80. Қоғамның философиялық түсінігі.Қоғамның құрылымы. Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде-ақ қалыптаса бастады. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым-қатынастар заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой-пікірлер және идеялар туады. Ал мұндай ой-пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі даму қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты туды. Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар. Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады. Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады. Әлеуметтік құрылымның басты элементтері Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз. Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.