70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі


СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет3/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
72. СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сөз жасам әдістемесі. 1992 жылы қазақ тілі бағдарламасында «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4 сынып бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, 5 сынып бағдарламасында «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қысқарған сөздер және оның емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы тақырыппен морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі – сөздердің жасалу процесі – тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы – лексика-грамматикалық категория.
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы – сөздің құрылымын, морфемалық құрамын, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердің жасалуының әртүрлі жолдарын зерттейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы бар. Сөздердің жасалуымен танысу, біріншіден, сөз құрылымының дамуы мен сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса, екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау деңгейі, екінші жағынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер, үшіншіден, тілдің грамматикалық құрлысын тереңірек білуге жағдай жасайды.
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге, орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады. Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық принцип болса, түбір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын сақтайды.
Сөздердің жасалу жолдарын үйрету – грамматиканың морфологиялық құбылыстары туралы білім берудің, сөз таптарының ерекшеліктерін білдірудің негізі. Қазақ сөздерінің аналитикалық және синтетикалық жолмен жасалатынынан мәлімет беріп, қазақ тілінің табиғаты туралы түсінік қалыптастырылады. Әсіресе, қазақ тілінің жалғамалы тілдер табына енетініне баса назар аударту олардың әр түрлі тілдердің ішкі заңдылықтарын тануына да негіз болады. Осы табиғаты арқылы тіл білімі салалары түрлі тілдерде түрліше сипатқа ие болатынын түсінеді. Мысалы, қазақ тілі мен өзі оқитын шет тілінің арасындағы айырмашылықтардың себебін саналы түрде меңгереді.
Қазақ тілінің жалғамалық сипаты оның адам ойын жеткізудің пәрменді құралы болуының бір себебі екеніне мән берілгені жөн. Мысалы, жаңа сөздердің бәрі тек жалаң түбірлерден ғана емес, туынды түбірлерден де өрбитініне көз жеткізу арқылы жалғамалы тілдің артықшылығын аңғаруға болады: тең-гер-ме-ші-лік, оқы-мыс-ты-лық т.б. Осы секілді сөздердің әрбір жұрнақ жалғанған қалпындағы мағыналарына талдау жасату тек сөз мағынасы мен қосымшаның өзара байланыстылығын танытып қана қоймайды, сонымен қатар сөз түрлендірудегі белгілі бір жүйелі заңдылықтың болатынын ұғындырады. Бұл білім бұдан кейінгі оқылатын «Сөз таптары» тақырыбын дұрыс түсініп, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілерін тез аңғаруға тірек болады. Сөздердің жұрнақтары арқылы бірінен екіншсіне «көшіп отыруының» да түпкі себебін, яғни жұрнақтың сөз мағынасын өзгертудегі рөлін жете сезіндіруге ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет