71. Ежелгі философиядағы өнер философиясы


Классикалық эстетика негіздері(И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг)



бет4/8
Дата15.12.2022
өлшемі49,77 Kb.
#57570
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ 6

75. Классикалық эстетика негіздері(И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг)
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушысы – Иммануил Кант. Оның атақты еңбектері «Таза зердеге сын», «Практикалық зердеге сын», «Талқылау қабілетіне сын». Бұл еңбектерінде Кант трансцендентальды философия идеясын және жүйесін қарастырады. Трансцендентальды деп тәжіребиеге сүйенбейтін және тәжіребиеден тыс танымды айтамыз. Бұл сұрақтың төңірегінде И.Кант философияда «Коперникалық төңкеріс» жасайды.
Кант философияның негізгі сұрақтары туралы жазғаны: «Көптен бері ойлап жүрген жоспардың бірі – философияның маңызды мәселелерін қалыптастыру еді. Олар келесі сұрақтарға негізделеді: 1. Мен нені біле аламын? (метафизика) 2. Не істеуім керек? (мораль) 3. Не нәрсеге үміттенуім керек? (дін), және осыдан туындайтын 4-ші сұрақ: адам дегеніміз кім? «Кемелденген Канттың бірінші және соңғы сөзі – адам туралы. Кант критикасы тұлға өміріне қызығушылықтан туған. Коперниктік төңкеріс адам тағдыры туралы ойлаудан басталды». Кеңістік пен уақыт мәселесін зерттей отыра, Кант олардың субъективті екенін көрсетеді және априорлығын дәлелдейді. Канттың ойынша біз феномен мен ноуменді айыра білуіміз керек: біздің танымымыз феномендермен (құбылыстармен), яғни «біз үшін зат»-пен шектелген, ал ноумендер - «өзіндік зат»-тар - әлемін тану мүмкін емес. Канттан кейінгі неміс ойшылдары ноумен мен феноменнің арасындағы дуализмді анықтауға тырысты.
Канттың этикасы категориялық императив түсінігіне негізделген. Бұл – адамның қоғамдағы өз-өзін ұстау ережелері деп есептеуге болады. Адамның әр іс-әрекеті бүкіл қоғамға үлгі болу керек – осы максимаға сүйенсе адам категориялық императивті ұстанады.
Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингтің философиясы әр түрлі көзқарастарды талқылай отырып, өзінің жүйесіне келген жоқ. Фихтенің философиясынан кейін Шеллинг диалектикалық натурфилософияға кез болды да, көзқарасын иррационализмге келтірді. Шеллинг бойынша танымның ең жоғары деңгейі – бұл өнер. Шеллингтің философиясын трансценденталды идеализм деп атауға болады.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель Шеллингтің философиясына анализ жасай отырып, ойлау мен болмыс және субъект пен объект категориясының абсолютті екенін айқындады. Гегельдің философиясы панлогизм формасындағы пантеизм болып келеді. Шын мәнінде Гегель абсолюттік идеализмнің нақты және жүйелі түрін жасады. Гегель идеализмінің диалектикалық мінездемесі бар, сондықтан Гегельді объективті дииалектиканың негізін қалаушы деп атайды. Оның атақты триадасы (үштігі) келесі элементтерден тұрады: тезис – антитезис – синтез. Гегельдің абсолюті - рух немесе тірі субстанция болып келеді.
Гегельдің идеализмі мен рационализмін Людвиг Фейербах сынға алды. Фейербахтың ойынша, табиғатты логикадан шығаруға болмайды. Табиғат рухтың бейнесі емес, керісінше, рух табиғаттан шығады деп есептейді. Сезім арқылы қабылданатын материалды дүние логикаданда, теорияданда әлде қайда толығырақ болып келеді. Фейербах философия тарихына антропологиялық материализмнің негізін салушы ретінде кірді. Анропологиялық материализм негізінде адам мен табиғат жатыр, сондықтан, Құдай емес, адам философияның басты мәселесі болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет