7 Тақырып: Мінез туралы жалпы ұғым



бет4/7
Дата04.04.2023
өлшемі55,71 Kb.
#78947
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лек 7, 8, 9, 10

Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған ораймінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста -күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктержұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәніменберіледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады,кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалып, өз сенімі кетсе,еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Көтеріңкі көңілді, көзі оттайжайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді. Бір сөзбен айтқанда ұстамсыз,құйындай адам.
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызуқанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесекетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақ-жарқын,іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам.іске зауқы болмаса, жұмыстан тезсуынып кетеді. тап болғанда суынып қалады. Сангвиникте эмоция тез пайдаболып, тез өзгереді. Оның осал жері іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Олонша кек сақтамайды, қазір береумен ерегесіп қалса, біраздан кейін ашуы тезтарап кетеді. Көңіл күйі тез өзгергіш, ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тезқабылдағыш, зейінді келеді.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлықуақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқорадам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандайжағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істіаяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бірсарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оғанырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұлқасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықтыаяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлықпен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті - бұл типтің өкілдері аса сезімтал соныңсалдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиынжағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады.Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.Қозу және тежелу процестерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен теңкелмеуі (тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимылқозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады, Меланхоликті әлсізтітіркендіргіштер де мазалайды, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қаттымұңаяды немесе қатты қуанады.Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсыұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады,кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді.
Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуғаболмайды. Өйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары бар.Егер сангвиниктің шнрақ болуы, көңілінде кек сақтамауы жағымды болса,көңіл күйінің бір қалыпты болмауы өзгеріп, құбылып тұруы, бір бастағанжұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады.
Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңіл-күйініңұйытқымалылығы, ұстамсыз-тұраксыздығы қолайсыз жағы болып табылады.Флегматиктің сабырлы, салмақты болуы жағымды болса, қимыл-қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Алмеланхолик адамның көңілінің тұракты болуы, қолына алған бір жұмыстыаяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесекөпшіліктен бөлек жүріп, өзімен-өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсызжағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынаусыжақсы, мынаусы жаман деп айтуға болмайды.
Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдыңөзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Бірде темпераменттері әр түрлі төрт достеатрға кешігіп барады. Мұндай жағдайда олардан қандай мінез байқалған?
Холерик билет жыртушымен айтысып партердегі өз орнына барыпотыруға әрекеттенеді. Ол театрдағы сағат ілгері кеткен, деп салғыласып, билеттексерушіні итермелей бастайды.
Сангвиник партерге жібермейтініне көз жеткен соң жоғарғы қабатқакөтерілудің қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді.Флегматик залға жібермейтінін көріп: "Алғашқы көрініс онша қызықболмады, буфетке бара тұрайын" деп антракт болуын күтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет