76. Көркем образ, көркемдік стиль,көркемдік талғам,символ,катарсис ұғымы. Көркем бейне - көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады.Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады. Көркем талғам -жеке адамның немесе әлеуметтік топтардың көркем шығарманы, сұлулықты кейіпсіздіктен ажырата білу қабілеті. Талғам — эстетикалық сананың саласы. Өмірдегі сұлулықты, табиғат көріністерін, еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастағы, жеке адам бойындағы әсемдік көріністерді бағалай, қабылдай білу қасиетін талғампаздық қасиет. Символ - көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады. Катарсис (грекше "тазару") — адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис әсіресе музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген. Аристотель өзінің “Поэтика” кітабында әдебиет теориясына қатысты мәселелерді талдай отырып, Катарсиске трагедияның басты мақсаты, “қорқыныш пен қайғының” көмегімен рухтың тазалануы деп анықтама береді. Катарсис қазақ драматургтерінің шығармаларында да қолданылып жүр. З.Фрейдтің психологиялық талдауында қолданылған психотерапияның бір тәсілі. Кейбір психологтар катарсис - бұл өнер және бұл іс жүзінде расталды. Психология термині Зигмунд Фрейдтің арқасында пайда болды деп есептеледі, ол кейіннен эмоциялық релаксацияға алып келетін теріс энергиямен естеліктер мен сезімдердің сана-сезіміне ауысатын катартикалық әдісті ұсынды.