70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



бет22/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
90. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдер мен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдар мен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай жасалуда. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді. Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс. Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек. Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата — аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс. Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Осы ретте мектептерде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Түзету сыныптарда балалардың ата-аналары мектептерге ПМПКның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі.
Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.
Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет