70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі


ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет2/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
71. ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушы сөзді қарым-қатынаста қолдана білу үшін, алдымен, сөз мағынасын түсінуі, білуі керек. Ал сөздің мағыналық құрамының өте күрделі екені белгілі. Тілдегі сөздердің көпшілігі көп мағыналы және ауыспалы мағынада да жиі қолданылады. Сонымен бірге сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналық қасиеттері бар. Қарым-қатынаста сөздер мағыналық, стильдік қолдану жағынан да белсенді (актив) және сирек (пассив) қолданылатын сөздер болып ерекшеленеді. Сондықтан оқушының сөз мағынасын жақсы түсінуге қол жеткізу – өзекті мәселелердің бірі.
Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысын түсінуіне, сөйтіп, бүкіл тілдің жүйені тұтас ұғып, оған материалистік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Лексиканы оқытуда алға қойылатын бұл екі мақсаттың бүгінгі жастарды заманымызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан да лексикалық ұғымдар жоғарыда айтылған 4-5-сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, тәжірибелік маңызы ашыла түсуі керек. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық таныта алмайды. Ондағы (сөздегі) сан алуан мән-мағына грамматикалық байланыста ашылып, жанды көрінісін, қабілетін таныта алады.
Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі арнайы өтілетін курс та, екіншісі – өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. Әуелі 4-5-сыныптарда өтілетін арнайы курстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болады.
Тіліміздегі сөздердің жалпы қызметін бірдей санауға болмайды. Оның үстіне олар қалай болса солай пайда бола салған, шашыранды атаулар емес. Олар – заңды түрде бір-бірімен байланысты, жинала келе тіл жасайтын аса күрделі дүние. Мысалы, сөз (тілдің кішкене бір бөлшегі) затты (парта, үй), құбылысты (жел, аяз), оның белгілерін (қатты, биік), мөлшерін (бір,екі), қимылын (оқы, тұр) білдірумен бірге сөз бен сөздің мағыналық қатысын (үйге дейін, ауыл жаны), әр түрлі сезім-сезікті (аһ, ойбай), кейде белгілі (іңгә, мияу) да аңғартады. Сондықтан тіліміздегі сөздердің жеке түрін дербес мағынаны аңғарту, аңғартпауына қарай атау сөздер, көмекші сөздер және одағай деп үшке бөлеміз. Немесе лексикалық мағыналы сөздер және грамматикалық мағыналы сөздер деп екіге бөлуге болады.
Лексика бөліміне енетін материалдың лингвистикалық негізі де осы айтылғандай принциппен шектеледі. Яғни тек қана лексикалық мағынасы бар сөздер туралы мәлімет беріледі де, грамматикалық мағынаны аңғартатын сөздер ( көмекші есім, шылау, одағай) грамматика аясында ғана сөз болады. Әрине, лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық мағынасы болатынын мұғалімнің естен шығаруына болмайды. Дегенмен бұл жерде лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынуы керек.
Лингвистикалық негізін ажыратып алмай, лексиканы тіліміздегі жалпы сөздердің жиынтығы деп түсіндіре салсақ, оқушылар лексикалық талдау кезінде, жаттығу үстінде шатасады да, сабақтың негізгі мақсаты орындалмайды.
Мұғалімдер көп жағдайда оқулықты өздеріне тірек етеді. Онысы дұрыс та. Алайда оқулық оқушы үшін жазылғанын, онда мұғалім үшін көп нәрсенің жасырын сыр болып қалып қоятынын әр кез есте сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет