84. Қ.Сарбасованың «Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер» атты еңбегі негізінде етістікті фразеологизмдерге кешенді түрде сипаттама беріңіз. Үзіліп кету - жанын беру,дүние салу
Әбіштің қаралы отауының сыртына кеп,жаңа аттан түскенде ,Мағыш үзіліп кетті.
1)Үш тоғыз - салт бойынша айып құнының төлемі,түрі
2)Үш ұйықтаса түсіне кірмеу - мүлде есіне келмейтін
3) Үш қайнатса сорпасы қосылмау - арасы алшақ ,мүлде қосылмайтын Үш сөзі ұйытқы болып тұр мұнда.
85. Этимологияның зерттеу нысанын айқындаңыз. Ғылыми және халықтық этимологияға туған жеріңіздегі 3 атау негізінде түсінік беріңіз. 86.Берілген мәтіннің лексикасына статистикалық талдау жасаңыз. Кірме сөздердің үлесін анықтаңыз, нәтижесінде тұжырым жасаңыз.
87.Лексикографияның зерттеу нысанын анықтаңыз. Қазақ тіліндегі сөздіктердің түрлерін кластерге түсіріңіз, ерекшелігін айқындаңыз. Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын – лексикография дейді. Яғни сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Зерттеу нысаны –сөздік.
Айтбай Айғабылұлы «Қазақ тілінің лексикологиясы» бойынша
•Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндірді, әдеби тілдің лексикалық, семантикалық нормаларын көрстеуді мақсат етеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі I том (1959 ж), II том (1961 ж)
•Диалектологиялық сөздіктерге жерглікті ерекшелікті білдіретін, әдеби тілден тыс сөздер енеді. Бұнда диалект сөздің қай облыс, ауданға тәндігі көрсетіліп, одан кейін әдеби тілдегі баламасымен түсіндіріледі.
•Синоимдер сөздігі өзара мағыналас сөздерден тұрады. Бұл сөздік тек синонимдік қатарларды беру жолымен де, түсінік бер арқылы да жасалуы мүмкін. Ал түсіндірмелі синонимдер сөздігінде әуелі өзара синонимдес сөздер реестрге алынады, екіншіден, олардың басын біріктіріп тұрған жалпы мағынасы беріледі. Үшіншіден, синонимдес сөздердің әрқайсысына тән мән-мағынасы, басқасынан өзгешілігі ашылып беріледі. Түсіндірмелі синонимдер сөздігі осымен құнды. Бірақ қазақ тіл білімінде жаслаған жоқ.
•Фразеологиялық сөздік тұрақты тіркестердің жүйеленіп, алфавит тәртібімен берілген түрі. Бұл сөздікте фразеологимдердің мағынасы, онан кейін әдебиеттен алынған мысалдар беріледі. Кейде фразеологизмдердің шығу төркіні, эксперссивті-стилистикалық ерекешеліктері де көрсетілуі мүмкін. І.Кеңесбаев "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздіг" 1977 10 мыңнан астам фразеологизмдерді қамтиды.
•Этимологиялық сөздіктің міндеті белгілі бір тілдің немесе бір семьяға жататын тілдің жеке сөзінің шығу төркінін анықтау. Бұнда ең алдымен берілген сөздер ең алдымен төл сөз бе, әлде басқа тілден енген сөз бе, соны көрсетеді. Егер басқа тілден енген сөз болса, ол қай кезде, қалай ауысты, мағынасында өзгеріс болды ма?- деген сұрақтарға жауап беріледі. Ал, төл сөз болса, ол қай тәсілмен жасалады, көне түркі тіліндегі мағынасы қалай еді, аталуына қандай белгі негіз болды? - деген сұрақтарға жауап беріледі. ("Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі( (Алматы,1966))
•Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың түрлі саласына қатысты терминдерді қамтып, олардың аңғартатын ұғымын түсіндіреді. Бұл сөздік қазақ тіл білімінде тек қазан революциясынан кейін пайда болды. Сөздіктің бұл түрі бір тілде түсіндірме сөздік ретінде де, екі тілдік аударма сөздік ретінде де құрастырылады.
•Орфоэпиялық сөздік сөздің әдеби тілде дұрыс айтылуы көрсетіледі, Бұл сөздікті жасағанда, жазылуы мен айтылуы деген екі бағанадан тұрады. Қ.Неталиеваның "Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі" жарық көрді. ( 1977)
•Орфографиялық сөздік бір тілдегі сөздердің емле ережелеріне сай нормасын белгілеп көрсетеді. Ол негізінен практикалық мақсат үшін жасалады. М.Б.Балақаевтың "Емле сөздігі" 1948 , Г.Жәркешованың "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі" 1960.