71. Ежелгі философиядағы өнер философиясы


Өнер философиясы(Омар Хайям, әл-Фараби)



бет2/8
Дата15.12.2022
өлшемі49,77 Kb.
#57570
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ 6

72. Өнер философиясы(Омар Хайям, әл-Фараби)
Омар Хайямның поэзиясында шарап пен махаббаттың бейнелері өмірдің рәміздері ретінде қолданылады. Шарап бейнесінде болмыстың шын құндылығы көрсетіледі. Шарап – өмірге қуаныштың, көңілденудің, жастық шақтың, ақсақалдар даналығының рәмізі. Шарап құмырада сақталады. Адам денесі де қыштан жасалған құмыра. Ерте ме, кеш пе, дене топыраққа айналады, одан жаңа құмыра жасалады. Осылай даналық ұрпақтан ұрпаққа өтіп жатады.
Әл Фараби әдеміліктің көзін шын дүниеден, табиғаттан, адамнан көрген. Ол «еліктеу» мен «үйлесімділік» деген ұғымдарды талдайды, әсіресе, «Музыка туралы үлкен кітап-та» музыкалық үйлесімділікке көп көңіл бөледі. Бұл кітаптың негізгі идеясы - музыканы қабылдауда сезімнің және эмоциялық қабылдаудың рөлін көрсету. Адамның дауысы барлық музыкалық аспаптар үшін үлгі ретінде қарастырылады. Абу Насыр әл-Фараби өзі «кипчаги» деп атаған музыкалық аспапты жасап шығарған.
73. Өнер философиясы(Ибн-Рушд, Ибн-Араби, Руми)
Ибн-Рушд поэзия өнерінің тәрбиелік рөліне назар аударады: ол «халықты» тура жолға, адамдарды дұрыс қылықтарды жасауға бағыттайды және жаман қылықтардан бас тартуға шақырады.
Поэзия мен риториканың айырмашылығы мынада: егер біріншісі «ол қандай» десе, екіншісі «ол не болып табылады» дейді. Риторикамен салыстырғанда, поэзияда рационалдық дәлелдердің орнын бейнелер алады. Сондықтан, поэзия сөзінің ақиқат пен жалғандыққа ешқандай қатысы жоқ.
Ибн-Араби өнерді шеберлік (арабша: сан*ат) ұғымы арқылы сипаттайды, оны көзге көрінетін мен жасырындының бірігетін орны деп есептейді. Өнер - ақиқаттың көрінісі: «Болмыстағы шеберлік арқылы ақиқат көрінеді» (Ибн-Араби. Хекмат, 211 бет). Сондықтан өнердің негіздері табиғаттан тыс, құдайлық, мистикалық мән-мағынада және білімде.
Өнердің маңызды рөлі - адамды рухани дамытуда. Өнерде Құдай жаратқан адамның мәні көрінеді. Құдайдың бейнесі ретінде, адам бір уақытта Құдай өнерінің шығармасы ретінде, екінші жағынан, өзі де суреткер ретінде шығады.
Өнер – бұл адамның шексіз мәңгі ақиқатты терең түсуінің нәтижесі.
Руми – иран ойшылы, суфизм поэзиясының өкілі. Поэзия арқылы Руми Қудайға махаббатын білдіреді. Құдайы мәнімен адамның мистикалық сипатта бірігіп сіңіп кету үрдісі (Фана) шексіз:
«Сенің бейнеленген нұрың - менің жанымның нұрын тудырады,
Басқаларға жүректің соққанындай көрінбейді.
Сенің сұлулығыңнан- махаббатқа үйренемін,
Сенің лебізіннің негізінде менің өлеңдерім шығады»
Руми үшін адам денеден, жаннан, ақыл-ойдан және «өте жіңішке рухтан тұрады». «Өте жіңішке рух» пайғамбарларға және «Құдайдың достарына» тән. Руми осындай Құдай таңдағандарды «Құдайдың сұңқарларымен» салыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет