75. Гербарий ісінің қазіргі жағдайын тұжырымдаңыз. 76. Синтаксономияны тұжырымдаңыз Өсімдіктерді жіктеу


Алматы қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз



бет3/15
Дата17.04.2023
өлшемі97,78 Kb.
#83459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
гербарий тест ответ

81.Алматы қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз.
Іле Алатау флорасы – Солтүстік Тянь-Шаньдағы ең бай флора, онда өсімдіктің 1800-2000–дай түрі өседі. Флора түрлерінің жалпы санының Алматы аумағында шамамен 1300-дей түрі кездеседі (Камелин,1973).
Іле Алатау флорасында шамамен 80-дей эндемикалық түрлері бар. М.С Байтеновтың деректері бойынша (1985), Іле Алатауының биіктігіндегі флораға 634 түрі енгізілген, соның 22-сі эндемикалық, солардың 8-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Шу-Іле тау аумағында шамамен 900 жоғары сатыдағы өсімдіктер келтірілген, соның 80-ге жуығы оңтүстік түрлері, мұнда таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді. Флорада көптеген эндемиктер атап көрсетілген, соның ішінде «Қызыл кітапшадағы» Жетісу недзвецкиясы, Регель қызғалдағы, ірі наголовотка. Өсімдіктің 970 түрі кездеседі. Тау етегіндегі жапырақты ормандар дәрілік өсімдіктерге бай. Мұнда долана, шүйгіншөп және сүйелшөп өседі. Сонымен қатар, қорықта улы өсімдіктердің 20-ға жуық түрі бар. Ең танымалы – жоңғар уқорғасыны. Ол өзен жағаларында, шөпті шалғындарда және шыршалы ормандарда кездеседі. Орталық жүйкеге, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесіне әсер етіп, адамды кенеттен өлтіреді. Ал, таспажапырақ күймесгүл деп аталатын өсімдікке қол тигізсеңіз, теріңізді күйдіріп жібереді.

82.Барсакелмес қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз.
Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі басқа жерде мүлдем кездеспейді.Мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Барсакелмес қорығы Арал теңізінің Барсакелмес аралында 1939 жылы құрылды. Бұл арал сазды, тақырлы, құмды болғандықтан, өсімдіктері де, негізінен, шөл далалық. Негізгі өсімдігі - сексеуіл. Қорықта қарақұйрық, ақбөкен мекендейді. Көктем, жаз айларында құстардың саны мен түрлері көбейеді. Жылқышы, шағала, қаз, кішкене бозторғайларды көруге болады. Су жағасында жасыл құрбақалар көп. Далалы аймағында жұмырбас кесіртке мен кекконды ысылдағыш кесірткелер бар. Жабайы аңдар, құстар үшін қысы қолайлы. Қорықтың мақсаты - өзіне тән табиғат байлығын қорғап, қорын молайту.
Арал теңізінің тартылуы, өсімдіктердің азаюы, тұздылығының артуы қорықты мекендейтін ақбөкен, қарақұйрық, құландар үшін өте қауіпті. Барсакелмес – тірі табиғаттың сирек кездесетін өсімдіктер қазынасы де­сек жарасады. Қорықтың 60 528 гек­тары сексеуілді-орманды алқапты құ­ра­са, мұнда 298 түрлі өсімдік флорасы бар. Мысалы, Борщовтың әсем қыз­ғалдақтары, Қандым бұталары, сек­сеуіл­дің қалың шоқтары және дала шөптеріне жататын: бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң түрлері көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет