерлi сөйлейдi, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бiрақ қатынас-байланысында үстiрттiк болады, қызықтырған iске бейiмдiлiгi, талабы, талпынуы көп, бiрақ оп-оңай солғындап қала бередi, бастаған iсiне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз калады. Уәде бередi, бiрақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын процесiнде рөлiн өзгертiп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе, жылап жiбередi, алайда, ренжiгенiн лезде ұмытады, көзiнiң жасы кеппей-ақ, күле бастайды.
Холериктiң эмоцияға берілуi шапшаң. Сезiм күйлерi оқыс ауытқып, құмарта көтерiлiп кететiн шыдамсыз, күйгелек кiсi. Әп-сәтте қызып кетiп, күйiп-пiседi. Ашуланса, бұрқ-сарқ етiп, қызу екпiнi сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезiмі санасында терең iз қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсiз оқыс кылықтарына қарамастан, қызулы, жiгерлi, пысық және iс-әрекет атқаруға бейiмдi келедi. Жұмысқа кұмарта берiлiп, екпiнмен iстейдi, анық, әсерлi, мәнерлi сөйлейдi. Сезiм күйлерi сөзiнен, мимика, пантомикасынан бiлiнiп тұрады. Холерик бала белсендi, батыл келедi, iске шапшаң кiріседі, бастаған iс-әрекетiн аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзi де ұйымдастырып, аяғына дейiн белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейдi, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
Меланхоликтің эмоциялық көтерiлуi табанды күштi, тұрақты болады, сыртқы көрiнiсi әлсiз келедi. Әр- нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең iз қалдырады, көңіл-күйлері бiрқалыпты ұзақ сақталады, мiнезi баяу өзгередi коңiлi көбiнесе жабырқау кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленiп, сескенiп тұрады кедергi кездессе уайымдап қажи түседi, қимыл-қозғалыстары ақырын баяу болады. Мәнерсiз ақырын сөйлейдi сезiм күйлерi сыртқы қимылдарынан көрiнбейдi .Өзi тұйық, жасқаншақ келедi, кісімен көп араласпайды. Iске бiрден кiрiсiп кетпейдi егер кiрiссе, іс-әрекетiн толық аяқтап шығады. Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келедi, бiреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, көңiлденуi де, өкпелеп ренжуi де қиын, ренжiп қалса, көпке дейiн ұмытпайды, ойынға бiрден қосылып кетпейдi, жатырқап тұрады, кешiгiп барып қатысады, iске де бiрден кірiспейдi, бір бастап кетсе ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желiкпейдi, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлерi байсалды, орнықты қалпында ұзақ уақыт сақталады,баяу өзгередi, жарқырап қуануы да, жабырқапап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезiм күйлерiн дене қимылдарын бiлдiріп тұрмайды, мимикасы өзге қимылдары мәнерсiз. Бiр сарынды монотонды сөйлейдi. Кiсiмен араласып жақындасуда мардымсыз iске ырғалып-жырғалып барып кiрiседi. Iс-әрекетiн байсалды, тиянақты орындайды, бастаған iсiн қадағалап iстейдi, аяқтап шығады. Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кiсiге үйiрлігі аз, өзі ешкiмге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса есебiн тауып жалтарып кетедi, тыныштықты жақсы көредi. Көңiл көтеретiн сауыққа да әуес емес, бөтен кiсiге мiндет артып өкпелемейдi. Әрбiр жеке адамның темпераментiнде жалпы адамдарға ортақ, типтiк бірсыпыра сипаттар болады. Сол сипаттарымен әр кiсi темпераменттiң белгiлi бiр типiне қосылады. Жоғарыда атап айтылғандай таза темперамент типтерi өмiрде сирек кездеседi. Көп адамдарда бiр типтiң сипаттары басқа типтердiң сипаттарына қосылып араласып жүредi Мәселен, холерикте меланхолик пен флегматиктң, сангвиникте холерик пен флегматиктiң ситтаттары аралас келуi мүмкiн. Аралас типте холерик, сангвиник сипаты көп көрiнсе, сангвиник деймiз Алайда, темперамент типтерiнің аралас сипаттары түрлiше жағдайда белгi бередi. Тұрмыс жағдайында бiр типтiң, iс әрекет, еңбек процесiнде басқа типтердiң ерекшелiгі сезiледi. Мұндай қылықты спортшылардан көруге болады. Кейбiр боксер, футболистер стадионға келгенде, өзгерiп кетедi. Темпераменттi жайшылықта байқалмайтын жаңа сипаттарын керсетедi.
Жүйке жүйесiнiң типтерi өзгерiп, дамиды. Бұл жайтты И.П.Павлов өз еңбектерiнде ерекше атап айтқан болатын жүйке жүйесi iс-әрекетiнiң дамуы мен өзгеруi тек оның табиғи типтерiн ғана билеумен шектелiп қоймай, организм тiршiлiгi өзгерiстерiнiң бәрiне дерлiк әсер етедi. Жоғары жүйке қызметiнде адамның шексiз-шетсіз жаңа байланыстар жасауға күштi қабiлетi және пластикалық төзiмдi қасиетi болады. Адам өмiрiнде жасалған уақытша айланыстардың тұрақты жүйесi оның қылығына, iс-әрекеттерiне күрделi өзгерiстер енгiзедi. Кiсiнiң қоғамды-әлеуметтiк көзқарастарының ұнамды қасиеттерiн жетiлдiрiп дамытуына әсер етедi. Жеке адамның даралық өзгешелiгi болып саналатын мiнезi уақытша байланыстар жүйесi бойынша қалыптасады. Осы орайда, бiз темпераменттің жүйке жүйесiнiң туа пайда болатын типтік қасиетi, ал мiнездiң адам бойында жүре пайда болаты психологиялық ерекшелiк екенiне көз жеткiземiз. Балалар мен шәкiрттердің психикалық дамуында олардың мiнез қырлары жетiлiп, темперамент мiнез құрамына қосылады.Темперамент типтерiн жақсы, жаман деп ажырату дұрыс емес. Өйткенi, әрбiр темпераменттік жарамды, жарамсыз және үнамды, ұнамсыз сипаттары болатындығына көз жеткiздiк. Мәселен, ұстамсыз тип холериктiң шапшаң қимылдап, iстi жiгерлi атқаруға баулу флегматиктен оңай. Ал флегматиктi салмақты, сабырлы болуға үйрету холериктi үйретуден жеңiл. Сангвиниктің сергек, қайырымды қасиеттерi, флегматиктiк асықпайтын салмактылығы, холериктiң жiгерлiлiгi, меланхоликтің ұзақ сақталатын терең сезiмi темперамент типтерiнiң аса бағалы сипаттары болып саналады.
Темперамент ерекшелiктерiнiң ұнамды қасиеттерiн баланың бойына сiңiру үшiн оларды жастайынан тәрбиелеп, мiнез-құлықтарының жағымды қырларын қалыптастырып отыру- ата-аналардың, ұстаздар мен тәрбиешiлердiң борышы және қоғам алдындағы жауапты мiндетi. Сондай-ақ, тәлiм-тәрбие iстерiнде балалар мен шәкiрттердiң бойындағы темперамент типтерiнен хабардар болып, олардың даралық ерекшелiктерiн ескерiп отырудың да маңызы зор. Баланың типтiк сипатын жақсы бiлу үшiн флегматиктi жұмыстың сабақ кезеңдерiнiң басында қадағалаған жөн. Дер кезiнде ескерiлмей, назардан тыс қалған бала темпераментiнiң ұнамсыз жақтары кiмге болса да опық жегiзуi мүмкiн. Мысалы, сангвиниктi iсiн бастаған кезiнен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуi мүмкiн. Бала сабақ үстiнде, үзiлiс кезiнде тәртiпсiз қылық көрсететiн болса, оның өзiндiк даралық ерекшелiгiне орай әр-алуан әдiс-тәсiлдермен ықпал ету тиiмдi болмақ.
Меланхоликке мұндай жағдайда ұстаздың суық қабақпен бiр қарағаны да жеткiлiктi. Ал холерикке байсалды үнмен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек. Тәлiм-тәрбие iстерiнiң басты мақсаты- шәкiрттердiң темперамет типтерiмен жете танысып, олардың ұнамды қасиеттерi мен сапалы ерекшелiктерiн дамытып отыру. Тәлiм-тәрбие, өмiр тәжiрибесi темперамент типтерiндегi кейбiр қылықтарды дамытып, жағымсыз жақтарын тежеп отыруды талап етедi. Мысалы, холериктiң күйгелек, ашуланғыш, құбылмалы оқыс қылықтарын, мазасыздығын, менмендiк сипаттарын тежей отырып, оның алғырлығын оқу материалын ұғына бiлуге бағыттаған абзал. Сангвиниктiң жеңiлтек, тиянақсыз, үстiрт қылықтарын тәрбие арқылы өзгертiп, ұнамды сипатқа айналдыру керек. Флегматиктiң керенау, жалқау, салқын қылықтарын жүрек тебiрентерлiк өткiр сезiмге айналдыруға, сергiмейтiн мiнезiн және күнделiктi тiршiлiгiмен ғана шұғылданатын әрекетiн өзгертiп, оны қоғамдык өрелi iстермен айналысуға баулуға болады. Болмашы нәрсенi көңiлге ауыр алатын кiнәмшiл, уайымшыл, тұйык қылықты меланхоликтiң де қажырсыз, селқос мiнезiн өзгертiп, басқа типке жақындастыруға болады.Темперамент типтерiн тәрбиелеудi баланың ерiк-жiгерiн, мiнез бiтiмiн, сезiм-эмоцияларын дамытумен ұштастыра жүргiзген тиiмдi болмақ. Ерiк-жiгерi күштi адамның өз темпераментiн тәрбиелеп, ұнамды сипаттарын жетiлдiруi оңай. Еркi күштi адамға темпераменттiң қандайы болса да жарасымды. Мәселен, нағыз холерик темпераментiнiң өкiлi болған ұлы қолбасшы А.В.Суворов-ерiк жiгерiнiң аса күштiлiгi нәтижесiнде темперамент жетегiнде кетпей, батылдық пен ерлiктiң керемет үлгiсiн көрсетiп, Отанының құрметiне бөленген жан. Сонымен, темпераменттiң адам психикасындағы мәнiн жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи қасиет жүйке жүйесiнiң типтерiмен байланысты екенiне көз жеткiздiк. Дегенмен, темперамент адам психологиясының бүкiл дерлiк мазмұн-мәнiн құрай алмайды.
Өмiр-тiршiлiгiнде адамның темперамент сипаттары өзгерiп, жаңа сапаларға ие болып отырады. Әрбiр адамның темпераментi оның психикалық әрекетiнiң сыртқы көрiнiсiнде iз қалдырғанымен, ақыл-ойының, дүние танымының әдiстерiне елеулi әсер ете алмайды. Өйткенi, темперамент - адамның дара психологиясының өзiндiк бiр сипаты ғана. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Бұл орайда, адамдар мiнез ерекшелiктерiне орай ажыратылады. «Мiнез» деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң «характер» деген сөзiнен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл- дербестiк мағынасы бар адамға байланысты ұғым.Мiнез-әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктердiң жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез ерекшелiктерi - адамның даралық өзiндiк психикалық қасиеттерi. Дегенмен, адам бойындағы ерекшелiктердiң бәрi бiрдей, мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың шапшаңығы, ақыл-ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады.
9 Тақыры.Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Темпераменттің және тұлғаның басқа қасиеттерінің өзара байланысы

  2. Темперамент түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет